Ременс® (таблетки подъязычные гомеопатические)

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для применения в гинекологии
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010293
Информация о регистрации в РК: 28.12.2017 - 28.12.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Ременс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тіластылық гомеопатиялық таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар – Шашақ тәрізді цимицифуга (Cimicifuga racemosa) D1 – 17,9 мг, Канада сангвинариясы (Sanguinaria canadensis) D6 – 37,2 мг, Пилокарпус (Pilocarpus) D6 37,2 мг, Каракатица безінің сөлінісі (Sepia officinalis) D12 – 37,2 мг, Сурукуку жыланының уы (Lachesis) D12 – 37,2 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, сәл сарғыш түсті таблеткалар, бір жағында сызығы бар, диаметрі 8.9-дан 9.2 мм дейін және биіктігі 2.7-ден 3.3 мм дейін; таблеткада теңбілдердің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТЖ коды G02СХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі кезде гомеопатиялық медициналық препараттары фармакокинетикалық қасиеттері туралы олардың жоғары сұйылтылуы ескеріліп, хабарланған жоқ.

Фармакодинамикасы

Ременс® - таблеткалары бірнеше гомеопатиялық дәрілердің арнайы біріктірілімі, жайландыратын, қабынуға қарсы, несеп айдайтын және етеккір оралымының бұзылуын қалпына келтіретін әсерге ие. Гомеопатиялық емдеу жедел және созылмалы ауруларды емдеу кезінде қажетті организмнің қорғаныш күштерін нығайтуға ықпал етуші ем болып табылады. Цимицифуг тамыр сабағына тән құрамдасы – циклоартан типті тритерпен гликозидтері (сапониндер) болып табылады, олардың негізгілері цимицифугозид, актеин және цимирацемозидтер болып табылады, содай-ақ құрамында цистизин мен метилцистизин алкалоидтары, флавоноидтар, шайырлар, май қышқылдары және фитоэстрогендер болады. Цимицифуга тамыр сабақтары климаксты емдеуде кеңінен пайдаланылады, жайландыратын әсері бар.

Сангвинария тамыр сабақтарының сығындысы негізінен бензофенантридинді алкалоидтардан тұрады, олардың негізгісі ол әйелдің жыныс мүшелеріне органотропты әсер ететін және климактериялық бұзылулыстарды, меннорагияны, сондай-ақ ысынуларды емдеу үшін, аменорея кезінде етеккір келтіретін дәрі ретінде қолданылатын сангвинарин болып табылады.

Пилокарпустың құрамында үш алкалоид – пилокарпин, изопилокарпин және пилокарпидин бар, олардың негізгісі пилокарпин болып табылады, ол парасимпатиялық жүйке жүйесінің көтермелегіші ретінде әсер етеді, несеп айдайтын әсері бар, ысынумен қосыла қатты тершеңдік кезінде ұсынылады, етеккірдің басында салқынды сезіну, баста немесе жамбас аймағында пульсті сезіну, арқаның ауыруы секілді шағымдар болғанда тиімді.

Каракатица безінің сөлінісі негізінен кальций карбонатынан, магний карбонатынан, натрий сульфатынан, натрий хлоридінен және темірдің аздаған мөлшерін байланыстыратын меланиннің қара пигментінен тұрады. Гомеопатияда каракатица безінің сөлінісі гинекологиялық ауруларды, әсіресе іштің төменгі бөлігіндегі қабынуды емдеуде, етеккір оралымы бұзылған кезде пайдаланылады.

Сурукуку жыланының уы құрамында пептидтер, ферменттер мен әр түрлі ақуыздар бар, олардың анағұрлым маңыздылары бір қатар қатты аурулар жағдайында клиникалық пайдаланылатын гемагглютинин мен гемолизин протеиндері болып табылады, олар сепсис, тромбоз, жүрек аурулары және климактериялық бұзылыстар сияқты қан кету аномалияларымен, сондай-ақ климактериялық кезеңдегі ысынумен сипатталады.

Қолданылуы

  • етеккір оралымының бұзылуында (дисменорея, екіншілік аменорея, етеккір алдындағы синдром)

  • климактериялық синдромда

  • аднекситте

Қолдану тәсілі және дозалары

Етеккір оралымының бұзылуы – ересектер мен 14 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан күніне 2 рет 3 ай бойы. Қажет болған кезде таблеткалар қабылдауды қайталауға болады.

Етеккір алдындағы синдром – 1 таблеткадан күніне 2 рет.

Аднексит – ересектерге 1 таблеткадан күніне 2 рет 3 ай бойы. Қажет болған кезде таблеткалар қабылдауды қайталауға болады.

Емнің басында ересектер мен жасөспірімдер 1 таблетканы күніне 4 рет қабылдаулары қажет. Жағдайы жақсарған кезде қабылдау жиілігі күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс.

Ременс® таблеткаларын ас ішуден 30 минут бұрын немесе тамақтанудан кейін кем дегенде 1 сағаттан соң қабылдап, таблетканы толық сорылғанша тіл астында ұстау керек.

Жағымсыз әсерлері

  • сілекейдің көп бөлінуі

өте сирек

  • құрамында цимицифугасы бар препараттарды қолдану кезінде бауырдың зақымдануы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді заттарына немесе кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • балалар және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер

  • тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, лактоза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ

Айрықша нұсқаулар

Егер бауырдың зақымдану белгілері (сарғаю, несептің қараюы, созылмалы гастродуоденит, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, шаршағыштық) пайда болса, емделушілер Ременс® - таблеткаларын қабылдауды дереу тоқтатулары тиіс.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммунитет жүйесін көтермелеу себебінен аурулардың өршуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 12 таблеткадан салынған.

1 немесе 3 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қаптаушы

Артесан Фарма ГмбХ & Ко КГ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі Алматы қ., Бегалин к-сі 115.

Телефон. тел +7(727) 390-98-93, факс (727) 291-65-11

Электронды поштасы: dbadambaeva@mail.ru

Прикрепленные файлы

906668781477977027_ru.doc 52.5 кб
312568711477978207_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники