Санорин (0,1%)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Санорин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нафазолин
Дәрілік түрі
Мұрынға арналған 0,1% тамшыдәрі (эмульсия)
Құрамы
10 мл эмульсияның құрамында
белсенді зат: 0,01 г нафазолин нитраты
қосымша заттар: бор қышқылы, метилпарагидроксибензоат, цетил спирті, эвкалипт майы, полисорбат 80, холестерин, вазелин майы, этилендиамин, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақ, жеңіл сілкіленетін эмульсия.
Фармакотерапиялық тобы
Мұрын ауруларын емдеуге арналған препараттар. Симпатомиметиктер.
АТЖ коды R01AA08
Фармакологиялық касиеттері
Фармакокинетикасы
Нафазолиннің таралуы, метаболизмі және шығарылуы туралы деректер белгісіз. Жергілікті қолданғанда тамырды тарылтатын әсері 5-10 минуттан соң басталады және 4-тен 6 сағатқа дейін сақталады. Жүйелі қан ағымына сіңіріледі және жүйелі әсер беруі мүмкін.
Фармакодинамикасы
Санориннің құрамында альфа-2адренорецепторларға тікелей симпатомиметикалық көтермелегіш әсері бар нафазолин бар. Тамыр тарылтқыш әсерінің салдарынан ісіну, гиперемия, экссудация азаяды. Интраназальді қолданғанда мұрынның қосалқы қуысының шығу ағымдарының ашылуы мен кеңеюіне және евстахий түтіктерінің босауына ықпал етеді. Бұл секреттің ағып шығуына ықпал етеді және бактериялардың шөгуін болдырмайды.
Қолданылуы
- жедел ринитте
- синуситте
- евстахиитте
- ларингитте
- риноскопия жүргізуді жеңілдетуге
- мұрыннан қан кетуді тоқтату қажеттілігінде
Қолдану тәсілі мен дозалары
Мұрын ішіне: күніне 2-3 рет әр мұрын жолына 1-3 тамшы эмульсиядан. Қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы керек.
Препарат 5 күннен артық емес шектеулі уақытта қолданылады. Егер мұрынмен тыныс алу жеңілдесе, қолдануды ерте аяқтауға болады.
Препаратты бірнеше күннен кейін қайталап қолдануға болады.
Диагностикалық мақсатта риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін әр мұрын жолына препараттың 3-4 тамшысы қолданылады.
Мұрыннан қан кеткенде мұрын жолына препаратқа малынған мақта тампонын салу керек.
Жағымсыз әсерлері
Ұсынылған дозаларда қабылдағанда препарат әдетте жақсы көтерімді.
Сирек жағдайларда бас ауруы, тахикардиялар, қан қысымының жоғарылауы, мұрынның шырышты қабығының құрғауы мен шымылдатып ашуының сезілуі пайда болуы мүмкін.
Ересектерде 1 аптадан артық ұзақ уақыт және жиі қолданғанда, дағдыланып кетуі мүмкін, бұл мұрын жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы мен тамызғаннан кейін шырышты қабықтың бірден құрғауымен білінеді.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта
- артериялық гипертонияда, тахикардияда, айқын атеросклерозда
- ауыр көз ауруларында
- гипертиреоидизмде
- қант диабетінде
- жабық бұрышты глаукомада
- созылмалы ринитте (атрофиялық типтегі)
- 15 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты МАО тежегіштерімен бір мезгілде немесе оларды қабылдағаннан кейін 14 күннен ерте қолданбаған дұрыс, өйткені жүрек ырғағы бұзылуы және қан қысымының жоғарылауы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың жоғары дозаларын қабылдап жүрген емделушілер, жүрек-қантамыр және жүйке тарапынан болатын жағымсыз әсерлердің (гипертензия, аритмия, жүректің қағуы, бас ауруы, бас айналуы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық) туындау мүмкіндігіне байланысты, қадағалауда болуы тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препараттың жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданылуы жөнінде жеткілікті мәліметтер жоқ, сондықтан оны сақтықпен және тек одан күтілетін пайда ықтимал қаупінен асатын болса ғана қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Санорин көлік құралдарын басқару мен жоғары зейін шоғырландыруды талап ететін қызмет түрлеріне әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Белгілері: ашушаңдық, қатты тершеңдік, әлсіздік, тахикардия, қан қысымының жоғарылауы. Ары қарай ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия пайда болуы мүмкін.
Емі: белгілеріне қарай. Арнайы у қайтарғысы жоқ.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 мл-ден тамшылатқышы бар қызғылт-сары түсті құтыларға құйылады.
1құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек .
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Тева Чех Кәсіпорындары с.р.о.,
Остравска 29747 70 Опава-Комаров,
Чех Республикасы
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Тева Чех Кәсіпорындары с.р.о.,Чех Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР-дағы ”Тева Чеш Индастриез с.р.о.” компаниясының өкілдігі
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы 13,
Нұрлы Тау бизнес орталығы 1в, 305 , 306 кеңсе
Телефон, факс (727) 311-10-66; 311-10-68
E-mail teva@teva.co.il