Румалайя® крем

МНН: Масло камфорное, Масло коричное, Масло кунжута индийского, Масло ментоловое, Масло терпентинное очищенное
Производитель: Хималайя Драг Компании
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022692
Информация о регистрации в РК: 19.05.2022 - 19.05.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Румалайя кремі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Крем

Құрамы

30 г препараттың құрамында

белсенді заттар:

майлар:

үнді кунжут майы 220мг

ментол майы 100мг

камфора майы 50 мг

терпентинді тазартылған май 50 мг

цейлон майы 25мг

Өңделген: Nardostachys jatamansi, Inula recemosa, Celastrus paniculatus, Vitex negundo, Ocimum sanctum, Acorus calamus, Hyoscyamus niger, Anacyclus pyrethrum, Calotropis procera, Datura metel, Pluchea lanceolata, Cateria lacca, Berberis aristata, Piper nigrum, Cedrus deodara, Ricinus communis, Rubia cordifolia, Plumbago zeylanica, Nerium odorum және Dashamoola.

қосымша заттар: натрий альгинаты, цетостеарил спирті, метилпарабен, пропилпарабен, Noigen (CS1000), лимон майы (лемонграсс), тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән камфора иісі бар бозғылт сары түсті жартылай қатты крем.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараттарының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқадай препараттар

АТХ коды М02АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Румалайя крем препараты көп компонентті өсімдіктік құрам болып табылатындықтан фармакодинамикалық әсерлері әртүрлі құраушы синергетикалық әсермен өндіріледі.

Сондықтан фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Румалайя кремі қабынуға қарсы және анальгезирлейтін қасиеттерге ие көп компонентті өсімдіктік препарат болып табылады.

Румалайя кремінің құрамына кіретін ментол және кунжут майлары әртүрлі ревматизмдік жағдайларда люмбаго, артрит және невралгия сияқты, сондай-ақ ревматизм кезінде анальгетикалық дәрі ретінде жергілікті- тітіркендіргіш әсерге ие. Румалайя кремі терінің ауыру рецепторларының сезімталдығын басады және оның әсері тікелей ауыруды әлсіретуге немесе тоқтатуға бағытталған, терінің ауыру рецепторларының сезімталдық деңгейін төмендетеді және ауыруды тікелей басады.

Гидроксипролин, коллагеннің тұрақтылығына қатысты елеулі рөл атқаратын коллагеннің негізгі компоненті.

Цейлон майы остеоартрит сияқты дегенеративті ауруларда азаятын гидроксипролиннің тіндерде болуын ұлғайтады, сол себепті, шеміршектің қалпына келуіне және жазылуына ықпалын тигізеді. Румалайя кремі қабынған беткейлік тіндер арқылы өтеді, зақымданған аймақта қан ағысын күшейтеді және күшті қабынуға қарсы әсерге ие бола отырып қабынуға қарсы хемомедиаторлар сөлінісін басады.

Қолданылуы

- ревматоидты артритте

-остеоартрозда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге. Ұзындығы 1-2 см крем жолағын зақымдалған буын проекциясы маңына жағады және қарқынды массажды қимылмен ысқылайды. Өңделген орындарды жылы ұстау ұсынылады. Кремді тәулігіне 2 рет, 4 апта бойына қолданады. Емді қайталау курсы дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіледі.

Жағымсыз әсерлері

Мүмкін

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • Жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар жасы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Румалайя крем препараты басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен сыйымды. Румалайя кремінің Румалайя форте дәрісінің таблетка түрін бірге қолданғанда терапиялық тиімділігі күшейеді.

Айрықша нұсқаулары

Тек сыртқа қолдануға арналған :

' '

Аллергиялық реакциялар пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек. Крем көзге тиген кезде, оны сумен жуу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалану

Осы уақытқа дейін препаратты қолданған кезде артық дозалану жағдайлары туралы деректер түспеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар және тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ламинирленген сықпада препарат 30 г-нан.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Салқын, құрғақ жерде, күн сәулесінен алшақ жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хималайя Драг Компани, Үндістан

Макали, Бангалор 562162

www.himalayawellness.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Хималайя Драг Компани, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Трансатлантик Алматы ЖШС»

Алматы қ., «Нұрлы-Тау» ПФО

Әл-Фараби д-лы 19

901 кеңсе,

тел: 311-03-46-47

e-mail reg@transatlantic.kz

* \ *

Прикрепленные файлы

328769861498795354_ru.doc 54 кб
706598031498795886_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники