Септилин (таблетки)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Септилин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Ұнтақталған мирра шайыры 324мг
Кальцинацияланған ұлу қабыршағы ұнтағы 64мг
Құрғақ сығындылары:
Махараснади кват 130мг
Жүрекшежапырақты риян тамырлары 64мг
Жүрекшежапырақты тиноспора сабақтары 98мг
Дәрілік эмблика жемістері 32мг
Қанаттұқымды моринга жапырақтары мен тұқымдары 32мг
Жалаң мия тамырлары 12мг
мыналармен бірге өңделген: микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилцеллюлозасы
қосымша заттар: магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, коллоидты кремнийдің қостотығы.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қоңырдан қою қоңыр түске дейінгі қабықсыз таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да иммуностимуляторлар және иммуномодуляторлар.
АТХ коды L03АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Септилин таблеткалары көп компонентті дәрілік препарат болып табылады. Препарат белсенділігі оның компоненттері үйлесімінің өзара күшейтуші әсеріне негізделген, бұл өсімдік тектес дәрілік заттарға тән құбылыс. Фармакокинетикалық зерттеулер жүргізудің мүмкіндігі жоқ. Компоненттердің барлығы бірге маркерлер немесе биозерттеулердің көмегімен қадағалануы мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Септилин иммунитет түрлендіруші, қабынуға қарсы, антигистаминді, несеп жүргізетін, бактерицидті және адаптогенді белсенділікке ие.
Септилин қайталанатын жұқпаларды емдеу кезінде бактерияларға қарсы препараттармен бір мезгілде пайдалануға арналған қауіпсіз және тиімді қосымша дәрі болып табылады. Антибиотиктермен бір мезгілде қабылдағанда анағұрлым жылдам сауығуды қамтамасыз етіп, антибиотиктермен емдеу ұзақтығын азайтады. Препарат макрофагты белсенділендіре отырып, фагоцитозды көтермелейді, полиморфтыядролық жасушалар санын арттырады және жұқпаны жеңіп шығуына ықпал етеді.
Септилин жұқпаларға қарсыласуды жоғарылатып, жұқпаның қайталап дамуының алдын алады.
Гранулоциттер және макрофагтар дифференциациясы есебінен препарат табиғи киллер-жасушалардың белсенділігі мен жасушалардың антиденелерге тәуелді цитоуыттылығын күшейтеді. Септилин гуморальді иммунитет жауабын көтермелейді де, соның есебінен антиденелерді түзуші жасушалар санын арттырады, қан ағымына антидене сөлінісін күшейтеді. Мұнымен қоса Септилин эритропоэз бен гранулопоэздің ізашар-жасушалары, таяқшаядролы лейкоциттер мен миелоциттер құрамын ұлғайтады.
Септилиннің жараны жазатын айқын әсері бар.
Өсімдік құрамына кіретін әсер етуші заттар: жүрекшежапырақты тиноспора күшті иммунитет көтермелеуші әсер береді, соның нәтижесінде антиденелер концентрациясы жоғарылап, макрофагтар белсенділігі артады. Сондай-ақ нейтрофилдердің фагоцитарлы және жасушаішілік бактерицидті қабілеттілігін күшейтеді. Жүрекшежапырақты Тиноспора мен дәрілік Эмблика бірге ыстықты түсіретін қасиетке ие, респираторлық жол жұқпаларын, оның ішінде созылмалы тонзиллитті, фарингитті, созылмалы бронхитті, мұрынның бітелуі және ларингитті емдеген кезде жақсы әсер етеді. Зерттеу эфир майының, хлороформ сығындысы және мирра табиғи шайырынан таяуда бөлінген жеті сесквитерпеноидты қосылыстың грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты кең ауқымды әсері бар антибактериялық белсенділікке ие екендігін көрсеткен.
Қанаттұқымды моринга – оның әр түрлі бөліктерінің өсімдіктері (жапырақтары, тамыры, тұқымдары, қабығы, жемістері) ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы, спазмолитикалық, несеп жүргізетін қасиеттері бар. Қанаттұқымды моринга сығындысы дозаға байланысты жіктелу кластері қалыптасуының латентті кезеңін елеулі ұзартады және липидтер асқын тотықты тотығуы жағымсыз өнімдерінің түзілуін тежейді. Жалаң мия жоғарғы тыныс алу жолдары аурулары кезінде жөтелді жұмсартады, флавоноидтар кешенінің арқасында айқын антигистаминдік және холинобөгегіш әсерге ие. Мия құрамындағы негізгі компоненттердің бірі –
глицирризин интерферон деңгейін жоғарылатады, вирусқа қарсы әсер етеді, кортизолдың өнуін көтермелейді, қабынуға қарсы, адаптогенді, гипосенсибилизациялаушы әсері бар. Жалаң мия АІЖ шырышты қабығының қорғаныш қасиеттерін арттырады, токсиндерді шығарып, қандағы глюкоза деңгейін қалыпқа келтіреді және күшті иммунтүрлендіруші, адаптогенді, микробтарға қарсы әсер береді.
Дәрілік эмблика жасушалардың өміршеңдігін жоғарылатады, фагоцитозды және γ- интерфероны өнуін күшейтеді.
Кальцинацияланған ұлу қабыршағы ұнтағы асқазан-ішек жолында оның цитопротекторлық қасиеттері салдарынан антиоксидантты әсер етеді. Махараснади кват – құрамында ауырғанды басу және ыстықты түсіру әсерін беретін эфир майлары мен флавоноидтар бар көпкомпонентті қайнатпа.
Қолданылуы
- респираторлық жол жоғарғы бөлігінің жұқпаларында (фарингиттер,
ЖРВЖ, риносинусит, тонзилит)
- сыртқы және ортаңғы отитте
- респираторлық жол төменгі бөлігінің жұқпаларында (бронхит,
трахеобронхит, пневмония)
- ауыз қуысының жұқпаларында (стоматит, гингивит, парадонтит)
- тері мен жұмсақ тіндердің жұқпалы және қабыну ауруларында (фурункулдар, абсцесстер, жаралар, I типті жай герпес, II типті генитальді герпес)
- несеп жолының жұқпаларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ауырлық дәрежесі орташа жұқпалар кезінде басқа да бактерияларға қарсы дәрілермен үйлесімде
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 2 таблеткадан күніне 2 рет, курсы 20 күн
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 1 таблеткадан күніне 2 рет, курсы 20 күн
Жағымсыз әсерлері
Болуы мүмкін
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышу)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
жүктілік, лактация кезеңі
-
6 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Септилин таблеткаларымен бірге қолданғанда антибиотиктердің емдік тиімділігі күшейеді.
Айрықша нұсқаулар
Жедел асқазан ауруларымен науқастарға сақтықпен тағайындайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде, лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары байқалмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ түсті құтыда 60 таблеткадан.
1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Хималайя Драг Компани
Макали, Бангалор 562123, Үндістан
www.himalayahealthcare.com
Тіркеу куәлігінің иесі
Хималайя Драг Компани, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Т.А.И. Фарма Лимитед»
Алматы қ., Жангелдин к-сі 31
200 кеңсе «Жар-Су» бизнес орталығы
тел/факс 278-59-99/94
e-mail reg.taipharma@.kz