Сенадексин

МНН: Сеннозиды А и B
Производитель: Лубныфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Senna glycosides
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020348
Информация о регистрации в РК: 19.04.2019 - 19.04.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Сенадексин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

70 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 70 мг cенна жапырақтарының құрғақ сығындысы А және В кальций сеннозидтерінің 20 % құрамына шаққанда (А және В кальций сеннозидтерінің қосындысы),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, ванилин, магний стеараты, метилпарагидроксибензоат, стеарин қышқылы, тальк.

Сипаттамасы

Бір жақ бетінде сызығы бар, шеттері кертілген, ванилин иісі бар, ашық-қоңырдан қара-қоңыр түске дейінгі теңбілдері бар, беткейі тегіс, дұрыс дөңгелек цилиндр пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізгіштер. Жанаспалы іш жүргізгіш дәрі. Сенна гликозидтері.

АТХ коды А06А В06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың әсер етуші заты (сенна антрагликозидтері метаболиттері) іс жүзінде сіңбейді, негізінен нәжіспен, сонымен бірге несеп арқылы шығарылады. Сондай–ақ термен бірге шығарылады, емшек сүтіне өтеді.

Фармакодинамикасы

Жұмсақ әсер ететін іш жібітетін өсімдік текті препарат (сенна жапырағы немесе александриялық жапырақ, немесе сүйір жапырақты кассия жапырағы).

Фармакологиялық әсері антрагликозидтерге (негізінен А және В сеннозидтерімен), сондай–ақ басқа гликозидтерге байланысты. Ішке қабылдағанда сенна гликозидтері сіңбестен, өзгермеген түрде асқазан және аш ішек арқылы өтеді. Тоқ ішекте антрагликозидтер ішек бактериялары көмегімен фармакологиялық белсенді антрондар мен антранолдарға ыдырайды, олар тоқ ішектің интерорецепторларын тітіркендіреді, су мен электролиттердің сіңуіне кедергі жасайды, ішек қуысында судың диффузиялануына ықпал етеді, соның салдарынан нәжіс босаңсиды және олардың көлемі ұлғаяды, ол перистальтиканың күшеюіне және ішектің жылдам босауына ықпал етеді.

Іш жібіткіш әсері 6 – 10 сағатан соң байқалады. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда оның қарқынды әсері организмдегі калий құрамының азаюынан төмендеуі мүмкін.

Препаратты емделушілер жақсы көтереді, құрамында шайырлы заттар аз болғандықтан, ішекке тітіркендіруші әсер етпейді.

Қолданылуы

- созылмалы іш қатуы

- ішектің - гипо және атониясы

-геморройда, проктитте және артқы өтіс жарықтарында ішектің босауын жеңілдету үшін

- ішекті диагностикалық және емдеу емшаралары алдында тазартуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сұйықтықпен тәулігіне бір рет ішу арқылы қабылдайды. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ұйықтар алдында, 12 жастан кіші балаларға –таңертең аш қарынға тағайындайды.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1-2 таблеткадан тағайындайды; әсері болмағанда дозаны бір қабылдауға 2 – 3 таблеткаға дейін көтереді. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка.

6-дан 12 жасқа дейінгі жастағы балаларға 1 таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік доза -2 таблетка.

Жұмсақ нәжіс болуы үшін ең аз дозаны қабылдау керек. Дозаны таңдағанда бір дозаны бірнеше күн бойы қабылдау керек, әсері болмағанда– дозаны біртіндеп ½ таблеткаға ұлғайту керек. Егер ең жоғары дозаны үш күн бойы қабылдағанда нәжіс шықпаса, дәрігерге қаралу керек.

Курстық қолдануда препаратты екі апта қолданғаннан кейін екі апталық үзіліс жасау керек.

Ұзақ уақыт бойы немесе ұсынылған дозадан артық мөлшерде қолдануға болмайды.

Доза мөлшері және емдеу ұзақтығы әр адамға жеке анықталады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- анорексия, іш тұсының ауыруы, диарея

- несеп түсінің өзгеруі

- аллергиялық реакция

Болуы мүмкін (ұзақ қабылдау кезінде)

- электролиттерді, негізінен калий иондарын жоғалту

- альбуминурия, гематурия

- ішек псевдомеланозы

- тоқ ішек атониясы, метеоризм, ас қорытудың бұзылуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың басқа компоненттеріне және сенна гликозидтеріне жоғары жеке сезімталдық

- метроррагия

- ішектің бітелуі

- жедел қабынған ішек ауруында (Крон ауруы, ойық жара колиті, аппендецит)

- перитонит

- он екі елі ішек және асқазанның пептикалық ойық жарасы

- асқазан-ішектен қан кетулер

- жарықтың қысылып қалуы

- цистит

- генезі анықталмаған іш тұсының ауыруы

- су-электролитті тепе-теңдіктің ауыр бұзылуы

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- туа-біткен фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферменттерінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұзақ уақыт немесе жоғары дозаларда қолданғанда препарат ағзадағы калий иондары төмендеуінің салдарынан жүрек гликозидтері және антиаритмиялық дәрілердің әсерін күшейтеді, тетрациклиндер сіңуін бұзады. Тиазидті диуретиктермен, бүйрек үсті безі қыртысы гормондарымен, мия тамырларының препараттарымен бір мезгілде қабылдағанда гипокалиемия даму қаупі артады. Асқазан–ішек жолдарында баяу сіңетін препараттардың тиімділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты емдәмді өзгерту немесе ішек ішіндегісінің көлемін арттыратын препараттарды қолдану арқылы нәжісті қалпына келтіру мүмкін болмағанда ғана қолдану ұсынылады.

Бауыр және/немесе бүйрек аурулары бар емделушілерге препаратты сақтықпен қабылдаған жөн.

Емдеу кезінде несептегі рН–қа байланысты несептің түсі сарғыш–қоңыр немесе қызылдау түске өзгеруі мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

6 жастан үлкен балаларға препаратты сақтықпен дәрігердің ұсынымы бойынша тағайындайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүкті әйелдерге қолданудан жағымсыз әсерлер (абдоминальді ауырулар, диарея) даму қаупі артуы мүмкін. Препаратпен емделу кезінде бала емізуді тоқтату керек, өйткені препарат компоненттері ана сүтіне өтіп, баланың іші сұйық болып өтуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Препарат әдетте көлік құралдарын жүргізуге және зейін қою мен психикалық және қимыл реакцияларының жылдамдығын талап ететін жұмыс түрлерін орындауға әсер етпейді. Алайда, препаратқа жеке реакцияны ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: су-электролитті теңгерімнің бұзылуына әкеп соқтыратын диарея.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және негізі алюминий фольгалы орам қаптама материалынан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Лубныфарм» ААҚ.

Украина, 37500, Полтава обл., Лубны қ., Петровский к-сі, 16.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Лубныфарм» ААҚ, Украина.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фарм-Евро» ЖШС

050039, Алматы қ-сы, Майлин к-сі, үй 72, пәтер 34

Факс: +7(272) 71-84-97

E-mail: farmevro@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

695328641477976826_ru.doc 61 кб
721794221477977980_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники