Рибоксин-Дарница

МНН: Инозин
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008519
Информация о регистрации в РК: 14.01.2016 - 14.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Рибоксин-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инозин

Дәрілік түрі, дозасы

Инъекцияға арналған ерітінді 2 %

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Кардиологиялық препараттар. Басқа кардиотонустық препараттар.

АТХ коды С01ЕВ

Қолданылуы

- жүректің ишемиялық ауруын кешенді емдеуде (миокард инфарктісінен кейінгі жағдай, стенокардия), жүрек ырғағының бұзылуында, жүрек гликозидтері препараттарымен уыттануда, шығу тегі әр түрлі кардиомиопатияны, миокардиодистрофияны (ауыр дене жүктемелері аясындағы, шығу тегі инфекциялық және эндокриндік), миокардиттерді емдеуде

- бауыр ауруларында (гепатиттер, бауыр циррозы, бауырдың майлы дистрофиясы)

- сәулелену кезінде лейкопенияның профилактикасында.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- подагра

- гиперурикемия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Бүйрек жеткіліксіздігі препаратты қолдануға шектеу болып табылады.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Қышыну және тері гиперемиясы пайда болған кезде препаратты тоқтатқан жөн.

Емдеу кезінде несептегі және қандағы несеп қышқылының деңгейін бақылап отыру қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі препаратты қолдануға шектеу болып табылады. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде препаратты, дәрігердің пікірі бойынша, күтілетін жағымды әсері қолданған кезде мүмкін болатын қауіптен асып түсетін кезде ғана, тағайындаған дұрыс.

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдануға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа да дәрілік заттармен бірге қолданғанда болуы мүмкін:

гепаринмен – гепариннің әсері күшейеді, оның әсер ету ұзақтығы ұзарады;

жүрек гликозидтерімен – аритмия туындауының алдын алады, жағымды инотропты әсері күшейеді.

β-адреноблокаторлармен бір мезгілде қолданған кезде рибоксиннің әсері кемімейді.

Нитроглицеринмен, нифедипинмен, фуросемидпен, спиронолактонмен бір мезгілде қолдануға болады. Алкалоидтармен, қышқылдармен, спирттермен, ауыр металл тұздарымен, танинмен, В6 дәруменімен (пиридоксин гидрохлоридімен) бір ыдыста үйлесімсіз.

Бір шприцте немесе бір инфузиялық жүйеде басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды. Тек қана ұсынылған еріткіштерді пайдалану керек.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.

Препараттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Вена ішіне қолданылады.

Препаратты ересектерге сорғалатып немесе минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамшылатып (баяу) қолданады.

Вена ішіне тамшылатып енгізгенде препаратты 5 % глюкоза ерітіндісінде немесе 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде (250 мл дейін) сұйылтады. Емдеудің басында 200 мг (10 мл 2 % ерітінді) тәулігіне 1 рет, одан әрі жақсы көтере алғанда тәулігіне 1-2 рет 400 мг дейін (20 мл 2 % ерітінді) арттыруға болады. Емдеу курсы жекелей анықталады, орташа алғанда – 10-15 күн.

Жүрек ырғағының жедел бұзылуында бір реттік 200 - 400 мг (10-20 мл 2 % ерітінді) дозада сорғалатып енгізуге болады.

18 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдануға болмайды.

Енгізу әдісі және жолы

Препаратты парентеральді тағайындайды.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы – дәрігер анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Симптомдары: қышынумен, тері гиперемиясымен білінетін препаратқа жекелей жоғары сезімталдық болуы ықтимал.

Емі: препаратты тоқтату, десенсибилизациялаушы ем.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Қабылдауды өткізіп алған дәрілік заттың орнын толтыру үшін дозаны екі еселеп қабылдауға болмайды. Препаратты қолдану туралы сұрақ туындаса, дәрігерден кеңес алыңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі туралы нұсқау

Бұл дәрілік затқа қатысы жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты әрдайым қосымша-парақшаларға немесе дәрігердің ұсыныстарына сәйкес толық қолданыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Барлық дәрілік препараттар сияқты, препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, алайда олар барлығына пайда бола бермейді.

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 бастап < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 бастап < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 бастап < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

Жиі емес: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айну сезімі, құсу, тершеңдікпен қатар жүретін тахикардия, артериялық гипотензия

Сирек: жалпы әлсіздік, енгізген орындағы өзгерістер (гиперемияны, қышынуды қоса)

Өте сирек: гиперурикемия, подаграның өршуі (жоғары дозаларды ұзақ қабылдағанда), бөртпе, қышыну, тері гиперемиясы, есекжем, анафилактикалық шокты қоса, аллергиялық/анафилактикалық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарлау керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – рибоксин (инозин) 20 мг

қосымша заттар: натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

I класты бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда 5 мл-ден.

Ампулада өздігінен жабысатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңбаны жапсыруға немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа сияны қолдануға рұқсат етіледі.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампула ашуға арналған пышақпен бірге гофрлауға арналған қағаздан жасалған астары бар картон қорапқа салынған.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптаған кезде ампула ашуға арналған пышақ салынбайды.

Қораптарға заттаңбалық қағаздан немесе офсеттік қағаздан жасалған заттаңбалық-бандерольмен жапсырылады.

Қораптарды медицинада қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тиісті санымен топтық қаптамаға салуға рұқсат етіледі.

Пішінді ұяшықты қаптамаға ампуланы ашуға арналған пышақпен бірге 5 ампуладан салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптаған кезде ампула ашуға арналған пышақ салынбайды.

Сақтау мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші туралы мәлімет

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ., Борисполь к-сі, 13.

Телефон, факс: (+38044)5666878

е-mail: vigilance@darnitsa.ua

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ., Борисполь к-сі, 13.

Телефон, факс: (+38044)5666878

е-mail: vigilance@darnitsa.ua

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ЖК «Утегенова Ж.Ж.»

050043, Алматы қ., Науаи к-сі 68, 49 пәтер

телефон: (+ 727) 2424328 (тәулік бойы)

е-mail: vigilance@darnitsa.ua

Прикрепленные файлы

ЛВ_Рибоксин_раствор_рус.docx 0.05 кб
Рибоксин-Дарница_каз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники