Регидрон №20 (18,9 г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Регидрон
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
Құрамы
1 пакеттің (18,9 г ұнтақтың) ішінде
белсенді заттар: 2,5 г калий хлориді
3,5 г натрий хлориді
2,9 г натрий цитраты
10 г сусыз глюкоза
Сипаттамасы
Ақ кристаллды ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Көмірсу қосылған электролиттер. Ішке қабылдауға арналған регидратанттар.
АТХ коды А07СА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Регидрон препаратының құрамына кіретін судың, электролиттердің және глюкозаның фармакокинетикасы, организмде осы заттардың табиғи фармакокинетикасына сәйкес келеді.
Фармакодинамикасы
Регидрон ерітіндісі препараты іш өтуі және құсу кезінде сұйықтықты және электролиттерді қалпына келтіру үшін қолданылады. Глюкоза тұздардың және цитраттардың сіңуіне ықпал етеді, ол қандағы қышқылды-сілтілік теңгерімнің теңесуіне көмектеседі. Регидрон препараты ерітіндісінің осмолярлығы 260 мосм/л, рH-тың сілтілігі аз – 8,2.
Регидрон ерітіндісі препаратының құрамында (1 литр ерітіндіде):
Натрий хлориді |
59,9 ммоль |
Калий хлориді |
33,5 ммоль |
Натрий цитраты |
11,2 ммоль |
Глюкоза |
55,5 ммоль |
Na |
71,2 ммоль |
K |
33,5 ммоль |
Cl |
93,5 ммоль |
Цитрат |
11,2 ммоль |
ДДҰ ұсынған ішілетін регидратацияға арналған стандартты ерітінділермен салыстырғанда, Регидрон препаратының осмолярлығы және натрий концентрациясы төменірек (осмолярлығы төмен регидратацияға арналған ерітінділер тиімді болып табылатындығы дәлелденген; натрийдің төмендетілген концентрациясы гипернатриемия дамуына кедергі ету үшін қажет), ал калий құрамы - жоғарырақ (калий деңгейі жылдамырақ қалпына келуі үшін)
Натрий концентрациясының төмендеуіне сәйкес, регидратация үшін ішілетін гипоосмолярлық тұзды ерітіндімен емдеу әдетте ассимптоматикалық және қысқа мерзімдік болып табылатын гипонатриемиямен астасуы мүмкін.
Қолданылуы
- су-электролитті тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін
- жедел диарея кезіндегі (оның ішінде тырысқақ), жеңіл іш өту немесе орташа сусыздану (мысалы, балалардың дене салмағы 3-9%-ға азаюы) кезінде ацидозды түзету үшін
- су-электролитті тепе-теңдіктің бұзылуы қатар жүретін жылулық стрессте
- профилактика мақсатында: қарқынды тер бөлінісіне әкелетін жылылық және физикалық жүктемеде
Қолдану тәсілі және дозалары
1 пакеттегі ұнтақты қайнатылған, бөлме температурасына дейін салқындатылған судың 1 л-де сұйылтады. Ерітіндіге препараттың әсерін бұзбау үшін басқадай қоспаларды қосуға болмайды.
Ерітінді ішу арқылы қолданылады немесе дәрігердің қарауымен назогастральді сүңгі арқылы енгізеді. Емдеудің алдында пациенттің дене салмағының азайғанын және сусыздану шараларын анықтау үшін салмағын өлшеу керек.
Емшек емізуді қанша қажет еткенше жалғастыруға болады, тіпті ішілетін регидратация кезінде немесе оны регидратациядан кейін артынша жалғастыру керек. Майлы тағамдарды және қарапайым қанттың мөлшері жоғары тағамды қабылдаудан аулақ болу керек.
Дайын ерітіндіні әр іш өткен сайын аз мөлшерде ішу арқылы қабылдап отыру керек. Әр 6-10 сағат сайын Регидрон препараты ерітіндісінің дозасы дене салмағының әр кг-ға шаққанда 30-60 мл құрауы мүмкін.
Регидрон препаратымен емдеуді іш өту басталғаннан кейін бастау керек. Әдетте препаратты кем дегенде 3-4 күннен асырмай қабылдау, іш өтуі тоқтағаннан кейін препаратты қабылдауды тоқтату керек. Жүрек айныған және құсқан кезде салқындатылған ерітіндінің аз дозасын ішкен дұрыс.
Регидратация: сусыздануды түзету үшін препаратты іш өту кезінде алғашқы 6-10 сағат ішінде, дене салмағын азайтқанын екі есеге арттыратын, яғни, егер салмақтың азаюы 400 мл-ні құраса, препарат 800 мл-ді құрайтын мөлшерде қабылдау керек. Регидрон препаратымен емделу кезінде басқадай сұйықтық қабылдаудың қажеті жоқ.
Егер іш өту сусыздануды түзеткеннен кейін келесі 24 сағат ішінде жалғасатын болса Регидронды (дене салмағының әр кг-ға шаққанда 10-20 мл-ден) және басқадай сұйықтықты (дене салмағының әр кг-ға шаққанда 20-100 мл-ден) қабылдауға болады.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
Ұсынылған дозаны сақтаған кезде жағымсыз реакциялардың болу ықтималдығы аз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың қандай да бір компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- естен тану
- асқазан-ішектің бітелуінде (илеус)
- бүйрек функциясының бұзылуы
- қант диабеті
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Регидрон препаратының басқа препараттармен өзара әрекеттесуі жөнінде ақпарат жоқ. Препарат ерітіндісінің рН – сілтілігі аз, сондықтан ішектің рН-на байланысты сіңірілетін дәрілік препараттарға әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ дәрілік заттың, негізінен жіңішке немесе тоқ ішекте немесе олардың ішек-бауырлық айналымында сіңетін препараттардың диарея кезінде сіңірілуі өзгеруі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Қатты сусызданғанда (балаларда дене салмағын 9%-дан артық жоғалтқан кезде, анурияда) регидратация үшін алдымен көктамыр ішіне енгізуге арналған препараттарды қолдану арқылы емдеу керек. Содан соң барып Регидрон емдеуді жалғастыру үшін пайдаланылады. Егер пациенттерге электролиттерді қосымша енгізу қажеттілігі зертханалық тексерулер арқылы расталмаса, препаратты ұсынылған дозадан арттырмау керек.
Регидрон препараты пакетінің ішіндегісін 1 л суға еріту керек. Дозаны арттырған кезде пациентте гипернатриемия болуы мүмкін. Сусыздануы бүйрек жеткіліксіздігі, диабет немесе қышқылды-сілтілік, электролиттік немесе көмірсу теңгерімін бұзатын басқадай созылмалы аурулар аясында дамыған пациенттерге Регидрон препаратымен емдеу кезінде мұқият мониторинг жүргізу және ауруханаға жатқызу керек болуы мүмкін.
6 айға дейінгі балаларға препаратты қолданардың алдында, әдетте дәрігерден кеңес алу керек.
Регидрон препаратын қолданған кезде дәрігердің көмегін қажет ететін жағдайлар:
-
пациенттің кідірген сөйлеуі байқалады, ұйқышылдық пайда болады, ол тез жүдей бастайды және сұрақтарға жауап бермейтін болады
-
температурасы 39 °С-дан көпке жоғарылайды
-
несеп бөлінуі тоқтайды
-
қанды сұйық нәжіс пайда болады
-
іш өтуі 5 күннен көп болады
-
іш өту бірден тоқтап, қатты ауыру пайда болады
-
егер үйде емдеу тиімсіз немесе мүмкін болмаса
Жүктілік және лактация кезеңінде
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде ұсынылған дозада қолдануға рұқсат етілген.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлікті басқару және басқадай механизмдермен жұмыс істеу кезінде жылдамдық реакциясына әсер етпейді.
Артық дозалануы
Регидрон ерітіндісі препаратын өте көп мөлшерде немесе жоғарғы қаныққан жағдайда енгізген кезде гипернатрийемия дамуы мүмкін. Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде метаболизмдік алкалоз туындауы мүмкін. Гипернатриемия симптомдарына әлсіздік, нейробұлшықеттік қозу, ұйқышылдық, сананың шатасуы жатады, кейде тыныс алудың тоқтауы мүмкін. Метаболизмдік алкалоз кезінде өкпені желдету төмендеуі, нейробұлшықеттің қозуы және тетаниялық құрысу байқалуы мүмкін.
Айқын салдары бар артық дозаланған жағдайда Регидрон препаратын енгізуді тоқтату керек. Дәрігердің кеңесі қажет. Электролиттік және сұйықтықтың теңгерімін түзету зертханалық тексерістер негізінде жүргізілуі тиіс.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Пакетте 18,9 г ұнтақтан. 20 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
15-25оС-да температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дайындалған ерітіндіні тоңазытқышта 2-8ºС аралығындағы температурада 24 сағат бойы сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Этновия Ой,
Теолисуте 16, ФИ-60100, Сейнайоки, Финляндия
Тіркеу куәлігінің иесі
Орион Корпорейшн, Финляндия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«ORION PHARMA EAST (ОРИОН ФАРМА ИСТ)» ЖШС
050000, Алматы қ-сы, Төле би к-сі, 69-үй, 19-кеңсе.
Тел.: 8 (727) 272-61-10, 272-61-11
Факс: 8(727) 272-62-09
Электронды пошта: assel.alshynbayeva@orionpharma.com