Септолете® Плюс (спрей)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
СептолетеÒ плюс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жергілікті қолдануға арналған спрей
Құрамы
1 мл спрейдің құрамында
белсенді заттар: бензокаин - 10.0 мг,
цетилпиридиний хлориді - 2.0 мг,
қосымша заттар: 96 % спирт, глицерин, натрий сахарині, бұрыш
жалбызының майы, тазартылған су
Сипаттамасы
Түссізден сарғыш түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер
АТХ коды R02AA
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Цетилпиридиний хлоридінің фармакокинетикасы туралы деректер жоқ. Аммонийдің төрттік қосылысының тек 10%-дан 20%-ға дейін ғана нашар сіңетіні белгілі.
Сіңбеген бөлігі организмнен нәжіспен өзгермеген түрінде шығарылады.
Бензокаиннің фармакокинетикасы туралы деректер де өте аз. Бензокаинді қоса кейбір жергілікті анестетиктер суда нашар еритіндіктен, оның сіңу дәрежесі төмендігі белгілі. Сіңірілген бензокаин, негізінен, плазма холинэстеразасымен гидролизденеді және оның аздаған бөлігі бауырда метаболизденеді. Ыдырау өнімдері несеппен бөлінеді.
Фармакодинамикасы
Цетилпиридиний хлориді аммонийдің төрттік қосылысы тобынының антисептикалық заты болып табылады және катиондық зарасыздандыратын зат ретінде жүреді. Аммонийдің төрттік қосылысы, бактериялық
жасуша беткейімен байланысады, ол арқылы таралады және микробтардың цитоплазмалық жарғақшасымен байланысады. Осы байланыс нәтижесінде, цитоплазмалық жарғақша арқылы төменмолекулярлық компоненттер,
негізінен калий иондары өтеді. Аммонийдің төрттік қосылысы содан кейін жасушаға өтеді, және ақыры жасуша қызметінің осылайша зақымдануы жасушалардың қырылуын туындатады. Цетилпиридиний хлориді кең ауқымды микробқа қарсы әсерге ие, оның микробқа қарсы әсері грамоң бактерияларға (мысалы, Staphylococcus) қатысты айқын білінеді.
Pseudomonas кейбір түрлері салыстырмалы сезімтал болмағанда, грам-теріс бактериялар цетилпиридиний хлоридіне орташа сезімтал. Сондай-ақ цетилпиридиний хлориді зеңге қарсы әсерге ие (мысалы, Candida және Saccharamyces-ке қатысты) және қабығы бар кейбір вирустарға қатысты вирусқа қарсы әсерге ие. Бензокаин жүйке талшықтары арқылы импульстардың өтуін, оның ішінде ауыру импульстарының өтуін бөгеп ауыру сезімін жояды.
Жүйке талшықтары өткізгіштігі жүйке жасушалары жарғақшаларының натрий ионына өткізгіштігінің төмендеуі нәтижесінде бөгеледі.
Қолданылуы
Септолете® плюс спрейі тамақтың ауыруын симптоматикалық жеңілдетуге ұсынылады:
- ауыз қуысы мен тамақтың қабыну ауруларында (фарингит, ларингит, қызыл иек пен ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы, стоматит, гингивит)
- суық тигенде және тұмауда кешенді емде
Қолдану тәсілі және дозалары
Құтының бас жағын бір рет басқанда 0.15 мл ерітінді шашырайды. Емдеу курсы 7 күннен аспайды .
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге: бір реттік доза үшін спрей құтысының басын екі рет басу керек. Осы процедураны әрбір 2 - 3 сағат сайын күніне 8 рет қайталауға болады.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: бір реттік доза үшін спрей құтысының басын бір рет басу керек. Осы процедураны әрбір 2 - 3 сағат сайын күніне 4 рет қайталауға болады. Спрейді балалар ересектердің қадағалауымен пайдалануы тиіс.
Қолдану тәсілі
Септолете® плюс спрейін бірінші рет қолданар алдында немесе егер препарат ұзақ уақыт қолданылмаса, спрей құтысының басын ұсақ тамшылар пайда болғанша ашық кеңістікке немесе қол жуғышқа бірнеше рет (5 - 9 рет) басыңыз.