Румалайя® форте
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Румалайя® форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Үнді ладанының шайыры ұнтақ 240 мг
Коммифора гуггул шайыры 200мг
Үлкен түзу қазтабанның тамырсабағы 70 мг
Жалаң мия тамырлары 70 мг
Жатаған теміртікеннің жемістері экстрактісі 60мг
Жүрекшежапырақты тиноспора сабақтары 60мг
қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты,
микрокристаллды целлюлоза, натрий стеараты, натрий лаурилсульфаты,
кросповидон, кальций карбонаты, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы
Сипаттамасы
Ашық-қоңырдан күңгірт-қоңырға дейінгі капсула тәрізді тегіс таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеуге арналған басқадай препараттар
АТХ коды М09АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Румалайя® форте препараты көп компонентті өсімдіктік құрам болып табылатындықтан, фармакодинамикалық әсерлері әртүрлі құраушы синергетикалық әсермен өндіріледі.
Сондықтан фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Румалайя форте қабынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттерге ие болатын, көп компонентті өсімдіктік препарат болып табылады.
Үлкен түзу қазтабанның тамырсабағы қабынуға қарсы агент ретінде пайдаланылатын құнды эфир майлары бар. Қабынуға қарсы әсері циклооксигеназа жолы арқылы негізделген, қабыну простагландиндерді басу жолымен тежеледі.
Мия құрамына кіретін компоненттер көптеген қабынбалы үдерістер үшін қажетті фосфолипаза А2 ферментінің белсенділігін басу жолымен қабынуға қарсы белсенділікті көрсетеді.
Глицирризин қышқылы циклооксигеназа белсенділігін және простагландиндер (Е2 простагландині) өндіргіштігін тежейді, сондай-ақ қабыну үдерісінің барлық факторларын тежей отырып, тромбоциттер агрегациясына жанама кедергі келтіреді.
Құрамына белсенді компоненттер сапониндер, флавоноидтар, алкалоидтар және гликозидтер кіретін жатаған теміртікеннің иммункөтермелегіш белсенділік көрсетеді, олар спецификалық емес иммундық реакцияны арттырады және түрлік иммунитетті тиімді көтермелейді.
Жүрекшежапырақты Тиноспора иммуномодуляциялаушы әсері цитокиндер, митогендік өндіргіштігіне, иммундық әсер беретін жасушалардың көтермеленуіне және белсенуіне әсер ету құрамының қабілетімен анықталады.
Жүрекшежапырақты Тиноспора аюрведиялық медицинада қабынуға қарсы және подаграға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады.
Коммифора гуггулден бөлінген мирранол, тритерпен күшті қабынуға қарсы әсерді көрсетті. Гуггулстерон қабыну ауруларымен тығыз байланыстағы NF-каппа В белсенділігіне әсер етеді.
Қолданылуы
Тірек-қимыл аппаратының қабынбалы және дегенеративті аурулары
- ревматоидты артрит, остеоартроз
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тамақтан кейін тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан 4 апта бойына. Диспепсиялық құбылыстар пайда болған жағдайда препарат дозасы күніне 3 рет 1 таблеткаға дейін төмендеуі мүмкін. Емді қайталау курсы дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
Жағымсыз әсерлері
Мүмкін
- аллергиялық реакциялар (тері қышымасы, есекжем)
Болуы мүмкін диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, диарея, ауызда ащы дәмді сезіну), «бауыр» трансаминазасы белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
жүктілік, лактация кезеңі
-
12 жасқа дейінгі балалар жасы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Румалайя форте препараты, таблеткалар басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен үйлесімді. Румалайя® фортенің терапиялық тиімділігі Румалайя кремін бірге қолданғанда күшейеді.
Айрықша нұсқауларыРумалайя форте препаратын қабылдауды тоқтатқан кезде «тоқтату» синдромы туындағаны жайлы хабарланбады. Препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде арнайы шаралар талап етілмейді. Егер пациент дәрілік затты бір немесе бірнеше рет өткізіп алса, дозаны екі еселендірмей ақ, препаратты қабылдауды нұсқаулықтағы ұсынылған сызбадағыдай жалғастыру қажет.
Асқазанының жедел аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалану
Осы уақытқа дейін препаратты қолданған кезде артық дозалану жағдайлары туралы деректер түспеді. Артық дозалану жағдайында емдеу – симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тығыздағышпен қамтылған, көкшіл-жасыл қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтилен құтыға 60 таблеткадан салынған.
1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Хималайя Драг Компани, Үндістан
Макали, Бангалор 562162, Үндістан
www.himalayawellness.com
Тіркеу куәлігінің иесі
Хималайя Драг Компани, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Трансатлантик Алматы ЖШС»
Алматы қ., «Нұрлы-Тау» ПФО
Әл-Фараби д-лы 19
901 кеңсе,
тел: 311-03-46-47
e-mail reg@transatlantic.kz