Ринонорм (спрей назальный дозированный, 0,1%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ринонорм
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ксилометазолин
Дәрілік түрі
Дозаланған 0,05% 10 мл және 0,1% 10 мл мұрын спрейі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 0,5 мг немесе 1 мг ксилометазолиннің гидрохлориді,
қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, натрий цитраты, глицерин (85%), инъекцияға арналған су, сұйық азот
Сипаттамасы
Мөлдір, түссізге жуық ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары.
Симпатомиметиктер.
АТЖ коды R01AA07
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ксилометазолиннің эффекті 30 секундтан бірнеше минутқа дейін басталады және бірнеше сағат (орта есеппен 6-8 сағат) бойы созылады. Мұрын арқылы енгізгенде сіңірген саны жүйелі әсер ету мүмкін (орталық жүйке жүйесіне және жүрек-тамыр жүйесіне).
Фармакодинамикасы
Ксилометазолин, имидазолиннің туындысы, a-адреномиметик болып табылады. Ол мұрын шырышының қан тамырларын тарылтады және осылайша мұрын-жұтқыншақ шырышының ісінуі мен гиперемиясын жояды. Ринит кезінде мұрынның тыныс алуын жеңілдетеді.
Қолданылуы
-
жедел риниті бар респираторлық ауруларда, аллергиялық емес ринитте (вазомоторлық) немесе аллергиялық ринитте
-
ринитпен байланысты ортаңғы отит және ринит кезіндегі шырышты қабықтың дренажын жақсарту үшін
Қолдану тәсілдері және дозалары
Бiрiншi қолданар алдында дозалаушы құрылғыны толтыру үшiн помпаға бірнеше рет басу керек.
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға
Ринонорм 0,1% әрбір мұрын жолына 1 бүркуден (қажет болса 2 бүркуге дейін қайталауға болады).
2 жастан асқан 6 жасқа дейінгі балаларға - Ринонорм 0,05% әрбір мұрын жолына 1 бүркуден (қажет болса тәулігіне 2 бүркуге дейін қайталауға болады).
Егер басқаша жазылмаса препаратты қабылдауды 7 күннен асырмау керек.
Жағымсыз әсерлері
Жиі және/немесе ұзақ мерзім қолданғанда:
-
мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, мұрын шырышты қабығының атрофиясы, шымылдату, шаншу, түшкіру, гиперсекрециясы, тәуелділік, созылмалы ринит
Сирек
- мұрынның шырышты қабығының ісінуі
- жүрек қағыуы, тахикардия, аритмиялар, артериялық қысымның көтерілуі
- бас ауыруы, ұйқысыздық
- көрудің бұзылуы
- құсу
- аллергиялық реакциялар (ісінуі, бөртпе)
- депрессия (жоғарғы дозада ұзақ қолданған кезде)
Өте сирек
-
инсомния, седация, галлюцинациялар немесе құрысулар (балаларда)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компонентеріне жоғары сезімталдықта
-
МАО тежегіштерімен бірге қолдағанда
-
артериялық гипертензияда, тахикардияда
-
айқын атеросклерозда
-
глаукомада
-
феохромацитомада
-
атрофиялық ринитте
-
гипертиреозда
-
транссфеноидальді гипосектомиялар немесе ми қабықтарына хирургиялық араласулар болғаннан кейінгі жағдайлар
-
6 жасқа дейінгі балаларға (0,1% дозалағанда) және 2 жасқа дейінгі (0,05% дозалағанда)
Сақтықпен
-
порфирияда
-
қуық асты безі гиперплазиясында
-
қант диабетінде.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ринонорм бір мезгілде қабылдағанда:
-
МАО тежегіштерді, үшциклді антидепрессанттарды, гипертензивтік дәрілерді – гипертензивті әсері болуы мүмкін, сондықтан мұндай препараттарды бір мезгілде қолдануға ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ уақыт бойы қолдануға, мысалы созылмалы ринит кезінде, және ұсынылған дозаны арттыруға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік пен лактация кезінде тек ана, ұрық, бала үшін қаупі мен пайдасы мұқият бағаланғаннан кейін қолдануға болады.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ксилометазолин көлік құралын немесе қауіпті деген механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Артық дозалануы
Белгілері: жағымсыз әсерлердің күшеюуі.
Емі - белгілеріне қарай
Шығарылу түрі және қаптамасы
Дозаланған 0,05% 10 мл және 0,1% 10 мл мұрын спрейі
10 мл-ден дозалаушы құрылғысы, ұштық мен қорғағыш қақпақшамен бірге шыны құтыда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Меркле ГмбХ», Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
«ратиофарм ГмбХ», Германия
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050000, Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 13, БО Нұрлы-Тау, 1В, 305 кеңсе,
Тел. (727) 311 10 66/68/73/75, факс (727) 311 10 69, электронды пошта: teva@teva.kz