Релиф® Ультра

МНН: Гидрокортизон, Цинка сульфат
Производитель: Иституто Де Анжели С.р.л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты и их комбинации
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019259
Информация о регистрации в РК: 13.09.2017 - 13.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Релиф® Ультра

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: 11 мг мырыш сульфаты моногидраты, 10 мг гидрокортизон ацетаты,

қосымша заттар: какао майы (теобром майы), сусыз кальций гидрофосфаты, магний стеараты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат.

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, мөлдір емес, бозғылт-ақтан ақшыл-сары түске дейінгі суппозиторийлер.

Фармакотерапиялық тобы

Ангиопротекторлар. Геморройды және анустық сызаттарды емдеуге арналған жергілікті қолданылатын дәрілер. Геморройды және анустық сызаттарды емдеуге арналған жергілікті қолданылатын басқа да дәрілер.

АТХ коды C05АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Гидрокортизон ацетаты қабыну медиаторларының бөлінуін бәсеңдетеді, арахидон қышқылының метаболизмін тежейді.

Жергілікті қолданғанда қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, тамырларды тарылтатын, десенсибилизациялаушы, ісінуге қарсы және қышынуға қарсы әсерлерге ие.

Мырыш сульфаты – жаралар мен эрозиялардың жазылуына ықпал етеді.

Релиф® Ультра препараты қышыну, күйдіру, геморроймен байланысты жайсыздық кезінде тыныштандыратын әсер береді.

Қолданылуы

  • сыртқы және ішкі геморройда

  • перианальді аймақ пен тік ішектің сызаты, жыланкөзі, ойық жарасы, эрозиясы

  • аноректальді аймақтарда айқын қабыну көріністерімен бірге жүретін басқа да аурулар

  • проктит

  • анустық қышыну, экзема, перианальді аймақ дерматиті.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Бір суппозиторийден күніне 4 ретке дейін тік ішекке енгізеді (таңертең, кешке және ішек нәжістен әрбір босаған сайын). Препаратты гигиеналық емшараларды жүргізгеннен кейін қолдану керек. Гигиеналық емшаралар үшін жылы суды немесе жұмсақ ылғал сүрткілерді пайдалану керек, содан соң құрғақ сүрткімен сорғытып алу қажет.

Қолдану ұзақтығы 7 күннен аспайды.

Жағымсыз әсері

Жергілікті аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Сирек:

  • гиперемия, ісіну, қышыну

  • шырышты қабықтың құрғауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық

  • аноректальді аймақтың спецификалық (бактериялық, зеңдік, вирустық, туберкулездік) зақымдануы

  • артқы өтіс аумағындағы жаңа түзілімдер

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қандағы қант, антикоагулянттар, барбитураттар, диуретиктер мен жүрек гликозидтері деңгейін төмендететін препараттарды бір мезгілде пайдаланғанда сақтық таныту керек. Жергілікті және жүйелі әсер ететін басқа да кортикостероидты препараттармен бәсекелеседі, олардың жүйелік әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Артқы өтістен мол қанды бөліністер болған жағдайларда немесе ауырсыну симптомдары 7 күннен артық сақталғанда, проктологпен кеңесу қажет. Препарат тек қана ректальді пайдалануға арналған, препаратты көзге тигізіп алмау керек.

Құрамында жергілікті стероидтар (гормоны) бар барлық өнімдер сияқты жүйелік сіңірілуін (сіңуін) туындатуы мүмкін.

Метилпара¬гидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат консерванттары аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде анаға, сондай-ақ шарана немесе балаға да тигізетін пайдасы/қатері арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана, препарат қолданылуы мүмкін.

Көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Препаратты үлкен дозада ұзақ уақыт бойы қолданған кезде етеккір оралымының бұзылуы, артериялық қысымның жоғарылауы, жаралардың баяу жазылуы, бұлшықет әлсіздігі, ұйқысыздық, сондай-ақ қанда қант деңгейінің жоғарылауы түріндегі гидрокортизон жүйелік әсер етуінің даму қаупі жоққа шығарылмауы тиіс. Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар (жүрек айну, асқазанның ауыруы) болуы мүмкін.

Көрсетілген симптомдар пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтатып, медициналық жәрдемге жүгінген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 суппозиторийден поливинилхлорид/полиэтилен үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

250С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жылҚаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Иституто Де Анжели С.р.л.,

50066 Роггелло (Флоренция), Лок. Прулли 103/c, Италия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Байер Каз» ЖШС,

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.

050057, Алматы, Қазақстан Республикасы

Тел.: +7 701 715 78 46 – тәулік бойы

Тел.: +7 727 258 80 40 (106) – жұмыс уақытында

Факс: +7 727 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

2

 

Прикрепленные файлы

645402881477977093_ru.doc 46.5 кб
305507341477978267_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники