Сермион® (30 мг)

МНН: Ницерголин
Производитель: Пфайзер Италия С.р.л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nicergoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014426
Информация о регистрации в РК: 26.07.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Сермион®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ницерголин

Дәрілік түрі

Қантты қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 30 мг

Құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат – тиісінше 10 мг немесе 30 мг ницерголин,

қосымша заттар - кальций гидрофосфат дигидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы;

қантты қабық (10 мг таблетка үшін): сахароза, тальк, акация, сандарак шайыры, магний карбонаты, титанның қостотығы (Е171), канифоль, карнауб балауызы;

немесе үлбірлі қабық (30 мг таблетка үшін): гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 6000, темірдің сары тотығы (Е172), силикон.

Сипаттамасы

10 мг таблеткалар: дөңгелек, екі беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар

30 мг таблеткалар: дөңгелек, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Шеткері вазодилататорлар. Қастауыш алкалоидтары. Ницерголин

АТX коды C04A Е02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Пероральді қабылдаған кезде ницерголин тез және іс жүзінде толық сіңіріледі. Дені сау еріктілер ницерголиннің H3 таңбаланған радиоактивті изотопымен төменгі дозаларды (4-5 мг) қабылдағаннан кейін қан сарысуында радиоактивті белгінің ең жоғарғы мөлшері препаратты қабылдағаннан кейін 1,5 сағаттан соң байқалады. Дені сау еріктілердің таңбаланған ницерголин 14C емдік пероральді дозасын (30 мг) қабылдауы препаратты қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң қан сарысуында радиоактивті белгі мөлшерінің шегін туғызады.

Ницерголинді 15 мг дозада пероральді қабылдағаннан кейін дені сау еріктілерде негізгі белсенді метаболит MDL мен екінші белсенді метаболит MMDL үшін қан сарысуындағы радиоактивті зат концентрациясының қисық астындағы ауданы (AUC) тиісінше бүкіл радиоактивті заттың AUC 81% және 6% құрайды. Қан плазмасында ең жоғарғы MDL концентрацияларына 30 мг бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 3-5 сағаттан соң жетеді. 30 мг ницерголинді ішке қабылдағаннан кейін MMDL ең жоғарғы концентрацияларына шамамен 0,5-1 сағаттан соң жетеді.

Ницерголиннің абсолюттік биожетімділігі оның қарқынды бауыр клиренсімен және жүйе алдындағы метаолизмімен байланысты шамамен 5 % құрайды.

Ницерголиннің негізгі метаболиті MDL мөлшеріне байланысты оның фармакокинетикасы дені сау еріктілерде 30-дан 60 мг-ге дейінгі дозаны қабылдағанда дозаға байланысты сипатқа ие екендігі анықталды.

30 мг дозада ницерголинді қабылдаған кезде MDL және MMDL фармакокинетикасына ас ішу айтарлықтай әсер етпейді.

Таралуы

Ницерголиннің тіндерде таралуы тез және ауқымды көлемде жүреді, бұл қан сарысуында радиоактивті белгінің қысқа фазада таралуынан көрінеді. Ницерголин адамның плазма ақуыздарымен белсенді байланысады, оның үстіне α-қышқылды гликопротеинге туыстық дәрежесі қан сарысуының альбуминіне қарағанда жоғары. Ницерголиннің концентрациясын 1 мкг/мл-ден 500 мкг/мл-ге дейін арттырған кезде байланысу пайызы салыстырмалы түрде тұрақты. Ницерголиннің екі метаболиті де - MDL және MMDL тиісінше 50–200 нг/мл концентрациялар ауқымында шамамен 14,7 % және 34,7 % мәндерімен төмен дәрежеде ақуыздармен байланысады.

Метаболизмі және шығарылуы

Ницерголин препаратты қолданғаннан кейін 120 сағат ішінде метаболиттер түрінде негізінен несеппен (жалпы дозаның шамамен 82%) және аздаған мөлшерде (10%) нәжіспен шығарылады. Препаратты 30–60 мг дозада пероральді қолданған кезде ницерголин фармакокинетикасы дозаға байланысты сипатқа ие. Шығарылар алдында ницерголин айтарлықтай дәрежеде метаболизденеді. Метаболизмнің негізгі жолы — бұл 1-метил-10-метоксидигидролизергол (MMDL) метаболитінің түзілуімен эфирлік байланыстардың гидролизі. Келесі биотрансформация CYP2D6 изоферментінің әсерімен деметилдену арқылы 10-метоксидигидролизергол (MDL) метаболитінің түзілуіне әкеледі. Осылайша, CYP2D6 цитохромы генетикалық тапшылығы бар пациенттерде ницерголин мен оның метаболиттерінің фармакокинетикасы бұзылады. Түзілетін белсенді метаболиттер (MMDL және MDL) глюкурон қышқылымен конъюгацияланған. Адамның организмде негізгі метаболит MDL қалыптасады, ол барлық дозаның 51 % және 15 мг пероральді дозаны қабылдағаннан кейін несеппен бөлінетін радиоактивті заттың 76 % құрайды. MDL үшін ақырғы жартылай шығарылу кезеңінің орташа мәні шамамен 11-ден 20 сағатқа дейін құбылып отырды.

Пациенттердің ерекше тобы

Бүйрек функциясының жеңіл (креатинин клиренсі (КК) 60–80 мл/мин), орташа (КК 30–50 мл/мин) және ауыр (КК 10–25 мл/мин) дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде ницерголинді 30 мг (тиісінше дозадан 38,1 %, 42,6 % және 25,7 %) дозада пероральді қабылдағаннан кейін 120 сағат ішінде несеппен шығарылған MDL мөлшерінде елеулі айырмашылықтар байқалды; MMDL үшін тиісті мәндер тиісінше 1,7 %, 0,6 % және 0,2 % құрайды. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде екі басқа топпен салыстырғанда несеппен MDL шығарылуының елеулі төмендеуі байқалды. Бұдан бөлек жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде 30 мг дозада ницерголинді қабылдағанда бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда несеппен (0–72 сағат) 32 %, 32 % және 59 %-ға MDL шығарылуының орташа төмендеуі байқалды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде ницерголин фармакокинетикасы зерттелмеген.

Балаларда ницерголин фармакокинетикасы зерттелмеген.

Ницерголин фармакокинетикасына жас шамасының (гериатриялық зерттеулер) әсері толық зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Ницерголин эрголин туындысы болып табылады.

Ішке қабылдағаннан кейін препарат орталық жүйке жүйесінің түрлі деңгейінде әсер көрсететін бірқатар метаболиттер түзе отырып, тез және белсенді метаболизмге ұшырайды.

Пероральді қабылдағаннан кейін ницерголин көптеген нейрофармакологиялық әсер көрсетеді: препарат мидағы глюкозаның қармалуы мен тұтынылуын, ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының биосинтезін жақсартып қана қоймай, түрлі нейромедиаторлық жүйелерге әсер етеді, сондай-ақ церебральді холинергиялық функцияларды жақсартады.

Іn vitro және in vivo эксперименттерде ницерголин АХЭ (ацетилхолинэстераза) белсенділігін айтарлықтай арттырды.

Бір реттік, ұзақ пероральді енгізу де фосфоинозитидтің базальді және агонист-тәуелді алмастыруын тездетті. Ницерголин, сондай-ақ, протеинкиназа C Са-тәуелді изоформаларының жасушалық жарғақша саласына белсенділігі мен жылжуын арттырады. Бұл ферменттер амилоидтың еритін ақуыз-ізашары (amyloid precursor protein, APP) секрециясының механизміне қатысады, бұл аномальді бета-амилоид өнімінің босап шығуы мен қысқаруының ұлғаюына әкеледі.

Өзінің антиоксиданттық қасиеттерінің және уытсыздандыру ферменттерінің белсенділену көмегімен ницерголин тотықтырғыш стрестен туындаған жойылудан, сондай-ақ in vivo және in vitro экспериментальді модельдерінде апоптоздан жүйке жасушаларын қорғайды.

Ницерголин конгнитивтік функцияның жақсаруына ықпал ететін азот тотығының нейрональді синтетазасының (Neuronal Nitric Oxide Synthase, nNOS) мРНҚ экспрессиясының жас шамалық төмендеуін азайтады.

Ницерголин α және β белсенділігін арттыра және δ және θ белсенділігін төмендете отырып гипоксия жағдайындағы егде жастағы және ересек жас пациенттердің электроэнцефалограммасына қалыпқа келтіретін әсер көрсетеді. Шығу тегі әртүрлі жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі деменциясы (альцгеймер типті сенильді деменция (senile dementia of the Alzheimer's type, SDAT) және мультиинфарктілік деменция (multi-infarct dementia, MID)) бар пациенттерде ницерголинмен ұзақ емдеген кезде (2–6 ай) потенциал оқиғасына және туындаған реакцияларға тәуелді оң өзгерістер тіркелді; бұл өзгерістер клиникалық симптомдардың жақсаруымен байланысты болды. Жоғарыда аталғандар негізінде ницерголиннің деменция патогенезіне тартылған жасушалық және молекулалық механизмдер модуляциясының кең спектрі арқылы әсер ететіні анықталды.

Ницерголинмен ұзақ емдеу барысында деменциямен байланысты когнитивтік және мінез-құлықтық бұзылыстарда жай-күйді тұрақты жақсарту байқалған. Өзгерістерді 2 ай емдегеннен кейін-ақ байқауға болады және олар бір жыл бойы емдегенде сақталды.

Ницерголин мидың метаболизмдік және гемодинамикалық жағдайын жақсартады. Ницерголиннің, сондай-ақ, тромбоциттер агрегациясына кедергі келтіретін қабілеті бар және жағымды гемореологиялық әсер көрсетеді.

Қолданылуы

- деменция және Альцгеймер ауруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді деменцияны диагностикалау және емдеуге мамандандырылған дәрігердің бақылауымен бастау және жалғастыру керек. Диагноз бекітілген ұсынымдарға сәйкес қойылуы тиіс. Егер пациентке дәрілік препаратты ұдайы қабылдауды қамтамасыз ететін маманның медициналық көмегі ұсынылған жағдайда ғана емді бастауға болады.

Сермион® препаратын ас ішкенге дейін, шайнамай, жеткілікті мөлшерде сұйықтықты іше отырып қабылдау керек.

Сермион® препаратының ұсынылатын тәуліктік дозасы қабылдау арасындағы бірдей аралықпен бөлінген дозалармен тәулігіне 30 - 60 мг құрайды.

Доза және емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты және оны емдеуші дәрігер тағайындайды.

Ересек және егде жастағы пациенттер

Ересек және егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Ницерголиннің 80 % метаболиті бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (сарысулық креатинин деңгейі ≥ 2 мг/дл) дозаны төмендету керек. емдеуден болатын әсер біртіндеп білінеді. Әдетте емдеу ұзақ уақыт бойы жүргізілетіндіктен, дәрігер ұдайы аралықпен, бірақ 6 айда бір реттен сиретпей емді жалғастыру қажеттілігін бағалап отыруы тиіс.

Балалар

Сермион® препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сермион® препаратын қолданған кезде төмендегідей көрініс беру жиілігі бойынша жіктелген жағымсыз әсерлер тіркелді: жиі ( ≥1/100- ден < 1/10 дейін); жиі емес ( ≥1/1000-нан <1/100 дейін);белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).

Жиі ( ≥1/100-ден < 1/10 дейін)

- іштегі жайсыздық

Жиі емес ( ≥1/1000-нан <1/100 дейін)

- үрейлі қозу, сананың шатасуы, ұйқысыздық

- ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыруы

- артериялық гипотензия, гиперемия

- жүрек айнуы, іштің қатуы, диарея

- қышыну

- қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)

- ысыну сезімі

- бөртпе

- фиброз

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлері мен барлық пациенттерден медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжай бойынша Сермион® қабылдаған кезде анықталған кез келген жағымсыз реакциялар туралы хабарлау сұралады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-ницерголинге, қастауыш алкалоидтарына немесе дәрілік препараттың құрамына кіретін қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- жуырда бастан өткерген миокард инфарктісі

- жедел қан кету

- айқын брадикардия

- ортостатикалық артериялық гипотензия

- симпатомиметиктерді (дәрілік заттар, альфа- және бета-адренорецепторларды көтермелейтін дәрілік заттар) бір мезгілде қабылдау

- фруктоза көтере алмаушылық, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы немесе сахаразо-изомальтаза жеткіліксіздігі (себебі 10 мг дозадағы Сермион® таблеткаларының құрамында сахароза бар)

- жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Сақтықпен

- анамнезінде гиперурикемия немесе подагра және/немесе несеп қышқылының метаболизмін немесе шығарылуын бұзатын дәрілік препараттармен бірге

- автокөлік құралдарын басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс істегенде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сермион® препаратын тағайындаған кезде төмендегі препараттармен бірге қабылдағанда сақ болу керек:

- гипертензияға қарсы препараттар, себебі ницерголин гипертензияға қарсы дәрілердің жүрекке әсерін немесе бета-адреноблокаторлар әсерін күшейтуі мүмкін

- симпатомиметиктер (альфа және бета), себебі ницерголин өзінің альфа-адренобөгегіш әсерінің арқасында симпатомиметиктердің тамыр тарылтатын әсерін бәсеңдетуі мүмкін

-  Р450 цитохромының CYP2D6 изоферментімен метаболизденетін дәрілік заттар: ницерголин CYP2D6 ферментімен метаболизденеді, сондықтан осы ферментпен метаболизденетін дәрілік заттармен оның өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды

- антиагреганттар мен антикоагулянттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы), себебі ницерголин тромбоциттер агрегациясына және қанның ұюына кедергі келтіретін препараттардың гемостазға әсерін күшейтеді, сондықтан қан кету уақыты ұзаруы мүмкін

- несеп қышқылының метаболизміне әсер ететін препараттар, себебі ницерголин қан сарысуында несеп қышқылы деңгейінің симптомсыз жоғарылауын туғызуы мүмкін

Айрықша нұсқаулары

Ницерголиннің бір реттік немесе көп реттік дозаларының зерттеулері артериялық қысымы қалыпты және жоғары пациенттерде ницерголин систолалық артериялық қысымды төмендетуі мүмкіндігін және дистолалық артериялық қысымды едәуір төмен мәндерге дейін төмендететінін көрсетті. Бұл әсерлер құбылуы мүмкін, себебі басқа зерттеулер систолалық және дистолалық артериялық қысымның өзгерістерін анықтаған жоқ.

Ницерголин, симпатомиметиктер тобының агонистерін (альфа және бета) қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Бұл дәрілік препаратты гиперурикемиясы немесе анамнезінде подаграсы бар пациенттерге және/немесе несеп қышқылының метаболизміне және шығарылуына әсер етуі мүмкін дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Серотониндік 5-HT 2β рецепторларға қатысты агонистік әсері бар кейбір қастауыш алколоидтарын қолдану фиброздың дамуымен қатар жүрді (мысалы, өкпе, жүрек, жүрек клапандарының фиброзы және ретроперитонеальді фиброз).

Кейбір қастауыш алколоидтары мен олардың туындыларын ішке қабылдаған кезде жүрек айнуын, құсуды, диареяны, абдоминальді ауыруды және шеткері қантамырларының тарылуын қоса, эрготизм симптомдарының пайда болуы туралы хабарланған. Препаратты тағайындайтын медицина мамандары осы кластың препараттарын тағайындар алдында қастауыш алколоидтарының артық дозалану белгілері мен симптомдары туралы білуі тиіс.

10 мг дозадағы Сермион® таблеткаларының құрамында сахароза бар. Фруктоза көтере алмаушылық, глюкоза және галактозы мальабсорбциясы немесе сахаразо-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге бұл дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.

Жүктілік

Жүктілік кезінде арнайы зерттеулердің жоқтығына байланысты Сермион® препаратын егер ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтималды қауіптен артатын жағдайда ғана қолдану керек.

Лактация кезеңі

Ницерголиннің әйелдің емшек сүтімен шығарылуы туралы деректер жоқ, сондықтан оны лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сермион® реакцияны және зейін қоюды жақсартатынына қарамастан, оның автокөлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі арнайы зерттелген жоқ. Қандай жағдай болмасын, негізгі ауру сипатын ескере отырып, сақ болу керек. Автокөлік құралдарын басқарғанда немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істегенде, әсіресе, препаратпен емдеудің басында бас айналу немесе ұйқышылдықтың туындау мүмкіндігін ескеру керек.

Артық дозалануы

Ницерголинді жоғары дозада қолданған кезде артериялық қысымның уақытша төмендеуі туындауы мүмкін. Әдетте арнайы ем қажет емес, науқас бірнеше минут жатса жеткілікті. Ми және жүрек-қантамыр қан айналымының ауыр бұзылуларының айрықша жағдайларында артериялық қысымды тұрақты бақылай отырып, симпатомиметикалық дәрілер енгізу ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 таблетка поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (10 мг доза үшін).

15 таблетка поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (30 мг доза үшін).

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және қаптаушы

Пфайзер Италия С.р.л.

Локалита Марино дель Тронто

Асколи Пичено, Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн, АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан осы өнімнің сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн» (АҚШ) компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Фурманов к-сі, 100/4

Тел.: (727) 250-09-16

Факс: (727) 250-42-09

Электронды поштасы: PfizerKazakhstan@pfizer.com

 

Прикрепленные файлы

412343371477976584_ru.doc 90 кб
400383071477977738_kz.doc 102 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники