Розувастатин-ЛФ (20 мг, Лекфарм)

МНН: Розувастатин (в виде розувастатина кальция)
Производитель: СООО "Лекфарм"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rosuvastatin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024363

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Розувастатин-ЛФ

Саудалық атауы

Розувастатин-ЛФ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Розувастатин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг, 10 мг, 20 мг

Құрамы
Бір 5 мг таблетка құрамында

белсенді зат - розувастатин (кальций розувастатині түрінде)
5.0 мг (5.1975 мг);

қосымша заттар: лактоза моногидраты, кросповидон (В типі), кальций гидрофосфат дигидраты, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза; қабық құрамы Опадрай II ақ: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль, тальк.

Бір 10 мг немесе 20 мг таблетка құрамында

белсенді зат - розувастатин (кальций розувастатині түрінде)
10.0 мг (10.395 мг) немесе 20.0 мг (20.79 мг);

қосымша заттар: лактоза моногидраты, кросповидон (В типі), кальций гидрофосфат дигидраты, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза; қабық құрамы Опадрай II қызғылт: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің (ІІ, ІІІ) тотығы /темірдің қара тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес пішінді, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар (5 мг доза үшін).

Дөңгелек, екі беті дөңес пішінді, ашық қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар (10 мг, 20 мг дозалар үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Липид-модифицикациялайтын препараттар. Липид-модифицикациялайтын препараттар, қарапайымдар. HMG-CoA-редуктаза тежегіштері. Розувастатин.

АТХ коды C10АА07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Қан плазмасында розувастатин ең жоғары концентрацияларына ішке қабылдаудан кейін шамамен 5 сағаттан соң жетеді. Абсолютті биожетімділігі шамамен 20% құрайды.

Таралуы

Розувастатин холестерин синтезінің орны және ТТЛП холестеринінің қайта өңделу орны болып табылатын бауырмен елеулі дәрежеде қармалады. Розувастатиннің таралу көлемі шамамен 134 л құрайды. Розувастатиннің 90% жуығы плазма ақуыздарымен, ең алдымен, альбуминдермен байланысады.

Метаболизм

Розувастатин шектеулі (10% жуық) метаболизмге ұшырайды. Розувастатин метаболизміне қатысатын негізгі изофермент CYP2C9 изоферменті болып табылады. CYP2С19, CYP3А4 және CYP2D6 изоферменттері метаболизмге аз дәрежеде тартылған. Розувастатиннің негізгі метаболиттері N-десметилрозувастатин және лактонды метаболиттер болып табылады. N- десметилрозувастатин белсенділігі розувастатиннен шамамен 50% аз, лактонды метаболиттер фармакологиялық тұрғыда белсенді емес. Айналымдағы ГМГ-КоА редуктазаны тежейтін фармакологиялық белсенділігінің 90%-дан астамы розувастатинмен, қалғаны оның метаболиттерімен қамтамасыз етіледі.

Шығарылуы

Розувастатин (сіңірілген және сіңірілмеген розувастатинді қоса) дозасының 90% жуығы өзгермеген күйде ішек арқылы шығарылады. Қалған бөлігі бүйрекпен шығарылады. Несеппен шығарылған розувастатиннің 5% жуығы өзгеріссіз күйде шығарылады. Плазмалық жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) шамамен 19 сағат құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі дәрілік зат дозасын арттырғанда өзгермейді. Орташа геометриялық плазмалық клиренсі шамамен 50 литр/сағат құрайды (ауытқу коэффициенті 21.7%). ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерінің жағдайындағы сияқты, розувастатиннің «бауырда» қармалу үдерісіне розувастатиннің бауырдағы элиминациясында маңызды рөл

атқаратын холестериннің жарғақшалық тасымалдаушысы қамтылған.

Дозаға тәуелділігі

Розувастатиннің жүйелік экспозициясы дозаға пропорционал артады. Фармакокинетикалық параметрлері тәулік ішінде көп рет қабылдау кезінде өзгермейді.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Жасы және жынысы

Розувастатин фармакокинетикасы ересектерде жынысы мен жасына байланысты емес. Розувастатин фармакокинетикасы гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар балалар мен жасөспірімдерде дені сау еріктілердегі фармакокинетикасымен ұқсас болды.

Нәсілдік ерекшелігі

Фармакокинетикалық зерттеулер, еуропалықтармен салыстырғанда, азиялық текті пациенттерде (жапондықтар, қытайлықтар, филиппиндіктер, вьетнамдықтар және корейліктер) розувастатиннің AUC («концентрация-уақыты» қисығы астындағы ауданы) және Сmах (қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы) медианасының шамамен екі есе ұлғаюын көрсетті. Азиялықтар мен үнділіктерде АUС және Сmах медианасының 1.3 есе ұлғаюын көрсетті. Фармакокинетикалық талдауда еуропалық және қара нәсілді өкілдер арасында фармакокинетиканың клиникалық мәнді өзгешеліктері анықталмады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің айқындылығы жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде розувастатин немесе N-десметилрозувастатиннің плазмалық концентрация шамасы елеулі өзгермейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі (КК) 30 мл/мин аз) бар пациенттерде, дені сау еріктілерге қарағанда, қан плазмасындағы розувастатин концентрациясы 3 есе жоғары, ал N-десметилрозувастатин концентрациясы 9 есе жоғары. Гемодиализдегі пациенттерде қан плазмасындағы розувастатин концентрациясы дені сау еріктілердегіден шамамен 50% жоғары болды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінің әртүрлі сатыларындағы пациенттерде, Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7 баллмен және одан төмен пациенттерде розувастатиннің жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы анықталмады. Чайлд-Пью шкаласы бойынша 8 және 9 баллмен екі пациентте жартылай шығарылу кезеңінің, кем дегенде, 2 есе ұзаруы білінді. Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9-дан көп баллмен пациенттерде розувастатин қолдану тәжірибесі жоқ.

Генетикалық полиморфизм

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері, оның ішінде розувастатин ОАТР1В1 (гепатоциттермен статиндердің қармалуына қатысатын органикалық аниондар тасымалының полипептиді) және ВСRP (эффлюкстік тасымалдаушы) тасымалдаушы ақуыздарымен байланысады. SLCO1B1 (ОАТР1В1) c.521CC және ABCG2 (ВСRP) с.421АА генотиптерін тасымалдаушыларда, SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC генотиптерін тасымалдаушылармен салыстырғанда, розувастатинге экспозицияның (AUC), тиісінше, 1,6 және 2,4 есе ұлғаюы болды.

Балалар қауымы

Гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар 10-17 жастағы немесе 6-17 жастағы балаларда (пациенттердің жалпы саны – 214) розувастатин (таблеткалар түрінде) қолданудың фармакокинетикалық зерттеулері балаларға әсер етуінің ересек пациенттердегі әсерімен салыстырмалы екенін көріністеді.

Фармакодинамикасы
Розувастатин – 3-гидрокси-3-метилглутарил коэнзим А-ның холестерин ізашары - мевалонатқа айналуын катализдейтін фермент - ГМГ-КоА редуктазаның cелективті және бәсекелес тежегіші. Розувастатин әсер ететін негізгі ағза холестерин деңгейін төмендетуге нысана-ағза – бауыр болып табылады.

Розувастатин жасушалар беткейінде тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) бауырдағы рецепторларының санын көбейтіп, ТТЛП қармалуы мен катаболизмін арттырады, бұл тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) синтезінің тежелуіне әкеліп, сол арқылы ТТЛП және ТӨТЛП жалпы санын азайтады.

Розувастатин ТТЛП-холестеринінің (ТТЛП-ХС), жалпы холестериннің, триглицеридтердің (ТГ) жоғары мөлшерін азайтады, тығыздығы жоғары липопротеиндер холестеринінің (ТЖЛП-ХС) мөлшерін көбейтеді, сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ТЖЛП емес-ХС, ТӨТЛП-ХС, ТӨТЛП-ТГ мөлшерін төмендетеді және аполипопротеин А-І (АпоА-І) деңгейін арттырады, ТТЛП-ХС/ТЖЛП-ХС, жалпы ХС/ТЖЛП-ХС және ТЖЛП емес-ХС/ТЖЛП-ХС арақатынасын және АпoВ/АпoA-І арақатынасын төмендетеді.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Розувастатин нәсілдік ерекшелігіне, жынысына немесе жасына қарамастан гиперхолестеринемиямен, гипертриглицеридемиямен немесе онсыз ересек пациенттерде, сондай-ақ диабеті бар немесе гиперхолестеринемияның тұқым қуалайтын түріне шалдыққан пациенттерде тиімді.

Қолданылуы
Гиперхолестеринемияны емдеу:

- ересектер, жасөспірімдер мен 6 жастан асқан балалардағы алғашқы гиперхолестеринемияда (IIa тип, отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас гиперхолестеринемияда (IIb тип) диета және басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағын азайту) жеткіліксіз болғанда диетаға толықтыру ретінде.

- отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда диетаға және липид төмендететін басқа емге (мысалы, ТТЛП-аферез) толықтыру ретінде немесе осындай ем тиімділігі жеткіліксіз жағдайларда.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы:

- жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) клиникалық белгілерінсіз, бірақ оның жоғары даму қаупі (ерлер үшін 50 жастан асқан және әйелдер үшін 60 жастан асқан кезең, артериялық гипертензия, ТТЛП-ХС төмен концентрациясы, шылым шегу, ЖИА ерте басталуының отбасылық анамнезі сияқты қосымша қауіп факторларының кем дегенде біреуі болған кездегі С-реактивті ақуызының жоғары (≥2 мг/л) концентрациясы) бар ересек пациенттерде ауыр жүрек-қантамыр асқынуларының туындау қаупін төмендету үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, таблетканы шайнамай және ұсақтамай, сумен ішіп, бүтіндей жұтады. Дәрілік затты ас ішуге байланыссыз тәуліктің кез келген уақытында қабылдауға болады.

Розувастатин-ЛФ дәрілік затымен емдеу басталғанша пациент стандартты гипохолестеринемиялық диета ұстануды бастауы және емделу кезінде оны ұстануды жалғастыруы тиіс. Дәрілік заттың дозасы липидтердің мақсатты концентрациялары бойынша ағымдағы ұсынымдарды ескере отырып, емдеу мақсатына және емге берілетін терапиялық жауапқа қарай әркімге жеке таңдалуы тиіс.

Гиперхолестеринемияны емдеу

Дәрілік затты қабылдай бастаған пациенттерге немесе ГМГ-КоА редуктазаның басқа тежегіштерін қабылдаудан ауысқан пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет 5 немесе 10 мг Розувастатин-ЛФ дәрілік затын құрауы тиіс. Бастапқы дозаны таңдауда холестериннің әркімге жеке мөлшерін жетекшілікке алу және жүрек-қантамыр асқынуларының болжамды қаупін ескеру, сондай-ақ жағымсыз әсерлердің әлеуетті даму қаупін бағалау керек. Қажет болған жағдайда, дозаны 4 аптадан соң одан көп арттыруға болады.

Дәрілік заттың өте төмен дозаларымен салыстырғанда, 40 мг дозаны қабылдау кезінде жағымсыз әсерлерінің дамуы мүмкін екеніне байланысты, 4 апта емделу кезінде ұсынылған бастапқы дозадан жоғары дозаны қосымша қабылдаудан кейін дозаны 40 мг дейін арттыруды 20 мг дозаны қабылдау кезінде қалаулы емдік нәтижеге жетпеген және маманның қадағалауында болатын гиперхолестеринемияның ауыр дәрежесі және жүрек-қантамырлық асқынулар қаупі жоғары пациенттерде (әсіресе, отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде) ғана жүргізуге болады. Дәрілік затты 40 мг дозада қабылдайтын пациенттерді ерекше мұқият қадағалау ұсынылады.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы

Розувастатиннің ұсынылатын дозасы – тәулігіне 20 мг.

Балаларда қолдану

Балаларда қолдануды мамандардың қадағалауымен ғана жүргізуге болады.

6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (Таннер шкаласы бойынша көрсеткіші 2 және одан көп ер балалар)

Гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар балалар мен жасөспірімдер үшін бастапқы розувастатин дозасы тәулігіне бір рет 5 мг құрайды.

Гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар 6-9 жастағы балаларға ұсынылатын доза тәулігіне бір рет ішке 5-10 мг құрайды. Розувастатиннің 10 мг-ден асып кететін дозаларын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі пациенттердің осы тобында зерттелмеген.

Гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар 10-17 жастағы балалар үшін тәулігіне бір рет 5-20 мг құрайды. Розувастатиннің 20 мг-ден асып кететін дозаларын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі пациенттердің осы тобында зерттелмеген.

Сәбидің жүргізілетін емге жауап беру реакциясына қарай дозалануы әр пациент үшін әркімге жеке таңдалады. Розувастатинмен емнің басталуына дейін балалар мен жасөспірімдер стандартты гипохолестеринемиялық диета ұстануды бастауы және емдеу кезінде оны ұстануды жалғастыруы тиіс.

Гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар балаларда розувастатин қолдану тәжірибесі 8-ден 17 жасқа дейінгі пациенттердің шағын санымен шектелген.

Дәрілік затты 40 мг дозада қолдану пациенттердің осы тобында ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

70 жастан асқан пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды. Пациенттердің осы тобында дозалау режимін өзгерту қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесіндегі (креатинин клиренсі <60 мл/мин) пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Чайлд-Пью мәндері 7 немесе одан төмен пациенттерге розувастатиннің жүйелі әсерінің күшеюі байқалмады. Алайда, Чайлд-Пью мәндері 8 және 9 болатын тұлғаларда розувастатиннің жүйелі әсерінің күшеюі байқалды. Осы пациенттерде бүйрек функциясына бағалау жүргізілуі тиіс. Чайлд-Пью мәндері 9-дан жоғары тұлғалар туралы деректер жоқ. Розувастатин-ЛФ белсенді фазадағы бауыр аурулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Ерекше қауымдар. Нәсілдік ерекшелігі

Азиялық текті пациенттер арасында розувастатиннің жүйелі концентрациясының жоғарылауы білінген. Осындай пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды.

Генетикалық полиморфизм

SLCO1B1 (OATP1B1) c.521CC және ABCG2 (BCRP) c.421AA генотиптерін тасымалдаушыларда, SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC генотиптерін тасымалдаушылармен салыстырғанда, розувастатинге экспозицияның (AUC) ұлғаюы білінген. Розувастатин-ЛФ дәрілік затының с.521CC немесе с.421AA генотиптерін тасымалдаушы пациенттерге ұсынылған ең жоғары дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды.

Миопатияға бейім пациенттер

Миопатияның дамуына бейімділігін көрсетуі мүмкін факторлары бар пациенттерге дәрілік затты 40 мг дозада тағайындау қарсы көрсетілімді. Пациенттердің осы тобына ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды.

Қатарлас ем

Розувастатин әртүрлі тасымалдаушы ақуыздармен (атап айтқанда, ОАТР1В1 мен ВСRР) байланысады. Розувастатин-ЛФ дәрілік затын плазмада розувастатин концентрациясын арттыратын дәрілік заттармен (циклоспорин, АИТВ протеазасының кейбір тежегіштері сияқты, ритонавирдің атазанавирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілімін қоса) бірге қолдану кезінде тасымалдаушы ақуыздармен өзара әрекеттесу есебінен миопатия қаупі (рабдомиолизді қоса) артуы мүмкін. Осындай жағдайларда баламалы ем тағайындау немесе розувастатин қабылдауды уақытша тоқтату мүмкіндігін бағалау керек. Егер жоғарыда көрсетілген дәрілік заттарды қолдану қажет болса, розувастатинмен қатарлас емнің пайда және қауіп арақатынасын бағалау және оның дозасын азайту мүмкіндігін қарау керек.

Жағымсыз әсері

Жағымсыз әсерлерін бағалау туындау жиілігі туралы төменде берілген деректерге негізделген: өте жиі (≥10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: сирек: жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса.

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар: жиі: қант диабеті (жиілігі қауіп факторларының болуына немесе болмауына байланысты (аш қарынға глюкоза деңгейі ≥5.6 ммоль/л, ДСИ>30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары деңгейі, гипертензия)).

Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі: бас ауыру, бас айналу; өте сирек: полинейропатия, есте сақтай алмау немесе жадының нашарлауы; жиілігі белгісіз: ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық пен түнгі қорқынышты түстерді қоса).

Психика бұзылулары: жиілігі белгісіз: депрессия.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: жиі: іш қату, жүрек айну, іштің ауыруы; сирек: панкреатит; жиілігі белгісіз: диарея.

Тері жабындары және теріасты шелмай қабаты тарапынан: жиі емес: терінің қышынуы, бөртпе, есекжем; жиілігі белгісіз: Стивенс-Джонсон синдромы.

Тірек-қимыл аппараты тарапынан бұзылулар: жиі: миалгия; сирек: миопатия (миозитті қоса), рабдомиолиз; өте сирек: артралгия; жиілігі белгісіз: иммунитет арқылы некроздаушы миопатия.

Розувастатинді барлық дозалануында, негізінен, 20 мг-ден көп дозаларда қабылдаған пациенттерде бұлшықет ауыруы, миопатия (миозиттерді қоса) және сирек бүйректің жедел жеткіліксіздігімен қатар жүретін немесе онсыз рабдомиолиз сияқты қаңқа бұлшықеттері тарапынан болатын жағымсыз әсерлер байқалды. Креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігінің дозаға тәуелді жоғарылауы розувастатин қабылдаған пациенттердің аздаған санында байқалады. Көптеген жағдайларда ол болымсыз, симптомсыз және уақытша болды. КФК белсенділігі (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 еседен көп) жоғарылаған жағдайда ем тоқтатылуы тиіс.

Несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар: өте сирек: гематурия. Розувастатин қабылдаған пациенттерде протеинурияны анықтауға болады. Несептегі ақуыз мөлшерінің өзгерістері (іздік мөлшерлерінің болмауынан бастап немесе ++ немесе одан көп дейін) 10-20 мг розувастатин қабылдайтын пациенттердің 1%-дан азында және 40 мг розувастатин қабылдайтын пациенттердің шамамен 3%-да байқалады. Несептегі ақуыз мөлшерінің болымсыз өзгерісі 20 мг дозаны қабылдау кезінде білінді. Көптеген жағдайларда протеинурия азаяды немесе ем үдерісінде жоғалады және бүйректің жедел ауруының туындауын немесе бұрыннан бар ауруының өршуін білдірмейді. Клиникалық және маркетингтен кейінгі зерттеулер деректерінде протеинурия мен бүйрек ауруының жедел немесе үдемелі ағымының арасындағы байланыс анықталмады. Гематурия розувастатин қабылдаған пациенттерде білінді, бірақ клиникалық деректер осы симптомның туындау жиілігінің төмен екенін көрсетеді.

Бауыр тарапынан бұзылулар: сирек: «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы; өте сирек: сарғаю, гепатит.

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштеріндегі сияқты, бауыр ферменттері деңгейінің дозаға тәуелді жоғарылауы розувастатин қабылдаған пациенттердің шағын тобында байқалды; көпшілік жағдайларда жағымсыз әсерлер жеңіл, тез өтетін немесе симптомсыз болды.

Қан түзу жүйесі тарапынан бұзылулар: сирек: тромбоцитопения.

Тыныс алу жүйесі тарапынан: жиілігі белгісіз: жөтел, ентігу.

Тұқым өрбіту жүйесі және сүт безі тарапынан бұзылулар: өте сирек: гинекомастия.

Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар: жиі: астения; жиілігі белгісіз: шеткері ісінулер.

Розувастатиннің 40 мг дозасы тұсында рабдомиолиз, бүйрек және бауыр функциясының елеулі бұзылуларының (негізінен, бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы түрінде) туындау жиілігі жоғары.

Кейбір статиндерді қолдану кезінде мынадай жағымсыз әсерлер хабарланды: жыныс дисфункциясы; айрықша жағдайларда – өкпенің интерстициальді ауруы, әсіресе, ұзақ уақыт емдеу кезінде; кейде үзілуге ұласа асқынатын сіңірлердің зақымдануы.

Пациент тізбеленген жағымсыз реакциялардың, сондай-ақ осы нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз реакциялардың кез келгені туындаған жағдайда дәрігерге қаралуы қажет екенінен хабарланған болуы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- розувастатинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы (препарат құрамында лактоза бар болғандықтан)

- белсенді фазадағы бауыр аурулары, трансаминазалардың сарысулық белсенділігінің тұрақты жоғарылауын және қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауын (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда, 3 еседен көп) қоса

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин)

- миопатия

- бір мезгілде циклоспорин қабылдау

- жүктілік, лактация кезеңі, сондай-ақ контрацепцияның қандай да бір әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер

- 6 жасқа дейінгі балалар.

40 мг доза миопатия/рабдомиолиз дамуына бейімдейтін факторлары бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Ондай факторлар:

- бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесі (креатинин клиренсі <
60 мл/мин)

- гипотиреоз

- пациент анамнезіндегі немесе отбасылық анамнездегі бұлшықет бұзылыстары

- анамнезде ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегішін немесе фибрат қабылдау кезіндегі бұлшықеттерге уытты әсерінің болуы

- алкогольге тәуелділік

- плазмалық концентрациялардың жоғарылауы мүмкін жағдайлар

- азиялық текті пациенттер

- фибраттармен бірге қолдану.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Розувастатинге басқа дәрілік заттарды қолдану әсері

Тасымалдаушы ақуыздар тежегіштері: розувастатин кейбір тасымалдаушы ақуыздармен, атап айтқанда, ОАТР1В1 және ВСRP-мен байланысады. Осы тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері болып табылатын дәрілік заттарды қатарлас қолдану плазмада розувастатин концентрациясының артуымен және миопатияның жоғары даму қаупімен қатар жүруі мүмкін.

Циклоспорин: Розувастатин-ЛФ циклоспорин қабылдайтын пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Адамдағы иммунитет тапшылығы вирусының (АИТВ) протеаза тежегіштері: өзара әрекеттесудің нақты механизмінің белгісіз екеніне қарамастан, АИТВ протеазасы тежегіштерін бірге қабылдау розувастатин экспозициясының едәуір ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Дені сау еріктілерде 20 мг розувастатинді құрамында АИТВ протеазасының екі тежегіші (400 мг лопинавир/100 мг ритонавир) бар біріктірілген дәрілік затпен бір мезгілде қолданудың фармакокинетикалық зерттеуі розувастатиннің AUC(0-24) және Сmax мәндерінің, тиісінше, шамамен екі есе және бес есе артуына әкелді. Сондықтан розувастатин мен АИТВ протеазасы тежегіштерін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Гемфиброзил және басқа гиполипидемиялық дәрілер: розувастатин мен гемфиброзилді бірге қолдану қан плазмасында розувастатиннің ең жоғары концентрациясының және розувастатин AUC мәнінің 2 есе артуына әкеледі. Спецификалық өзара әрекеттесу деректерін негізге алғанда, фенофибратпен фармакокинетикалық мәнді өзара әрекеттесу күтілмейді, фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін.

Гемфиброзил, фенофибрат, басқа фибраттар мен никотин қышқылының липид төмендететін дозалары ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда миопатияның туындау қаупін арттырды, бұл олардың монотерапияда қолдану кезінде миопатияны туғызуы мүмкін екенімен байланысты болуы ықтимал. Розувастатинді липид төмендететін дозаларда (1 г/тәуліктен көп) гемфиброзилмен, фибраттармен, никотин қышқылымен бір мезгілде қабылдау кезінде пациенттерге дәрілік заттың 5 мг бастапқы дозасы ұсынылады, фибраттармен бірге тағайындалғанда 40 мг дозада қабылдау қарсы көрсетілімді.

Эзетимиб: 10 мг дозада розувастатин мен 10 мг дозада эзетимибті бір мезгілде қолдану гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде розувастатин AUC ұлғаюымен қатар жүрді. Розувастатин мен эзетимиб арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесу салдарынан жағымсыз әсерлерінің туындау қаупінің артуын жоққа шығаруға болмайды.

Антацидтер: розувастатин және құрамында магний мен алюминий гидроксиді бар антацидтер суспензияларын бір мезгілде қолдану плазмалық розувастатин концентрациясының шамамен 50% төмендеуіне әкеледі. Аталған әсер, егер антацидтер розувастатин қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң қолданылса, әлсіз білінеді. Осындай өзара әрекеттесудің клиникалық мәні зерттелмеді.

Эритромицин: розувастатин мен эритромицинді бір мезгілде қолдану розувастатин AUC 20% және розувастатин Сmax 30% азаюына алып келді. Осындай өзара әрекеттесу эритромицин қабылдаудан болатын ішек моторикасының күшеюі нәтижесінде туындауы мүмкін.

P450 цитохромы изоферменттері: in vivo және in vitro зерттеулерінің нәтижелері розувастатиннің Р450 цитохромы изоферменттерінің тежегіші де, индукторы да емес екенін көрсетті. Бұдан басқа, розувастатин осы изоферменттер үшін әлсіз субстрат болып табылады. Сондықтан розувастатиннің басқа дәрілік заттармен Р450 цитохромы изоферменттері қатысатын метаболизм деңгейіндегі өзара әрекеттесуі күтілмейді. Розувастатиннің флуконазолмен (СYР2С9 және СYРЗА4 изоферменттерінің тежегіші) және кетоконазолмен (СYР2А6 және СYРЗА4 изоферменттерінің тежегіші) клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі білінбеген.

Розувастатин дозасын түзету қажет болатын дәрілік заттармен өзара әрекеттесу

Розувастатин дозасын розувастатинге экспозицияны арттыратын дәрілік заттармен оны бірге қолдану қажет болғанда түзету керек. Оларды розувастатинмен бірге тағайындау алдында осы дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығу керек. Егер экспозицияның 2 есе және одан көп ұлғаюы күтілсе, розувастатиннің бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 5 мг құрауы тиіс. Розувастатин-ЛФ дәрілік затының ең жоғары тәуліктік дозасын да розувастатинге күтілетін экспозиция розувастатинмен өзара әрекеттесетін дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындаусыз қабылданатын 40 мг доза үшін осындайынан аспайтындай етіп түзету керек. Мысалы, Розувастатин-ЛФ дәрілік затының ең жоғары тәуліктік дозасы гемфиброзилмен бір мезгілде қолданғанда 20 мг (экспозицияның артуы 1,9 есе), ритонавир/атазанавирмен 10 мг (экспозицияның артуы 3,1 есе) құрайды.

Басқа дәрілік заттарға розувастатинді қолданудың әсері

К дәрумені антагонистері: ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштеріндегі сияқты, К дәрумені антагонистерін (мысалы, варфарин) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде розувастатинмен емді бастау немесе дәрілік зат дозасын арттыру Халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) артуына әкелуі мүмкін. Розувастатинді тоқтату немесе дәрілік заттың дозасын азайту ХҚҚ азаюына әкелуі мүмкін. Ондай жағдайларда ХҚҚ бақылауы ұсынылады.

Ішуге арналған контрацептивтер/гормон алмастыратын ем: розувастатин мен ішуге арналған контрацептивтерді бір мезгілде қолдану этинилэстрадиол AUC және норгестрел AUC мәндерін, тиісінше, 26% және 34% арттырады. Плазмалық концентрацияның осылай жоғарылауы ішуге арналған контрацептивтер дозаларын таңдау кезінде ескерілуі тиіс. Розувастатин мен гормон алмастыратын емді бір мезгілде қолдану жөнінде фармакокинетикалық деректер жоқ, демек, осы біріктірілімді қолдану кезінде де осыған ұқсас әсерін жоққа шығаруға болмайды. Осындай біріктірілім клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде кеңінен қолданылды және пациенттерге жағымдылығы жақсы болды.

Басқа дәрілік заттар:

Дигоксин: розувастатиннің дигоксинмен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Фузид қышқылы: розувастатин мен фузид қышқылының өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізілмеген. Басқа статиндер қабылдау кезіндегідей, розувастатин мен фузид қышқылын бірге қабылдау кезіндегі рабдомиолиз жағдайлары жөнінде маркетингтен кейінгі хабарламалар алынды. Осылайша, розувастатин мен фузид қышқылын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пациенттерді жіті қадағалау қажет. Қажет болса, розувастатин қабылдауды уақытша тоқтатуға болады.

Балалар

Дәрілік өзара әрекеттесуіне зерттеу тек ересек пациенттерде жүргізілді. Балаларда қолдану кезіндегі розувастатиннің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу дәрежесі белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Тірек-қимыл аппаратының бұзылулары

Розувастатинді барлық дозаларда қолданғанда, әсіресе, 20 мг-ден асатын розувастатин дозаларын қабылдау кезінде тірек-қимыл аппараты тарапынан мынадай жағымсыз әсерлер байқалды: миалгия, миопатия, сирек жағдайларда рабдомиолиз. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен біріктірілімде эзетимиб қабылдаған пациенттерде рабдомиолиздің сирек жағдайлары байқалды. Осы дәрілік заттардың фармакодинамикалық өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды және оларды бірге қолдануға сақтықпен қарау керек.

Креатинфосфокиназа белсенділігін анықтау

Қарқынды дене жүктемелерінен кейін немесе КФК белсенділігін арттыруы мүмкін басқа себептер болғанда КФК белсенділігін анықтауды жүргізуге болмайды, бұл алынған нәтижелердің дұрыс түсіндірілмеуіне әкелуі мүмкін. Егер бастапқы КФК белсенділігі едәуір жоғарылаған жағдайда (қалыптың жоғарғы шегінен 5 есе жоғары) 5-7 күннен соң қайтадан өлшеу жүргізген жөн. Егер қайта жасалған тест бастапқы КФК белсенділігін растаса (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда, 5 еседен көп жоғары), емдеуді бастауға болмайды.

Ем басталуына дейін

Розувастатин тағайындалғанда, ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін тағайындау кезіндегі сияқты, миопатия/рабдомиолиздің қауіп факторлары бұрыннан бар пациенттерге сақтық таныту керек.

Ондай факторлар:

бүйрек жеткіліксіздігі

гипотиреоз

пациент анамнезіндегі немесе отбасылық анамнездегі бұлшықет бұзылыстары

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегішін немесе фибрат қабылдау кезіндегі бұлшықеттерге уытты әсер көрсету

алкогольге тәуелділік

70 жастан асқан кезең

плазмалық концентрацияларды арттыруы мүмкін жағдайлар

фибраттармен бірге қолдану.

Осындай пациенттерде емнің қауіп және болжамды пайда арақатынасын қарау және клиникалық қадағалау жүргізу қажет. Егер бастапқы КФК деңгейі қалыпты деңгейден 5 есе асып кетсе, емдеуді бастауға болмайды.

Ем кезінде

Пациентті бұлшықет аурулары кенеттен білінетін жағдайлар, әсіресе, дімкәстанумен және қызбамен біріккен бұлшықет әлсіздігі немесе түйілулер туралы дәрігерге дереу хабарлау қажеттілігі жөнінде хабардар ету керек. Осындай пациенттерде КФК белсенділігін анықтау керек. Егер КФК белсенділігі едәуір жоғарыласа (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда, 5 еседен көп) немесе бұлшықеттер тарапынан симптомдар күрт білінсе және күнделікті жайсыздық тудырса (егер тіпті КФК белсенділігі қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда, 5 еседен көп емес артса да), ем тоқтатылуы тиіс.

Егер симптомдар жоғалса, әрі КФК белсенділігі қалып шегіне оралса, пациентті мұқият қадағалай отырып, Розувастатин-ЛФ дәрілік затын немесе ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін аз дозаларда қайта тағайындау мәселесін қарау керек.

Симптомдар болмаса, КФК белсенділігін дағдылы ағымда бақылау мақсатқа сай келмейді.

Емделу кезінде немесе статиндер, оның ішінде розувастатин қабылдауды тоқтатқанда қан сарысуында КФК белсенділігінің жоғарылауы және проксимальді бұлшықеттердің тұрақты әлсіздігі түріндегі клиникалық көріністері бар иммунитет арқылы некроздаушы миопатияның өте сирек жағдайлары аталды. Бұлшықет және жүйке жүйелеріне қосымша зерттеулер, серологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ иммунодепрессиялық дәрілермен ем қажет болуы мүмкін.

Розувастатин мен қатарлас ем қабылдау кезінде қаңқа бұлшықетіне әсер етуі ұзаққа созылған белгілері білінбеген. Алайда, ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін липид төмендететін дозаларда (1 г/тәуліктен көп) гемфиброзил, циклоспорин, никотин қышқылын қоса, фибрин қышқылының туындыларымен біріктіріп, зеңге қарсы азол дәрілерін, АИТВ протеазасы тежегіштерін және макролидті антибиотиктер қабылдаған пациенттерде миозит және миопатия жағдайлары санының көбеюі хабарланған. Гемфиброзил ГМГ-КоА-редуктазаның кейбір тежегіштерімен бірге қолдану кезінде миопатияның туындау қаупін арттырады. Осылайша, Розувастатин-ЛФ дәрілік заты мен гемфиброзилді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Розувастатин-ЛФ дәрілік затын және фибраттарды немесе никотин қышқылының липид төмендететін дозаларын бірге қолданғанда қауіп және болжамды пайда арақатынасы мұқият таразылануы тиіс. Розувастатин-ЛФ дәрілік затын 40 мг дозада фибраттармен бірге қабылдау қарсы көрсетілімді.

Бауыр

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштері сияқты, розувастатин артық мөлшерде алкоголь тұтынатын немесе анамнезінде бауыр ауруы бар пациенттерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Емнің басталуына дейін және ем басталуынан кейін 3 айдан соң бауыр функциясының көрсеткіштеріне анықтау жүргізу ұсынылады. Егер қан сарысуында «бауыр» трансаминазаларының белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асып кетсе, Розувастатин-ЛФ дәрілік затын қабылдауды тоқтату немесе оның дозасын азайту керек.

Гипотиреоз немесе нефроздық синдром салдарынан болған гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде негізгі ауруларды емдеу Розувастатин-ЛФ дәрілік затымен ем басталғанша жүргізілуі тиіс.

Ерекше қауымдар. Этностық топтар

Фармакокинетикалық зерттеулер барысында азиялық текті пациенттер арасында, еуропалық пациенттер арасында алынған көрсеткіштермен салыстырғанда, розувастатиннің жүйелік концентрациясының артуы болды.

АИТВ протеазасының тежегіштері

Дәрілік затты протеаза тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды.

Лактоза

Дәрілік затты лактаза жеткіліксіздігі, галактоза жақпаушылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерде қолдануға болмайды.

Өкпенің интерстициальді ауруы

Кейбір статиндерді қолданғанда, әсіресе, ұзақ уақыт ішінде өкпенің интерстициальді ауруының бірлі-жарым жағдайлары хабарланды. Аурудың көріністері тыныстың тарылуы, құрғақ жөтел және жалпы хал-ахуал нашарлауы (әлсіздік, дене салмағының төмендеуі және қызба) болып табылады. Өкпенің интерстициальді ауруынан күдіктенгенде статиндермен емді тоқтату керек.

2-ші типті қант диабеті

Кейбір деректер статиндердің қандағы глюкоза деңгейін арттыруға қабілетті екенін айғақтайды, ал қант диабетіне бейімділігі бар пациенттер жағдайында қант диабетін емдеуді тағайындау мақсатқа сай болатын гипергликемия деңгейіне әкелуі мүмкін. Алайда, статиндермен емдеудің пайдасы осы қауіптен асып кетеді, ал, демек, статиндермен емдеуді тоқтату қажет емес. Глюкоза концентрациясы 5.6-дан 6.9 ммоль/л дейін, ДСИ >30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары деңгейі, гипертониясы бар пациенттер ұлттық талаптарға сәйкес мұқият клиникалық және биохимиялық қадағалауда болуы тиіс.

Балалар

Розувастатин қабылдаған 10-нан 17 жасқа дейінгі балаларда Таннер шкаласы бойынша бойлай өсуді (биіктік), салмағын, ДСИ (дене салмағы индексін) және жыныстық жетілудің екіншілік сипаттамаларын бағалау 1 жылдық кезеңмен шектеледі. Зерттеудің 52 аптасынан кейін розувастатинмен емдеудің бой, салмақ, дене салмағы индексіне немесе жыныстық жетілуге әсері анықталмаған. Дәрілік затты балалар мен жасөспірімдерде қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі, әрі розувастатиннің жыныстық жетілуге ұзақ мерзімді (>1 жыл) әсер етуі белгісіз.

6 жасқа дейінгі балалар

Розувастатинді 6 жасқа толмаған балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Сондықтан Розувастатин-ЛФ дәрілік затын 6 жасқа толмаған балаларға қолдануға кеңес берілмейді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Жүктілік кезінде розувастатин қолдану шаранада күрделі туа біткен ақаулардың қалыптасуына әкелуі мүмкін. Розувастатин-ЛФ дәрілік затын жүктілік кезінде қолдану қарсы көрсетілімді. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер дәріік затты қабылдау кезінде контрацепцияның барабар әдістерін қолдануы тиіс.

Ем үдерісінде жүкті болып қалған жағдайда дәрілік затты қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс.

Бала емізу кезеңі

Адамдарда емшек сүтімен розувастатиннің бөлінуіне қатысты деректер жоқ, сондықтан дәрілік затты бала емізу кезеңінде қабылдауды тоқтату қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік басқару немесе жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін жұмыс кезінде сақтық шарасын қадағалау керек (ем кезінде бас айналу болуы мүмкін).

 

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайында спецификалық емдеу жүргізілмейді. Артық дозалану кезінде симптоматикалық ем жүргізу және өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің функцияларын демеуге бағытталған іс-шаралар ұсынылады. Бауыр функциясын және КФК деңгейін бақылап отыру керек. Гемодиализдің оң әсер бермейді.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полимер үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Лекфарм» ЖШБҚ,

Беларусь Республикасы, 223141, Логойск қ., Минская к-сі, 2а үй, 301 б.

тел./факс: (01774)-53801, е-mail: office@lekpharm.by

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Лекфарм» ЖШБҚ,

Логойск қ., Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы «Лекфарм» ЖШБҚ өкілдігі,

050000, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы 7,

«Нұрлы тау» БО, 4а корпус, 55 кеңсе,

тел. 8 (727) - 3110454, факс 8 (727) - 3110455,

электронды пошта: amangul-62@mail.ru

Прикрепленные файлы

ИМП_Розувастатин.doc 0.14 кб
23.10_.2019_Розувастатин-ЛФ__инструкция_каз__с_исправлениями_.doc 0.18 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту