Рофилас

МНН: Рофлумиласт
Производитель: Хетеро Лабс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Roflumilast
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022751
Информация о регистрации в РК: 23.06.2022 - 23.06.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 272.02 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Рофилас

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рофлумиласт

Дәрілік түрі

0.5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0.500 мг рофлумиласт,

қосымша заттар: маннитол (Pearlitol SD 100), маннитол (Pearlitol 25C), микрокристалды целлюлоза (Vivapur 102), 2-пропанол, метиленхлорид, коллоидты кремнийдің қостотығы (Aerosil 200), магний стеараты

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді, шеттері қиғашталған жалпақ, бір жағында «Н» және екінші жағында «І» өрнегі бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүйелі пайдалану үшін тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Рофлумиласт.

АТХ коды R03DX07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Рофлумиласт фармакодинамикалық тұрғыда белсенді негізгі метаболит –рофлумиласт N-тотығын түзе отырып, адам организмінде белсенді метаболизденеді. Рофлумиласт та, рофлумиластың N-тотығы да фосфодиэстераза 4 (PDE4) белсенділігін тежеуге қатысатындықтан (in vivo), фармакокинетикалық қасиеттері PDE4 жалпы тежеу әсерін (яғни, рофлумиласт пен рофлумиласттың N-тотығы әсерлерінің қосындысы) бағалау негізінде сипатталған.

Сіңуі

Рофлумиластың абсолютті биожетімділігі 500 микрограмды ішу арқылы қабылдағаннан кейін шамамен 80% құрайды. Рофлумиластың қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына (Cmax) әдетте ашқарынға қабылдағаннан кейін бір сағаттан соң (0,5-тен 2 сағатқа дейінгі аралықта) қол жеткізіледі. Рофлумиластың N-тотығының ең жоғарғы концентрациясына 8 сағаттан соң (4-тен 13 сағатқа дейін) қол жеткізіледі. Ас ішу PDE4-тің жалпы тежеу белсенділігіне ықпал етпейді, бірақ рофлумиластың ең жоғарғы концентрациясына жету уақытын (tmax) бір сағатқа кідіртеді және Cmax-ты шамамен 40%-ға азайтады. Дегенмен ас ішу рофлумиластың N-тотығының Cmax және tmax шамаларына ықпал етпейді.

Таралуы

Рофлумиластың және рофлумиластың N-тотығының плазма ақуыздарымен байланысуы шамамен тиісінше 99% және 97% құрайды. Бір реттік дозаның, рофлумиласттың 500 микрограмының таралу көлемі 2,9 л/кг-ге жуықты құрайды. Физика-химиялық қасиеттерінің арқасында, рофлумиласт ағзаларға және май тінін қоса, тіндерге оңай таралады. Тіндерге өзіне тән өту арқылы таралуының ерте фазасы май тінінен шығарылу фазасымен қатар жүреді, ол, шамасы, рофлумиласт N-тотығын түзе отырып бастапқы заттың қарқынды ыдырауынан болуы ықтимал. Деректер гематоэнцефалдық бөгет арқылы өту дәрежесінің төмендігін көрсетеді. Рофлумиластың және оның метаболиттерінің ағзалар мен май тіндерінде арнайы жинақталуының немесе іркілуінің ешқандай айғақтары жоқ

Биотрансформациясы

Рофлумиласт екі фазада өтетін реакция арқылы белсенді метаболизденеді: I фаза (Р450 цитохромы) және II фаза (конъюгациялануы). Рофлумиластың метаболиті – N-тотығы адамның қан плазмасынан табылған негізгі метаболит болып табылады. Рофлумиластың N-тотығының «концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисығы астындағы аудан (AUC) рофлумиластың AUC қарағанда, орта есеппен, 10 есе үлкен. Осылайша, рофлумиластың N-тотық метаболиті PDE4-ке in vivo тежегіш әсер ететін негізгі зат болып саналады.

Рофлумиластың N-тотықты метаболит түзетін метаболизмі CYP1A2 және 3А4 цитохромдарымен жүзеге асады. Рофлумиласт және оның белсенді N-тотық метаболиті емдік концентрацияларда қан плазмасында CYP1A2, 2А6, 2В6, 2С8, 2С19, 2D6, 2Е1, 3А4/5 немесе 4А9/11 тежемейтіні анықталды. Сондықтан, Р450 цитохромдарының осы түрлерімен метаболизденетін заттармен елеулі өзара әрекеттесу ықтималдығы өте аз. Бұдан бөлек, in vitro зерттеулер рофлумиласт әсерінен CYP1A2, 2А6, 2С9, 2С19 немесе 3А4/5 цитохромдарының индукциясы жоқ және CYP2В6-ға әлсіз индукциясын көрсетті.

Шығарылуы

Рофлумиластың қысқа мерзімді вена ішілік инфузиясынан кейінгі плазмалық клиренсі 9,6 л/сағатқа жуық. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін рофлумиласт пен N-тотығының жартылай шығарылу кезеңі шамамен тиісінше 17 және 30 сағат құрайды. Рофлумиласт пен N-тотығының тұрақты концентрациясына шамамен күніне бір дозаны қабылдағаннан кейін рофлумиласт үшін 4 күннен соң және N-тотығы үшін 6 күннен соң жетеді. Радиоактивті таңбаланған рофлумиласты вена ішіне немесе ішу арқылы қабылдағаннан кейін радиоактивтіліктің 20%-ға жуығы нәжістен және 70%-ы несептен белсенді емес метаболиттер түрінде анықталды.

Дозаға тәуелділігі/тәуелсіздігі

Рофлумиласт пен оның метаболиті N-тотығының фармакокинетикасы 250 мкг-ден 1000 мкг дейінгі ауқымда дозаға пропорционал болып табылады.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде пациенттерде, әйелдерде және кавказдық ұлт өкілі емес тұлғаларда PDE4 жалпы тежеу белсенділігі артты. PDE4 -тің жалпы тежеу белсенділігі шылым шегетіндерде аздап төмендеді. Бұл өзгерістердің ешқайсысын клиникалық тұрғыда маңызды деп қарастыруға болмайды. Сондықтан пациенттердің осы топтарына қатысты дозаларға ешқандай түзету жүргізу ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

PDE4 жалпы тежеу белсенділігі ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 10-30 мл/мин құрайтын) пациенттерде 9%-ға төмендеді. Дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Күніне бір рет қабылданатын рофлумиластың фармакокинетикасы ауырлығы жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А және В класы) 16 пациенттің қатысуымен зерттелді. Рофлумиласт пен N-тотығының PDE4 ферментін жалпы тежеу белсенділігі Чайлд-Пью бойынша А тобына жататын пациенттерде 20%-ға және Чайлд-Пью бойынша В тобына жататын пациенттерде 90%-ға жоғары болды.

Фармакодинамикасы

Рофлумиласт фосфодиэстераза-4 (PDE4) тежегішіне жататын, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен (ӨСОА) байланысты қабыну үдерістерін жоюға бағытталған қабынуға қарсы стероидты емес дәрі болып табылады. Әсер ету механизмі жасушаларда болатын, қабыну үдерістеріне қатысатын және ӨСОА патогенезінде маңызды болып табылатын фосфодиэстераза-4, негізгі циклдік аденозинмонофосфат (цАМФ) –метаболиздеуші ферментті тежеуге негізделеді. Рофлумистаттың әсері, ең алдымен, наномолярлық ауқымдағы ұқсас әлеуетімен PDE4А, PDE4В және PDE4С бағытталған. PDE4С типіне афинділігі 5-10 есе төмен. Бұл әсер ету механизмі және іріктелгендігі рофлумиластың негізгі белсенді метаболиті болып табылатын N- тотыққа да қолданылады.

PDE4 тежелуі цАМФ жасушаішілік деңгейінің артуына және лейкоциттер, тыныс алу жолдары мен өкпе тамырларының тегіс бұлшықеттері жасушаларының, тыныс алу жолдарының эндотелийлік жасушаларының және эпителийлік жасушаларының, сондай-ақ фибробластардың дисфункциясының ӨСОА-ға байланысты азаюына әкеледі.

Адам нейтрофилдерінің, моноциттерінің, макрофагтарының немесе лимфоциттерінің (in vitro) стимуляциясы рофлумиласт пен рофлумиластың N-тотығының лейкотриен В4, оттектің белсенді түрлері, α ісік некрозының факторы, γ интерфероны және В гранзим сияқты қабыну медиаторларының босап шығуын тежейтінін көрсетті.

ӨСОА бар пациенттерде рофлумиласт қақырықтағы нейтрофилдер деңгейін азайтады, сондай-ақ эндотоксин қабылдайтын дені сау еріктілерде нейтрофилдер мен эозинофилдердің тыныс алу жолдарына көшуін төмендетеді.

Бұл препаратты тағайындаған кезде өкпе функциясының жақсаруы және ӨСОА бар пациенттерде өршу жиілігінің төмендеуі байқалатыны анықталды.

Қолданылуы

- анамнезіндегі жиі асқынумен ересек пациенттердегі созылмалы бронхитпен астасқан ауыр ағымдағы (бронходилатациядан кейінгі бір минуттағы қарқынды дем көлемі (ҚДК1) есептелген тиісті көрсеткіштен 50% төмен болуы тиіс) өкпенің созылмалы обструкциялық ауруын (ӨСОА) емдеуде, бронходилатациялық емге қосымша демеуші ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге. Ішке. Ұсынылатын доза – күніне бір рет 500 мкг (1 таблетка). Таблеткаларды сумен ішу және күн сайын белгілі бір уақытта ас ішуге байланыссыз қабылдау қажет.

Рофлумиласт ұзақ уақыт қолданылады.

Емдік әсерге қол жеткізу үшін бірнеше апта бойына емдеу қажет болуы мүмкін. Рофлумиласты бір жылға дейін қабылдау ұзақтығы туралы деректері бар.

Егде пациенттер (65 жас және одан асқан)

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек аурулары бар пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А класты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде рофлумиласты қолдану туралы деректер дозаны түзету жөнінде ұсыныс беруге жеткіліксіз, сондықтан препаратты мұндай пациенттерді емдегенде сақтықпен қолдану керек.

Ауырлығы орташа немесе ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В және С класы) рофлумиласты қолданбауы тиіс.

Балалар

Рофлумиласты ӨСОА бар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану жөнінде тиісті деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Ең жиі шағымдар – диарея (5,9%), дене салмағының азаюы (3,4%), жүрек айну (2,9%), іштің ауыруы (1,9%) және бас ауыруы (1,7%). Бұл қолайсыз жағымсыз реакциялардың көпшілігі жеңіл және орташа сипатта болады. Мұндай жағымсыз реакциялар, ең алдымен, емдеудің алғашқы аптасында туындайды және көп жағдайда емдеуді жалғастыру барысында жойылады.

Қолайсыз жағымсыз реакциялар кездесу жиілігіне байланысты жіктеледі: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100- <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1,000-<1/100 дейін); сирек (≥1/10,000- <1/1,000 дейін); өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Жиі

- салмақтың азаюы, тәбеттің төмендеуі

- диарея, жүрек айну, іштің ауыруы

- бас ауыруы

- ұйқысыздық

Жиі емес

- препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық*

- бөртпе

- үрейлену

- тремор, бас айналу, вертиго

- дімкәстану, астения, қажу

- пальпитация (жүрек қатты соғуы)

- гастрит, құсу, гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру, диспепсия

- бұлшық еттің түйілуі және бұлшық ет әлсіздігі, миалгия, арқаның ауыруы

Сирек

- ангионевроздық ісіну

- гинекомастия

- депрессия, күйгелектік, үрейлі шабуылдар, суицидтік ойлар және мінез-құлық**

- дисгевзия (дәм сезудің нашарлауы)

- тыныс алу жолдарының инфекциялары (пневмонияны қоспағанда)

- гематохезия (қанды нәжіс), іш қату

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы: гамма-глутамил-трансфераза, аспартат аминотрансфераза

- қандағы креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарлауы

- есекжем

*Ауыр аллергиялық реакциялар пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтатыңыз және шұғыл түрде өз дәрігеріңізге қаралыңыз.

** Клиникалық зерттеулер жүргізгенде және постмаркетингтік кезеңде суицидтік ой мен мінез-құлықтың (оның ішінде өзін-өзі өлтірумен аяқталған) сирек жағдайлары туралы хабарлар алынды. Суицидтік ойдың барлық көріністері туралы өз дәрігеріне хабарлау қажеттігі жөнінде пациенттерге нұсқау беру керек.

Пациенттердің ерекше басқа топтары

Рофлумиласт қабылдау нәтижесінде 75 жастан асқан егде жастағы паценттерде ұйқы бұзылуы (негізінен ұйқысыздық) жиірек байқалды. Рофлумиласт қабылдау аясында ұйқы бұзылуы (ұйқысыздық) дене салмағы 60 кг төмен пациенттерде жиірек байқалды.

Әсер етуі ұзартылған мускариндік рецепторлардың антагонистерімен (LAMA) қатар жүретін емдеу

Салмақтың және тәбеттің азаюының, бас айналудың, депрессияның неғұрлым жоғары жиілігі ингаляциялық кортикостероидтармен (ICS) және әсер етуі ұзартылған В2 –агонистерімен (LABA) біріктіріп әсер етуі ұзартылған мускариндік рецепторлардың антагонистерімен (LAMA) қатар жүретін ем алған пациенттерде рофлумиласты ICS және LABA біріктіріп қабылдаған пациенттермен салыстырғанда байқалды.

Күдік тудырған жағымсыз реакциялар туралы хабарлау

Дәрілік заттың тіркелгеннен кейінгі болжамды жағымсыз реакциялары туралы хабарлаудың маңызы зор, өйткені дәрілік препаратты қолданудың қауіпсіздік бейініне мониторинг жасауға және пайда/қауіп теңгерімін бағалауға жол ашады. Сондықтан медицина қызметкерлері және пациенттер күдік тудырған кез келген жағымсыз реакциялар туралы Yellow Card сызбасы бойынша электронды поштаға: pdlc@dari.kz.хабарлауы керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- рофлумиластқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

- бауыр жеткіліксіздігінің орташа ауыр немесе ауыр түрі (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В және С)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • Р450 цитохромының қуатты индукторларымен (рифампицинмен, фенобарбиталмен, карбамазепинмен, фенитоинмен) бірге қолдану

  • теофиллинмен бірге қолдану (өзара әркеттесуі туралы клиникалық деректер болмағандықтан)

  • қолданудың жеткілікті тәжірибесі болмағандықтан: күрделі иммун тапшылық аурулары (АИТВ-инфекция, жайылған склероз, жүйелі қызыл жегі, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия және басқалар), күрделі жедел инфекциялық аурулар (мысалы, туберкулез, жедел гепатит), қатерлі ісіктер (базальді-жасушалық карциномадан, баяу дамитын терінің қатерлі ісігі типінен басқа), функционалдық класы 3-4 (NYHA–Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығы) созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

  • қолданудың жеткілікті тәжірибесі болмағандықтан: метотрексат, азатиоприн, инфликсимаб, этанерцепт сияқты иммунодепрессиялық препараттармен емдеу, сондай-ақ ішілетін глюкокортикостероидтармен тұрақты демеуші ем қабылдайтын тұлғаларда

  • суицидтік ой мен мінез-құлықтың пайда болуымен астасқан депрессия

Сақтықпен

  • анамнездегі психикалық бұзылыстар

  • CYP1A2/3А4 цитохромы изоферментінің тежегіші эноксацинмен немесе CYP1A2/2С19/3A4 тежегіштері флувоксаминмен және циметидинмен емдеу

  • бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл түрі (Чайлд-Пью бойынша А класы)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Рофлумиласт метаболизмінің негізгі сатысы CYP3A4 және CYP1A2 цитохромының көмегімен рофлумиластың рофлумиласт N-тотыққа N-тотығуы болып табылады. Рофлумиласт та, рофлумиластың N-тотығы да PDE4-ті ішкі тежеу белсенділігіне ие, сондықтан рофлумиласты қабылдағаннан кейінгі PDE4 -тің жалпы тежеу белсенділігі рофлумиластың да, рофлумиластың N-тотығының да қосынды әсері түрінде болады. CYP 3A4 цитохромының тежегіштерімен, эритромицинмен және кетоконазолмен өзара әрекеттесулерінің клиникалық зерттеулері PDE4 жалпы тежеу белсенділігінің 9%-ға артқанын көрсетті (яғни, рофлумиласт пен рофлумиластың N-тотығының жалпы экспозициясы). CYP1A2/3А4 тежегішімен – эноксацинмен және CYP1A2/2С19/3A4 тежегіштері циметидинмен және флувоксаминмен өзара әрекеттесулерді зерттеулер PDE4 жалпы тежеу белсенділігінің тиісінше 59%, 25% және 47% ұлғайғанын көрсетті. Рофлумиластың тестіленген дозасы 50 мг болды. Рофилас препаратын осы белсенді заттармен біріктіріп қолдану әсердің күшеюіне және тұрақты жағымсыздыққа әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда Рофилас препаратымен емдеу жөніндегі мәселені қайта қарастыру қажет.

P450 цитохромының индукторы рифампицинді қабылдау PDE4 жалпы тежеу белсенділігінің шамамен 60%-ға кемуіне әкеледі, сондықтан P450 цитохромының қуатты индукторларын (мысалы, фенобарбиталды, карбамазепинді, фенитоинді) қолдану рофлумиластың емдік әсерінің кемуіне әкелуі мүмкін. Осылайша, рофлумиласты Р450 цитохромының қуатты индукторларын қабылдайтын пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Теофиллинмен бір мезгілде қабылдау PDE4 жалпы тежеу белсенділігінің 8%-ға артуына әкелді.

Құрамында гестоден мен этинилэстрадиол бар ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен өзара әрекеттесулерді зерттеу кезінде PDE4 жалпы тежеу белсенділігі 17%-ға ұлғайды. Осы белсенді заттарды қабылдайтын пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

Ингаляциялық препараттармен: сальбутамол, формотерол, будесонид және ішке қабылданатын препараттармен: монтелукаст, дигоксин, варфарин, сильденафил және мидазоламмен ешқандай өзара әрекеттесу байқалған жоқ.

Антацидтік препараттармен (алюминий гидроксиді мен магний гидроксидін біріктіру) бір мезгілде қабылдау рофлумиластың немесе рофлумиласт N-тотығының сіңу көрсеткіштерін немесе фармакокинетикалық қасиеттерін өзгерткен жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Барлық пациенттер Рофиласты қабылдау кезіндегі ықтимал қауіптер және препаратты қауіпсіз қолданудың сақтық шаралары туралы хабардар болуы тиіс, сондай-ақ емдеуді бастар алдында пациент картасын беру керек.

Жедел жәрдем препараттары

Рофилас жедел бронх түйілуін басуға арналған жедел жәрдем препараттарына жатпайды.

Салмақтың азаюы

Плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда рофлумиласт қабылдаған пациенттерде дене салмағының азаюы жиірек байқалды. Рофлумиласт қабылдауды тоқтатқаннан кейін, көптеген пациенттер өз дене салмағын 3 айдың ішінде қалпына келтірді.

Дене салмағы жеткіліксіз пациенттер дәрігерге әр келген сайын салмағын бақылау қажет. Пациенттерге өз дене салмағын тұрақты түрде бақылап тұруға кеңес беру керек. Түсініксіз және клиникалық мәні бар салмақ жоғалту жағдайында (диетамен немесе жаттығулармен байланыссыз), рофлумиласт қабылдауды тоқтату және пациенттің дене салмағын қосу динамикасын қадағалау керек.

Айрықша клиникалық жағдайлар.

Жеткілікті тәжірибенің болмауына байланысты, Рофилас препаратымен емдеуді бастауға болмайды немесе күрделі иммунологиялық аурулары (АИТВ-инфекция, жайылған склероз, жүйелі қызыл жегі, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия сияқты), жедел ауыр инфекциялық аурулары, қатерлі ісіктері (базальді-жасушалық карциномадан басқа) бар пациенттерде немесе иммуносупрессанттармен (метотрексат, азатиоприн, инфликсимаб, этанерсепт, жүйелі кортикостероидтарды қысқа мерзім қабылдауды қоспағанда, кортикостероидтарды ішу арқылы ұзақ уақыт қабылдау) ем қабылдайтын пациенттерде Рофиласты қолдануды тоқтату қажет. Туберкулез, вирустық гепатиттер, герпестік инфекция және құрсаулы теміреткі сияқты инфекциялық аурулардың латенттік түрлерімен ауыратын пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Рофлумиластың ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі (NYHA жіктеуі бойынша 3 және 4 функционалдық класы) қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан науқастардың осы тобында қолдану ұсынылмайды.

Психикалық бұзылыстар.

Рофилас препаратын қолдану ұйқысыздық, үрейлену, күйгелектік және депрессия сияқты психикалық бұзылулар қаупінің жоғарылауымен астасады. Суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың сирек жағдайлары, оның ішінде аяқталған суицид анамнезінде депрессиясы бар немесе онсыз пациенттерде, әдетте, емдеудің алғашқы аптасында байқалды. Сондықтан, егер пациенттер бұрын көрініс берген психикалық симптомдар жайында хабарласа немесе мұндай симптомдар оларда қазіргі уақытта білінсе, немесе егер психикалық бұзылулардың пайда болу ықтималдығымен байланысты басқа дәрілік заттармен қатарлас ем жоспарланса, Рофилас препаратымен емдеудің басталуымен немесе жалғасуымен байланысты қатерлер мен пайдаға мұқият бағалау жүргізу керек. Пациенттерге және олардың қамқоршыларына мінез-құлқындағы, көңіл-күйіндегі кез келген өзгерістер немесе кез келген сипаттағы суицидтік ойлар пайда болғанда емді тағайындаған дәрігерге мәлімдеу қажет екені жөнінде нұсқау беру керек.

Рофилас анамнезінде суицидтік ойлары мен мінез-құлқының белгі беруімен астасқан депрессиясы болған пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Егер пациент жаңа пайда болған психикалық симптомдардан немесе бұрынғыларының өршуінен зардап шегетін болса немесе суицидтік ойлары немесе өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені анықталса, рофлумиластпен емдеуді тоқтату ұсынылады.

Тұрақты жақпаушылық

Диарея, жүрек айну, iш ауруы және бас ауыруы сияқты жағымсыз реакциялар негізінен емдеудiң алғашқы апталарында пайда болатынына және көп жағдайларда емді жалғастыру барысында басылатынына қарамастан, тұрақты жақпаушылық пайда болған кезде Рофилас препаратымен емдеу мәселесін қайта қарастыру керек.

Тұрақты жақпаушылықтың дамуына пациенттердің ерекше топтарының, атап айтқанда, қара нәсілді шылым шекпейтін әйелдер немесе CYP1A2/2С19/3А4 тежегіштері флувоксаминмен және циметидинмен, немесе CYP1A2/3A4 тежегіші эноксацинмен бір мезгілде ем алушы пациенттердің бейімділігі неғұрлым жоғары.

Дене салмағы 60 кг-ден аз пациенттер

Рофлумиластпен ем алатын, бастапқы дене салмағы 60 кг-ден аз пациенттерде ұйқы бұзылуының (ұйқысыздықтың) даму қаупі жоғарырақ болады, бұл осы науқастардан анықталған жалпы PDE4 – тежегіш белсенділіктің жоғарырақ болуына байланысты («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Теофиллин

Демеуші ем үшін теофиллинмен бір мезгілде қолдану мүмкіндігін растайтын деректер жоқ. Сондықтан рофлумиластпен және теофиллинмен біріккен ем ұсынылмайды.

Бала тууға қабілетті жастағы әйелдер

Бала тууға қабілетті жастағы әйелдер рофлумиластпен емдеу кезінде контрацепцияның тиімді әдісін пайдалануы керек. Рофиласты ұрықтануға қарсы дәрілерді пайдаланбайтын тууға қабілетті жастағы әйелдерге қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік, лактация кезеңі және фертильділік

Рофлумиласты жүкті әйелдердің қолдануы жөніндегі деректер шектеулі. Рофлумиласт плацентарлық бөгет арқылы өтеді.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың тұқым өрбітуге уыттылығын көрсетті. Рофилас жүкті әйелдердің қабылдауына ұсынылмайды.

Жануарлардан алынған қолда бар фармакокинетикалық деректер рофлумиластың және оның метаболиттерінің сүтке бөлінетінін көрсетті. Рофлумиластың бала организміне ену қаупін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан препаратты лактация кезінде қолдану ұсынылмайды.

Адам сперматогенезін зерттеу кезінде рофлумиласт 500 мкг дозада 3 ай бойы емдегенде және емді тоқтатқаннан кейінгі 3 ай ішінде сперманың параметрлеріне немесе жыныстық гормондарға ықпал еткен жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Рофилас көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыру, асқазан-ішек бұзылыстары, жүрек соғысының жиілеуі, бас айналу, сананың бұлыңғырлануы, тершеңдік және артериялық гипотензия.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады. Рофлумиласт плазма ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысатындықтан, гемодиализ оны шығарудың тиімді әдісі болып табылмайды. Рофлумиластың перитонеальді диализге сай келетіні туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтилен контейнерге салынады.

1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

HETERO LABS LIMITED

Unit-III, 22-110, I.D.A., Jeedimetla, Hyderabad – 500 055, Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

HETERO LABS LIMITED, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы және мекенжайы:

ЖК Канумуру И.Г., 050043, Алматы қ., Мирас ықш. ауд., 157-732, тел. (727) 311-81-96/97

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

ЖК Канумуру И.Г., 050043, Алматы қ., Мирас ықш. ауд., 157-732, тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: irina.volovnikova@gmail.com.

Прикрепленные файлы

Рофилас_рус.doc 0.14 кб
Рофилас_каз.doc 0.17 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники