Реополиглюкин - РТ

МНН: Декстран
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dextran
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010720
Информация о регистрации в РК: 13.12.2012 - 13.12.2017
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Реополиглюкин - РТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декстран

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді 10 % 200 мл және 400 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар – 10.0 г декстран 40

қосымша заттар: 0.9 г натрий хлориді, 100 мл-ге дейін инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Қан плазмасы препараттары және плазма алмастырғыш препараттар.

АТХ коды В05АА05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың құрамына кіретін декстран, ағзадан негізінен бүйрекпен шығарылады: бірінші тәулікте шамамен 70% өзгермеген түрде экскрецияланады. Аздаған мөлшерде ретикулоэндотелиалдық жүйеге және бауырға барады, сол жерде біртіндеп альфа-глюкозидаза глюкозаға дейін ыдырайды, алайда көмірсулық қорек көзі болып табылмайды.

Фармакодинамикасы

Реополиглюкин – РТ төмен молекулалық декстран препараты болып табылады. Ол сұйықтықтың тіндерден қан арнасына ауысуына ықпал етеді, бұның салдары қанның суспензиялық қасиеті жоғарылауы, оның тұтқырлығының төмендеуі, ұсақ қылтамырларда қан ағымын қалпына келтіру, қанның формалық элементтерінің агрегациясы азаюы болып табылады.

Реополиглюкин – РТ уытсыздандыратын әсері бар. 15 мл/кг дейінгі дозада қолданғанда қан кету уақытының елеулі өзгерісін туындатпайды. Реополиглюкин – РТ осмостық механизм бойынша диурезді көтермелейді (шумақтарда сүзіледі, біріншілік несепте жоғары онкотикалық қысым тудырады және өзекшелерде судың реабсорбциясына кедергі келтіреді), сонысымен ағзадан улардың, токсиндердің, зат алмасуының деградациялық өнімдерінің шығарылуына ықпал етеді (және жеделдетеді).

Препарат құрамындағы натрий мен хлор қан плазмасы мен жасушадан тыс сұйықтықтың тиісінше осмостық қысымын ұстап тұратын жасушадан тыс сұйықтықтың маңызды органикалық емес компоненті болып табылады.

Қолданылуы

- жарақаттық, операциялық, кардиогендік, күйгеннен болған шоктың алдын алу және емдеуде

- артериялық және көктамырлық қан айналымы бұзылуларының (тромбоздар, тромбофлебиттер, эндартерииттер және Рейно ауруы) алдын алу және емдеуде

- жергілікті циркуляциясын жақсарту және трансплантаттағы тромбоздарға тенденцияны төмендетуге

- септикалық шокта

- жасанды қан айналымының аппаратын қолданып жүрекке операция жасауда (перфузиялық сұйықтыққа қосу үшін)

- бүйректің сүзгіштік қызметі сақталған бүйрек және бүйрек-бауыр жеткіліксіздігінде

- үйлеспейтін қан құюдан туындаған трансфузиялық асқынуда

- күйіктердегі, перитониттегі, панкреатиттегі дезинтоксикация үшін

- тор қабықтың және көру жүйкесінің ауруларында (асқынған миопия, тор қабықтың дистрофиясы және т.б.)

- көздің тамырлы қабығы мен мөлдір қабығының қабыну үдерістері.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Препарат дозасы жеке анықталады және клиникалық жағдай мен науқастың жай-күйіне байланысты болады.

Ургентті жағдайлардан басқасында, препарат қолданардың дәл алдында тері сынамасы жүргізіледі. Бұл үшін білектің ішкі бетінің ортаңғы бөлігінде егу орнын өңдеуден соң тері астына 0,05 мл препарат «лимон қабығын» түзе отырып, енгізіледі. Инъекция орнында қызару болуы, папуланың түзілуі немесе ағзаның жалпы реакция белгілері жүрек айнуы, бас айналуы және басқа да білінулер түрінде инъекциядан кейін 10-15 минуттан соң пайда болуы науқастың препаратқа өте жоғары сезімталдығы туралы (қауіп тобы) білдіреді.

Препаратты қолданғанда биосынама міндетті түрде жүргізіледі: бірінші 5 тамшыны баяу енгізуден кейін құюды 3 минутқа тоқтатады, содан соң тағы 30 тамшы енгізеді және құюды 3 минутқа қайтадан тоқтатады. Реакция болмағанда препаратты енгізу жалғастырылады. Биосынама нәтижесі міндетті түрде ауру тарихына тіркеледі.

Реополиглюкин-РТ ерітіндісін көктамыр ішіне тамшылатып 400-1000 мл (1500мл дейін) 30-60 минут бойына енгізеді.

Ересектерге тәуліктік доза 20мл/кг аспауы тиіс.

Балаларға шоктың әртүрлі түрінде 5-10 мл/кг-ден (15 мл/кг дейін) енгізеді. Балаларға 2-3 жасқа дейін жүрек-қан тамырлары операцияларында 10 мл/кг-ден тәулігіне 1 рет (60 минут бойына); 8 жасқа дейін –7-10 мл/кг -ден(тәулігіне 1-2 рет), 13 жасқа дейін – 5-7 мл/кг-ден (тәулігіне 1-2 рет); 13 жастан үлкендерге – ересектерге арналған дозаны енгізеді. Дезинтоксикация үшін 60-90 минут бойына 5-10 мл/кг енгізеді.

Сусызданған науқастарда Реополиглюкин-РТ –ға натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін немесе 5% глюкоза ерітіндісін қосқан дұрыс .

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық және анафилактоидты реакциялар (тері қышынуы, бөртпе, Квинке ісінуі, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, олигоурия)

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- қан айналымының және тыныс алудың бұзылуы

-жүрек айнуы, қалтырау, қызба.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- өте жоғары сезімталдық

- тромбоцитопения

- бүйрек аурулары (ануриямен және олигуриясы бар)

- жүрек жеткіліксіздігі

- артериялық қысым жоғарылауы

- коагуляция бұзылуы және гемостаз

- бассүйекішілік қысымы жоғары бас сүйек жарақаты

- миға қан құйылу және көп мөлшерде сұйықтық енгізуге болмайтын басқа да жағдайлар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Реополиглюкин – РТ және қабынуға қарсы спецификалық емес дәрілер, тікелей және тікелей емес антикоагулянттарды бір мезгілде қолдану қан тұтқырлығын бақылауды талап етеді. Қан ағымына әсер ететін, артериялық қысым деңгейін жоғарылататын, несеп айдайтын препараттарды қабылдайтын науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Айрықша нұсқаулар

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкіндігіне байланысты инфузияға арналған бірінші 10-20 мл ерітіндіні емделуші жай-күйін бақылай отырып, баяу енгізу ұсынылады.

Аллергиялық реакциялар дамуында кальций хлориді ерітіндісі, глюкоза, гистаминге қарсы препараттар және жүрек гликозидтері енгізіледі. Бүйректің сүзгіштік қабілеті төмендегенде, сондай-ақ препаратты енгізуді шектеу қажет болса, глюкоза қосылған реополиглюкин -РТ тағайындалады.

Организм сусызданғанда Реополиглюкин-РТ –ға натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін немесе 5 % глюкоза ерітіндісін қосқан дұрыс .

Артериялық гипертензия даму мүмкіндігін ескере отырып, қарқынды терапия үшін тиісінше дәрілер талап етілуі мүмкіндігін ескеру керек.

Балаларда қолданылуы

Реополиглюкин-РТ балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан болжамды пайдасы потенциалды қаупінен артық болған кезде ғана тағайындау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Реополиглюкин – РТ жүктілік және лактация кезеңінде (бала емізу кезінде) көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобиль және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақтық жасау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: кеудедегі қысылу сезімі, тыныс алудың қиындауы, белдегі ауырулар, қалтырай бастау, цианоз, қан айналуы мен тыныс алудың бұзылуы.

Емдеу: көктамырға 10 % кальций хлоридінің (10 мл) ерітіндісін, 20 мл 40 % глюкоза ерітіндісін енгізеді, жүрек дәрілерін, гистаминге қарсы препараттар қолданады.

Шығарылу түрі

Резеңке тығынмен тығындалып, алюминий қалпақшамен қаусырылған қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған сыйымдылығы 250 және 450 мл шыны бөтелкелерге 200 немесе 400 мл-ден.

Бөтелкелерді медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тиісті нұсқаулықтар санымен бірге гофрланған картон төсемдері бар гофрланған картон қорапқа қаптайды.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Қаптамасының тұмшалануы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қаласы, Қазақстан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі, 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz.

 

Прикрепленные файлы

844501251477976954_ru.doc 52.5 кб
907406171477978110_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники