Семилакт (100 мг/20 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Семилакт
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған 50 мг/20 мг және 100 мг/20 мг таблеткалар
Құрамы
Қабықпен қапталған бір таблетка құрамында
белсенді заттар: 50 мг және 100 мг спиронолактон,
20 мг фуросемид
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза рН 101, повидон К25, натрий крахмалы гликоляты, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты,
қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза Е6, полиэтиленгликоль 6000, титанның қостотығы (Е171).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақтан ақ дерлік түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Диуретиктер. Диуретиктердің калий жинақтағыш препараттармен біріктірілімі.
АТХ коды С03Е
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Спиронолактон және фуросемид пероральді қабылдағанда асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді, жеткілікті түрдегі жоғары биожетімділікпен сипатталады.
Спиронолактон бауырда жылдам метаболизденеді. Негізгі фармакологиялық белсенді метаболиттері 7 – α – тиоспитронолактон, 7 – α – тиометилспитронолактон және канренон (50 % жуық) болып табылады. Канренон ең жоғары концентрациясына ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан кейін жетеді, оның жартылай шығарылу кезеңі орташа алғанда 12,5 сағатты құрайды.
Фуросемид организмде глюкуронид түзе отырып метаболизденеді.
Фармакодинамикасы
Семилакт –біріктірілген препарат, диуретиктік және гипотензиялық әсері спиронолактон мен фуросемидтің қасиеттері үйлесуімен шартталған.
Спиронолактон әсер етуі ұзартылған альдостеронның спецификалық антагонисті, калий жинақтағыш диуретик болып табылады (бүйрек үсті безі қыртысының минералкортикостероидты гормоны). Альдостерон рецепторларымен байланыса отырып, несеппен судың, натрий мен хлор иондарының экскрециясын ұлғайтады, калий иондары мен мочевина шығарылуын азайтады, несеп қышқылдығын төмендетеді.
Фуросемид әсері күшті «ілмекті» диуретиктерге жатады, Генле ілмегінің өрлеуші буынында, сондай-ақ бүйректің натрий, калий, хлоридтер мен магний иондарының иілген проксимальді және дистальді өзекшелеріндегі белсенді реабсорбциясын бөгейді; судың экскрециясын ұлғайтады.
Қолданылуы
- жүрек жеткіліксіздігіндегі, нефротикалық синдромдағы ісіну синдромында
(несепте ақуыз болуымен қатар жүретін үлкен көлемде ісінуде), (әсіресе, егер басқа дәрілік заттар тиімділігі жеткіліксіз болғанда немесе диуретиктерден туындаған гипокалиемия анықталса)
- гиперальдостеронизм салдарынан электролиттер алмасуы бұзылуындағы ісінулер және асцитте
- бауыр циррозындағы асцитте
- кешенді емдегі артериялық гипертензия (артериялық қысым көтерілуін тұрақтандырады)
Қолдану тәсілі және дозалары
Семилакт ішке тұтас шайналмай, таңертең таңғы ас кезінде немесе түскі тамақпен, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен іше отырып қабылданады.
Дозалау режимі аурудың нозологиялық түрін және су– электролиттік алмасу бұзылуының айқындығын ескере отырып жеке анықталады.
Емнің алғашқы 3-5 күндерінде Семилакт препаратын 100/20 мг дозада күн сайын тәулігіне 2 таблеткадан тағайындайды. Демеуші емге Семилакт 50/20 мг таблеткалары қолданылады, препарат дозасы жеке анықталады. Клиникалық әсердің айқындығына қарай бұл дозаны күн сайын тағайындайды, немесе 1-2 күн сайын.
Емнің ұзақтығы жеке анықталады. Қажет болғанда курсты әрбір 10-14 күн сайын қайталайды.
Бүйрек қызметі бұзылуында (КК 60 мл/мин аз) препаратты тек қандағы калий құрамын жиі бақылау жағдайында ғана тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
- жедел панкреатит
- холестатикалық сарғаю
- гипонатриемия, гипо – немесе гиперкалиемия, гиповолемия болуы мүмкін
-бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауыруы, атаксия, сананың шатасуы, құлақтағы шуыл, парестезия, естудің төмендеуі, көрудің бұлыңғырлануы, балтыр бұлшықеттерінің құрысулары, гипотония
-іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қатуы, панкреатит, анорексия, ауыз қуысының және асқазанның шырышты қабығының тітркенуі, шөлдеу, ауыз құрғауы, гастрит, асқазан ойық жарасы
- эрекция бұзылуы, гинекомастия (еркектерде), сүт безінің ауыруы, дисменорея, аменорея, гирсутизм, дауыстың өрескелденуі (әйелдерде)
- жүйелік васкулит, интерстициальді нефрит, некроздаушы ангиит, эксфолиативті дерматит, көп формалы эритема, қызба, тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Сирек
- гиперурикемия, гипергликемия, глюкозурия
- апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, эозинофилия
- подагра, бұлшықет түйілуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- спиронолактонға, фуросемидке немесе сульфаниламидтерге өте жоғары сезімталдық
- бүйрек қызметі бұзылуы
- бауыр қызметі бұзылуы
- түзетуге келмейтін электролиттік алмасу бұзылуы: гипо – немесе гиперкалиемия, гиперкальциемия, гипонатриемия
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық, Lapp-лактоза ферменті тапшылығы, глюкоза – галактоза мальабсорбциясы
- гиповолемия, Аддисон ауруы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
- калий препараттарымен немесе калий жинақтаушы диуретиктермен (триамтерен, амилорид), сондай-ақ ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен үйлестіре қолданғанда гиперкалиемия туындауы мүмкін
- спиронолактонды глюкокортикоидтармен, сондай-ақ іш жүргізгіш дәрілермен үйлестіре қолданғанда гипокалиемия туындауы мүмкін
- спиронолактон ойық жараға қарсы препарат карбеноксолонның әсерін әлсіретуі мүмкін, норадреналиннің вазопрессорлық әсерін азайтады, дигоксиннің жартылай шығарылу кезеңін ұлғайтады
- салицилаттар спиронолактон әсерін төмендетуі мүмкін
- фуросемид гипогликемизациялайтын дәрілердің және прессорлық аминдердің әсерін әлсіретуі мүмкін және салицилаттардың, теофиллин, литий препараттарының және деполяризацияламайтын миорелаксанттардың әсерін күшейтуі мүмкін
-қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (мысалы, индометацин) фуросемидтің әсерін әлсіретуі мүмкін, гиповолемияда жедел бүйрек жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін
- фуросемидті және антибиотиктерді-аминогликозидтерді бір мезгілде қолданғанда, аминогликозидтердің нефро – және отоуытты жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Қуық асты безі гиперплазиясында, гипотониясы, гиповолемиясы бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды.
Семилакты подаграсы, қант диабеті бар науқастарға, бауыр және/немесе бүйрек қызметі бұзылуында, тыныс алу және метаболизмдік ацидоз қаупі жоғары емделушілерге сақтықпен тағайындайды.
Семилакты ұзақ уақыт қолданғанда ауық-ауық сарысудағы электролиттер құрамын, сондай-ақ мочевина, креатинин, глюкоза және несеп қышқылын бақылау керек. Дене салмағының азаюы күніне 1 кг аспауы тиіс (бөлінетін несеп көлеміне қарамастан).
Семилакт қабылдау уақытында алкоголь пайдалануға болмайды.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдағанда, әсіресе емнің басында, автокөлікті басқаруға және басқа да физикалық және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін басқа да жұмыстарды орындауға болмайды. Одан әрі қарай оларды жүзеге асыру жеке анықталады.
Артық дозалануы
Симптомдары: дегидратация, айналымдағы қан көлемінің азаюы, артериялық гипотензия, электролиттік дисбаланс, оның ішінде гипокалиемия, гипохлоремиялық алкалоз.
Қажет болғанда тамырішілік сұйықтық көлемін және электролиттер тапшылығын қалпына келтіру керек. Гемодиализ тиімсіз.
Емі: симптоматикалық – тамырішілік сұйықтық көлемін және электролиттер тапшылығын қалпына келтіру. Гемодиализ фуросемидтің шығарылуын жылдамдатпайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Седико Фармасьютикал Ко.», Мысыр
(Бірінші өндірістік аймақ, Сикс ов Октобер Сити)
Сауда белгісінің және тіркеу сертификатының иесі
«РОТАФАРМ» компаниясы болып табылады, Ұлыбритания
Тіркеу куәлігінің иесі
«РОТАФАРМ», Ұлыбритания
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғылы, 222б
Тел/факс: 8 (7272) 529090