Ринонорм (капли назальные, 0,1%)

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Меркле ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019107
Информация о регистрации в РК: 30.07.2012 - 30.07.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Ринонорм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

Мұрын тамшысы, 0,05% және 0,1%

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 0,5 мг немесе 1 мг ксилометазолиннің гидрохлориді,

қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, натрий цитраты, глицерин (85%), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз дерлік ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрынға арналған препараттар. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин.

АТХ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ксилометазолиннің әсері 30 секундтан бірнеше минутқа дейін басталады және бірнеше сағат (орта есеппен 6-8 сағат) бойы созылады. Мұрын арқылы енгізгенде сіңірген мөлшері жүйелі әсер етуі мүмкін (орталық жүйке жүйесіне және жүрек-қантамыр жүйесіне).

Фармакодинамикасы

Ксилометазолин, имидазолиннің туындысы, a-адреномиметик болып табылады. Ол мұрын шырышының қан тамырларын тарылтады және осылайша мұрын-жұтқыншақ шырышының ісінуі мен гиперемиясын жояды. Ринит кезінде мұрынның тыныс алуын жеңілдетеді.

Қолданылуы

  • жедел риниті бар респираторлық ауруларда, аллергиялық емес ринитте (вазомоторлық) немесе аллергиялық ринитте

  • ринитпен байланысты ортаңғы отит және ринит кезіндегі шырышты қабықтың дренажын жақсарту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Алғаш қолданар алдында дозалайтын қондырманы толтыру үшін помпаны бірнеше рет басу керек, олай болмаған жағдайда мұрынға арналған тамшы дозалайтын қондырмаға түспейді. Пайдаланған кезде құтыны ұшын төмен қаратып ұстау керек. Шалқадан жату немесе басты шалқайтқан жөн.

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға

Ринонорм 0,1% әрбір мұрын жолына 1-2 тамшыдан (қажет болғанда тәулігіне 3 ретке дейін қайталауға болады).

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға - Ринонорм 0,05% әрбір мұрын жолына 1 тамшыдан (қажет болса 3 ретке дейін қайталауға болады).

Егер басқашата тағайындалмаса, препаратты қабылдауды 7 күннен асырмау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі және/немесе ұзақ мерзім қолданғанда:

  • мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, күйдіру, шаншу, тәуелділік, түшкіру, гиперсекреция, мұрын шырышты қабығының атрофиясы, созылмалы ринит

Сирек

- мұрын шырышты қабығының ісінуі

- жүрек қағуы, тахикардия, аритмиялар, артериялық қысымның көтерілуі

- бас ауыруы, ұйқысыздық

- көрудің бұзылуы

- құсу

- аллергиялық реакциялар (ісінуі, бөртпе)

- депрессия (жоғарғы дозада ұзақ қолданған кезде)

Өте сирек

  • инсомния, седация, елестеулер немесе құрысулар (балаларда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • МАО тежегіштерімен бірге қолдану

  • артериялық гипертензия, тахикардия

  • айқын атеросклероз

  • жабық бұрышты глаукома

  • феохромацитома

  • атрофиялық ринит

  • гипертиреоз

  • транссфеноидальді гипосектомиялар немесе ми қабықтарына хирургиялық араласулар болғаннан кейінгі жағдайлар

  • 6 жасқа дейінгі (0,1% дозалағанда) және 2 жасқа дейінгі (0,05% дозалағанда) балаларға

Сақтықпен

  • порфирия

  • қуық асты безі гиперплазиясы

  • қант диабеті

  • жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ринонорм және төмендегілерді бір мезгілде қабылдағанда:

  • МАО тежегіштерін, үшциклді антидепрессанттарды, гипертензивтік дәрілерді – артериялық қысымның жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт бойы, мысалы созылмалы ринит кезінде қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезінде тек ана және ұрық үшін қаупі мен пайдасын мұқият бағалаудан соң ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ксилометазолин көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан ұштығы мен қорғаныш қалпақшасы бар шыны құтыда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін препарат 6 ай ішінде жарамды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Меркле ГмбХ», Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ратиофарм ГмбХ», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 19, «Нұрлы-Тау» БО, 1В, 305 кеңсе, тел. (727) 311 10 66/68/73/75, факс (727) 311 10 69, e-mail: teva@teva.kz

 

Прикрепленные файлы

505206661477977103_ru.doc 48.5 кб
834584791477978282_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники