РИВАКСА (Ривароксабан)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
РИВАКСА
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ривароксабан
Дәрілік түрі, дозасы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 2,5 мг
Фармакотерапиялық тобы
Қан және қан түзу ағзалары. Тромбозға қарсы препараттар. Ха факторының тікелей тежегіштері. Ривароксабан.
АТХ коды В01AF01
Қолданылуы
- ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) бірге, бөлек немесе АСҚ плюс клопидогрельмен немесе тиклопидинмен бірге жоғары кардиологиялық биомаркерлері бар жіті коронарлық синдромынан (ЖКС) кейін ересек пациенттерде атеротромбоздық асқынуларды алдын алу.
- коронарлық артериялар аурулары (ЖИА) немесе ишемиялық асқынулардың жоғары қаупі бар шеткері артериялардың симптоматикалық аурулары (ШАА) бар ересек пациенттерде атеротромбоздық асқынуларды алдын алу.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
белсенді клиникалық маңызды қан кету
бар немесе жақында орын алған асқазан-ішек жолының ойықжарасы, қан кетудің жоғары қаупімен қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, жақында болған ми немесе жұлын жарақаты, жақында миға, жұлынға немесе көзге жасалған хирургиялық араласу, жақында болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш веналарының варикозды кеңеюін диагностикалау немесе оған күдік, артериовеналық даму ауытқулары, тамырлы аневризмалар немесе жұлын немесе мидың үлкен тамырларының патологиясы секілді жаппай қан кетудің маңызды қауіп факторы болып саналатын бұзылу немесе жағдай
басқа антикоагулянттық емге ауысудың немесе орталық веналық немесе артериялық катетердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда ФБГ енгізілудің ерекше жағдайларын қоспағанда, фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т. б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т. б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т. б.) секілді кез келген басқа антикоагулянттармен қатар жүретін ем;
инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуылды бастан өткерген пациенттердегі ЖКС қатар жүретін антитромбоциттік ем
геморрагиялық немесе лакунарлық инсультті, сондай-ақ бір ай ішінде кез келген инсультті бастан өткерген пациенттерде ЖИА/ацетилсалицил қышқылымен қатар жүретін ем
Чайлд-Пью бойынша В және С класындағы бауыр циррозы бар пациенттерді қоса , клиникалық маңызды қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы
жүктілік және бала емізу кезеңі
тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар.
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
ЖКС бар пациенттерде ривароксабанның 2,5 мг тиімділігі мен қауіпсіздігі ацетилсалицил қышқылы немесе ацетилсалицил қышқылы плюс клопидогрел/тиклопидин секілді антитромбоциттік дәрілермен біріктіріп зерттелген.
Ишемиялық асқынулардың даму қаупі жоғары ЖИА/ШАА бар пациенттерде 2,5 мг ривароксабанның тиімділігі мен қауіпсіздігі ацетилсалицил қышқылымен үйлескенде ғана зерттелді.
Пациенттерде симптоматикалық ШАА салдарынан аяқ-қолды реваскуляризациялау процедурасынан кейін күніне екі рет АСҚ немесе АСҚ плюс қысқа мерзімді әсер ететін клопидогрель секілді антитромбоцитарлық дәрілермен біріктіріліп ривароксабанның тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелді. Қажет болған жағдайда клопидогрелмен қосарланған антитромбоцитарлық ем қысқа мерзімді болуы тиіс; ұзақ уақытқа созылған қосарланған антитромбоцитарлық емді болдырмау қажет.
Прасугрел және тикагрелор секілді басқа антитромбоциттік дәрілермен бірге қолдану зерттелмеген, сондықтан ұсынылмайды
Емдеудің барлық кезеңінде антикоагуляциялық терапияның белгіленген практикасы шеңберінде клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.
Қан кету қаупі
РИВАКСА препаратын қабылдау аясында басқа антикоагулянттарды қолданғандағыдай, қан кету белгілерін анықтау үшін пациенттерді мұқият бақылау қажет. РИВАКСА препаратын қан кету қаупі жоғары пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен пайдалану ұсынылады. Ауыр қан кету дамыған кезде ривароксабан қабылдауды тоқтату керек.
Клиникалық зерттеу кезінде шырышты қабықтардан қан кету (мысалы, мұрын, қызыл иек, асқазан-ішек және несеп-жыныс жолдарынан, оның ішінде патологиялық қынаптық және етеккірлік қан кету) және анемия көбінесе монотерапия немесе қос антитромбоциттік емдеу шыңында ривароксабанмен ұзақ емдегенде байқалды. Сондықтан, стандартты клиникалық бақылаудан басқа, егер қажет болса, жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін зертханалық анықтау және айқын қан кетудің клиникалық маңыздылығын сандық бағалау маңызды болуы мүмкін.
Төменде сипатталған пациенттердің бірнеше кіші тобында қан кету қаупі жоғары. Демек, белгілі қан кету қаупі жоғары пациенттерге РИВАКСА-ны қос антитромбоцитарлық еммен бірге қолданған кезде қан кету қаупі мен ишемиялық асқынуларды алдын алу бойынша артықшылықтар арасындағы теңгерім сақталуы тиіс. Сонымен қатар, бұл пациенттер емді бастаған сәттен бастап қан кету мен анемияның белгілері мен симптомдарын уақтылы анықтау үшін дәрігердің мұқият бақылауында болуы керек.
Гемоглобин деңгейінің немесе артериялық қысымның түсініксіз төмендеуі кезінде қан кету көзін іздеу керек.
РИВАКСА препаратымен емдеу экспозицияны күнделікті бақылауды қажет етпесе де, ривароксабан экспозициясы туралы білу клиникалық шешімді қабылдауға көмектесетін ерекше жағдайларда, мысалы, артық дозаланғанда және шұғыл операция кезінде, ривароксабанды Хa факторына қарсы калибрленген сандық белсенділік тестімен өлшеу пайдалы болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациентер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан плазмасындағы ривароксабан қан кету қаупінің артуына әкеле отырып, (креатинин клиренсі <30 мл/мин) концентрациясын едәуір (орта есеппен 1,6 есе) жоғарылатуы мүмкін.
Креатинин клиренсі 15-29 мл/мин болатын ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу кезінде РИВАКСА-ны сақтықпен қолдану қажет. Креатинин клиренсі <15 мл/мин болатын пациенттерге ривароксабанды қолдану ұсынылмайды.
Қан плазмасындағы ривароксабан концентрациясын арттыратын басқа препараттармен қатар ем қабылдап жүрген, орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин болатын) бар пациенттерді емдеу кезінде РИВАКСА препаратын сақтықпен қолдану қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
РИВАКСА-ны азол тобының зеңге қарсы препараттарымен (мысалы, кетоконазолмен, итраконазолмен, вориконазолмен және позаконазолмен) немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен (мысалы, ритонавирмен) жүйелі ем алып жүрген пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Бұл дәрілік препараттар CYP3A4 және Р гликопротеинінің күшті тежегіштері болып табылады. Нәтижесінде бұл дәрілік препараттар қан кетудің даму қаупін арттыра отырып, плазмадағы ривароксабан концентрациясын клиникалық маңызды деңгейге дейін (орта есеппен 2,6 есе) жоғарылатуы мүмкін.
Гемостазға әсер ететін дәрілік препараттарды, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП), ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін немесе серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СКҚСТ) және серотонин мен норэпинефринді кері қармау тежегіштерін (СНКҚСТ) алатын пациенттерге РИВАКСА препаратын тағайындағанда сақ болу қажет. Асқазан-ішек жолының ойықжарасының даму қаупі бар пациенттерге тиісті профилактикалық ем жүргізу туралы мәселені қарастыру керек.
АСҚ немесе РИВАКСА және АСҚ плюс клопидогрел/ тиклопидинмен бірге РИВАКСА-мен ем алатын пациенттерге ҚҚСП пайдасы қан кету қаупінен асып кеткен жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс.
Қан кетудің дамуының басқа қауіп факторлары
РИВАКСА-ны басқа да тромбозға қарсы препараттар секілді, қан кету қаупі жоғары, атап айтқанда келесі жағдайдағы пациенттерді емдеу кезінде пайдалану ұсынылмайды:
қан кетуге байланысты туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылулар
бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензия
қан кетумен асқынуы мүмкін белсенді ойықжараланусыз асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары (мысалы, ішектің қабыну аурулары, эзофагит, гастрит, гастроэзофагеальды рефлюкс)
тамырлы ретинопатия
анамнездегі бронхоэктаздар немесе өкпеден қан кету
ЖКС және ЖИА /ШАА бар пациенттерде РИВАКСА-ны тағайындағанда сақ болу керек:
ацетилсалицил қышқылымен немесе ацетилсалицил қышқылымен және клопидогрелмен/тиклопидинмен үйлесімде РИВАКСА алатын 75 және одан жоғары жастағылар. Артықшылық-қауіп арақатынасын бағалауды тұрақты негізде жеке тәртіпте бағалау керек;
ацетилсалицил қышқылымен немесе ацетилсалицил қышқылы және клопидогрелмен/тиклопидинмен үйлесімде РИВАКСА алатын дене салмағы төмен;
Жүректің ауыр симптоматикалық жеткіліксіздігі бар ЖИА. Осы зерттеулер мұндай пациенттердің ривароксабанмен емдеуден аз дәрежеде пайда көретіндігін көрсетеді.
Онкологиялық аурулары бар пациенттер
Онкологиялық ауруы бар пациенттерде бір уақытта қан кету және тромбоз қаупі жоғары болуы мүмкін. Тромбозға қарсы емнің жеке пайдасын ісіктің орналасуына, ісікке қарсы емге және аурудың сатысына қарай белсенді онкологиялық ауруы бар пациенттерде қан кету қаупімен салыстыру керек. Асқазан-ішек немесе несеп-жыныс жолдарында орналасқан ісіктер ривароксабанмен емдеу кезінде қан кету қаупінің жоғарылауымен байланысты.
Қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде ривароксабанды қолдануға болмайды
Жүректің жасанды клапаны бар пациенттер
РИВАКСА-ны жақында аорта клапанын (TAVR) транскатетерлі ауыстыруды бастан өткерген пациенттерде тромбты алдын алу үшін пайдаланбаған жөн. Жүректің жасанды клапаны бар пациенттерде ривароксабанды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан мұндай популяцияда ривароксабанның барабар антикоагулянттық әсері туралы деректер жоқ.
Мұндай пациенттерді РИВАКСА препаратымен емдеу ұсынылмайды.
Антифосфолипидтік синдромы (АФС) бар пациенттер
Антифосфолипидтік синдром диагностикаланған анамнезінде тромбозы бар пациенттерге ривароксабанды қоса, тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттарды тағайындау ұсынылмайды. Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттармен емдеу К дәрумені антагонистерімен еммен салыстырғанда, әсіресе антифосфолипидті антиденелердің барлық үш түрінің (жегілік антикоагулянт, кардиолипинге антиденелер және бета-2-гликопротеин -1 антиденелері) позитивтілігі бар пациенттерде қайталанатын тромбоздық асқынулар жиілігінің артуымен байланысты болуы мүмкін.
Анамнезінде инсульті және / немесе транзиторлы ишемиялық шабуылы бар пациенттер
ЖКС бар пациенттер
2,5 мг РИВАКСА-ны қабылдау анамнезінде ЖКС және инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуылы (ТИШ) бар пациенттерді емдеуде қарсы көрсетілген. ЖКС және инсульт немесе анамнезінде ТИШ бар аздаған пациенттерге жасалған қолда бар шектеулі деректер бұндай пациенттерде емнен артықшылық болмайтынын көрсетті.
ЖИА/ШАА бар пациенттер
Геморрагиялық немесе лакунарлық инсультті немесе ишемиялық, лакунарлық емес инсультті бастан өткерген пациенттер өткен ай ішінде зерттелмеген.
Нейроаксиальді (эпидуральді/жұлын) анестезия
Нейроаксиальді (жұлын/эпидуральді) анестезияны немесе жұлын/эпидуральді пункцияны жүргізу кезінде тромбоэмболиялық асқынуларды алдын алу үшін тромбозға қарсы дәрілерді қабылдайтын пациенттер ұзақ немесе тұрақты салдануға әкелуі мүмкін эпидуральді немесе жұлын гематомасының даму қаупіне ұшыратылады.
Мұндай құбылыстардың даму қаупі тұрақты эпидуральді катетерлерді қолданғанда немесе гемостазға әсер ететін препараттарды бірге қабылдағанда одан да артады. Жарақат алғаннан кейін немесе қайталанатын эпидуральді немесе жұлын пункциясынан кейін қауіп жоғарылауы мүмкін.
Неврологиялық бұзылулардың белгілері мен симптомдарын (мысалы, ұйқышылдық немесе аяқтардағы әлсіздік, қуық немесе ішек дисфункциясы) анықтау үшін пациенттерге жиі мониторинг жүргізу қажет. Неврологиялық ауытқулар анықталған кезде пациентті жедел диагностикалау және емдеу қажет. Дәрігер антикоагулянттарды алатын пациенттерге немесе тромбозды алдын-алу үшін антикоагулянттық емді қажет ететін пациенттерге нейроаксиялық араласуды жүргізбес бұрын қауіпке қатысты әлеуетті пайданы ескеруі тиіс.
Мұндай жағдайларда 2.5 мг ривароксабанды АСҚ-мен немесе клопидогрелмен немесе тиклопидинмен біріктіріп АСҚ қолдану бойынша клиникалық тәжірибе жоқ.
Ривароксабанды бір мезгілде қолдану аясында эпидуральдік/жұлын анестезиясын және немесе жұлын пункциясын жүргізумен астасқан қан кетудің ықтимал қаупін төмендету мақсатында ривароксабанның фармакокинетикалық бейінін ескеру керек. Эпидуральді катетерді немесе люмбальді пункцияны ривароксабанның антикоагулянттық әсері әлсіз болып бағаланғанда орнатқан немесе алып тастаған жөн. Алайда, әрбір пациентте әлсіз антикоагулянттық әсерге қол жеткізудің нақты уақыты белгісіз.
Тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін өндірушінің қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес тоқтату керек.
Инвазивті процедуралар мен хирургиялық араласулар кезінде дозалау бойынша ұсыныстар
Егер инвазивті емшараны немесе хирургиялық араласуды жүргізу қажет болса, 2,5 мг РИВАКСА-ны қабылдауды араласуға дейін кемінде 12 сағат бұрын және дәрігердің клиникалық қорытындысы негізінде тоқтату керек.
Егер ЖКС бар пациент жоспарлы операцияға дайындалып жатса және тромбоциттерге қарсы әсері жағымсыз болса, тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін қабылдауды өндірушінің қолдану жөніндегі нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес тоқтату қажет.
Егер процедураны кейінге қалдыру мүмкін болмаса, қан кету қаупінің жоғарылауы шұғыл араласу қажеттілігімен салыстырылып, бағалануы керек.
РИВАКСА-ны қабылдауды клиникалық жағдай мүмкіндік берсе және емдеуші дәрігердің кеңесі бойынша тиісті гемостазға қол жеткізілсе мүмкіндігінше тезірек инвазивті процедурадан немесе хирургиялық араласудан кейін қайта бастау керек.
Егде жастағы пациенттер
Пациенттің жасы ұлғайған сайын қан кету даму қаупі артуы мүмкін.
Тері реакциялары
Стивенс-Джонсон синдромын/уытты эпидермальді некролизді, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакцияны (DRESS-синдром) қоса, терінің елеулі реакциялары ривароксабанды қолданумен уақытша өзара байланыста маркетингтен кейінгі бақылау барысында хабарланды. Шамасы, пациенттерде мұндай реакциялардың пайда болу қаупі терапияның басталуына тура келеді: көп жағдайда алғашқы белгілер терапияның алғашқы апталарында пайда болады. Ривароксабанды қабылдауды ауыр түрдегі тері бөртпесі (яғни, бөртпелердің таралуы, жоғарылауы және/немесе күлдіреулердің пайда болуы) немесе шырышты қабықтардан аса жоғары сезімталдықтың кез-келген белгілері пайда болған кезде тоқтату керек
Қосымша заттар туралы ақпарат
РИВАКСА препаратының құрамында лактоза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығының проблемалары, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы керек.
Препарат құрамында 1 таблеткада 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, сондықтан оны іс жүзінде натрийсіз деп санауға болады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
CYP3A4 және Р гликопротеин тежегіштерімен өзара әрекеттесуі
Ривароксабан мен кетоконазолды (тәулігіне 1 рет 400 мг) немесе ритонавирді (тәулігіне екі рет 600 мг) бірге қолдану препараттың қан кету дамуының жоғары қаупіне алып келуі мүмкін фармакодинамикалық әсердің елеулі күшеюімен қатар жүретін ривароксабанның орташа тепе тең AUC 2,6/2,5 есе артуына және ривароксабанның орташа Сmax1,7/1,6 есе ұлғаюына алып келді. Сондықтан, кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол секілді азолды зеңге қарсы препараттармен немесе АИТВ протеаза тежегіштерімен жүйелі ем алатын пациенттерге ривароксабанды қолдану ұсынылмайды. Бұл заттар CYP3A4 және Р гликопротеинінің күшті тежегіштері болып табылады.
CYP3A4 немесе Р гликопротеині бар ривароксабанды шығару жолдарының біреуін ғана қатты тежейтін дәрілік заттар плазмадағы ривароксабан концентрациясын аз дәрежеде арттырады деп күтілуде.
Мысалы, CYP3A4 күшті тежегіші және Р гликопротеинінің орташа тежегіші болып саналатын кларитромицин (тәулігіне 2 рет 500 мг) ривароксабанның орташа AUC 1,5 есе және Сmax 1,4 есе ұлғаюын тудырды. Кларитромицинмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды болмағанмен, жоғары қаупі бар пациенттерде маңызды болуы мүмкін.
CYP3A4 және Р гликопротеинді орташа басатын эритромицин (тәулігіне 3 рет 500 мг) ривароксабанның орташа AUC және Cmax 1,3 есе ұлғаюына әкелді. Эритромицинмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды болмағанмен, жоғары қаупі бар пациенттерде (бүйрек жеткіліксіздігі бар пациентер үшін) маңызды болуы мүмкін.
Жеңіл дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицин қабылдау (тәулігіне үш рет 500 мг) бүйрек функциясы қалыпты адамдармен салыстырғанда ривароксабанның орташа AUC 1,8 есе және Сmax 1,6 есе жоғарылауын тудырды.
Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритромицин қолдану бүйректің қалыпты функциясы бар адамдармен салыстырғанда орташа AUC 2,0 есе және Cmax 1,6 есе жоғарылауын туындатты. Эритромициннің әсері бүйрек жеткіліксіздігінің әсерін толықтырады.
Орташа CYP3A4 тежегіші болып саналатын флуконазол (тәулігіне бір рет 400 мг) ривароксабанның орташа AUC 1,4 есе ұлғаюына және орташа Cmax 1,3 есе артуына әкеледі. Флуконазолмен өзара әрекеттесу пациенттердің көпшілігінде клиникалық тұрғыдан маңызды болмағанмен, жоғары қаупі бар пациенттерде (бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін) маңызды болуы мүмкін.
Дронедаронды қолдану бойынша қолда бар клиникалық деректер шектеулі, сондықтан оны ривароксабанмен бірге қолдануды болдырмау керек.
Антикоагулянттар
Эноксапаринді (40 мг бір реттік доза) және ривароксабанды (10 мг бір реттік доза) біріктіріп қолданғаннан кейін қанның ұю тестілерінің қосымша өзгерістерімен (протромбин уақыты, БІТУ) қатар жүргізілмеген Ха факторға қарсы әсердің күшеюі байқалды. Эноксапарин ривароксабанның фармакокинетикасына әсер етпеді.
Қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты пациенттер ривароксабанды басқа антикоагулянттармен бірге қолданған кезде сақ болу керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) / тромбоциттер агрегациясының тежегіштері
Ривароксабанды (15 мг) және напроксенді 500 мг дозада бірге тағайындағаннан кейін қан кету уақытының клиникалық маңызды ұзаруы байқалған жоқ. Дегенмен, жекелеген адамдарда неғұрлым айқын фармакодинамикалық жауап болуы мүмкін.
Ривароксабанды және ацетилсалицил қышқылын 500 мг дозада бірге қолданғанда клиникалық маңызды фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
15 мг ривароксабан мен клопидогрел (300 мг екпінді доза, содан кейін 75 мг демеуші доза) арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ, алайда кейбір пациенттерде тромбоциттер агрегациясымен және Р-селектин немесе GPIIb/IIIa-ға рецепторлар деңгейлерімен корреляцияланбаған қан кету уақытының елеулі ұлғаюы анықталды.
ҚҚСП (ацетилсалицил қышқылын қоса) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін қан кету қаупін арттыруы мүмкін болғандықтан, бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек.
Серотонинді/серотонинді-норэпинефринді кері қармаудың селективті тежегіші (СКҚСТ/СНКҚСТ)
Басқа антикоагулянттар жағдайындағыдай, тромбоциттерге әсер етуіне байланысты СКҚСТ-мен немесе СНКҚСТ-мен бірге қолданған жағдайда пациенттерде қан кету қаупі жоғары болуы ықтимал. Ривароксабанның клиникалық бағдарламасын бір мезгілде пайдалану кезінде барлық емдеу топтарында үлкен немесе үлкен емес клиникалық маңызды қан кетулердің анағұрлым жоғары жиілігі байқалды.
Варфарин
Пациенттердің варфарин К дәрумені антагонистінен (ХҚҚ 2,0-ден 3,0-ге дейін) ривароксабанға (20 мг) немесе ривароксабаннан (20 мг) варфаринге ауысуы БІТУ-на әсер ету, Ха фактор белсенділігі мен тромбиннің эндогендік потенциалын бәсеңдету кезінде аддитивті болған кезде протромбин уақытын/ХҚҚ (Неопластин реагенті) әсерлерін қарапайым жинақтау кезінде күткеннен көп дәрежеде арттырды (ХҚҚ-ның жекелеген мәндері 12-ге жетуі мүмкін).
Осындай өтпелі кезеңде ривароксабанның фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болған жағдайда варфарин әсер етпейтін қажетті тест ретінде Ха факторға қарсы белсенділік анықтамасын, PiCT және HepTest пайдалануға болады.
Варфаринді тоқтатқаннан кейінгі 4-күннен бастап талдаулардың барлық нәтижелері (оның ішінде ПУ, БІТУ, Ха фактор белсенділігінің тежелуі және ТЭӘ (тромбиннің эндогендік әлеуеті)) ривароксабанның әсерін ғана көрсетеді.
Өтпелі кезең кезінде варфариннің фармакодинамикалық әсерлерін зерттеу қажет болған жағдайда ривароксабан осы кезеңде осы көрсеткішке ең аз әсер ететін болғандықтан, C0 ривароксабан аясында (ривароксабан препаратының алдыңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң) ХҚҚ анықтамасын пайдалануға болады. Варфарин мен ривароксабан арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалмаған.
CYP3A4 индукторлары
Ривароксабанды және рифампициннің CYP3A4 күшті индукторын бірге тағайындау ривароксабанның орташа AUC шамамен 50% - ға төмендеуіне және оның фармакодинамикалық әсерінің қатар азаюына әкелді. Ривароксабанды басқа күшті CYP3A4 индукторларымен (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал немесе шілтер жапырақты шәйқурай) бірге қолдану ривароксабанның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Сондықтан тромбоз белгілері мен симптомдарына қатысты пациентті мұқият бақыламай, CYP3A4 күшті индукторларымен бірге ривароксабанды тағайындауды болдырмау керек.
Басқа қатар жүретін ем
Ривароксабан мен мидазолам (CYP3A4 субстраты), дигоксин (Р гликопротеин субстраты) немесе аторвастатин (CYP3A4 және Р гликопротеин субстраты) немесе омепразол (протон помпасының тежегіші) арасында клиникалық маңызды фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Ривароксабан CYP3A4 секілді CYP цитохромының негізгі изоферменттерін тежемейді және индукцияламайды.
Ривароксабанның тамақпен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.
Зертханалық параметрлер
Ривароксабан әсер ету механизмінің арқасында қанның ұю параметрлеріне (ПУ, БІТУ, HepTest) әсер етеді деп күтілуде.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Ривароксабанның 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. Сондықтан ривароксабанды 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік
Жүкті әйелдерді емдеу кезінде ривароксабанның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Ықтимал репродуктивті уыттылықты, қан кету қаупін және ривароксабанның гематоплацентарлық бөгет арқылы өтуінің дәлелдерін ескере отырып, ривароксабанды жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге ривароксабанмен емдеу кезеңінде жүктіліктің басталуынан сақ болу керек (ривароксабанмен емдеу кезеңінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану керек).
Лактация кезеңі
Ривароксабанның бала емізу кезеңінде әйелдерге қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Ривароксабанды бала емізу кезінде қолдануға болмайды. Бала емізуді тоқтату немесе емдеуді тоқтату/болдырмау туралы шешім қабылдануы керек.
Фертильділік
Ривароксабанның фертильділікке әсерін бағалау үшін адамдарға арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ривароксабан автокөлік пен механизмдерді басқару қабілетіне болмашы әсер етеді. Бас айналу немесе талма жағдайлары туралы хабарланды. Осындай реакциялар байқалған пациенттерге автокөлікті немесе механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
РИВАКСА препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 2 рет 2,5 мг 1 таблетканы құрайды.
Жедел коронарлық синдромнан (ЖКС) кейін ересек пациенттерде атеротромбоздық асқынуларды алдын алу
Тәулігіне 2 рет 2,5 мг РИВАКСА препаратын қабылдайтын пациенттерге ацетилсалицил қышқылын 75-100 мг тәуліктік дозада немесе ацетилсалицил қышқылын 75 мг тәуліктік дозада клопидогрелмен немесе стандартты тәуліктік дозада тиклопидинмен біріктіріп 75-100 мг тәуліктік дозада қабылдау керек.
Жүргізілген ем әрбір пациентте ишемиялық асқынулар мен қан кетулердің даму қаупі арасындағы теңгерім тұрғысынан жеке тәртіпте тұрақты түрде бағалануы керек. Қолдану тәжірибесі 24 айға дейін шектелгендіктен, ем жеке тәртіпте 12 айдан астам кезеңге ұзартылуы тиіс.
2,5 мг РИВАКСА препаратымен емдеу реваскуляризация бойынша емшараларды қоса, ЖКС-ға байланысты жай-күй тұрақтанғаннан кейін мүмкіндігінше ерте басталуы тиіс. РИВАКСА препаратын қабылдауды пациент стационарға түскеннен кейін 24 сағаттан ерте етпей және парентеральді антикоагулянттармен ем әдеттегідей тоқтатылғанда бастаған жөн.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) немесе шеткері артериялардың симптомдық ауруы (ШАА) бар ересек пациенттерде атеротромбоздық асқынуларды алдын алу
Тәулігіне 2 рет 2,5 мг РИВАКСА препаратын қабылдайтын пациенттерге ацетилсалицил қышқылын 75-100 мг тәуліктік дозада қабылдау керек.
Жүргізілген ем әрбір пациентте ишемиялық асқынулар мен қан кетулердің даму қаупі арасындағы теңгерім тұрғысынан жеке тәртіпте тұрақты түрде бағалануы керек.
Жіті тромботикалық құбылысы немесе қосарланған антитромбоциттік терапияны қажет ететін тамырларға араласу қажеттілігі бар пациенттерге тромбоздық құбылыстың немесе емшараның түріне, сондай-ақ антитромбоциттік ем түріне қарай күніне екі рет 2,5 мг РИВАКСА препаратын қабылдауды жалғастыру қажеттілігін бағалау керек.
Күніне екі рет ацетилсалицил қышқылымен және клопидогрелмен немесе тиклопидинмен бірге қабылдаған кезде 2,5 мг ривароксабанның қауіпсіздігі мен тиімділігі жақында ЖКС-ын басынан өткерген пациенттерде ғана зерттелген. ЖИА немесе ШАА бар пациенттерде күніне екі рет ривароксабанды 2,5 мг қабылдаумен біріктірілімде қос антитромбоцитарлық емді қолдану зерделенген жоқ.
ЖИА немесе ШАА диагностикалнған пациенттерге күніне екі рет 75-100 мг ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп РИВАКСА 2,5 мг препаратымен емдеу кез келген уақытта басталуы мүмкін.
Таблетканы қабылдау уақытын өткізіп алған жағдайда келесі жоспарланған қабылдау уақытымен РИВАКСА 2,5 мг препаратының ұсынылған дозасын қабылдауды тұрақты жалғастыру қажет. Доза қабылдауды өткізіп алған жағдайда қос дозаны қабылдауға болмайды.
К дәрумені антагонисттерінен (КДА) РИВАКСА-ға өту
КДА-дан РИВАКСА-ға ауысқан кезде РИВАКСА-ны қабылдағаннан кейін ХҚҚ мәндері жалған жоғарылауы мүмкін. ХҚҚ ривароксабанның антикоагулянттық белсенділігін анықтауға жарамды болмайды, сондықтан оны осы мақсатта қолданбау керек.
РИВАКСА-дан К дәруменінің антагонистеріне ауысу (КДА)
РИВАКСА-дан КДА-не ауысу кезінде антикоагулянттық әсер жеткіліксіз болуы мүмкін. Осыған байланысты басқа антикоагулянтқа осындай ауысу кезінде үздіксіз жеткілікті антикоагулянттық әсерді қамтамасыз ету қажет. РИВАКСА-ның ХҚҚ мәнін арттыруға ықпал етуі мүмкін екенін атап өту керек. РИВАКСА-дан КДА-не ауысқан кезде РИВАКСА-ны ХҚҚ ≥2,0 көрсеткішке жеткенге дейін КДА-мен бір мезгілде қабылдау керек. Өтпелі кезеңнің алғашқы екі күні ішінде ХҚҚ анықтамалары негізінде КДА дозасын кейіннен тағайындай отырып, КДА стандартты бастапқы дозасын қолдану керек. РИВАКСА мен КДА бір мезгілде қабылдау кезінде ХҚҚ алдыңғы дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағаттан ерте болмайтын уақытта және РИВАКСА-ның келесі дозасын қабылдау алдында айқындаған жөн. РИВАКСА қолдануды тоқтатқаннан кейін ХҚҚ-ның сенімді анықтамасын препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 24 сағаттан соң жүргізуге болады.
Парентеральді антикоагулянттардан ривароксабанға өту
Парентеральді антикоагулянттарды қабылдайтын адамдарға парентеральді антикоагулянтты тоқтатып, ривароксабанды парентеральді препаратты келесі жоспарлы енгізу сәтіне дейін 0-2 сағат бұрын (мысалы, төмен молекулалы гепарин) немесе парентеральді препаратты үздіксіз енгізу тоқтатылған сәтте (мысалы, фракцияланбаған гепаринді вена ішіне енгізу) қабылдау керек.
Ривароксабаннан парентеральді антикоагулянттарға ауысу
Ривароксабанды тоқтатып, келесі ривароксабан дозасын қабылдау керек болған сәтте парентеральді антикоагулянттың бірінші дозасын енгізу керек.
Пациенттердің жекелеген популяциялары бойынша қосымша ақпарат
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ривароксабанды қолдану туралы шектеулі клиникалық деректер (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) ривароксабанның плазмадағы деңгейінің едәуір жоғарылағанын көрсетті. Осыған байланысты ривароксабанды пациенттердің осы тобына сақтықпен қолдану қажет. Креатинин клиренсі <15 мл/мин болатын пациенттерге ривароксабанды қолдану ұсынылмайды.
Креатинин клиренсі 50-80 мл/мин болатын жеңіл дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе креатинин клиренсі 30-49 мл/мин болатын жеңіл дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ривароксабан дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ривароксабанды коагулопатиямен және Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В және С класындағы бауыр циррозын қоса, қан кетудің клиникалық маңызды даму қаупімен бірге жүретін бауыр аурулары бар пациенттерге қолдану қарсы көрсетілген.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес. Пациент жасының ұлғаюына қарай қан кету қаупі артады.
Дене салмағы
Дозаны түзету қажет емес.
Жынысы
Дозаны түзету қажет емес.
Балалар мен жасөспірімдер
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі ривароксабанның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. Сондықтан ривароксабанды балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
РИВАКСА препаратын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.
РИВАКСА таблеткаларын төмендетілген дозаны қабылдау мақсатында бөлуге болмайды.
Таблеткаларды тұтасымен жұта алмайтын пациенттер үшін РИВАКСА таблеткасын ұсақтап, сумен немесе алма езбесі секілді жеңіл тағаммен тікелей қолданар алдында араластыруға және пероральді қабылдауға болады.
РИВАКСА препаратының ұсақталған таблеткасын асқазан зонды арқылы енгізуге болады. РИВАКСА препаратын қолданар алдында асқазанда зондтың болуын растау керек. Ұсақталған таблетканы асқазан зонды арқылы судың аз мөлшерімен бірге енгізіп, содан кейін оны сумен шаю керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
1960 мг дейін артық дозаланудың сирек жағдайлары туралы хабарланды. Артық дозалану жағдайында пациентте қан кету асқынуының немесе басқа да жағымсыз реакциялардың бар-жоғын мұқият бақылау керек. Сіңірудің шектеулі болуына байланысты 50 мг тең және одан жоғары, емдік дозадан асатын дозаларды қолданғанда қан плазмасындағы оның экспозициясын одан әрі ұлғайтпай, препарат концентрациясының төмен деңгейлі плато дамуы күтіледі.
Андексанет альфа ривароксабанның фармакодинамикалық әсерін бейтараптандыратын ерекше антидот (немесе кері әсер ететін препарат) болып табылады (андексанет альфаға дәрілік заттың жалпы сипаттамасындағы ақпаратты қараңыз). Артық дозаланған жағдайда ривароксабанның сіңуін төмендету үшін белсендірілген көмірді пайдалануға болады.
Қан кетуді жою
Егер ривароксабан алатын пациентте қан кету түрінде асқыну пайда болса, препаратты келесі қабылдауды кейінге қалдыру немесе қажет болған жағдайда тоқтату керек. Ривароксабанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5-13 сағатты құрайды. Ем қан кетудің ауырлығына және орналасуына қарай жеке болуы керек. Қажет болса, механикалық компрессия (мысалы, мұрыннан ауқымды қан кетуде), қан кетуді тоқтатуға арналған шаралармен хирургиялық гемостаз, сұйықтықты толтыру және гемодинамикалық қолдау, қан препараттарын (эритроциттік масса немесе жаңа мұздатылған плазма, қатар жүретін анемия немесе коагулопатияның болуына байланысты) немесе тромбоциттерді құю секілді тиісті симптоматикалық емді қолдануға болады.
Егер жоғарыда аталған ісшаралар қан кетуді жоюға әкелмесе, Ривароксабанның фармакодинамикалық әсерін бейтараптандыратын Ха фактордың (андексанет альфа) әсерін тежейтін кері әсер ететін спецификалы препаратты тағайындауды немесе протромбин кешенінің концентраты (ПКК), белсендірілген протромбин кешенінің концентраты (БПКК) немесе рекомбинантты VIIa факторы (рФVIIa) секілді кері әсер ететін спецификалы прокоагулянтты препараттарды тағайындауды қарастыру керек. Алайда, қазіргі уақытта ривароксабан алатын пациенттерде осы препараттарды қолдану тәжірибесі шектеулі. Ұсыным шектеулі клиникалық емес мәліметтерге де негізделген. рФVIIa қайта енгізу және титрлеу қан кетудің оң динамикасына байланысты қарастырылуы тиіс. Ауқымды қан кету жағдайында жергілікті деңгейде қолжетімділікке байланысты коагулолог-маманның консультациясы туралы мәселені шешу керек.
Протамин сульфаты мен К дәрумені ривароксабанның ұюға қарсы белсенділігіне әсер етпейді деп күтілуде.
Транексам қышқылын қолданудың шектеулі тәжірибесі бар және ривароксабан алатын пациенттерде аминокапрон қышқылы мен апротининді қолдану тәжірибесі жоқ.
Ривароксабан қабылдайтын пациенттерде десмопрессин секілді жүйелі гемостаздық препараттарды қолданудың орындылығының ғылыми негіздемесі немесе тәжірибесі жоқ. Қан плазмасы ақуыздарымен қарқынды байланысуды ескере отырып, ривароксабан диализ жүргізгенде шығарылмайды деп күтілуде.
РИВАКСА препаратын қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгініңіз.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиісті шаралар
Жиі
анемия (тиісті зертханалық көрсеткіштерді қоса)
бас айналуы, бас ауыруы
көзге қан құйылу (конъюнктиваға қан құйылуды қоса)
артериялық гипотензия, гематома
эпистаксис (мұрыннан қан кету), қан түкіру
қызыл иектің қанағыштығы, асқазан-ішектен қан кету (тікішектен қан кетуді қоса), асқазан-ішек жолы аймағындағы ауырсыну, диспепсия, жүрек айну, іш қатуА, диарея, құсуА
трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
қышу (жайылған қышудың сирек жағдайларын қоса), бөртпе, экхимоз, тері және тері астылық қан құйылулар
аяқ-қолдың ауыруы А
несеп-жыныс жолынан қан кету (гематурия мен меноррагияны қосаВ), бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин концентрациясының жоғарылауын, мочевина концентрациясының жоғарылауын қоса)
қызба (температураның жоғарылауы)А, шеткері ісіну, жалпы бұлшықет күші мен тонусының төмендеуі (әлсіздік пен астенияны қоса)
жүргізілген емшаралардан кейінгі қан құйылулар (операциядан кейінгі анемияны және жарадан қан кетуді қоса), қанталау, жарадан бөлінділерА
Жиі емес
тромбоцитоз (тромбоциттер санының ұлғаюын қоса)А, тромбоцитопения
аллергиялық реакция, аллергиялық дерматит, ангионевроздық ісіну және аллергиялық ісіну
миішілік және бассүйекішілік қан құйылу, естен тану
тахикардия
ауыздың құрғауы
бауыр функциясының бұзылуы, қандағы билирубин, сілтілі фосфатазаА, гамма-глютамилтрансфераза (ГГТ)А деңгейінің жоғарылауы
есекжем
гемартроз
жалпы көңіл-күйдің нашарлауы (дімкәстікті қоса)
ЛДГ деңгейінің жоғарылауы А, липаза деңгейінің жоғарылауы А, амилаза деңгейінің жоғарылауы А
Сирек
сарғаю, конъюгацияланған билирубин деңгейінің жоғарылауы (аланинаминотрансфераза (АЛТ) қатар жүретін жоғарылауы кезінде немесе онсыз), холестаз, гепатит (гепатоцеллюлярлық зақымдануды қоса)
бұлшықетке қан құйылу
жергілікті ісіну А
тамырлы псевдоаневризма С
Өте сирек
анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шокты қоса
Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция, DRESS-синдром
Белгісіз жиілікпен
қан кету салдарынан болатын компартмент-синдром
А: тізе немесе жамбас буынын жоспарлы протездеуден кейін ересек пациенттерде вена тромбоэмболиясын (ВТЭ) алдын-алу кезінде тіркелді
B: ТГВ мен ӨАТЭ емдеу және рецидивті алдын алу кезінде <55 жастағы әйелдерде өте жиі тіркелді
C: жедел коронарлық синдромнан кейін (тері арқылы араласудан кейін) пациенттерде кенеттен өлімнің және миокард инфарктісін алдын алуда жиі емес ретінде тіркелді.
Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Ривароксабанның фармакологиялық әсер ету механизмін ескере отырып, оны қолдану постгеморрагиялық анемияға әкелуі мүмкін кез-келген ағзалар мен тіндерден жасырын немесе айқын қан кету қаупінің жоғарылауымен бірге жүруі мүмкін. Белгілері, симптомдары және ауырлығы (өліммен аяқталуды қоса) қан кетудің және/немесе анемияның орналасқан жеріне және ауырлық дәрежесіне немесе ауқымдылығына қарай өзгереді.
Клиникалық жағдайларда шырышты қабықтардан қан кету (мысалы, мұрын, қызыл иек, асқазан-ішек және несеп-жыныс жолдарынан, оның ішінде патологиялық қынаптық және етеккірлік қан кету) және анемия К дәруменінің антагонистерімен (КДА) емдеумен салыстырғанда ривароксабанмен ұзақ емдеу кезінде жиі байқалды. Сондықтан, тиісті клиникалық тексеруден басқа, қажет болған жағдайда жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін зертханалық анықтау және айқын қан кетудің клиникалық маңыздылығын сандық бағалау маңызды болуы мүмкін.
Қан кетудің даму қаупі пациенттердің кейбір топтарында, мысалы, бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензиямен және/немесе гемостазға әсер ететін препараттармен қатар емделетіндерде жоғарылауы мүмкін.
Етеккірлік қан кету ұзағырақ және қарқынды болуы мүмкін. Геморрагиялық асқынулар әлсіздік, бозару, бас айналу, бас ауыруы, түсініксіз ісіну, ентігу немесе түсініксіз шок жағдайында көрінуі мүмкін. Кейбір жағдайларда кеуде артының ауырсынуы немесе стенокардия секілді анемия салдарынан миокард ишемиясының симптомдары байқалды.
Ривароксабанды қолданғанда ауыр қан кету салдарынан компартмент-синдром және гипоперфузия нәтижесінде бүйрек функциясының жеткіліксіздігі секілді белгілі асқынулар тіркелді. Сондықтан антикоагулянттар алатын кез-келген пациенттің жағдайын бағалау кезінде қан құйылу мүмкіндігін қарастырған жөн.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса , дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
Белсенді зат - ривароксабан 2.5 мг
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозы, гипромеллоза 2910 5сП, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты.
үлбірлі қабықтың құрамы: опадрай ақ 04F580011, титанның қостотығы (Е171), макрогол
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе дерлік ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында "R20" және екінші жағында "H" деген жазуы бар дөңгелек пішінді екі жағы дөңес таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті/ поливинилдихлоридті мөлдір үлбірден және аллюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
HETERO LABS LIMITED
Unit – V, Survey No. 439, 440, 441 & 458
TSIIC Formulation SEZ, Polepally village,
Jadcherla Mandal, Mahaboob Nagar
(Dist) - 509301, Телангана штаты, Үндістан
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғ. – 13;
Тел: +7 (727) 3115362, +7(727) 3115352
regulatory-pvg.kz@camberglobal.com
PV.kazakhstan@heterodrugs.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты болатын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғ. – 13;
Тел: +7 (727) 3115362, +7(727) 3115352
regulatory-pvg.kz@camberglobal.com
PV.kazakhstan@heterodrugs.com