Рибоксин №50 (200 мг, Борисовский завод медицинских препаратов)

МНН: Инозин
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012087
Информация о регистрации в РК: 14.12.2023 - 14.12.2033
Номер регистрации в РБ: 20/12/340
Информация о регистрации в РБ: 23.02.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Рибоксин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инозин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: инозин (100% затқа шаққанда) – 200 мг;

қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон, қант ұнтағы, стеарин қышқылы, опадрай II (құрамы: поливинил спирті, ішінара гидролизделген, тальк, макрогол 3350), сары түсті пигмент бояғышы, (құрамы титанның қостотығы E 171, темірдің сары тотығы E 172, хинолинді сары негізіндегі алюминий лагы Е 104).

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабаты көрінеді.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да кардиотонустық препараттар.

АТХ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолында жақсы сіңіріледі. Глюкурон қышқылын түзе және артынан оны тотықтандыра отырып, бауырда метаболизденеді. Болымсыз мөлшерде бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Метаболикалық дәрі, аденозинтрифосфаттың ізашары; гипоксияға қарсы, метаболиялық және аритмияға қарсы әсер етеді. Миокардтағы энергетикалық теңгерімді арттырады, коронарлық қан айналымын жақсартады, бүйректің интраоперациялық ишемиясы салдарының алдын алады. Глюкоза алмасуына тікелей қатысады және гипоксия жағдайы мен аденозинтрифосфат болмағанда зат алмасудың белсенділенуіне ықпал етеді.

Тіндік тыныс алудың қалыпты үдерісін қамтамасыз ету үшін пирожүзім қышқылының метаболизмін белсенділендіреді, сонымен қатар ксантиндегидрогеназаның белсенділенуіне түрткі болады.

Нуклеотидтер синтезін көтермелейді, Кребс циклының кейбір ферменттері белсенділігін күшейтеді. Жасушаларға өте отырып, энергетикалық деңгейін жоғарылатады, миокардтағы алмасу үдерісіне оң әсер етеді, жүректің жиырылу күшін ұлғайтады және диастолада миокардтың барынша толық босаңсуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қанның екпінді көлемі артады.

Тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, тіндер регенерациясын (әсіресе, миокард пен асқазан-ішек жолы шырышты қабығының) белсенді етеді.

Қолданылуы

-миокардиттерде

-дене жүктемесімен, өткерген жұқпалы аурулармен, эндокриндік бұзылулармен (тиреотоксикалық жүрек) байланысты миокардиодистрофияларда

- жүрек гликозидтерінің артық дозалануымен байланысты аритмиялардың алдын алуда

- жедел және созылмалы гепатиттер, бауыр циррозында (кешенді ем құрамында)

- ишемияланған бүйректі операцияға дайындау

- сәулемен емдеуде лейкопенияның алдын алдын алуда, сәулесоқ ауруында

- порфирияда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тамақтануға дейін ішке қабылдайды.

Ересектерге 600 – 2400 мг тәуліктік дозада тағайындау керек. Емді күніне 3 - 4 рет 200 мг қабылдаудан бастайды. Жағымсыз әсерлері болмаған жағдайларда 2 - 3 күннен кейін дозаны күніне 3 рет 400 мг-ға дейін көтереді. Әрбір 2 - 3 күнде дозаны жоғарылатуды жалғастыра отырып, алдымен күніне 4 рет, ал содан кейін күніне – 6 рет Рибоксинді 400 мг в дозада қабылдауға көшеді.

Емдеу курсы 1- 3 айды құрайды. Порфирия асқынғанда Рибоксинді 400 мг-ден күніне 4 рет, күнделікті, 1- 3 ай бойы тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- гиперурикемия

- подаграның асқынуы (жоғары дозаны ұзақ уақыт қабылдауда)

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, терінің гиперемиясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- подагра

- Рибоксинге жоғары сезімталдық

- 2 – 3 дәрежедегі брадиаритмия

- синусты түйіннің әлсіздігі cиндромы

- WPW – синдромы, Морганьи – Адамс – Стокс симптомы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда анаболикалық стероидтар мен стероидты емес анаболикалық дәрілердің әсерлерін күшейтеді.

Теофиллиннің бронхолитикалық әсері мен кофеиннің психостимуляциялаушы әсер етуін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметінің бұзылуымен емделушілерге Рибоксинді аса сақтықпен тағайындау керек. Осындай жағдайда қандағы несеп қышқылы мен мочевина деңгейін бақылау ұсынылады.

Лейкопенияда қолданылуы

Рибоксинді лейкопенияның ауыр түрінде, шеткергі қандағы нейтрофилдер деңгейі литрде 1,5 ×109 төмен болғанда қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Рибоксин жүктілік және лактация кезеңінде пайда/қаупін ескеріп тағайындалады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Рибоксинді қабылдау емделушінің көлік құралын басқару немесе басқа да операторлық қызметтермен айналысу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жекелей көтере алмаушылық белгілері болған жағдайда дәрілік затты қабылдауды тоқтатады және десенсибилизациялайтын ем жүргізеді. Қандағы несеп қышқылы деңгейі жоғарылауы мүмкін, ол подаграмен ауруларда препаратты қабылдауды тоқтатуды қажет ететін асқынуға әкеледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің

(тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның

мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177) 744280, электрондық поштасы market@borimed.com

 

Прикрепленные файлы

781723221477976832_ru.doc 44 кб
715359411477977992_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ