Раунатин-Здоровье
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Раунатин-Здоровье
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 2 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
Белсенді зат - 100% алкалоид мөлшеріне шаққанда 2 мг раунатин,
қосымша заттар: қант, картоп крахмалы немесе жүгері крахмалы, глюкоза, кальций стеараты, стеарин қышқылы, вазелин майы;
қабықтың құрамы: қант, жеңіл магний карбонаты, титанның қостотығы (Е 171), повидон, сиковит бояғышы Green Z 2755, тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы, ара балауызы, вазелин майы.
Сипаттамасы
Екі жақ беті дөңес, ашық-жасыл түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Таблетканың беті мәрмәрлі және теңбілдер болуы мүмкін. Көлденең кесіндісінен үш қабат көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Гипотензивтік препараттар. Раувольфия алкалоидтары. Раувольфия алкалоидтарының жиынтығы.
АТХ коды C02AA04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Раувольфия алкалоидтары асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Қанда ең жоғары концентрация препаратты қабылдағаннан кейін 1–3 сағаттан соң байқалады. Қан ақуыздарымен байланысуы 40–50% құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі – 50–170 сағат. Ішекте және бауырда метаболизденеді; негізінен, нәжіспен, сондай-ақ несеппен бірге шығарылады.
Фармакодинамикасы
Препараттың құрамында жылан раувольфиясы (Rauwolfia serpentina Benth.) тамырынан немесе кутров (Apocynaceae) тұқымдасына жататын құстыратын раувольфия (Rauwolfia vomitoria Afz) тамырының қабығынан алынған алкалоидтар жиынтығы бар. Алкалоидтар резерпин, серпентин, аймалин және басқа түрлерде берілген. Алкалоидтардың жалпы мөлшері – 90%-дан кем емес.
Раунатиннің орталық жүйке жүйесінде (кортико-гипоталамиялық құрылымдарда, әсіресе гипоталамустың артқы бөлігінде) биогендік моноаминдер (норадреналин, дофамин, серотонин) мөлшерінің төмендеуінен болатын гипотензивтік әсері бар. Шеткергі адренергиялық жүйке ұштарының, қантамырлық қабырғаларының пресинаптикалық жарғақшаларының везикулаларында медиатордың жинақталуы үдерісін бұза отырып, бүйрекүсті безінің ми қабаттарында препарат адренергиялық берілімді бөгейді, бұл артериялық қысымның біртіндеп төмендеуіне әкеледі. Препараттың гипотензивтік әсері, резерпинге қарағанда, біртіндеп пайда болады, бірақ айқындылығы жөнінен резерпиннен едәуір кем түспейді. Препараттың ерекшелігі бүйректерде шумақтық сүзілудің күшеюі болып табылады, бұл бүйректегі қан айналымының артуына әкеледі.
Препараттың сондай-ақ аритмияға қарсы әсері және орталық жүйке жүйесінде тыныштандыратын әсері бар. Препараттың седативтік әсері резерпинге қарағанда аз дәрежеде білінеді.
Препараттың емдік әсері оны қолдана бастағаннан кейін 10–14 күнге қарай біртіндеп пайда болады және 2–3 ай бойы сақталады.
Бірқатар жағдайларда раунатиннің жағымдылығы резерпинге қарағанда өте жақсы болады.
Қолданылуы
- жеңіл және орташа дәрежелі артериялық гипертензияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге тамақтанудан кейін ішке қабылдауға тағайындайды.
1-ші күні бастапқы доза әдетте түнге қарай 1 таблетканы құрайды, 2-ші күні – тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан; 3-ші күні – тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан, содан кейін жалпы дозаны тәулігіне 4–6 таблеткаға жеткізеді. Ең жоғары бір реттік доза – 2 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза – 6 таблетка.
Тұрақты емдік әсерге жеткеннен кейін (әдеттегідей, 10–14 күннен соң) препарат дозасын тәулігіне 1–2 таблеткаға дейін біртіндеп азайтады. Емдеу курсы – 3–4 апта, бірақ бірқатар жағдайларда препаратты демеуші дозада (күніне 1 таблетка) ұзақ қабылдайды.
Бір реттік және тәуліктік дозаны, сондай-ақ емдеу ұзақтығын дәрігер әр адамға жекелей белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, тәбеттің жоғарылауы немесе төмендеуі
- бас ауыру, тершеңдік, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, депрессия
- брадикардия
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, қышыну, шырышты қабықтардың құрғауы, мұрынның шырышты қабығының ісінуі)
- миоз
- дизурия, натрийдің іркілуі
- импотенция, либидоның төмендеуі, пролактин секрециясының жоғарылауы, галакторея, гинекомастия, сүт безінің қатаюы, дене салмағының артуы
- тромбоцитопениялық пурпура Ұзақ уақыт қолданғанда болуы мүмкін
- жүрек тұсындағы ауырудың күшеюі (стенокардиясы бар науқастарда)
- стенокардия ұстамаларының жиілеуі
- ісінулер, бетке қан тебулер
- бауыр қызметінің бұзылулары
- қорқынышты түстер көре бастау
- паркинсонизм симптомдарының пайда болуы
Әдетте жағымсыз құбылыстар дозаны азайтқанда немесе препарат қабылдауда қысқа мерзімдік (1-3 күн) үзіліс жасаудан кейін жоғалады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- раувольфия алкалоидтарына немесе препараттың басқа компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- артериялық гипотензия
- жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, жүректің органикалық зақымдануы, брадикардия, қолқа ақаулары
- айқын церебральді атеросклероз
- депрессия
- эпилепсия, паркинсонизм
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруының өршу сатысы
- нефросклероз
- бронх демікпесі
- жүктілік және лактация кезеңі
- феохромоцитома
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Раунатиннің гипертензиға қарсы әсері басқа антигипертензивтік дәрілермен (тиазидтік диуретиктермен, -адреноблокаторлармен, антиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен, кальций иондарының антагонистерімен және т.б.) бірге қолданғанда күшейеді. Орталық жүйке жүйесіне алкогольдің, барбитураттардың, антидепрессанттардың тежегіш әсерін күшейтеді, моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қозу және гипертензия пайда болуы мүмкін. Паркинсонға қарсы дәрілердің және симпатомиметиктердің тиімділігін төмендетеді. Дигиталис препараттары және хинидин раунатинмен бір мезгілде қолданғанда аритмияны туындатуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратпен емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Стенокардиясы бар науқастарда жүрек тұсындағы ауыру күшеюі мүмкін. Раувольфия алкалоидтары ас қорыту жолының жиырылуын және секрециясын арттыратын болғандықтан, препаратты ойық жара ауруының сыртартқылық деректері бар науқастарға қолданғанда сақ болған жөн.
Сондай-ақ препаратты әлсіз науқастарға және егде жастағы емделушілерге, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, өт-тас ауруында, аритмияларда және жақын арада миокард инфарктісін бастан кешкен емделушілерге тағайындағанда аса сақ болған жөн.
Жоспарлы операциялық араласым алдында препаратты операциядан бірнеше күн бұрын тоқтатқан жөн. Раунатин қабылдап жүрген науқастарда жалпы наркозбен шұғыл операция жасау қажет болғанда атропинмен премедикация қажет. Препаратты электроимпульсті ем сеансы алдында қолданбаған жөн.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты балаларға қолдану жөнінде деректер жоқ.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды, өйткені алкалоид резерпин плацента арқылы және емшек сүтіне өтеді. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтата тұрған жөн.
Көлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат емделушінің, әсіресе емнің бас кезінде, реакция шапшаңдығын нашарлатуы мүмкін, соның салдарынан препаратпен емделу курсы кезінде емделушілер зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялар шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерін тоқтатқаны жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: тершеңдік, жалпы әлсіздік және айқын гипотензия. Ауыр жағдайларда қысқа кезеңдік эйфориядан кейін ұйқышылдық, депрессия, гиподинамия, айқын паркинсонизм құбылыстары, құрысулар, тыныстың тарылуы, гипотермия, сананың жоғалуы, кома пайда болады.
Емі: препаратты тоқтату, асқзанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау. Қарқынды диурез қолданылады. Артериялық қысым айқын төмендегенде, коллапста науқасты аяғын көтеріңкіреп жатқызған жөн. Қажет болған кезде реополиглюкинді немесе ангиотензинамид қосылған мезатонды немесе 2% норадреналин гидротартраты ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу керек. Адреномиметикалық дәрілерді өкпелердің ісінуі мүмкін болғандықтан, аса сақтықпен тағайындайды. 10% кофеин-натрий бензоаты ерітіндісін тері астына енгізеді. Тыныс алудың күрт тежелуі немесе оның кідіруі тыныс жолдарынан шырыштарды сорып алуды, интубацияны және өкпеге жасанды желдету жүргізуді, оксигенотерапияны қажет етеді.
Раунатинмен және басқа да раувольфия препараттарымен уланғанда қолданылатын арнайы у қайтарғысы жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 немесе 20 таблеткадан салынған.
Пішінді ұяшықты 10 таблеткалық 5 қаптама немесе пішінді ұяшықты 20 таблеткалық 1 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге импортты картон қорапқа салынған.
Пішінді ұяшықты 10 таблеткалық 500 қаптама немесе пішінді ұяшықты 20 таблеткалық 300 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге гофрланған картон жәшікке салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ.
Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.
тел. (057) 757-0-777
факс (057) 714-96-20
Тіркеу куәлігінің иесі
“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ.
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Мекенжайы: Фарм-Евро ЖШС, 050039, Алматы қ-сы, Майлин к-сі, үй 72, 34 пәт.
Телефон: +7(272) 71-10-17
Факс: +7(272) 71-84-97
Эл.поштасы: farmevro@mail.ru