Репарил-гель Н
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Репарил-гель Н
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған гель 40 және 100 г-дан
Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді заттар: 1 г эсцин, 5 г диэтиламин салицилаты
қосымша заттар: лаванда майы, ащы апельсин гүлінің майы (нерол майы), карбомерлер, макрогол-6-глицеролкаприлкапраты, динатрий эдетаты, трометамол, 2-попанол, тазартылған су.
Сипаттамасы
Түссізден ашық-сары түске дейінгі, лаванда мен 2-пропанолдың иісі бар мөлдір гель.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Салицил қышқылының туындылары бар препараттар.
АТХ коды МО2АС
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тері арқылы сіңуін зерттеу мақсатында 3H эсцинді теріге төсеген. Жаққан бөліктің бетіне окклюзиялық таңғышты төсеген. Жалпы белсенділігінің концентрациясын, ұшпалы емес заттардың әсері мен эсциннің белсенділігін (жұқа қабатты хромотографияны жүргізген соң) жағудан кейін әртүрлі уақыт аралықтарында, түрлі тіндер мен мүшелерде анықтаған. Бүкіл зерттеу бойына өтпен және несеппен шығарылу дәрежесін өлшеп отырған. Сіңірілуінің (1-2 тәулік өткенде шығарылуы арқылы өлшенетін) дәрежесі барлық жануарлар түрлерінде айтарлықтай төмен; ол жағылған дозаның <2% құрайды. Алайда эсциннің айтарлықтай жоғары дозасы жағу аймағы астындағы едәуір тереңде жатқан бұлшықет тіндерінде анықталған.
Дерма мен тері асты қабатындағы белсенділігінің ең жоғары деңгейлеріне жаққаннан кейін 6 сағат өткенде жетеді.
Репарил-гель Н жергілікті салқындатқыш әсер етіп, теріні тітіркендірмейді.
Фармакодинамикасы
Репарил-гель Н – жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы біріктірілген препарат. Эсцин қылтамырпротекторлық тиімділікке ие, жергілікті ісінуді, ауыруды, тіндердің ширығуын азайтады.
Диэтиламин салицилат қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер етеді.
Репарил-гель Н қылтамырлардың өткізгіштігін төмендетеді, көктамыр тонусын көтеретін, ісінуге қарсы, қабынуға қарсы әсер етеді. Протеогликанды ыдырататын лизосомальді ферменттердің белсенділенуін болғызбайды, көктамырлар мен қылтамырлар нәзіктігін және өткізгіштігін төмендетеді, микроайналымды жақсартады, қан ағысын күшейтеді, көктамырлық іркілісті жояды. Экссудацияны азайтады, сұйықтықтың тінге жалқық болып түсуін жояды және бар ісіктің жазылып кетуін жеделдететді. Қабыну үдерістерін тежейді, микроайналымды жақсартады.
Қолданылуы
- соғылу жарақаттарында, байламдардың созылуында, гематомаларда, сіңірдің қабынуында
-омыртқа паталогиясына (омыртқааралық диск, люмбаго мен ишиас) байланысты ауыру синдромдары
-көктамырлардың беткей қабынуы (соның ішінде инъекциядан немесе инфузиядан кейінгі), көк тамырдың варикоздық кеңеюі.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Репарил-гель Н препаратын тәулігіне бір немесе бірнеше рет жағады.
Гельді теріге біркелкі жая отырып препаратты зақымданған аймақтарға жағады.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек жағдайларда терінің аллергиялық реакциялары (гиперемия, қышыну, тері бөртпесі) болуы ықтимал
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-препаратқа асқын сезімталдық
-препаратты шырышты қабықтарға, зақымданған теріге (ашық жараға) немесе жуырда сәулеленуге ұшыраған аймақтарға жағуға болмайды
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік өнімдермен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесуінің басқа да формалары белгісіз
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде ауқымды аймақтарға жағудан аулақ болу керек, сондай-ақ гельді бала емізу кезінде сүт бездеріне жағуға болмайды.
Балалар жасы
Балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары осы уақытқа дейін тіркелмеген
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Бірінші ашылуы бақыланатын полиэтиленді бұралатын қақпақшасы бар алюминий немесе пластик сықпаларда 40 немесе 100 г-дан.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулыпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
Алюминий сықпаларда: 5 жыл
Пластик сықпаларда: 3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Мадаус ГмбХ, 51101 Кёльн, Германия
Тел/факс: +49 221 8998-0 / 49 221 8998-701
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Мадаус ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушлардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Роттафарм С.П.А.» (Италия) фирмасының Мәскеудегі өкілдігі
117321, Мәскеу, Островитянов к-сі, 14 үй, 108 кеңсе
Тел/факс: (495) 937-85-04 / (495) 937-85-01
E-mail: Yaroslava.chuprinova@rotta.ru