Рибоксин (20 мг/мл, 10 мл, Новосибхимфарм ОАО)

МНН: Инозин
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011917
Информация о регистрации в РК: 23.10.2013 - 23.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Рибоксин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инозин

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізуге арналған 20 мг/мл, 10 мл ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат: рибоксин (инозин) – 20 мг;

қосымша заттар: гексаметилентетрамин (метенамин), натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе әлсіз боялған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Басқа да кардиотонустық препараттар.

АТХ коды: C01EB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Глюкурон қышқылын түзіп, артынан оны тотықтандыра отырып, бауырда метаболизденеді. Несеппен бірге болымсыз мөлшерде бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Гипоксияға қарсы және аритмияға қарсы әсер етеді. Миокардтың энергетикалық теңгерімін арттырады, коронарлық қан айналымын жақсартады, бүйректің интраоперациялық ишемиясының салдарын болдырмайды. Глюкоза алмасуына тікелей қатысады және гипоксия жағдайында және АТФ болмағанда алмасудың белсенділенуіне ықпал етеді.

Тіндік тыныс алудың қалыпты үдерісін қамтамасыз ету үшін қажетті пирожүзім қышқылының метаболизмін белсенділендіреді, сондай-ақ ксантин-дегидрогеназаның белсенділенуіне әсер етеді. Нуклеотидтер синтезін стимуляциялайды, Кребс циклының кейбір ферменттерінің белсенділенуін күшейтеді. Жасушаға өте отырып, миокардтағы метаболизм үдерісіне оң әсер етеді – жүректің жиырылу күшін ұлғайтады және диастоладағы миокардтың толығырақ босаңсуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қағу көлемі артады. Антиаритмиялық әсер механизмі толық анықталмаған.

Тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, тіндер регенерациясын белсенділендіреді (әсіресе миокардтың және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының).

Қолданылуы

Кешенді емдеуде:

  • миокард инфарктісін өткергенде,

  • жүректің ишемиялық ауруында,

- жүрек гликозидтерін қолдануға байланысты, сондай-ақ өткерген жұқпалы аурулардан кейінгі миокардиодистрофия аясындағы жүрек ырғағы бұзылуында;

Бауыр ауруларында (гепатиттерде, циррозда, майлы дистрофияда), урокопропорфирия. Оқшауланған бүйрекке операцияларда (қан айналымын ажыратқанда фармакологиялық қорғану дәрісі ретінде).

Қолдану тәсілі және дозалары

  • Препаратты көктамыр ішіне баяу сорғалатып немесе тамшылатып (минутына 40-60 тамшы) қолданады. Емдеуді күніне 1 рет 200 мг (10 мл ерітінді 20 мг/мл) енгізуден бастайды, содан соң, жақсы көтере алған кезде, дозаны 400 мг (20 мл ерітінді 20 мг/мл) дейін күніне 1-2 рет ұлғайтады. Емдеу ұзақтығы 10-15 күн.

  • Жүрек ырғағының жедел бұзылуында препаратты сорғалатып енгізу бір реттік 200-400 мг (10-20 мл ерітінді 20 мг/мл) дозада мүмкін болады.

  • Ишемияға ұшыраған бүйректі фармакологиялық қорғау үшін, рибоксинді бүйрек артериясын қысудың алдында 5-15 минут бұрын көктамыр ішіне сорғалатып бір реттік 1,2 г (60 мл ерітінді 20 мг/мл) дозада, ал содан соң тағы 0,8 г (40 мл ерітінді 20 мг/мл) бірден қан айналымы қалпына келгеннен кейін енгізеді.

  • Көктамырға тамшылатып енгізуде 20 мг/мл препарат ерітіндісін 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің (250 мл дейін) изотониялық ерітіндісінде сұйылтады.

Жағымсыз әсерлері

  • Аллергиялық реакциялар:

  • тері қышынуы

  • тері гиперемиясы (препаратты тоқтату керек).

Сирек:

- қандағы несеп қышқылының концентрациясы артуы

- тахикардия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- подагра

- гиперурикемия

- жүктілік

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі жас (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталмаған).

Сақтықпен

Бүйрек жеткіліксіздігі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Иммунодепрессанттар рибоксиннің тиімділігін төмендетеді.

Жүрек гликозидтерімен бірге қолдануда препарат аритмия туындауының алдын алуы, оң инотроптық әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Рибоксин жүрек қызметінің бұзылуын шұғыл түзету үшін қолданылмайды. Қышыну және тері гиперемиясы пайда болғанда емдеуді тоқтату керек.

Ұзақ емдеу уақытында дұрысы қандағы және несептегі несеп қышқылы концентрациясын бақылау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік уақытында қолдануға болмайды. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, емдеу уақытында жоғары назар аударуды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын талап ететін автокөлік басқарудан және қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқан дұрыс.

Артық дозалануы

Қазіргі кезде артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Жоғары дозаларды енгізген кезде бүйрек қызметі қалыпты емделушілерде жүрек айнуы, асқазанның ауыруы, жүрек ырғағының (блокада типі бойынша) бұзылуы пайда болуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем, қажет болғанда тері астына 200-400 мг натрий кофеин-бензоатын енгізуге болады. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл-ден бейтарап шыны ампулаларда.

10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор картон қорапқа салынады.

Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптаған жағдайда ампулаларды ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосібір қ., Декабристер к-сі, 275

тел. (383) 363-32-44,

факс (383) 363-32-55

Тіркеу куәлігінің иесі

«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Валента Фарм» ААҚ өкілдігі, Алматы қ., Абай даңғылы, Радостовец к-сінің бұрышы, 151/115, «Алатау» бизнес-орталығы №702 кеңсе

Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com

 

Прикрепленные файлы

914296771477976795_ru.doc 50.5 кб
679364261477977954_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники