Римантадин (50 мг, Химфарм АО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Римантадин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Римантадин
Дәрілік түрі
50 мг таблеткалар,
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – римантадин гидрохлориді - 50.0 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты
Сипаттамасы
Тегіс беткейлі, ақ түсті таблеткалар. Таблетканың бір жақ бетінде ойығы, басқа жақ бетінде – ойығы және крест түріндегі фирмалық логотипі бар.
Фармакотерапиялық тобы
Вирустарға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар.
Вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттар.
Циклдік аминдер. Римантадин.
АТХ коды J05AC02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Асқазан-ішек жолында толықтай жылдам және жеткілікті сіңеді. Сіңуі – баяу. TCmax – 1-4 сағат. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 40%-ға жуық. Таралу көлемі: ересектерде – 17 - 25 л/кг, балаларда – 289 л. Мұрын секретіндегі концентрациясы плазмадағыдан 50%-ға жоғары. Тәулігіне 1 рет 100 мг қабылдаған кездегі ең жоғары концентрация шамасы Cmax - 181 нг/мл, тәулігіне 2 рет 100 мг-да – 416 нг/мл.
Бауырда метаболизденеді. T1/2 ересектерде – 25-30 сағат, егде жастағы емделушілерде және бауыр қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерде – 32 сағатқа жуық, балаларда – 13-38 сағат. 90%-дан астамы бүйрек арқылы 72 сағат ішінде, негізінен метаболиттер түрінде, 15% - өзгермеген күйінде шығарылады.
Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде T½ 2 есе артады. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар адамдарда және егде жастағы адамдарда, егер доза креатинин клиренсінің азаюына пропорционалды түрде түзетілмесе, уытты концентрацияларда жиналып қалуы мүмкін. Гемодиализ римантадиннің клиренсіне аздап әсер етеді.
Фармакодинамикасы
Римантадин - вирусқа қарсы дәрі, адамантан туындысы; А тұмауы вирусының әр түрлі штаммдарына қатысты тиімді, сондай-ақ В тұмауы вирусының әр түрлі штаммдарына қатысты тиімді. Полимерлі құрылымы организмде римантадиннің ұзақ айналымда болуын қамтамасыз етеді, бұл оны тек емдік мақсатта ғана емес, аурудың алдын алу мақсатында да қолдануға мүмкіндік береді. Римантадин вирустың қожайын-жасушаға қосылуын бөгейді, вирустық геномның жасушаға босап шығуын тежейді.
Римантадин спецификалық репродукцияның ерте сатысын вирус жасушаға енгеннен кейін және РНҚ-ның бастапқы транскрипциясына дейін басады.
А тұмау вирусына қатысты Римантадиннің вирусқа қарсы әсерінде ионды арна ретінде қызмет ететін М2 жарғақшалық ақуызын тежеудің маңызы зор; альфа және гамма интерферондары өндірілуін индукциялайды, лимфоциттер – табиғи киллерлер (NK-жасушалар), T- және B-лимфоциттер функционалдық белсенділігін арттырады.
Римантадинді тәуліктік 200 мг дозада алдын алу үшін тағайындау тұмау ауруының қаупін азайтады, сондай-ақ тұмау симптомдарының айқындылығын және серологиялық реакцияларды төмендетеді. Біршама емдік әсері оны тұмаудың алғашқы симптомдары дамуынан кейін алғашқы 18 сағатта тағайындаған кезде де білінуі мүмкін.
Римантадин сондай-ақ кене энцефалиті вирустарына қатысты тиімді (Flaviviridae тұқымдас арбовирустар тобының орталық еуропалық және ресейлік көктемгі-жазғы).
Қолданылуы
- тұмауда (ерте емдеу және алдын алу)
- ересектерде этиологиясы вирустық кене энцефалитінің алдын алуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, тамақтан соң сумен ішіп қабылдау керек.
Тұмауды емдеу
Ересектер және 15 жастан асқан балаларға 1-ші күні тәулігіне 300 мг (50 мг-ден 6 таблетка) 2-3 қабылдауға;
2-ші және 3-ші күндері 100 мг (50 мг-ден 2 таблетка) тәулігіне 2 рет;
4-ші және 5-ші күндері 100 мг (50 мг-ден 2 таблетка) тәулігіне 1 рет.
7-10 жастағы балаларға 50 мг (1 таблетка) тәулігіне 2 рет, 11–14 жас –
50 мг-ден күніне 3 рет.
Емдеу курсының ұзақтығы 5 күнді құрайды.
Тұмаудың алдын алу
Ересектерге 50 мг (1 таблетка) тәулігіне 1 рет, 30 күн бойы.
Этиологиясы вирустық кене энцефалитінің алдын алуда
Ересектерге кене шаққаннан кейін 48 сағаттан кешіктірмей 100 мг (50 мг-ден 2 таблетка) тәулігіне 2 рет, 12 сағат аралықпен, 3-5 күн ішінде;
қауіп топтарына (орманды жерлерде тұратын немесе жүрген) 100 мг (50 мг-ден 2 таблетка) тәулігіне 2 рет 15 күн бойы.
Сыртартқыда эпилепсия және құрысуға қарсы ем жүргізілген емделушілерге ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 100 мг (50 мг-ден 2 таблетка), (эпилепсиялық ұстамалардың даму қаупіне байланысты бір мезгілде құрысуға қарсы ем тағайындау ұсынылады).
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну, есекжем)
-
ауыздың құрғауы, анорексия, жүрек айну, құсу, гастралгия, метеоризм, гипербилирубинемия
-
бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық, үрей, зейін шоғырландырудың нашарлауы
Болуы мүмкін
-
созылмалы қатар жүретін аурулардың асқынуы (емдеу кезеңінде)
-
геморрагиялық инсульт дамуы (артериялық гипертензиясы бар егде жастағы емделушілерде)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
римантадинге және препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
жедел бауыр жеткіліксіздігі
-
бүйрек жеткіліксіздігі
-
тиреотоксикоз
-
жүктілік, лактация кезеңі
-
7 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен
- артериялық гипертензия
- эпилепсия (оның ішінде сыртарқыда)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кофеиннің қоздырушы әсерін күшейтеді.
Парацетамол және ацетилсалицил қышқылы римантадиннің Cmax сәйкесінше 11 және 10% төмендетеді. Циметидин римантадиннің клиренсін 18%-ға төмендетеді.
Эпилепсияға қарсы препараттар, адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелейтін дәрілер римантадиннің сіңуін азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Римантадин препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз!
В типті вирус туындатқан тұмау кезінде Римантадин уыттануға қарсы әсер етеді. Профилактикалық қабылдау ауырғандармен қатынаста болғанда (препаратты қабылдау қажет, аз дегенде, қатынасудан кейін 10 күн бойы), бөлектелген ұжымда және тұмау эпидемисы кезінде аурулар туындау қаупі жоғары болғанда тиімді. Эпидемия кезінде Римантадин күнделікті, әдетте 6-8 апта бойы немесе 2-3 апта ішінде А тұмау тобына қарсы белсенділігі жойылған вакцинамен иммунизациядан кейін күтілетін белсенді иммунитеттің дамуына дейін тағайындалуы керек. Вакцина тиімділігі егде жастағы немесе қаупі жоғары емделушілерде небары 70-80% құрайтындықтан, Римантадинді анағұрлым ұзақтау қолданған дұрыс болады. Егер вакцина қол жетімсіз немесе иммунизация қолдануға болмайтын болса, Римантадинді қайталап немесе кездейсоқ зақымдану мүмкіндігі жағдайында 90 тәулікке дейінгі мерзім бойы тағайындаған жөн. Римантадин отбасының науқас мүшесімен қатынастан кейін тұмаудың алдын алуға тиімді, бірақ А тұмауымен ауырғандар профилактикалық мақсатта Римантадин алған отбасында (препаратқа төзімді вирустар берілуімен байланысты болуы ықтимал) алдын алуда қолданған кезде тиімділігі аздау.
Асқазан-ішек жолы аурулары, бауыр функциясы бұзылулары, ауыр жүрек аурулары және жүрек ырғағының бұзылулары бар емделушілерге тағайындағанда сақ болу керек. Бұл жағдайларда препарат дозасын төмендету ұсынылады. Римантадинмен емдеу кезеңінде алкоголь сусындарын қабылдаудан бас тартқан жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде көлікті басқарғанда және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: препараттың жағымсыз реакциялары күшеюі.
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықтан алынған ақпартты қорапшаға жазуға болады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,
Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды поштасы infomed@santo.kz