Салициловая кислота (раствор спиртовой 1%; 20 мл; Фармацевтическая компания Ромат)

МНН: Салициловая кислота
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012148
Информация о регистрации в РК: 02.05.2013 - 02.05.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Салицил қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1 % 20 мл спиртті ерітінді.

Құрамы

100 мл препарат құрамында:

белсенді зат - 1.0 г салицил қышқылы

қосымша зат: 100 мл-ге дейін 70 % этанол.

Сипаттамасы

Спирт иісі бар мөлдір, түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да зарарсыздандырғыш препараттар

АТХ коды D 08AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық, жергілікті тітіркендіретін қабынуға қарсы әсер береді. Май және тері бездері секрециясын басады. Төменгі концентрацияларда кератопластикалық, ал жоғарысында кератоликалық әсер береді. Әлсіз, микробқа қарсы белсенділікке ие.

Қолданылуы

Сыртқа қолдануға арналған

- майлы себорея

-созылмалы экзема

-қарапайым безеулер

-кебек тәрізді теміреткі

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты терінің зақымдалған беткейіне мақта тампонымен алақан көлеміндей жерге 5 мл есебімен тәулігіне 2-3 рет жағады.

Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік дозасы – 0.2 г салицил қышқылы (10 мл); балаларға – 0.2 г салицил қышқылы (1 мл).

Емделу курсы - 1аптадан көп емес.

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, ашытып күйдіру, тері бөртпесі, тері гиперемиясы түріндегі жергілікті реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • салицил қышқылының туындыларына жоғары сезімталдығы бар бронх демікпесінің атопиялық түрі

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • лактация кезеңі, жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Салицил қышқылы жергілікті қолдануға арналған басқа ДЗ үшін тері өткізгіштігін арттыруы мүмкін, соған орай, олардың сіңірілуін күшейтеді. Сіңірілген салицил қышқылы метотрексаттың және - ішуге арналған гипогликемиялық ДЗ, сульфонилмочевина туындыларының жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Ерітінді фармацевтикалық тұрғыдан резорцинмен (балқитын қоспа түзейді) және мырыш тотығымен (ерімейтін мырыш салицилаты) үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты шырышты қабыққа, қалға, түкті сүйелдерге, шап немесе бет аумағындағы сүйелдерге жағуға болмайды.

Балаларды емдеу барысында терінің бірнеше бөліктерін бір уақытта өңдеуден аулақ болу керек.

Шырышты қабықтарға тиіп кеткен кезде тиісті жерді үлкен мөлшердегі сумен жуу керек.

Гиперемия және қабынумен (оның ішінде псориаздық эритродермия) немесе беткейлік сулы зақымданулармен жүретін тері аурулары кезінде салицил қышқылы сіңірілуінің артуы мүмкін екенін есепке алған жөн. Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жергілікті қолдану кезінде артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл препараттан пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшалары бар полимер тығынмен тығындалған шыны массадан жасалған құтыда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен гофрланған картоннан жасалған тұғырға салынады және жылу орнықтырғыш үлбірмен тартып орайды немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан Республикасы, Семей қ., тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e- mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан Республикасы, Семей қ., тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e- mail: zmp@romat.kz

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

328437381477976954_ru.doc 45 кб
093947621477978125_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники