Роноцит (500 мг/4 мл)

МНН: Цитиколин
Производитель: Векки и К.ПИАМ с.а.п.а.,
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Citicoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018685
Информация о регистрации в РК: 09.02.2012 - 09.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Роноцит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цитиколин

Дәрілік түрі

500 мг/4 мл немесе 1000 мг/4 мл инъекцияға арналған ерітінді

Құрамы

Препараттың 1 ампуласының ішінде

белсенді зат - 525 мг немесе 1045 мг натрий цитиколині (эквивалентно 500 мг немесе 1000 мг цитиколинге сәйкес),

қосымша зат - инъекцияға арналған су .

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Психостимуляторлар және ноотропты препараттар.

АТЖ коды N06BX06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Цитиколин ағза құрамында бар табиғи қосылыс болғандықтан классикалық фармакокинетикалық зерттеу жүргізу мүмкін емес, бұл экзогендік және эндогендік цитиколин санын анықтаудың күрделілігіне байланысты. Таңбаланған С 14 – цитиколинді ішке тағайындап жүргізген фармакокинетикалық зерттеуде оның толық дерлік сіңуі байқалған. Доза тағайындалғаннан кейінгі 5 күн ішінде тағайындалған дозаның 1%-дан аздауы нәжіспен шығарылған.

Фармакодинамикасы

Ноотропты препарат. Холинергиялық нейрондарда жүйке импульстарының берілуін жақсартады: нейрондық жарғақшалардың созылымдылығына және рецепторлардың қызметіне оңды ықпалын тигізеді. Церебральді қан ағымын жақсартады, мидағы метаболикалық үдерістерді күшейтеді, мидың ретикулярлық формациясы құрылымын белсенділендіреді және ми жарақаты кезінде сананы қалпына келтіреді.

Роноцит ацетилхолин синтезін ұлғайта отырып, холин көзі болып табылады және нейрон жарғақшаларындағы құрылымдық (тірек) фосфолипидтер биосинтезін ынталандырады, бұл жарғақшалық механизмдердің қызметін, соның ішінде ионалмасу сорғылары мен модульденуі нейрон берілісіне қажетті шарт болып табылатын ондағы рецепторлардың қызметіне ықпал етеді.

Роноцит гипоксия мен ми ишемиясы кезіндегі, есте сақтаудың нашарлауын, эмоционалдық тұрақсыздықты, ынтасыздықты, күнделікті іс-әрекеттер мен өзіндік қызметтерді орындаудағы қиындықтарды қоса алғанда байқалатын симптомдарды жеңілдетеді.

Роноцит этиологиясы дегенеративті және қан тамырлық когнитивті, сезімталдық және қозғалыстық неврологиялық бұзылуларын емдеуде тиімді.

Дәрілік зат тыныс алуға, тамыр соғуына және артериялық қысымға әсер етпейді, сондықтан ұзақ емдеуге болады.

Қолданылуы

- ишемиялық инсульттің жедел кезеңінде

- ишемиялық және геморрагиялық инсульттарды қалпына келтіру кезеңінде

- бас сүйек-ми жарақаты, жедел және қалпына келтіруде

- мидың дегенеративті және қан тамырлары аурулары кезіндегі когнитивті бұзылуларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді. Инсульт пен бас сүйек-ми жарақатының жедел кезеңінде баяу көктамырішілік инъекция (5 минут ішінде) немесе көктамырішіне тамшылатып құю (минутына 40-60 тамшы) түрінде күнделікті 1000-2000 мг-ден 3-7 күн бойы аурудың ауырлығына байланысты көктамыр ішіне тағайындайды, соңынан бұлшықет ішіне енгізуге немесе ішуге ауыстырылады. Бұлшықет ішіне енгізуден гөрі, көктамыр ішіне енгізу қолайлырақ.

Бұлшықет ішіне: күніне 1-2 инъекция. Бұлшықет ішіне енгізу кезінде препараттың салынған орынға қайталап енгізілуін болдырмаған жөн.

Сананың ұзаққа созылған бұзылуында препаратты алғашқы ауру сатысынан бастап үздіксіз қолдануға болады. Паркинсон ауруы мен синдромдары кезінде арасына үзіліс сала отырып 3-4 апта бойы созылатын емдеу кезеңінде препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 500 мг.

Емнің ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты және оны емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- ұйқысыздық, бас ауруы, бас айналу, қозғыштық, діріл, салданған аяқ-қолдың ұйып қалуы

- жүрек айнуы, тәбеттің болмауы , бауыр ферменттері белсенділігінің өзгеруі - бөртпе, терінің қышуы, анафилактикалық шок

- ысыну сезімі; жекелеген жағдайларда – артериялық қысымның қысқа мерзімдік төмендеуі немесе жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне асқын сезімталдықта

- ваготонияда (вегетативті жүйке жүйесі парасимпатикалық бөлігі тонусының басым болуы)

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Цитиколин L- дигидроксифенилаланиннің әсерін күшейтеді.

Құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындамаған жөн.

Роноцитті қан тоқтататын дәрілермен, бас сүйек ішілік антигипертензивті дәрілермен және әдеттегі перфузионды сұйықтықтармен бір мезгілде қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Ми жарақаттарында бас сүйек ішілік қысымды төмендету үшін маннитол және кортикостероидты секілді дәрілік препараттарды тағайындау қажет.

Эндокриндік қан құйылуда цитиколиннің дозасын бір реттік қолдануда 500 мг-ге асырып жіберуге болмайды, мұндай жағдайда дозаны бөлшектеуге болады (100 – 200 мг тәулігіне 2-3 рет).

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде күтілетін пайдасы ықтимал қатерден артық болатын жағдайда ғана препараттың тағайындалуы мүмкін.

Препаратты лактация кезеңінде тағайындағанда емшек емізуді тоқтата тұру қажет, өйткені цитиколиннің әйел сүтімен бөлінуі туралы деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Препараттың уыттылығы төмендігін есепке ала отырып, емдік дозалары артып кеткен жағдайда да артық дозалануы сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат 4 мл-ден түссіз шыны ампулада.

5 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынады және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

250 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Векки и К. ПИАМ с.а.п.а.», Падре Г. Семерия к-сі, 5,16131 Генуя, Италия «РОТАФАРМ» компаниясы үшін, Ұлыбритания.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

РК, Алматы қ., Сүйінбай к-сі 222 Б

Тел/факс: 8(7272)529090

Прикрепленные файлы

904245091477977146_ru.doc 39.5 кб
886291511477978311_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники