Ротокан (55 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ротокан
Дәрілік түрі
55 мл сұйықтық
Құрамы
1 л препараттың құрамында
белсенді заттар: 480 г түймедақ гүлі,
240 г қырмызыгүл гүлі,
240 г мыңжапырақ шөбі,
қосымша зат: 40% этил спирті.
Сипаттамасы
Қызыл-сары реңді, күңгірт қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Сақтау кезінде шөгіндінің түзілуіне жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Ауыз қуысы ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТX коды А01А D11
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зерттелмеген.
Фармакодинамикасы
Біріктірілген өсімдік препараты, әсері оның құрамына кіретін физиологиялық белсенді заттарына байланысты қабынуға қарсы, микробтарға қарсы және спазмолитикалық әсерге ие, сондай-ақ қылтамырлар өткізгіштігін төмендетеді, шырышты қабықтар регенерациясы үдерістерін күшейтеді және тездетеді (трофикалық үдерістерді жақсартады) және елеулі гемостатикалық қасиеттерге ие.
Препарат асқазан шырышты қабығы трофикасына жағымды әсер етеді, спазмолитикалық әсері бар.
Ротокан жараны жазатын және антиоксидантты әсерге ие.
Қолданылуы
- шығу тегі әр түрлі ауыз қуысының және пародонттың қабыну ауруларында (афтозды стоматит, пародонтоз, ойық жаралы-некроздық гингивостоматит)
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолданардың алдында ересектер Ротоканның 1 шай қасығын (5мл) 1 стақан жылы суда сұйылтады.
Пародонтозды тіс өңездерін алып тастағаннан және патологиялық қызыл иек қалталарын құралдармен өңдегеннен кейін жергілікті емдейді. Қызыл иек қалталарына препараттың дайындалған ерітіндісіне жақсылап малынған жіңішке турунданы 20 минутқа салады. Емшараны күнде немесе күнара (4-6 рет) жүргізеді.
Стоматит және басқа да ауыз қуысы шырышты қабығының аурулары кезінде препаратты ұзақтығы 15-20 минут препараттың дайындалған ерітіндісінен аппликация немесе сондай ерітіндіден ұзақтығы 1-2 минут ауыз қуысын булау түрінде тағайындайды. Тәулігіне 2-3 рет 2-5 күн бойы қолданады.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, қышыну)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- бауыр қызметінің ауыр бұзылулары
- бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары
- бас сүйек-ми жарақаты, ми аурулары
- жүктілік және лактация кезеңі
- алкоголизм
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Ротоканды бүйрек қызметінің жеңіл және орташа ауырлықтағы бұзылулары кезінде, сондай-ақ гломерулонефрит және пиелонефритте ішке сақтықпен қолданған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емдеу кезінде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарта тұрған жөн, өйткені препарат құрамында этил спирті бар.
Артық дозалануы
Симптомдары: алкогольмен жедел улануға ұқсас (эйфория, бет гиперемиясы, гиперсаливация, гипергидроз, қарашықтың кеңеюі, конвергенция әлсіздігі, несеп шығарудың жиілеуі және басқалар). Аллергиялық реакциялар (тамақтың жыбырлауы, тұншығу, қышыну, бөртпе және басқа да тері реакциялары).
Емі: алкогольдік улану симптомдары кезінде – асқазанды шаю, глюкозаны аскорбин қышқылымен, тиамин және пиридоксинмен көктамыр ішіне құю, тыныс алу мен жүрек қызметінің бұзылуы кезіндегі симптоматикалық дәрілер; аллергия пайда болғанда – препаратты тоқтату, антигистаминді препараттар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
55 мл-ден ниппельді тығынмен тығындалып, бұралып кигізілетін қақпақпен жабылған құтыда.
Әрбір құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8 0С-ден 15 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Лубныфарм» ААҚ.
37500, Украина, Лубны қ., Полтава обл., Петровский к-сі, 16.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Лубныфарм» ААҚ, Украина.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Фарм-Евро ЖШС
050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер
Факс: +7(272) 71-84-97
E-mail: farmevro@mail.ru