Септилин (сироп)

Производитель: Хималайя Драг Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019442
Информация о регистрации в РК: 21.01.2019 - 21.01.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Септилин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл шәрбат

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

Ұнтақталған мирра шайыры 80 мг

қою сығындылар:

Махараснади кват 30мг

Жүрекшежапырақты риян тамырлары 15мг

Жүрекшежапырақты тиноспора сабақтары 14мг

Триката тамырсабақтары мен жемістері 13мг

Гималай андызы тамырлары 13мг

Дәрілік эмблика жемістері 8мг

Жалаң мия тамырлары 6мг

қосымша заттар: сахароза, натрий цитраты, натрий бензоаты, лимон қышқылы, «Керемет жалбыз» хош иістендіргіші, тазартылған су

Сипаттамасы

Дәмі тәтті, жалбыз иісі бар, қою-қоңыр шәрбат тәрізді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да иммуностимуляторлар

АТХ коды L03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Септилин шәрбаты көп компонентті дәрілік препарат болып табылады. Компоненттері үйлесімінің өзара күшейтуші әсеріне негізделген белсенділікке ие, бұл өсімдік тектес дәрілік заттарға тән құбылыс. Фармакокинетикалық бақылау жүргізудің мүмкіндігі жоқ. Компоненттердің барлығы бірге маркерлер немесе биозерттеулердің көмегімен қадағалануы мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Септилин иммунтүрлендіруші, антиоксидантты, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, бактерияларға қарсы, ісікке қарсы, адаптогенді белсенділікке ие. Септилин қайталанатын жұқпаларды емдеу кезінде микробтарға қарсы препараттармен бір мезгілде пайдалануға арналған қауіпсіз және тиімді қосымша дәрі болып табылады. Антибиотиктермен бір мезгілде қабылдағанда анағұрлым жылдам сауығуды қамтамасыз етіп, антибиотиктермен емдеу ұзақтығын азайтады. Препарат макрофагты белсенділендіре отырып, фагоцитозды көтермелейді, полиморфтыядролық жасушалар санын арттырады және жұқпаны жеңіп шығуына ықпал етеді.

Септилин жұқпаларға қарсыласуды жоғарылатып, жұқпаның қайталап дамуының алдын алады. Гранулоциттер және макрофагтар дифференциациясы есебінен препарат табиғи киллер-жасушалардың белсенділігі мен жасушалардың антиденелерге тәуелді цитоуыттылығын күшейтеді. Септилин гуморальді иммунитет жауабын көтермелейді де, соның есебінен антиденелерді түзуші жасушалар санын арттырады, қан ағымына антидене сөлінісін күшейтеді. Септилин сондай-ақ эритропоэз бен гранулопоэздің ізашар-жасушалары, таяқшаядролы лейкоциттер мен миелоциттер құрамын ұлғайтады.

Өсімдік құрамына кіретін әсер етуші заттар: жүрекшежапырақты Тиноспора күшті иммунитет түрлендіруші, иммунитет көтермелеуші әсер береді, соның нәтижесінде антиденелер концентрациясы жоғарылап, макрофагтар белсенділігі артады. Сондай-ақ нейтрофилдердің фагоцитарлы және жасушаішілік бактерицидті қабілеттілігін күшейтеді.

Жүрекшежапырақты Тиноспора мен дәрілік Эмблика бірге ыстықты түсіретін қасиетке ие, респираторлық жол жұқпаларын, оның ішінде созылмалы тонзиллитті, фарингитті, созылмалы бронхитті, мұрынның бітелуі және ларингитті емдеген кезде жақсы әсер етеді. Дәрілік эмблика жасушалар тұрақтылығын жоғарылатады, фагоцитоз бен антидене өнуін күшейтеді.

Жалаң мия құрамындағы глицирризин ретикулоэндотелиальді жүйені нығайтады, иммунитет көтермелеуді күшейтеді, макрофагтар қызметіне әсер етеді, бұл макрофагтарды көтермелеуге әкеп соғады. Сондай-ақ демікпе, жедел және созылмалы бронхитте және созылмалы жөтелде емдік әсерін көрсетеді.

Жалаң мия жоғарғы тыныс алу жолдары аурулары кезінде жөтелді жұмсартады, флавоноидтар кешенінің арқасында айқын антигистаминдік және холинобөгегіш әсерге ие.

Мия құрамындағы негізгі компоненттердің бірі – глицирризин интерферон деңгейін жоғарылатады, вирусқа қарсы әсер етеді, кортизолдың өнуін көтермелейді, қабынуға қарсы, адаптогенді, гипосенсибилизациялаушы әсері бар.

Жүрекшежапырақты риян, гималай андызы антиоксидантты әсерге ие, соңғысының қабынуға қарсы белсенділігі липосомалық жарғақшалардың тұрақтануына, антипролиферациялық әсеріне байланысты.

Қолданылуы

Кешенді емнің құрамында:

- респираторлық жол жоғарғы бөлігінің жұқпаларында (фарингиттер,

ЖРВЖ, риносинусит, тонзилит)

- респираторлық жол төменгі бөлігінің жұқпаларында (бронхит,

трахеобронхит, пневмония)

- сыртқы және ортаңғы отитте

- ауыз қуысының жұқпаларында (стоматит, гингивит, парадонтит)

- тері мен жұмсақ тіндердің жұқпалы және қабыну ауруларында (фурункулдар, абсцесстер, жаралар, I типті жай герпес, II типті генитальді герпес)

- несеп жолының жұқпаларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Балалар: 3 жастан 6 жасқа дейін 1 шай қасықтан күніне 2 рет, емдеу курсы 20 күн.

Ересектер: 1 ас қасықтан күніне 3 рет, емдеу курсы 20 күн

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышу)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Септилин шәрбатымен бірге қолданғанда антибиотиктердің емдік тиімділігі күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Жедел асқазан ауруларымен, қант диабетімен науқастар 1 шай қасық шәрбаттың құрамында 4,3 г қант бар екендігін ескергендері жөн. Дәрігер белгілеген дозадан асырмау ұсынылады.

Препарат құрамында этил спирті жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары байқалмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Янтарь түсті полиэтилентерефталаттан жасалған құтыда 100 мл-ден. 1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хималайя Драг Компани

Макали, Бангалор 562123, Үндістан

www.himalayahealthcare.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Хималайя Драг Компани, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Т.А.И. Фарма Лимитед»

Алматы қ., Жангелдин к-сі 31

200 кеңсе «Жар-Су» бизнес орталығы

тел/факс 278-59-99/94

e-mail reg.taipharma@.kz

Прикрепленные файлы

292365901477976975_ru.doc 54.5 кб
376935891477978147_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники