Ревит №100 (драже, Алтайвитамины ЗАО)

МНН: Аскорбиновая кислота, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013868
Информация о регистрации в РК: 03.06.2014 - 03.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Ревит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Драже

Құрамы

Бір драженің құрамында

белсенді заттар:

ретинол пальмитаты (А витамині) 1,38 мг (2500 ХБ)

тиамин гидрохлориді (В1 витамині) 1,00 мг

рибофлавин (В2 витамині) 1,00мг

аскорбин қышқылы (С витамині) 35,00 мг

қосымша заттар: бидай ұны, крахмал сірнесі, сахароза (қант),

«Апельсин 508» тағамдық хош иістендіргіш, ара балауызы, күнбағыс майы, тальк.

Сипаттамасы

Сарыдан қызғылт-сары түске дейінгі драже.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер.

АТХ коды A11ВА

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ретинол (А витамині), организмге енгеннен кейін, Купфер жасушаларында (эфирмен байланысқан түрде ретинол) бауырда жинақталады және бауыр қаныққаннан кейін аздаған мөлшермен қан плазмасына босап шығады. Ретинолдың тасымалдануын спецификалық глобулиндер немесе преальбуминдер қамтамасыз етеді, олар бүйрек шумақтарында сүзілістен сақтайды. Ретинол көміртегінің қостотығы және май қышқылдары, сондай-ақ суда еритін метаболиттерге айналумен тіндерде метаболизденеді.

Тиамин гидрохлориді (B1витамині) негізінен он екі елі ішекте және аш ішекте сіңеді. Тиамин гидрохлориді жақсы еніп барлық тіндерге таралады. Шамамен 1 мг жуық тиамин гидрохлориді күнделікті метаболизденеді. Тиамин гидрохлоридінің фосфорлануы бауырда жүреді, ол несепте депосында қаныққаннан кейін (бауыр, жүрек, ми, бүйрек, көк бауыр) пайда болады.

Фосфорланған тиаминнің шығарылуы тіндерде деградациясы жолымен, негізінен бауырда жүреді. Тиамин гидрохлоридінің (10-нан аса) және В1 витаминнің түзілген метаболиттерінің экскрециясы өзгермеген түрінде бүйрек арқылы жүреді. Жартылай шығарылу кезеңі – 9,5-18,5 күн.

Рибофлавин (В2 витамині) және оның белсенді метаболиттері аш ішекте жеңіл сіңеді. Рибофлавинннің белсенді түрлеріне дейін фосфорлануы ішек кенерелерінде, бауырда және эритроциттерде жүреді. В2 витамині бауырда және бүйректе жинақталады. Ішке қабылданған дозаның тек 9% несепте пайда болады.

Аскорбин қышқылы (С витамині) ішекте тез сіңеді. Сіңгеннен кейін С витамині қан плазмасында айналымда болады және безді тіндерде концентрацияланады. С витаминінің тіндерде және лимфоциттер мен тромбоциттердегі концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясынан он есе жоғары. С витамині қымыздық қышқылына немесе басқа суда еритін метаболиттерге дейін ішінара метаболизденеді, бүйректермен бос түрінде ішінара шығарылады.

Фармакодинамикасы

Витаминдердің біріктірілімі организмнің сәйкес витаминдерге қажеттілігін қамтамасыз етеді. Тіндік зат алмасуды реттеуге әсер етеді және жалпы нығайтатын әсер көрсетеді.

Қолданылуы

  • гипо- және авитаминоздарды алдын алу мен емдеуде

  • балалар мен жасөспірімдерде қарқынды өсу кезеңінде, орта және егде жастағы тұлғаларда, жүкті және бала емізетін әйелдердегі витаминнің жоғары қажеттілігінде

  • ақыл-ой және дене жүктемесінде

  • стресс жағдайларының әсеріне төзімділікті жоғарылату үшін

  • жағымсыз эпидемиологиялық жағдайлар кезінде организмнің жұқпалы және суық тию ауруларына қарсы тұруын жоғарылатуда

  • өткерген аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде, сәулемен емдеуден, химиотерапиядан және антибиотиктермен ұзақ емдеуден кейін

  • теңдестірілмеген немесе толыққанды емес тамақтануда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тамақтанудан кейін 10-15 минуттан соң ішке қабылдайды.

Ересектерге алдын алу үшін күніне 2 рет 1 дражеден, емдеу үшін күніне 3 рет 2 дражеден тағайындайды.

Балаларға алдын алу үшін препаратты 11 жасынан бастап тәулігіне 1 дражеден тағайындайды.

Балаларға 6-дан 15 жасқа дейін емдеу үшін тәулігіне 2-3 дражеден тағайындайды. Препаратты қабылдау ұзақтығы дәрігермен анықталады және 1-2 айды құрауы мүмкін. Препарат дозасы дәрігердің ұсынымы бойынша жоғарылатуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кейбір компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

С витамині сульфаниламидтер тобының микробқа қарсы дәрілерінің фармакологиялық әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Несеп сары түске боялуы мүмкін, бұл еш зиянсыз фактор және препарат құрамында рибофлавиннің болуымен түсіндіріледі.

Ревитті антибиотиктермен емдеуде уақытылы тағайындау дисбактериоздың дамуының алдын алады және антибиотикпен емнің тиімділігін жоғарылатады.

Көрсетілген дозаларды дәрігердің ұсынуынсыз арттыруға препаратты артық дозалану симптомдарының мүмкіндігіне байланысты құрамында препарат құрамына кіретін, әсіресе майда еритін (А витамині) витаминдер бар басқа дәрілік заттармен бірге қабылдауға болмайды.

Қант диабетімен науқастар

Драженің құрамына қант кіреді. Инсулин қабылдайтын қант диабетімен науқастарға НБ ескеріп, көмірсулардың мөлшерін есептеу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қажет болғанда препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Жүкті әйелдерге 1 дражеден күніне 2 рет, бала емізетін әйелдерге 1 дражеден күніне 3 рет қабылдау керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Майда еритін витаминдер тіндерде жинақталуы мүмкін. Артық дозаланғанда олар суда еритіндерге қарағанда уытты.

Симптомдары: А витаминінің жедел артық дозалануы (300 000 ӘБ-ден 1 млн ӘБ (120-400 драже) дейінгі дозада бір рет қабылдағаннан кейін 6 сағаттан соң дамиды): ұйқышылдық, сылбырлық, диплопия, бас айналуы, қатты бас айналуы, жүрек айнуы, қатты құсу, диарея, ашуланшақтық, остеопороз, қызыл иектен қан кету, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғақтығы және ойық жаралануы, еріннің, терінің (әсіресе алақанның), қабыршақтануы, қозу, сананың шатасуы. Клиникасы қайтымды

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 дражеден полимер банкілерге салынған. Полимерден жасалған банкілерге заттаңбалық қағаздан немесе өздігінен жабысатын материалдан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

Банкілер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың бірдей санымен бірге гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

E-mail: office@altayvitamin.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

771858581477976725_ru.doc 52.5 кб
916125991477977880_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники