Салин®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Салин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
0,65% 30 мл мұрынға арналған спрейі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 6,5 мг натрий хлориді,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, тазартылған су, динатрий фосфаты дигидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты.
Сипаттамасы
Иіссіз мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Мұрын ауруларында жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар. Басқа да препараттар.
АТХ коды R01АХ10
Фармакологиялық қасиеттері
Натрий мен хлор иондары қан плазмасының және жасушадан тыс сұйықтықтың тиісінше осмостық қысымын демейтін жасушадан тыс сұйықтықтың ең маңызды органикалық құрамдас бөліктері болып табылады. Изотониялық ерітінді дегидратация кезінде организмдегі сұйықтық тапшылығын толықтырады.
Салин мұрынның шырышты қабығын ылғалдандырады, қою шырышты сұйылтады, мұрын қуысындағы құрғақ қабықтарды жұмсартады және олардың жеңіл шығуына ықпал етеді. Салин мұрын сөлінісіне изотониялы, ерітіндінің рН-ы мұрын шырышының табиғи сөліністік рН сұйықтығына сәйкес келеді. Салин жыпылықтағыш эпителийдің жұмысын қалпына келтіреді, мұрынның тыныс алуын жақсартады, оңалу кезеңін қысқартады және жергілікті тамыр тарылтқыш дәрілердің дозасы мен жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қолданылуы
-
мұрын қуысының күнделікті гигиеналық күтімі үшін
-
мұрын қуысының және қосалқы қойнауларының қабынбалы ауруларының профилактикасында және кешенді емдеу үшін
-
аллергиялық, инфекциялық, атрофиялық және дәрі-дәрмектік риниттерде мұрын қуысын шырыштан және қабыршақтан тазарту үшін
-
кондиционерлердің, жылыту жүйелерінің жұмыс істеуінен және басқа факторлардан болатын шырыштың құрғақтығын басу үшін
-
мұрын қуысына және қосалқы қойнауларға операциялық араласулардан кейін
Қолдану тәсілі және дозалары
Құтының серпінді корпусына жылдам басу жолымен мұрын қуысының ішіне бүркеу керек. Бүркіген кезде құтыны төңкермеу және басты шалқайтпау керек. Сәбилер мен балалар үшін – 1 бүрку, ересектер үшін – әр мұрын қуысына 2 бүрку керек. Құтыны тігінен ұстағанда ерітінді аэрозольдар түрінде; ал көлденең ұстағанда – сұйықтық ағыны түрінде; төңкерілген қалпында – одан тамшылап бөлініп шығады.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
Анықталмаған
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препараттың құрамдас бөліктеріне жеке жоғары сезімталдықта
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Балалар
Балалар ересектердің қадағалауымен қабылдайды.
Жүктілік, лактация кезеңі
Дәрігердің тағайындауымен қолдануға болады
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Шығарылу түрі және қаптамасы
Сүйір қақпақшасы - бұралатын полипропилен қалпақшалы тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған бүріккіші бар тығыздығы төмен және жоғары полиэтилен қоспасынан дайындалған құтыларға 30 мл препараттан.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Иституто Де Анжели С.р.л.,
50066 Реггелло (Флоренция), Лок. Прулли 103/c, Италия.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
Иституто Де Анжели С.р.л., Италия
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстар) қабылдайтын мекеме:
«Байер КАЗ» ЖШС филиалы
Тимирязев көшесі 42, Экспо-Сити бизнес орталығы, 15 пав.
050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы,
тел.: +7 727 258 80 40 (148)
факс: +7 727 244 70 01
e-mail: kz.claims@bayer.com