Ротокан
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ротокан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолдары және зат алмасу. Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар.Басқалар
АТХ коды А01АD11
Қолданылуы
Стоматологиялық тәжірибеде:
- балалардағы ауыз уылуы
- гингивиттер
- пиорея
- пародонтоздың қабыну-дистрофиялық түрі
Ұсақ жараларды, кесілулерді, соғылуларды өндеген кезде, күюлерде.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Дәрігердің тағайындауы бойынша 6 жастан бастап қолдануға болады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Қолданар алдында 1 шай қасық (5 мл) препаратты 1 стақан жылы суда ерітеді.
Ауыз қуысы шырышты қабығының ауруларында ерітіндіден дайындалған аппликациялар (15-20 минут) 2-5 күн бойы тәулігіне 2-3 рет пайдаланылады.
Пародонтитті емдеген кезде қызылиек қалталарына күніне 4-6 рет дайындалған ерітіндіге молынан шыланған жұқа турундаларды 20 минутқа енгізеді.
Енгізу әдісі және жолы
Тек сыртқа!
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Анықталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болған жағдайда, өтініш, дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Тері бөртпелері, қышынуы түріндегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір литр препараттың құрамында
белсенді заттар: түймедақ гүлдері 500,0 г
қырмызыгүл гүлдері 250,0 г
мыңжапырақ шөбі 250,0 г,
қосымша заттар – 95% этил спирті, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызғылт сары реңді қою-қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Сақтаған кезде шөгінде пайда болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл пластмасса қақпақтармен бұралып жабылатын және винтті полиэтилен тығынмен тығындалған мойны бар шыны массадан жасалған құтыларда. Құтылар қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзiмi
2 жыл
Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«СУЛТАН» ЖШС, Қазақстан Республикасы
041613, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 5.
Тел./факс: 8 (727) 3054865, 3054986
Электронды пошта: toosultan@list.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«СУЛТАН» ЖШС, Қазақстан Республикасы
041613, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 5.
Тел./факс: 8 (727) 3054865, 3054986
Электронды пошта: toosultan@list.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«СУЛТАН» ЖШС, Қазақстан Республикасы
041613, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 5.
Тел./факс: 8 (727) 3054865, 3054986
Электронды пошта: toosultan@list.ru