Розутор 5

МНН: Розувастатина кальция (эквивалентно розувастатину)
Производитель: Аджанта Фарма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rosuvastatin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023396
Информация о регистрации в РК: 28.11.2017 - 28.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Розутор 5

Халықаралық патенттелмеген атауы

Розувастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 5.2 мг кальций розувастатині (5 мг розувастатинге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Vivapur – 102), натрий кроскармеллозасы (Ac-Di-Sol), хинолинді сары, магний гидроксиді, магний стеараты,

қабық: Винкоат WT-QCAQ-01005 ақ (Гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 400, полиэтиленгликоль 6000, титанның қостотығы (Е 171), тальк), тазартылған су1.

1- соңғы өнімде болады

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, екі жағы да тегіс, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. HMG CoA-редуктаза тежегіштері. Розувастатин.

ATX коды С10АА07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі: қан плазмасында розувастатин ең жоғары концентрациясына тиісті дозасын ішке қабылдаудан кейін 5 сағаттан соң жетеді. Абсолютті биожетімділігі шамамен 20% құрайды.

Таралуы: розувастатин көбінесе холестерин синтезі мен ТТЛП-ХС метаболизмі клиренсінің негізгі орны болатын бауырда сіңіріледі. Розувастатиннің таралу көлемі шамамен 134 л құрайды. Розувастатин қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен, альбуминмен 90% байланысады.

Метаболизмі: шектеулі метаболизмге ұшырайды (шамамен 10%). Розувастатин - Р450 цитохромы жүйесінің ферменттерімен метаболизм үшін жеткілікті бейінді емес субстрат. CYP2C9 метаболизмге қатысатын негізгі изофермент болып табылады, ал осы тұста CYP2C19, CYP3A4 және CYP2D6 изоферменттері аз дәрежеде метаболизмге тартылған. Негізгі метаболит – розувастатинге қарағанда, белсенділігі 50% аз N-десметил. Лактонды метаболиттер фармакологиялық тұрғыда белсенді емес. Айналымдағы ГМГ-КоА редуктазаны тежеуге қатысты фармакологиялық белсенділігінің 90%-дан астамын розувастатин, қалғанын оның метаболиттері қамтамасыз етеді.

Шығарылуы: розувастатиннің қабылданған дозасының 90% шамасы организмнен ішек арқылы өзгеріссіз күйде шығарылады (сіңірілген және сіңірілмеген розувастатинді қоса), ал қалған бөлігі өзгеріссіз күйде бүйрекпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 19 сағат құрап, препарат дозасын арттырғанда өзгермейді.

Орташа геометриялық плазмалық клиренс шамамен 50 л/сағат құрайды (өзгеру коэффициенті 21,7%). Басқа ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен болған жағдай сияқты, розувастатиннің «бауырлық» қармалу үдерісіне жарғақша арқылы холестериннің жарғақшалық тасымалдағышы - органикалық аниондардың тасымалдық С протеині. Аталған тасымалдағыш розувастатинді бауыр арқылы шығаруда үлкен рөл атқарады.

Дозаға байланысы: розувастатиннің жүйелі экспозициясы дозаға пропорционал артады. Препаратты тәулігіне бірнеше рет қабылдағанда фармакокинетикалық параметрлер өзгерістері білінбейді.

Жасы және жынысы: жынысы мен жасы розувастатиннің фармакокинетикалық параметрлеріне клиникалық мәнді ықпалын тигізбейді.

Этникалық топтар: Әртүрлі этникалық топтарға жататын пациенттерде розувастатиннің фармакокинетикалық зерттеуінде жапондықтар мен қытайлықтар арасында розувастатиннің жүйелі концентрациясының ұлғаюы білінген. Бұл дерек розувастатин пациенттердің осы топтарына тағайындалғанда ескерілу керек. Дозалар 10 және 20 мг тағайындалғанда монғол нәсілді пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі: бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл және орташа дәрежедегі пациенттерде розувастатиннің немесе N-десметил метаболиттің плазмалық концентрациясы елеулі өзгермейді.

Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар  (КК менее 30 мл/мин) пациенттерде розувастатин қолдану қарсы көрсетілімді.

Бауыр жеткіліксіздігі: Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7 балл және одан төмен бауыр жеткіліксіздігінің әртүрлі дәрежесіндегі пациенттерде розувастатин Т1/2 артуы анықталмаған. Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 балдан жоғары пациентерде розувастатин қолдану тәжірибесі жоқ. Розувастатин белсенді фазадағы бауыр аурулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Фармакодинамикасы

Розувастатин ТТЛП-холестерин (ТТЛП-ХС), жалпы холестерин, триглицеридердің (ТГ) жоғары мөлшерін төмендетеді, тығыздығы жоғары липопротеиндер холестерині (ТЖЛП-ХС) мөлшерін көбейтеді, сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ТЖЛП емес-ХС, ТӨТЛП-ХС, ТӨТЛП-ТГ мөлшерін төмендетіп, аполипопротеин А-I (АпоА-I) деңгейін арттырады, ТТЛП-ХС/ТЖЛП-ХС, жалпы ХС/ТЖЛП-ХС және ТЖЛП емес-ХС/ТЖЛП-ХС арақатынасын және AпoB/AпoA-I арақатынасын төмендетеді.

Розувастатин нәсілі, жынысы немесе жасына қарамастан гипертриглицеридемиямен немесе онсыз гиперхолестеринемиясы және отбасылық гиперхолестеринемиясы бар ересек пациенттерде тиімді.

Қолданылуы

- алғашқы гиперхолестеринемия (IIa типі, отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас дислипидемияда (IIb типі) диета және басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері ысалы, дене жаттығулары, дене салмағының төмендеуі) жеткіліксіз болғанда диетаға қосымша ретінде

- отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда диетаға және басқа липид төмендететін емгеысалы, ТТЛП-аферезі) қосымша ретінде немесе осындай ем пациентке сай келмейтін жағдайларда

- жалпы холестерин (ЖХС) және ТТЛП ХС деңгейлерін мақсатты деңгейлерге дейін төмендетуге арналған емнің бір бөлігі ретінде ересек пациенттерде атеросклероз үдеуін баяулату үшін диетаға қосымша ретінде

- атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруының жоғары даму қаупі бар ересек пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасында қосымша ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Ішке, таблетканы шайнамай және ұсақтамай, сумен ішіп, бүтіндей жұтады. Ас ішуге байланыссыз тағайындауға болады. Препаратпен ем басталғанша және ем кезінде пациент стандартты гиполипидемиялық диетаны қадағалауы тиіс. Препарат дозасы емнің мақсатына және емге берілетін жауапқа қарай әркімге жеке таңдалуы тиіс.

Препарат қабылдай бастаған пациенттерге немесе ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерін қабылдаудан ауысқан пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет 5 немесе 10 мг құрауы тиіс. Бастапқы доза таңдалғанда холестерин мөлшерінің деңгейін жетекшілікке алып, жүрек-қантамыр асқынуларының болуы мүмкін қаупін ескеру керек, сондай-ақ жағымсыз әсерлерінің ықтималды даму қаупін де бағалау қажет. Қажет болған жағдайда, препаратты 4 апта қабылдаудан кейін дозаны арттыруға болады. Препарат дозасын біртіндеп арттырады.

2-4 апталық емнен кейін және/немесе препарат дозасын арттырғанда липидтік алмасу көрсеткіштерін бақылау қажет (қажет болса, дозаны түзету талап етіледі).

Атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде қосымша ем ретінде жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы

Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 20 мг.

Гиперхолестеринемияның ауыр түріне шалдыққан пациенттерге (отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоса) ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 20 мг құрауы мүмкін.

Отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемия

Ұсынылатын доза тәулігіне 20 мг құрайды.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзету қажет емес. 70 жастан асқан пациенттерге ұсынылатын препараттың бастапқы дозасы - 5 мг.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес, препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы - 5 мг. Бүйрек жеткіліксіздігі айқын пациенттерде (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) препаратты қолдану қарсы көрсетілімді.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Чайлд-Пью бойынша 7 балл немесе одан төмен пациенттерде розувастатиннің жүйелі әсерінің артуы байқалмаған. Дегенмен де, жоғары жүйелі әсері Чайлд-Пью шкаласы бойынша 8 және 9 балл пациенттерде білінген. Осы пациенттерде бүйрек функциясын бағалау қажет. Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан жоғары пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ. Розувастатин бауыр ауруы белсенді пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Миопатияға бейім пациенттер

Миопатияның дамуына бейімдейтін факторлары бар пациенттерге препаратты 40 мг дозада тағайындау қарсы көрсетілімді. Пациенттердің осы тобына ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды.

SLCO1B1 (OATP1B1) c.521CC және ABCG2 c.421AA генотиптері бар пациенттер, SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC-пен салыстырғанда, розувастатин әсерінің (БКК) артуымен байланысты. Генотиптері c.521CC немесе c.421AA пациенттерге розувастатин дозасын азайту ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (> 1/100, < 1/10)

- бас ауыру, бас айналу

- жүрек айну, іштің ауыруы, іш қату

- миалгиялар

- астениялық синдром

- II типті қант диабеті

Жиі емес (> 1/1000, < 1/100)

- қышыну, бөртпе, есекжем

Сирек (> 1/10 000, < 1/1 000)

- жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса

- миопатия, рабдомиолиз

- «бауыр» трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы, панкреатит

Өте сирек (< 1/10 000)

- сарғаю, гепатит

- полинейропатия

- есте сақтай алмау

- гематурия

- артралгиялар

- гинекомастия

- депрессия, ұйқы бұзылыстары

- жыныстық дисфункция

Бірлі-жарым жағдайлар

- интерстициальді өкпе аурулары

Жиілігі анықталмаған

- диарея

- иммунитетке байланысты некроздаушы миопатия

- кейде үзілумен асқынатын сіңірлер бұзылыстары

- депрессия, ұйқы бұзылыстары

- жөтел, ентігу

- Стивенс-Джонсон синдромы

- шеткері ісінулер

Препаратты қабылдаған пациенттерде протеинурияны анықтауға болады. Көпшілік жағдайларда протеинурия азаяды немесе ем үдерісінде басылады және жедел бүйрек ауруының туындауын немесе бұрыннан бар түрінің үдеуін білдіреді. ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолдану кезіндегідей, жағымсыз әсерлерінің туындау жиілігі дозаға тәуелді сипатта болады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- розувастатинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- белсенді фазадағы бауыр аурулары, трансаминазалардың сарысулық белсенділігінің тұрақты жоғарылауын қоса және қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауы (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда, 3 еседен көп)

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз)

- миопатиялар

- бір мезгілде циклоспорин қабылдау

- жүктілік, лактация кезеңі, контрацепцияның талапқа сай әдістерінің болмауы

- миоуытты асқынулардың дамуына бейімділік

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактозаның мальабсорбция синдромы

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (капсула қабығының құрамында балаларда қолдануға тыйым салынған бояғыш бар!)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

К дәрумені антагонистері

К дәрумені антагонистерінысалы, варфарин) қабылдайтын пациенттерде Розутормен емдеуді бастау немесе препарат дозасын арттыру протромбин уақытының ұзаруына әкелуі мүмкін. Розувастатинді тоқтату немесе препарат дозасын азайту ХҚҚ азаюына алып келуі мүмкін. Ондай жағдайларда ХҚҚ мониторингі ұсынылады.

Фенофибраттар/фиброй қышқылы туындылары

Гемфиброзил, фенофибрат және басқа фиброй қышқылдары, соның ішінде никотин қышқылы розувастатинмен бір мезгілде енгізгенде миопатияның туындау қаупін арттыруы мүмкін.

Эзетимиб

Препарат пен эзетимибді бірге қолдану AUC немесе Сmах өзгерісіне әкелген. Дегенмен де жағымсыз реакциялар көрсеткіштерінде Розутор мен эзетимиб арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды.

Протеаза тежегіштері

Нақты өзара әрекеттесу механизмінің белгісіз екеніне қарамастан, протеаза тежегіштерін бірге қабылдау розувастатин экспозициясын елеулі арттыруы мүмкін. Дені сау еріктілерде құрамында екі протеаза тежегіші (400 мг лопинавир/100 мг ритонавир) бар біріктірілген препаратпен 20 мг розувастатинді бір мезгілде қолдану бойынша фармакокинетикалық зерттеу розувастатин AUC (0-24) («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) және Сmax (қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы) мәндерінің, тиісінше, шамамен екі есе және төрт есе артуына алып келді. Сондықтан АИТВ бар пациенттерді емдеуде розувастатин мен протеаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Циклоспорин және кейбір протеаза тежегіштері, ритонавирдің атазанавир, лопинавир және/немесе типранавирмен біріктірілімін қоса, препаратпен бір мезгілде тағайындалғанда миопатияның даму қаупін арттырады. Егер осы дәрілік заттарды Розутормен бірге қолданбау мүмкін болмаса, бір мезгілде емдеудің пайдасы мен қаупін мұқият талдаудан өткізіп, препарат дозасын түзету керек.

Антацидтер

Препарат пен құрамында алюминий және магний гидроксиді бар антацидтер суспензияларын бір мезгілде қолдану розувастатин плазмалық концентрациясының шамамен 50% төмендеуіне әкеледі. Егер антацидтер розувастатин қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң қолданылса, осындай әсері әлсіз білінеді.

Эритромицин

Препарат пен эритромицинді бір мезгілде қолдану розувастатин AUC (0 – t) 20% және розувастатин Сmax 30% азаюына алып келеді. Осындай өзара әрекеттесу эритромицин қабылдаудан болатын ішек моторикасының күшеюі нәтижесінде туындауы мүмкін.

Ішуге арналған контрацептивтер/гормон алмастырушы ем

Розувастатин мен ішуге арналған контрацептивтерді бір мезгілде қолдану этинилэстрадиол AUC және норгестрил AUC, тиісінше, 26% және 34% арттырады. Плазмалық концентрациясының осылай ұлғаюы ішуге арналған контрацептивтер дозасын таңдау кезінде ескерілуі тиіс. Алайда, осындай біріктірілім клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде кеңінен пайдаланылып, пациенттерде жағымдылығы жақсы болды.

Дигоксин

Розувастатиннің дигоксинмен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Р450 цитохромы ферменттері

Розувастатин Р450 цитохромы ферменттерінің тежегіші де, индукторы да емес. Бұдан бөлек, розувастатин осы ферменттер үшін әлсіз субстрат болып табылады. Розувастатин, флуконазол (CYP2C9 және CYP3А4 тежегіші) және кетоконазол (CYP2А6 CYP3А4 тежегіші) арасында клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі білінбеген. Препарат пен итраконазолды (CYP3А4 тежегіші) бірге қолдану розувастатин AUC 28% арттырды. Осылайша, Р450 цитохромы метаболизмімен байланысты өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Розувастатин, OATP1B1 бауырмен сіңірілу тасымалдағышын және CБОТА ағын тасымалдағышын қоса, белгілі бір тасымалдау ақуыздары үшін субстрат болып табылады. Препаратты осы тасымалдау ақуыздарының тежегіштері болып табылатын дәрілік заттармен (мысалы, циклоспорин және кейбір протеаза тежегіштері, ритонавирдің атазанавирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілімін қоса) бір мезгілде қолдану плазмада розувастатин концентрациясының артуына және миопатияның жоғары дамуы қаупіне алып кетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Тірек-қимыл аппараты тарапынан

Препаратты барлық дозаларында қолданғанда және, әсіресе, препараттың 20 мг-ден асып кететін дозаларын қабылдағанда тірек-қимыл аппаратына келесі әсерлері хабарланған: миалгия, миопатия, сирек жағдайларда рабдомиолиз.

Креатинфосфокиназаны анықтау

КФК анықтауды қарқынды дене жүктемелерінен соң немесе КФК ұлғаюы болуы мүмкін басқа себептер болғанда жүргізуге болмайды, бұл алынған нәтижелердің дұрыс түсіндірілмеуіне әкелуі мүмкін. Егер бастапқы КФК деңгейі едәуір жоғары (қалыптың жоғары шегінен 5 есе жоғары) болса, 5-7 күн өткен соң қайта өлшеу керек. Егер қайталанатын тест бастапқы КФК деңгейін (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда, 5 еседен көп жоғары) растаса, емді бастауға болмайды.

Пациентті, әсіресе, дімкәстанумен және қызбамен біріккен бұлшықеттердің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі немесе түйілуі күтпеген жерден білінген жағдайларда дереу дәрігерге мәлімдеу қажеттілігінен хабардар ету керек. Ондай пациенттерде КФК деңгейін анықтау керек. Егер КФК деңгейі едәуір жоғары (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда, 5 еседен көп) болса немесе егер бұлшықет тарапынан симптомдар күрт білінсе және күнделікті жайсыздануды тудырса (тіпті, егер КФК деңгейі, қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда, 5 есе аз болса да), ем тоқтатылуы тиіс. Егер симптомдар басылса және КФК деңгейі қалып шегіне оралса, пациентті мұқият қадағалаумен препаратты немесе ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін аз дозаларда қайта тағайындау мәселесін қарастыру керек. Симптомдар жоқ болғанда дағдылы ағымдағы КФК бақылауы мақсатқа сай емес.

Емделу кезінде немесе статиндер, соның ішінде розувастатин қабылдауды тоқтатқанда қан сарысуында КФК деңгейнің артуы және проксимальді бұлшықеттердің тұрақты әлсіздігі түріндегі клиникалық көріністері бар иммунитетке байланысты некроздаушы миопатияның өте сирек жағдайлары білінген. Бұлшықет және жүйке жүйелерінің қосымша зерттеулерін, серологиялық зерттеулерді, сондай-ақ иммунодепрессиялық дәрілермен ем жүргізу қажет болуы мүмкін.

Препаратты қабылдау және қатарлас ем кезінде қаңқа бұлшықеттеріне әсер етуінің арту белгілері білінбеген. Гемфиброзил, циклоспорин, никотин қышқылын, зеңге қарсы азол дәрілерін, протеаза тежегіштерін және макролидті антибиотиктерді қоса, фибрин қышқылы туындыларымен біріктірілген ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қабылдаған пациенттерде миозит және миопатия жағдайларының саны жағынан көбеюі хабарланған. Гемфиброзил кейбір ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен біріктіріп тағайындалғанда миопатияның туындау қаупін арттырады. Осылайша, Розутор мен гемфиброзилді бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Препарат пен фибраттар немесе ниацин бірге қолданылғанда болуы мүмкін пайда мен қауіп арақатынасы мұқият таразылануы тиіс.

Ем басталған соң 2-4 апта өткенде және/немесе препарат дозасын арттырғанда липидтік алмасу көрсеткіштерін бақылау қажет (қажет болса, дозаны түзету талап етіледі).

Бауыр

Емнің басталуына дейін және ем басталған соң 3 ай өткенде бауыр функциясының көрсеткіштерін анықтау ұсынылады. Егер қан сарысуында трансаминазалардың белсенділік деңгейі қалыптың жоғары шегінен 3 есе асып кетсе, препарат қабылдауды тоқтату немесе препарат дозасын азайту керек. Гипотиреоз немесе нефроздық синдром салдарынан болатын гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде негізгі ауруларды емдеу Розутормен ем басталғанша жүргізілуі тиіс.

Интерстициальді өкпе ауруы

Статиндер қолданылғанда, әсіресе, ұзаққа созылатын ем жүргізілгенде интерстициальді өкпе ауруының бір реттік жағдайы хабарланған. Сипатталатын белгілері ентігу, құрғақ жөтел және жай-күйдің жалпы нашарлауын (шаршау, салмақ жоғалту және қызба) қамтуы мүмкін. Егер пациентте интерстициальді өкпе ауруының дамуы күдік тудырса, статиндермен емді тоқтату керек.

II типті қант диабеті

Аш қарын қандағы глюкоза деңгейі 5,6 – 6,9 ммоль/л пациенттерде розувастатинмен емдеу қант диабетіне шалдығудың жоғары қаупімен байланысты болды.

Этникалық топтар

Фармакокинетикалық зерттеулер барысында азиялық нәсіл пациенттері арасында, еуропалық пациенттер арасынан алынған көрсеткіштермен салыстырғанда, розувастатиннің жүйелі концентрациясының жоғарылауы білінген.

Протеаза тежегіштері

Протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дәрідік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс істегенде ем кезінде бас айналу болуы мүмкін екенін ескеру керек.

Артық дозалануы

Симтомдары: жағымсыз әсерлер симптомдарының айқындылығы.

Емі: симптоматикалық ем, демеу шаралары қажет. Спецификалық емі болмайды. Бауыр функциясын және КФК деңгейін бақылау қажет. Гемодиализ тиімділігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан (Аlu/Alu) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пішінді ұяшықты 3 қаптамадан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 30 0С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Аджанта Фарма Лимитед

Аджанта Хаус,

Чаркоп, Кандивли (З),

Мумбай 400 067, Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Аджанта Фарма Лимите, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050009,

Алматы қ., Аносов к-сі, 54 / 28 (Төле би к-сі)

Тел./факс: 8 (727) 374-79-50, 374-79-56;

E-mail: puneet.kapur@ajantapharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ConsultAsia ЖШС

Алматы қ., Шевченко к-сі, 165 Б, 307 кеңсе

тел.: +77778051116/+77051708825/+77051708876 (24 сағаттық қолжетімділік)

факс: +727-379-42-58

e-mail: pv@consultingasia.kz

info@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

Розутор_5_каз.doc 0.13 кб
Розутор_5_рус.doc 0.09 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту