Римантадин (50 мг, Ирбитский химико-фармацевтический завод)

МНН: Римантадин
Производитель: Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rimantadine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019938
Информация о регистрации в РК: 16.02.2024 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Римантадин – СТИ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Римантадин

Дәрілік түрі

50 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - римантадин гидрохлориді – 50 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций стеараты, тальк.

Сипаттамасы

Жайпақ цилиндр пішінді ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар.

Циклдік аминдер. Римантадин.

АТХ коды J05АС02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін римантадин толық дерлік ішекте сіңіріледі. Сіңірілуі – баяу. Плазма ақуыздарымен байланысуы – шамамен 40%.

Таралу көлемі: ересектер 17-25 л/кг, балалар – 289 л. Мұрын секретіндегі концентрациясы плазмадағыға қарағанда 50%-ға жоғары. Әсер етуші затының қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы (C max) 100 мг дозада тәулігіне 1 рет - 181 нг/мл, 100 мг дозада тәулігіне 2 рет – 416 нг/мл. Бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 24-36 сағат; қабылдаған дозаның 75-85%-ы негізінен метаболиттер түрінде бүйрекпен шығарылады, 15% -ы өзгермеген күйде.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде жартылай шығарылу кезеңі 2 есеге артады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар тұлғаларда және егде жастағы тұлғаларда егер доза креатинин клиренсінің (КК) азаюына пропорционалды түзетілмесе, уытты концентрацияларда жиналып қалуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Римантадин А тобы вирусының түрлі штаммдарына қатысты белсенді. Әлсіз негіз бола отырып, вирус бөлшектері жасушаға өткеннен кейін оларды қоршап тұратын вакуоль жарғақшасы бар эндосомалардың рН арту есебінен әсер етеді. Бұл вакуолдерде ацидификацияны болдырмау осылайша вирустық генетикалық материалдың жасуша цитоплазмасына берілуінің алдын ала отырып, эндосома жарғақшасымен вирустық қабықтың қосылуын бөгейді. Римантадин жасушадан вирус бөлшектерінің шығарылуын бәсеңдетеді, яғни вирустық геномның транскрипциясын үзеді.

Қолданылуы

- ересектерде А тұмауының алдын алу және ерте емдеу

Қолдану тәсілі мен дозалары

Сумен іше отырып, тамақтан соң ішке.

Тұмауды емдеуді ауру белгілері білінгеннен кейін 24-48 сағат ішінде бастау керек.

Ересектерге бірінші күні 100 мг-нан күніне 3 рет; екінші және үшінші күндері 100 мг-нан күніне 2 рет; төртінші және бесінші күндері 100 мг-нан күніне бір рет тағайындайды. Ауырудың бірінші күні препаратты 300 мг дозада бір рет қабылдайды.

Тұмаудың алдын алу үшін ересектерге 50 мг күніне бір рет 10-15 күн бойы тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы, эпигастрий аймағының ауыруы, метеоризм

- бас ауыруы, бас айналу, ұйқысыздық, неврологиялық реакциялар, зейін шоғырлануының бұзылуы, ұйқышылдық, үрейлену, жоғары қозушылық, шаршағыштық

- гипербилирубинемия

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- римантадинге және препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- жедел бауыр аурулары

- жедел және созылмалы бүйрек аурулары

- тиреотоксикоз

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- лактазалық жеткіліксіздік, лактозаны көтере алмаушылық, лактоза/изомальтоза мальабсорбциясы синдромы (препарат құрамына лактоза кіретіндіктен)

Сақтықпен

- артериялық гипертензия

- эпилепсия (оның ішінде сыртартқыда)

- ми тамырларының атеросклерозы

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Римантадин эпилепсияға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.

Парацетамол мен аскорбин қышқылы қан плазмасында римантадиннің ең жоғары концентрациясын 11 %-ға төмендетеді.

Циметидин римантадин клиренсін 18%-ға төмендетеді.

Адсорбенттер, тұтқырлайтын және бүркемелейтін дәрілер римантадиннің сіңірілуін азайтады.

Несепті сілтілендіретін дәрілер (ацетазоламид, натрий гидрокарбонаты және басқалар) оның бүйрекпен шығарылуының азайтылуы салдарынан римантадиннің тиімділігін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Римантадин-СТИ қолданған кезде созылмалы қатар жүретін аурулардың асқынуы мүмкін. Артериялық гипертензиясы бар егде жастағы емделушілерде геморрагиялық инсульттің даму қаупі артады.

Сыртартқыда эпилепсиясы болғанда және Римантадин-СТИді қолдану аясында құрысуға қарсы ем жүргізілгенде эпилепсиялық ұстаманың өршу қаупі артады. Мұндай жағдайларда Римантадин-СТИді тәулігіне 100 мг дозада құрысуға қарсы еммен бір уақытта қолданады.

В вирусынан туындаған тұмауда Римантадин-СТИ уыттануға қарсы әсер етеді.

Алдын ала қабылдау шектеулі ұжымдарда жұқпалардың таралуы кезінде ауырғандармен байланысқа түскенде және тұмау эпидемиясы кезінде ауру туындаудың қауіптілігі артқанда тиімді.

Препаратқа резистентті вирустардың пайда болуы мүмкін.

Егде жастағы тұлғаларда Римантадин-СТИ фармакокинетикасының ерекшеліктерін есепке ала отырып, қабылдаған кезде сақ болу керек және жағымсыз әсерлер байқалған жағдайда препарат дозасын төмендету қажет.

Римантадин-СТИді 7 жасқа дейінгі балаларға қолданбайды, себебі бір таблеткадағы белсенді заттың құрамы бұл жас топтары үшін жоғары.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде автокөлік жүргізгенде және жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ирбит химиялық-фармацевтикалық зауыты» ААҚ,

623856, Ресей, Свердлов облысы, Ирбит қаласы, Киров көшесі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ирбит химиялық-фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гелика Фарм Групп Дистрибьюция» ЖШС

150007, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ., Парковая к-сі, 57А

Тел (7152) 53-42-83

Электронды поштасы: homenko-sv@yandex.kz

Прикрепленные файлы

412661271477976893_ru.doc 103 кб
535653151477978061_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники