Сабельника настойка

МНН: Сабельник болотный корневище с корнями
Производитель: Эвалар ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинации противовоспалительных препаратов
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019851
Информация о регистрации в РК: 02.05.2013 - 02.05.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Мажыра тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма

Құрамы

1000 мл құрамында

белсенді заттар – саз мажырасының тамырсабағы 100 г,

қосымша зат – 40 % этил спирті 1000 мл-ге дейін.

Сипаттамасы

Сары-қоңырдан қызыл-қоңыр түске дейін өзіне тән иісі бар мөлдір сұйықтық. Бозаңдану пайда болуына жол беріледі, сақтау кезінде шөгінді түзілуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы препараттардың басқа да біріктірілімдері.

АТХ коды М01ВХ

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес зат. Қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді.

Саз мажырасының тамырсабағы құрамында фармакологиялық белсенділікке негізделетін биологиялық компоненттер: иіткіш заттар, каротин, еритін қант және полисахаридтер, флавоноидтер, аскорбин қышқылы бар. Саз мажырасы ауыруды басатын, қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы әсерге ие.

Қолданылуы

Тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративтік ауруларын, оның ішінде артриттерді, артроздарды кешенді емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке: алдын ала 1/3 стақан суда сұйылтылған 1 шәй қасық тұндырмадан тамақтануға дейін күніне 2 рет. Емдеу курсы – 2 ай. Қажет болғанда емдеу курсын дәрігердің келісімінен кейін қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда аллергиялық реакциялар, жүрек айну, диарея болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік, лактация кезеңінде

Бауыр қызметінің ауыр бұзылулары, жарақаттары мен ми аурулары бар науқастарға, эпилепсия, созылмалы маскүнемдікте сақтықпен (құрамында этил спирті болуына байланысты) қолдану қажет.

Созылмалы аурулары бар адамдарға препаратты қабылдар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажет.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мажыра тұндырмасын стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен кешенді пайдаланған кезде терапиялық әсері күшейеді, бұл стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың (ҚҚСП) терапиялық дозасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу барысында препаратты тоқтатусыз өз бетімен кететін ауру белгілерінің қысқа мерзімдік асқынуы болуы мүмкін.

Препараттың бір реттік дозасының құрамында 1,58 г (2 мл) абсолютті спирт бар; тәуліктік дозасының құрамында 3,16 г (4 мл) абсолютті спирт бар.

Көрсетілген тәуліктік дозадан асыруға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Мажыра тұндырмасын педиатрияда 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емделу кезеңінде автокөлік жүргізу барысында және аса жоғары назар аударуды және психомоторлық реакция жылдамдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор іс-әрекет түрімен айналысуда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Препаратты ұсынылғаннан айтарлықтай жоғары дозада қабылдаған кезде алкогольдік улану болуы мүмкін. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50, 100 мл-ден дәрілік заттарға арналған қоңыр немесе қызыл сары шыныдан жасалған бөтелкелерге салынады.

Әр бөтелкеден мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

50 мл тұндырма рецептісіз

100 мл тұндырма рецепт арқылы

Өндіруші

«Эвалар» ЖАҚ, Ресей Федерациясы,

659332, Алтай өлкесі, Бийск қ., Социалистическая к-сі, 23/6,

тел. (3854) 39-00-50, www.evalar.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Эвалар» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Эвалар» ЖАҚ, Ресей Федерациясы,

659332, Алтай өлкесі, Бийск қ., Социалистическая к-сі, 23/6,

тел. (3854) 39-00-50, www.evalar.ru

 

4

 

Прикрепленные файлы

001521981477976959_ru.doc 39.5 кб
338681891477978132_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники