Риабал

МНН: прифиний бромид
Производитель: Джазира Фармасьютикал Индастрис, по лицензии Астеллас Фарма Инк., Япония
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Prifinium bromide
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023090
Информация о регистрации в РК: 03.07.2017 - 06.08.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Риабал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Прифиний бромиді

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – прифиний бромиді 90.0 мг,

қосымша заттар: сахароза, натрий сахарині, глицерин, пропиленгликоль, сұйық сорбитол, натрий бензоаты (Е 211), натрий цитраты, аммоний глициризинаты, карамель хош иістендіргіші, қызыл аллюр бояғышы FD&C № 40 (Е129), FD&C № 6 сары (Е 110), тазартылған су.

Сипаттамасы

Карамель дәмі бар қызғылт сары түсті шәрбат.

Фармакотерапиялық тобы

Ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Синтетикалық холиноблокаторлар – төрттік аммоний қосылыстары. Прифиний бромиді

АТХ коды А03АВ18

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат сарысудағы ең жоғарғы деңгейіне (6.76-14.3 нг/мл) қабылдағаннан кейін 2-3 сағат ішінде жетеді. Препаратты пероральді енгізгеннен кейін ұқсас болып көрінетін жартылай ыдырау кезеңі 2.18 сағатты құрайды. Дегенмен, пероральді қабылдаған кезде биожетімділігі төмен болған (3.4%).

Фармакодинамикасы

Прифиний бромиді төрттік аммоний қосылыстарының тобынан М-холиноблокаторы болып табылады. Ол әр жерде: асқазанда, ішек жолында, өт шығаратын жолда, несеп жолында орналасқан М-холинорецепторларына әсер етеді, оларды таңдаулы тежейді, соның салдарларынан парасимпатикалық жүйкенің шетінде қалыптасатын ацетилхолинге сезімталдықты жоғалтады. Соның арқасында жатырдың, несепағардың, өт қалтасының және өт шығару жолының, өңештің және ішектің тегіс бұлшықеттерінің түйілуін тиімді жояды және алдын алады, тегіс бұлшықеттің тонусы төмендейді, жиырылуы әлсізденеді, НС1, пепсинді өндірілуі төмендейді, ұйқы безі сөлінісінің бөліну белсенділігі азаяды. Орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді.

Қолданылуы

Келесі аурулар кезінде асқазан-ішек жолының түйілуі және қатты жиырылуы нәтижесіндегі ауыру синдромында:

- жедел гастрит;

- созылмалы гастриттің асқынуы;

- асқазанның және ОЕІ ойық жарасы;

- энтероколиттер;

- тітіркенген тоқ ішек синдромы;

- өт шығаратын жол, өт қалтасы тегіс бұлшықетінің түйілуі және дискинезиясы нәтижесінде, калькулезды холецистит кезінде ауыруы синдромы;

- ұйқы безінің қабынуы кезінде ауыруы.

Несеп-жыныс жолының түйілуінен туындаған ауыру синдромы:

  • альгодисменоррея;

  • несептас ауруы;

  • қуықтың қабынуы (цистит).

Риабалды АІЖ аспаптық және рентгенологиялық тексеру алдында дайындық

ретінде қолданады.

Ол жаңа туған нәрестелерде және бір жасар балаларда құсу, іштің кебуі, АІЖ тегіс бұлшықеттерінің түйілуі (ішек шаншуы) кезінде көрсетілген.

АІЖ органикалық ауруларының симптоматикалық емі. Құсу (жедел гастроэнтерит, гипертермия, бассүйек іші гипертензиясы кезінде; сәулелік емді жүргізгеннен кейін).

Ішектің бітелу және метеоризм симптоматикасымен бірге жүретін жуан ішектің бұзылған функциясының нәтижесінде іштің ауыру синдромы.

Қолдану тәсілі және дозалары

Пероральді қолдануға арналған шәрбат.

Ересектерге тәуліктік доза 3 қабылауға бөлінген (күніне 3 рет 20-40 мл шәрбаттан) күніне 90-180 мг прифиний бромидін құрайды. Жедел ауыру синдромының ұстамасы пайда болған кезде ересектерге бір рет 90 мг дейін прифиний бромидін тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлердің жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000).

Сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін) -ға дейін): ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іштің қатуы, көру аккомодациясының бұзылуы, бас айналуы, бас ауыруы, жүректің қатты соғуы, қанның бетке тебуі, несеп шығарылуының бұзылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлер сирек кездеседі және дозаны азаятқанда немесе препаратты тоқтатқанда жоғалады.

Қосымша заттармен байланысты жағымсыз құбылыстар:

  • қызыл аллюр бояғышы FD&C № 40 (Е129), FD&C № 6 сары (Е 110) – аллергиялық реакциялар болуы ықтимал.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глаукома

- қуықүсті безінің гипертрофиясымен байланысты несептің жедел іркілуі

- жүрек-қантамыр жүйесінің күрделі аурулары

- салданған ішек бітелуі

- препараттың қосалқы компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, препараттың құрамында қанттың және сорбитолдың болуына байланысты сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Прифиний бромидін трициклді антидепресанттармен, имипраминмен, амитриптилинмен, фенотиазинмен, хлорпромазинмен, антигистаминдік препараттармен, дифенгидраминмен, моноаминоксидаза тежегіштерімен бірге сақтықпен қолдану қажет. Антихолинергиялық препараттардың әсерінің салдарынан жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін (көру аккомодациясының бұзылуы, ауыздың құрғауы, несеп шығарудың бұзылуы және т.б.).

Айрықша нұсқаулар

Антихолинергиялық әсері бар препараттармен қабылдау көзішілік қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Простата гипертрофиясы бар науқастарда антихолинергиялық дәрілер несеп шығару жиілігін азайтуы және дизурияның нашарлауына әкелетін қуық көлемінің қатты үлкеюін туындатуы мүмкін.

Прифиний бромидін гипертиреозы бар пациенттерде сақтықпен қолдану қажет, әдетте, оларда жүректің қағуы немесе тахикардия, тиісінше, симптомдардың асқынуы байқалуы мүмкін.

Прифиний бромидін іркілген жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек, себебі жүрек белсенділігі артуы мүмкін, ол симптомдардың асқынуына әкеледі.

Прифиний бромидін ойық жаралы колиті бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек, себебі уытты мегаколон пайда болуы мүмкін.

Прифиний бромидін қоршаған ортаның жоғары температурасының әсеріне ұшырайтын пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, себебі тері бездері арқылы сөліністің бөліну жүйесі бәсеңдейді және дене температурасының реттелуі төмендейді, гипертермия пайда болуы мүмкін.

Препараттың құрамында қанттың және сорбитолдың болуына байланысты прифиний бромидін қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн.

Прифиний бромидін егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы

Жүкті әйелдердің Прифиний бромидін қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.

Басқа препараттар сияқты Риабалды жүктілік және емшек емізу кезінде күтілетін емдік әсері емдеумен байланысты ықтимал қауіптен жоғары болса ғана қабылдаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Риабал көру аккомодациясының бұзылуын туындатуы мүмкін болғандықтан пациенттерге көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс сияқты жоғары зейінділікті қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындаудан аулақ болған жөн.

Артық дозалануы

Асқазанды шаю ұсынылады. Әлсіз тұзды ерітіндіні жиырылуды жақсарту үшін қолданады. Физостигмин салицилатын (1-ден 2 мг дейін) бұлшықет ішіне, вена ішіне немесе тері астына антихолинергиялық дәрілердің орталық және шеткері жүйеге әсер етуін бақылау үшін енгізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 мл шәрбаттан янтарь түсті полимерлі құтыларда. 1 құтыдан дозалайтын құрылғы мен қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25 ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Джазира Фармасьютикал Индастрис, Сауд Аравиясы, Астеллас Фарма Инк. лицензиясы бойынша, Осака, Жапония

Қаптаушы

Хикма Фармасьютикалс, Иордания

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Хикма Фармасьютикалс, Иордания

Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы және мекенжайы

Хикма Фармасьютикалс өкілдігі

Алматы, «Керемет» ТК 7-үй, 28-корпус, 1-пәтер

Тел. + 7 727 315 55 70

Прикрепленные файлы

риабал_каз.doc 0.06 кб
Риабал_рус.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту