Релцер
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Релцер
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Суспензия, 180 мл
Құрамы
5 мл құрамында
белсенді заттар:
алюминий гидроксиді гель
(алюминий гидроксидіне баламалы) – 365 мг
магний гидроксиді пастасы 30 %
(магний гидроксидіне баламалы) – 80 мг
симетикон – 100 мг
деглицирризделген лакрица
(лакрицаға баламалы) - 400 мг,
қосымша заттар: гуар смоласы, сорбитол ерітіндісі 70 %, натрий бензоаты, натрий цитраты, метилпарагидроксибензоат (метилпарабен), пропилпа-рагидроксибензоат (пропилпарабен), натрий гидроксиді, натрий сахарині, банан эссенциясы, ментол майы, бронопол, натрий гипохлоридінің ерітіндісі, тазартылған су.
Сипаттамасы
Крем реңді, банан және жалбыз дәмі бар тұтқыр суспензия.
Фармакотерапиялық тобы
Жел айдайтын препараттармен үйлесімдегі антацидтер.
ATХ коды A02AF
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Құрамында алюминий және магний бар антацидті дәрілердің құрамында натрий гидрокарбонаты немесе натрий цитраты бар антацидті дәрілерге қарағанда сіңуі төмен.
Алюминий гидроксиді асқазанда баяу ериді, алюминий хлоридін және суды түзе отырып, тұз қышқылымен өзара әрекеттеседі. Алюминий хлоридінің (30 %-дан 17 %) үлкен бөлігі бүйрек қызметі қалыпты емделушілерде сіңеді және бүйрек арқылы тез бөлінеді. Алюминий хлориді аш ішекте нашар сіңетін алюминийдің ерімейтін негізгі тұзына тез айналады.
Магний гидроксиді тұз қышқылымен магний хлоридін, силикон қостотығын және су түзе отырып, өзара жылдам әрекеттеседі. Түзілген магний хлоридінің жартысы сіңеді және бүйрек арқылы жылдам шығарылады. Асқазанда магний хлоридіне айналмаған магний гидроксидінің бір бөлігі аш ішекке түседі, сол жерде еритін, бірақ нашар сіңетін магний тұзына айналады.
Ішекте сіңбей қалған ерімейтін антацидті заттар нәжіспен шығарылады. Алюминий алюминий карбонаты, алюминий гидроксиді және оксиалюминий гидроксиді түрінде шығарылады. Магний нәжіспен магний гидроксиді және хлорид және магний бикарбонаты сияқты еритін тұздар түрінде шығарылады.
Симетикон
Өзгермейтін симетикон нәжіспен бірге шығарылады.
Деглицирризделген лакрица
Асқазан-ішек жолдарында жақсы сіңеді. Бүйрекпен және бронх сөлінісімен тыныс алу жолдары арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Релцер – қышқыл бейтараптандыратын әсері бар біріктірілген антацидті препарат. Релцер – жұмсақ және ұзақ антацидті әсері бар дәрілік зат. Препарат алюминий гидроокисінің және симетикон жел айдайтын компоненттерімен үйлесімдегі магний гидроокисінің теңгерілген біріктірілімі болып табылады. Препарат әсері белсенді заттардың антацидті, адсорбциялаушы, жабушы және цитопротекторлық қасиеттерімен шартталған.
Релцер бос тұз қышқылын тез бейтараптандырады, бұл асқазан сөлінің пептидтік белсенділігінің азаюына алып келеді. Алюминий иондары төменгі өңеш сфинктерінің тонусын көтереді, пепсинді, өт қышқылын және лизолецитинді адсорбциялайды. Релцердің сілтілік белсенді заттары майда дисперсиялы, сондықтан да олардың беткейлік белсенділігі ұлғаяды, асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабығымен жақсы жанасады, олардың шығарылуы баяулайды және бейтараптандыратын әсері ұзарады.
Деглицирризделген лакрица тазартылған мия сығындысы, шырыш жасушалары регенерациясына көмектесе, шырыштың сапасы мен мөлшерін жақсарта отырып асқазан шырышының қорғаныс әсерін жақсартады. Спазмолитикалық әсер етеді.
Қолданылуы
- асқазан және он екі елі ішектің асқыну фазасында ойық жара ауруы - жедел гастритте, секреторлық қызметі жоғарылаған және қалыпты созылмалы гастриттің асқыну фазасында, дуоденитте - диафрагманың өңеш саңылауы жарығында, рефлюкс-эзофагитте - емдәмді бұзған жағдайдағы эпигастриядағы жайсыздық және ауыруларда, дәрі, кофе, никотин, алкоголь қабылдағаннан кейін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Қолданар алдында суспензияны шайқау керек.
Ересектерге және 15 жастан асқан балаларға: 1-2 шай қасықтан тамақтан кейін және түнге қарай күніне 3-4 рет, немесе дәрігер тағайындауымен.
Емдеу курсы: 5- 7 күн.
Жағымсыз әсерлері
- іш қатуы немесе диарея
- аллергиялық реакциялар
- жүрек айнуы, құсу, шөл
- фосфор, кальций және магний алмасуы бұзылуы (ұзақ қолданғанда)
- остеопороз (ұзақ қолданғанда)
- энцефалопатия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– препарат компоненттеріне өте жоғары сезімталдық
– механикалық немесе физиологиялық себептерден туындаған іш қатуы
- гипофосфатемия
- остеомаляция, остеопороз
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
- несеп-тас ауруы
- бауыр аурулары
- эпилепсия
- жүктілік және лактация кезеңі
–15 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Релцерді тетрациклин қатары препараттарымен немесе құрамында тетерациклин бар препараттармен қолдануға болмайды. Релцер тетрациклиннің толық сіңуіне кедергі келтіреді.
Алюминий гидроксиді кешен түзеді және варфарин, дигоксин, хинин, хинидин сіңуінің немесе бөлінуінің үдерісіне араласуы мүмкін. Бұл препараттардың алюминий гидроксидімен бір мезгілде қолданғанда емдік әсері өзгеретіні байқалған.
Релцер каптоприлдің плазмалық концентрациясын және оның салыстырмалы биожетімділігін азайтады. Каптоприлді препарат қабылдар алдында 2 сағат бұрын қолдану керек. Препарат кетоконазолдың плазмалық концентрациясын төмендетеді, хинолондармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек қызметінің айқын бұзылуында Релцерді тек дәрігер тағайындауы бойынша қабылдау керек.
Деглицирризиленген лакрицасы бар электролиттер тұрақсыздығы көрсетілмесе де, артериялық гипертониямен, ісінулері немесе жүрек бұзылулары бар емделушілерді сақтандырған дұрыс.
Препарат құрамында фруктоза жақпаушылығында қолдануға болмайтын сорбитол бар, және бұл асқазан тітіркенісін және диарея туындатуы мүмкін.
Релцер құрамында есекжем және сирек жағдайларда жылдам типті аллергиялық реакциялар – бронх түйілуін туындатуы мүмкін парабендер бар (қосымша заттар).
Препаратты 7 күннен артық қабылдау ұсынылмайды.
Жасы ұлғайған науқастар препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда остеомаляция және остеопороз дамуы мүмкін. Құрамында фосфоры мол тамақ ішу ұсынылады. Препараттың жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдағанда бүйректе тас түзілуі мүмкін, ауыр іш қатуы, ұйқышылдық, гипермагниемия, метаболизмдік алкалоз белгілері білінуі (көңіл-күй өзгеруі немесе ақыл-ой белсенділігі өзгеруі, ұйып қалу немесе бұлшықеттердің ауыруы, ашушаңдық және тез шаршағыштық, тыныс алудың баяулауы, жағымсыз дәм сезіну).
Жүктілік және лактация кезеңі
Деректер жоқ. Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іш қату. Алкалоз, әлсіздік, қажу, ашушаңдық, бұлшық ет құрысуы дамуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық, арнайы у қайтарғысы жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Янтарь сияқты сары түсті, қақпақпен және өлшегіш қалпақшамен тығындалған пластик құтыда 180 мл суспензиядан. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін дәрілік заттарды қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші-ұйымның атауы мен елі
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Саптур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД өкілдігі, 050005, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы,7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блок, 7 кеңсе.
тел: + 7(727) 311 04 41.