Рамизес (10 мг)

МНН: Рамиприл
Производитель: Фармак ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ramipril
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018649
Информация о регистрации в РК: 25.05.2021 - 25.05.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 30.3 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Рамизес

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рамиприл

Дәрілік түрі

1,25 мг, 2,5 мг, 5 мг және 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 100% затқа шаққанда 1,25 мг, 2,5 мг, 5 мг, 10 мг рамиприл;

қосымша заттар: 1,25 мг таблеткалар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты (80), натрий кроскармелозасы, прежелатинделген крахмал 1500, магний стеараты;

2,5 мг таблеткалар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты (80), натрий кроскармелозасы, прежелатинделген крахмал 1500, магний стеараты, темірдің (III) сары тотығы (Е172);

5 мг таблеткалар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты (80), натрий кроскармелозасы, прежелатинделген крахмал 1500, магний стеараты, темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172);

10 мг таблеткалар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты (80), натрий кроскармелозасы, прежелатинделген крахмал 1500, магний стеараты.

Сипаттамасы

1,25 мг таблеткалар: жалпақ цилиндр пішінді, кертігі, өзіне тән ерекше әлсіз иісі бар немесе иіссіз, ақ немесе ақ түсті дерлік таблеткалар. Таблеткалардың беті аздаған мәрмәрлі болуы мүмкін.

2,5 мг таблеткалар: жалпақ цилиндр пішінді, кертігі және сызығы, өзіне тән ерекше әлсіз иісі бар немесе иіссіз, ақшыл-сары түсті таблеткалар. Таблеткалардың бетінде аздаған теңбілдері және мәрмәрлі болуы мүмкін.

5 мг таблеткалар: жалпақ цилиндр пішінді, кертігі және сызығы, өзіне тән ерекше әлсіз иісі бар немесе иіссіз, ақшыл-қызғылт түсті таблеткалар. Таблеткалардың бетінде аздаған теңбілдері және мәрмәрлі болуы мүмкін.

10 мг таблеткалар: жалпақ цилиндр пішінді, кертігі және сызығы, өзіне тән ерекше әлсіз иісі бар немесе иіссіз, ақ немесе ақ түсті дерлік таблеткалар. Таблеткалардың беті аздаған мәрмәрлі болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне ықпалын тигізетін препараттар.

Ангиотензин-конвертирлеуші фермент (АКФ) тежегіштері.

АТЖ коды C09AA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін рамиприлдің 50-60%-ы, ас қабылдауға қарамай-ақ, асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға 1 сағаттан соң жетеді. Ішу арқылы 2,5 мг және 5 мг қабылдағаннан кейін рамиприлаттың белсенді метаболитінің биожетімділігі 45% құрайды, қабылданғаннан кейін ең жоғары шектегі концентрацияға 2-4 сағаттан соң жетеді. Рамиприлдің әдеттегі дозасын бір рет қабылдағаннан рамиприлаттың плазмалық концентрациялары тұрақты жағдайға 4-ші күні жетеді. Қан сарысуының ақуыздарымен байланысуы рамиприл үшін 73%, рамиприлат үшін 56% құрайды. Рамиприл рамиприлатқа, дикетопиперазинді эфирге, дикетопиперазин қышқылына және рамиприл мен рамиприлат глюкуронидіне толық дерлік метаболизденеді.

Рамиприлаттың АКФ-мен күшті қанығып байланысуы және ферменттен баяу диссоциациялануы салдарынан плазмадағы өте төмен концентрацияларда ұзаққа созылған терминальді кезең байқалады. Рамиприлдің тәуліктік дозасын көп рет қабылдағаннан кейін рамиприлат концентрацияларының жартылай шығарылуының тиімді кезеңі 5-10 мг дозалар үшін 13-17 сағатты және 1,25-2,5 мг дозалар үшін өте ұзақ уақытты құрайды.

Рамиприлдің бір реттік дозасын қабылдаған кезде емшек сүтінен рамиприлаттың қалдықтары табылады.

Рамиприл және рамиприлат организмнен көбіне несеппен бірге шығарылады.

Бүйрек жеткіліксіздігінде рамиприлаттың шығарылуы креатинин клиренсіне пропорционалды түрде төмендейді, бұл қан плазмасында рамиприлат концентрациясының жоғарылауына әкеп соғады.

Бауыр жеткіліксіздігінде рамиприлдің рамиприлатқа айналуы баяулайды, алайда бұл емделушілердегі ең жоғары концентрациялардың бауыр қызметі қалыпты адамдарда байқалған концентрациялардан айырмашылығы жоқ.

Фармакодинамикасы

Рамиприл ангиотензин-конвертирлеуші ферменттің (АКФ) әсерін тежейді, ол І ангиотензиннің тамырды тарылтушы белсенді зат – ІІ ангиотензинге айналуын катализдейді; рамиприл сондай-ақ тамырды кеңейтетін белсенді брадикининнің ыдырауын тежейді. ІІ ангиотензиннің түзілуінің төмендеуі және брадикининнің ыдырауының тежелуі қантамырлардың кеңеюіне әкеледі.

Рамиприлді қолдану адамның түрегеліп тұрған күйінде, сондай-ақ жатқан күйінде жүректің жиырылу жиілігінің компенсаторлы артуынсыз, қысымның қалыпқа келуіне әкеледі. Бір реттік дозаны ішу арқылы қабылдағаннан кейін 3-6 сағаттан соң ең жоғары әсерге жетеді және гипертензияға қарсы әсері әдетте 24 сағат бойы жалғасады. Рамизеспен үздіксіз емдеген кезде гипертензияға қарсы ең жоғары әсер, әдетте, 3-4 аптадан кейін білінеді және 2 жыл бойы ұзақ емделгенде сақталады. Препарат қабылдауды күрт тоқтату артериялық қысымның тез және шамадан тыс жоғарылауына әкелмейді.

Жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда Рамизес жүйелік төзімділікті төмендетеді және көктамырлық көлемді арттырады. Бұл жүрекке алдын ала түсетін жүктеменің және жүктемеден соң жүрекке түсетін салмақтың төмендеуіне әкеледі. Бұдан басқа, рамиприлмен емделу кезінде жүректен қанның лықсуының, тамырдың соғу индексінің және дене жүктемесін көтере алмаушылықтың артқаны байқалады.

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда, плацебомен салыстырғанда, рамиприл миокардтың жедел инфарктінен (2-9-күндік) болатын жалпы өлім-жітімді 27%-ға төмендетеді.

Науқастарда қантамырлық бұзылулар нәтижесінде (мысалы, жүректің коронарлы артерияларының манифестациялайтын ауруларында, шеткергі артериялардың окклюзиялық ауруларында немесе сыртартқысында инсульт бар болғанда) кардиоваскулярлық қауіп жоғарылаған немесе қант диабеті бар, қалай болғанда да, қауіптің 1 қосымша факторы бар (микроальбуминемия, гипертензия, қандағы жалпы холестериннің жоғарылауы, ТЖЛ деңгейінің төмендеуі, темекі тарту) науқастарда рамиприл миокард инфарктін, инсультті және өлім-жітім жиілігін едәуір төмендетеді.

Рамиприл диабеттік нефропатиясы бар, протеинуриясы әлсізден айқын деңгейге дейін болатын емделушілерде бүйректің гломерулярлы қызметінің жылдамдығын төмендетеді, сондай-ақ диабеттің 2-ші типі бар, артериялық қысымы қалыпты да, сонымен қатар жоғары да емделушілерде ашық нефропатияның пайда болу қаупін азайтады.

Қолданылуы

  • артериялық гипертензияда (монотерапия немесе біріктірілген ем құрамында)

  • жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде (біріктірілген ем құрамында)

  • жедел миокард инфарктінің салдарынан болған жүрек жеткіліксіздігінде

  • диабеттік емес немесе диабеттік нефропатияда

  • миокард инфарктінің, инсульттің немесе жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітімнің алдын алуға (жүректің айқын ишемиялық ауруы (сыртартқысында миокард инфаркті бар немесе онсыз), сыртартқыда инсульттің болуы, сыртартқыда шеткергі қантамыр ауруларының болуы немесе жүрек-қантамырлық қауіптің бір қосымша факторы (микроальбуминурия, артериялық гипертензия, холестериннің жалпы деңгейі жоғары, тығыздығы жоғары липопротеиндердің холестерині деңгейі төмен, темекі тарту) бар қант диабеті) .

Қолдану тәсілі және дозалары

Рамизесті ас қабылдауға қарамай-ақ қолданады. Таблеткаларды шайнамай, судың мол мөлшерімен ішу арқылы тұтастай жұтқан жөн.

Артериялық гипертензияны емдеу. Препараттың бастапқы дозасы әдетте тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды. Әрі қарай, гипертензияға қарсы әсері жеткіліксіз болған жағдайда препарат дозасын әрбір 3 апта сайын екі еселеу арқылы арттыру керек. Әдеттегі демеуші доза тәулігіне 2,5-5 мг құрайды. Рұқсат етілетін ең жоғары тәуліктік доза ересектер үшін – 10 мг. Рамизестің тәулігіне 5 мг-нан астам дозасын арттырудың альтернативі қосымша, мысалы, диуретикті немесе кальций антагонисін қолдану болуы мүмкін.

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеу. Бастапқы дозасы – тәулігіне бір рет 1,25 мг. Емдік әсері жеткіліксіз болғанда тәуліктік дозаны, әрбір 1-2 апта сайын екі еселей отырып, арттыруға болады. Егер керекті доза 2,5 мг немесе одан жоғары Рамизесті құраса, оны бір реттік доза түрінде қабылдауға немесе екі қабылдауға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік доза 10 мг-нан аспауы тиіс. Диуретиктердің жоғары дозасын қабылдап жүрген емделушілер үшін, Рамизеспен емделер алдында олардың дозаларын төмендеткен жөн.

Миокардтың жедел инфаркті салдарынан болған жүрек жеткіліксіздігін емдеу. Ем миокардтың жедел инфарктінен кейін 3-10-шы тәуліктерде, ауруханада басталады. Бастапқы тәуліктік доза 5 мг (таңертең және кешке 2,5 мг-нан) құрайды. Екі тәуліктен кейін дозаны тәулігіне екі рет 5 мг-ға дейін арттырады. Тәулігіне екі реттік бастапқы 2,5 мг дозаның жағымдылығы нашар болған кезде бұл дозаны тәулігіне 2,5 мг-ға дейін азайтқан жөн (екі күн бойы таңертең және кешке 1,25 мг-нан). Содан кейін, науқастың реакциясына байланысты, доза тәулігіне екі рет 2,5 мг-ға және 5 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Дозаны әрбір 1-3 күннен кейін екі еселеу арқылы арттыру керек.

Демеуші доза тәулігіне екі рет 2,5-5 мг құрайды.

Әрі қарай, басында екіге бөлінген жалпы тәуліктік дозаны бір рет қабылдауға болады. Рамизестің рұқсат етілетін ең жоғары дозасы - 10 мг.

Миокард инфаркті, инсульт немесе жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім қаупін төмендету үшін Рамизестің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды. Дозаны препараттың жағымдылығына байланысты біртіндеп арттырады. Бір аптадан кейін дозаны екі еселеу, және тағы үш аптадан кейін оны әдеттегі демеуші доза – тәулігіне бір реттік 10 мг-ға дейін арттыру керек. Тәулігіне бір рет 10 мг-нан астам дозаны қолдану жеткіліксіз зерттелген.

Диабеттік немесе диабеттік емес нефропатия. Препараттың бастапқы дозасы тәулігіне 1,25 мг құрайды. Емдік әсеріне байланысты тәуліктік доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайтын демеуші дозаға дейін арттырылуы мүмкін. Тәулігіне бір рет 5 мг-нан асатын дозалар жеткіліксіз зерттелген.

Емделушілердің ерекше категориялары.

Егде жастағы емделушілер. Бастапқы доза – тәулігіне 1,25 мг.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін дозалануы. Егер креатинин клиренсі дене беті ауданының 1,73 м2-не шаққанда минутына 60 мл-ден 30 мл-ге дейінді құраса, әдетте Рамизестің бастапқы тәуліктік 1,25 мг дозасы қолданылады. Мұндай жағдайда Рамизестің рұқсат етілетін ең жоғары тәуліктік дозасы 5 мг құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр және креатинин клиренсі минутына <30 мл емделушілерге қолдану жеткіліксіз зерттелген.

Артериялық гипертензиясы бар, гемодиализдегі емделушілер үшін дозалануы. Рамиприл диализ жасауға аздап келеді. Бастапқы дозасы тәулігіне 1,25 мг құрайды, ал ең жоғары тәуліктік дозасы – 5 мг; препаратты гемодиализден кейін бірнеше сағаттан соң қолдану қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін дозалануы. Мұндай емделушілер Рамизеспен емделудің алғашқы сатыларында мұқият медициналық бақылауды қажет етеді, емдеуді тәулігіне 1,25 мг дозадан бастаған жөн.

Ең жоғары тәуліктік доза 2,5 мг құрайды.

Айқын артериялық гипертензиясы бар, организмде сұйықтықтың немесе электролиттердің жоғалуы толық түзетілмеген жағдайда гипотензивтік реакция аса қауіпті болатын (мысалы, коронарлы қантамырлардың немесе миды қанмен қамтамасыз ететін қантамырлардың клиникалық тұрғыдан маңызды тарылуы бар) емделушілер үшін дозалануы. Тәулігіне азайтылған бастапқы 1,25 мг дозаны қолданған жөн.

Алдын ала диуретиктермен емделген емделушілер үшін дозалануы. Диуретиктің әсер ету ұзақтығына байланысты, диуретиктерді қабылдауды Рамизеспен емдеуден 2-3 күн бұрын, одан да ертерек тоқтатқан немесе, сонда да, несеп жүргізетін дәрілердің дозасын төмендеткен дұрыс. Бастапқы тәуліктік доза әдетте 1,25 мг құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Рамизес әдетте, жақсы көтерілімді. Жағымсыз әсерлері көбіне орташа білінеді және өткінші сипатқа ие, емдеуді тоқтатуды әдетте қажет етпейді.

Рамизесті қолданған кезде төменде келтірілген жағымсыз әсерлер білінеді (жиілік шкаласы: 1-10% – жиі; 0,1-1% – жиі емес; 0,01-0,1% – сирек; 0,01%-дан аз – өте сирек).

Жиі

– артериялық гипотензия, артериялық қысымның ортостатикалық төмендеуі, синкопе

– тітіркендіретін өнімсіз жөтел, бронхит, синусит

– ауыз қуысының қабынуы, ас қорытудың бұзылуы, диспепсия, диарея, жүректің айнуы, құсу

– бас ауыру, бас айналу

– бөртпе

– бұлшықеттердің түйілулері, миалгия

– қандағы калий деңгейінің жоғарылауы

– кеуде қуысының ауыруы, астения.

Жиі емес

– миокард ишемиясы, стенокардияны немесе миокард инфарктін қоса есептегенде, тахикардия, аритмия, жүрек лүпілінің сезілуі

– шеткергі ісінулер

– беттің қызаруы

– бүйрек қызметінің бұзылуы, бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса есептегенде, несеп мөлшерінің артуы, фондық протеинурияның өршуі, қандағы мочевина және креатинин деңгейлерінің жоғарылауы

– мұрынның бітелуі, бронхтың түйілуі, соның ішінде демікпенің өршуі

– ұйқы безі ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, жіңішке ішектің ангионевротикалық ісінуі, эпигастрияның ауыруы, гастритті қоса есептегенде, іштің қатуы, ауыз ішінің құрғауы, бауыр энзимдері және/немесе байланысқан билирубин деңгейлерінің жоғарылауы

– вертиго, парестезия

– агевзия, дисгевзия

– көрудің нашарлауы, көздің анық көрмеуі

– көңіл-күйдің төмендеуі, үрейлену, күйгелектік, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, ұйқышылдықты қоса есептегенде

– ангионевротикалық ісіну, тыныс жолдарының обструкциясы ангионевротикалық ісінудің фатальді салдары болуы мүмкін

– пруритус, гипергидроз

– артралгия

– анорексия, тәбеттің төмендеуі

– эозинофилия

– пирексия

– эректильді қызметтің транзиторлы бұзылуы, импотенция, либидоның төмендеуі

Сирек

– диспноэ

– глоссит, құрсақ қуысында жайсыздық сезімі, асқазанның ауыруы, холестатикалық сарғаю, гепатит

– діріл, тепе-теңдіктің бұзылуы

– конъюнктивит

– естудің бұзылуы, құлақ ішінің шуылдауы

– сананың шатасуы

– эксфолиативті дерматит, уртикария, онихолиз

– лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, анемия, тромбоцитопения

– әлсіздік, ұйқышылдық, қажығыштық

Өте сирек

– фотосезімталдық реакциясы

Жекелеген жағдайларда

– панкреатит

– иіс және дәм сезімінің бұзылуы (мысалы, ауыздағы металл дәмі)

Жиілігі анықталған жоқ

– Рейно феномені

– афтозды стоматит

– церебральді ишемия, соның ішінде ишемиялық инсульт және транзиторлы ишемиялық шабуыл, нарушение психомоторлы қызметтің бұзылуы, шымылдатып ашыту сезімі – зейіннің бұзылуы

– анафилактикалық және анафилактоидтық реакциялар, антиядролық антиденелер деңгейінің жоғарылауы

– макулопапулезді бөртпе, пузырчатка, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, псориаз барысының өршуі, псориаздық дерматит, пемфигоидты немесе лихеноидты экзантема немесе энантема, алопеция

– қанда натрий деңгейінің төмендеуі

– сүйек кемігі қызметінің жеткіліксіздігі, панцитопения, гемолитикалық анемия

– гинекомастия

– дәмнің толық жоғалуы, бауырдың жедел жеткіліксіздігі, холестатикалық немесе цитолитикалық гепатиттің фатальді жағдаймен аяқтаулы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • АКФ-нің басқа тежегіштеріне немесе препараттың қандай да болсын бір компонентіне сезімталдық жоғары болғанда

  • сыртартқысында ангионевротикалық ісіну болғанда

  • бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден төмен)

  • бүйрек артериялары тарылғанда (бір жақты немесе екі жақты)

  • гипотензияда немесе гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жағдайларда

  • алғашқы гиперальдостеронизмде

  • жүктілікте, емшек емізу кезеңінде

  • балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Рамизесті және гипертензияға қарсы басқа да дәрілік заттарды (мысалы, диуретиктерді), артериялық қысымды төмендетуге қабілетті басқа да препараттарды (мысалы, нитраттарды, трициклді антидепрессанттарды, анестетиктерді) бір мезгілде қолданған кезде рамиприлдің гипотензивті әсерінің күшейетіндігін күткен жөн. Диуретиктермен бір мезгілде ем қабылдап жүрген емделушілерде натрийдің сарысулық концентрациясын жүйелі түрде бақылап отыру ұсынылады.

Рамизесті және қантамырларын тарылтатын симпатомиметиктерді бір мезгілде қолдану Рамизестің артериялық қысымды төмендету әсерін әлсіретуі мүмкін. Артериялық қысымды аса мұқият бақылау керек.

Рамизесті аллопуринолмен, иммунодепрессанттармен, кортикостероидтармен, прокаинамидпен, цитостатиктермен және гемограммада өзгеріс тудыруы мүмкін басқа да дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану гематологиялық реакциялардың пайда болу мүмкіндігін арттыруы мүмкін.

Рамизесті литий тұздарымен бір мезгілде қолданған кезде литийдің экскрециясы төмендеуі мүмкін. Мұндай төмендеу қан сарысуында литий концентрациясының өсуіне және литийдің уыттылығының артуына әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты литийдің концентрациясын бақылап отыру қажет.

Рамизесті диабетке қарсы дәрілермен (мысалы, инсулинмен және сульфонилмочевина туындыларымен) бір мезгілде қолдану инсулиннің әсерін арттыруы мүмкін. Жекелеген жағдайларда бұл диабетке қарсы дәрілер мен рамиприлді бір мезгілде қолданатын емделушілерде гипогликемиялық реакциялардың дамуына әкелуі мүмкін. Емнің басында қандағы глюкоза деңгейіне мұқият бақылау жасау керек.

Рамизесті және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) бір мезгілде қолданған кезде қан қысымының төмендеу әсері бәсеңдеуі мүмкін. Бұдан басқа, АКФ тежегіштерімен және ҚҚСД-мен бір мезгілде емдеу бүйрек қызметінің төмендеу және қан сарысуында калий деңгейінің жоғарылау қаупін арттыруы мүмкін.

Рамизесті гепаринмен бір мезгілде тағайындаған кезде қан сарысуында калий концентрациялары артуы мүмкін.

Рамизес этанолдың ауыр тиетін әсерін күшейтуі мүмкін.

Тұздарды көбірек қолдану Рамизестің гипертензияға қарсы әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

АКФ тежегіштерімен емделу кезінде жәндіктердің уына анафилактикалық және анафилактоидтық реакциялардың пайда болу мүмкіндігі және ауырлығы артады. Мұндай әсер басқа аллергендерге қатысты да байқалуы мүмкін деп есептеледі.

Айрықша нұсқаулар

Рамизесті дәрігердің ұдайы бақылауымен қолданған жөн.

АКФ тежегіштерімен емделген емделушілерде беттің, аяқ-қолдардың, еріннің, тілдің, дыбыс саңылауының немесе жұтқыншақтың ангионевротикалық ісіну жағдайлары байқалды.

Өмірге қатер төндіретін ангионевротикалық ісінуді шұғыл емдеуге, ЭКГ-ні және артериялық қысымды бақылаумен қатарластыра, шұғыл түрде эпинефринді (тері астына немесе көктамыр ішіне баяу) енгізу жатады. Науқасты госпитализациялау, кем дегенде, 12-24 сағат бойы бақылауға алу керек. Оны симптомдар толық жоғалғаннан кейін ғана шығаруға болады.

АКФ-мен емделген емделушілерде ішектің ангионевротикалық ісіну жағдайлары байқалды. Бұл емделушілер ішінің ауырғанына (жүректің айнуымен немесе құсумен бірге немесе оларсыз) шағымданды; кейбір жағдайларда беттің ангионевротикалық ісінуі де байқалды. Ішектің ангионевротикалық ісіну симптомдары АКФ тежегіштерін қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалды. Рамизесті балаларға, бүйрек қызметінің бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі дене беті ауданының 1,73 м2-не шаққанда минутына 20 мл-ден төмен) емделушілерге және диализдегі емделушілерге қолданудың талапқа сай жеткілікті емдік тәжірибесі жоқ.

Ренин-ангиотензинді жүйе белсенділігі жоғарылаған емделушілер. Ренин-ангиотензинді жүйе белсенділігі жоғары болатын емделушілерді емдеген кезде аса сақ болған жөн. Мұндай науқастарда АКФ-нің тежелуі нәтижесінде, әсіресе АКФ тежегіші немесе қатар қолданылатын диуретиктер алғаш рет немесе алғаш рет өте жоғары дозада тағайындалған кезде, артериялық қысымның күтпеген жерден және едәуір төмендеу және бүйрек қызметінің нашарлау қаупі болады. Препаратпен емдеудің басында немесе дозаны арттырған кезде артериялық қысымға, оның күрт төмендеу қаупі төніп тұрғанда, мұқият бақылау жүргізу керек. Ауыр, әсіресе қауіпті артериялық гипертензиясы бар емделушілерде; жүректің, әсіресе ауыр жеткіліксіздігі бар немесе артериялық қысымды төмендетуі мүмкін басқа препараттармен емделген емделушілерде; сол жақ қарыншаға қанның ағып келуі немесе одан шығуы гемодинамикалық тұрғыдан маңызды түрде қиындаған (мысалы, қолқаның тарылуына немесе митральді қақпақшаның тарылуына немесе гипертрофиялық кардиомиопатияға байланысты); бүйректік артериялары гемодинамикалық тұрғыдан маңызды түрде тарылған емделушілерде ренин-ангиотензинді жүйе белсенділігінің жоғарылайтындығын күтуге болады. Емделушілердің бұл категорияларын емнің бастапқы сатысында ерекше медициналық бақылауға алу керек. Диуретиктермен басталған емді тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін: диуретиктерді алдын ала қабылдаған емделушілерде. Егер диуретиктерді қабылдауды тоқтату немесе дозасын төмендету мүмкін болмаса, емнің бастапқы сатысында қатаң медициналық бақылау қажет; қатер төнген немесе су-электролиттік тепе-теңдігі бұзылған емделушілерде (сұйықтықты немесе тұздарды жеткіліксіз пайдалану нәтижесінде, мысалы, диареяға, құсуға немесе шамадан тыс орнын толтыру жеткіліксіз болған жағдайларда).

Емді бастағанға дейін дегидратация, гиповолемия немесе тұздың тапшылығы жағдайлары түзетілуі керек (алайда жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін мұндай түзету шараларын алдын ала түсетін көлемді жүктеме қаупі көзқарасы тұрғысынан мұқият баға берілгені жөн). Клиникалық тұрғыдан маңызды жағдайларда Рамизеспен емдеуді артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуіне және бүйрек қызметінің төмендеуіне жол бермеудің тиісті шаралары бір мезгілде қолданылады.

Бауыр аурулары бар емделушілер. Бауыр қызметі төмендеген емделушілерде Рамизеспен емдеуге жауап не жоғарылауы, не төмендеуі мүмкін. Бұдан басқа, ісіну және/немесе асциті бар бауырдың ауыр циррозы бар емделушілерде ренин-ангиотензинді жүйе белсенділігі едәуір жоғарылауы мүмкін. Сондықтан осы науқастарды емдеу кезінде аса сақ болу қажет.

Артериялық қысымды едәуір төмендету аса қауіпті болып табылатын емделушілерге (мысалы, коронарлы артериялар немесе ми қантамырлары гемодинамикалық тұрғыдан маңызды түрде тарылған емделушілер), емдеудің бастапқы сатысында ерекше медициналық бақылау жасау қажет.

Егде жастағы адамдар. Егде жастағы емделушілерде АКФ тежегіштеріне реакция өте айқын болуы мүмкін. Оларды емдеудің бас кезінде бүйрек қызметіне баға беру керек. Бүйрек қызметін бақылау. Бүйрек қызметі бақылауды әсіресе АКФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы апталарында жүзеге асыру керек. Жүрек жеткіліксіздігі бар; бүйрек қызметі төмендеген; бүйрегі ауыстырылған; вазоренальді ауруы бар емделушілерге, бүйрек артерияларының гемодинамикалық тұрғыдан маңызды бір жақты тарылуы бар емделушілерді қоса есептегенде, аса мұқият бақылау жасау қажет. Науқастардың соңғы тобында қан сарысуындағы креатинин деңгейінің аздаған өсуінің өзі бүйрек қызметінің бір жақты төмендегенін айғақтауы мүмкін.

Экстракорпоральді емдеу әдістерімен біріктіру. Рамизесті қабылдаған кезде экстракорпоральді емдеу шараларын жүргізуге болмайды, өйткені мұның нәтижесінде қан, ауыр анафилактикалық шоктың даму қаупіне байланысты, теріс зарядталған бетпен жанасады. Демек, препаратты қолданған кезде диализ немесе ультрасүзілу белсенділігі жоғары (мысалы, «AN69») поли(акрилонитринді, натрий-2-метилсульфонатты) мембраналарды қолдана отырып, гемофильтрация емшараларын және декстран сульфатын қолдана отырып, ТТЛ (тығыздығы төмен липопротеин) аферезі емшарасын жүргізбеген жөн.

Гиперкалиемия. АКФ тежегіштерін қабылдаған кейбір емделушілерде, рамиприлді қоса есептегенде, гиперкалиемия байқалды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар, 70 жастан асқан адамдарда, қант диабеті бақыланбайтын, калий тұздарын, калий жинақтаушы диуретиктерді, сондай-ақ калий деңгейін арттыратын басқа да белсенді заттарды қабылдайтын емделушілерде калий деңгейін арттыратын, мысалы, дегидратация, жүректің жедел жеткіліксіздігі, метаболизмдік ацидоз сияқты жағдайларда гиперкалиемияның пайда болу қаупі жоғары болады. Егер аталған препараттарды біріктіріп қолдану мақсатқа сай деп есептелсе, қан сарысуындағы калий деңгейін жүйелі түрде бақылап отыру керек.

Нейтропения/агранулоцитоз. Нейтропения/агранулоцитоз, сондай-ақ тромбоцитопения және анемия жағдайлары сирек байқалады. Сүйек кемігі қызметінің басылуы мүмкін екендігі жөнінде мәлімдемелер бар. Болуы мүмкін лейкопенияны анықтау үшін қанның ақ жасушаларының мөлшерін бақылап отыру ұсынылады. Бүйрек қызметі бұзылған, коллагенездер (жүйелік қызыл жегі немесе склеродермия) қатарласа жүретін емделушілерде және емнің бастапқы сатысында немесе емделуші қан көрінісін өзгертуі мүмкін басқа да препараттарды қабылдап жүрсе, гемодинамикалық бақылауды жиі жүзеге асыру қажет.

Жөтел. Кейбір емделушілерде АКФ тежегіштерін қолданған кезде жөтел байқалады. Өнімсіз, персистерлеуші жөтел тән және ол емді тоқтатқаннан кейін қайтады. АКФ тежегіштерінен жөтелу ықтималдылығы жөтелге нақтыланған диагностика жүргізген кезде есептелуі тиіс.

Препаратта глюкоза бар, сондықтан оны галактозаның жақпаушылығының тұқым қуалаған түрлері, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар емделушілерге тағайындамаған жөн.

Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолданылуы. Жүктілік кезінде рамизесті қолдануға болмайды. Оны қолдануды бастар алдында жүктіліктің бар-жоқтығын анықтаған, сондай-ақ контрацепцияның талапқа сай әдістерін қолдана отырып, жүктілікке жол бермеген жөн. Егер Рамизесты қабылдау кезінде жүкті болып қалған болса, оны құрамында АКФ жоқ препаратпен бірден алмастырған жөн.

Емшек емізу препаратты қолдану үшін қарсы көрсетілім болып табылады.

Педиатрияда қолданылуы. Жеткілікті клиникалық тәжірибе жоқ болғандықтан, Рамизесті балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тағайындауға болмайды.

Дәрілік заттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері. Кейбір жағымсыз әсерлер (мысалы, артериялық қысымның төмендеуінің кейбір симптомдары, атап айтқанда бас айналу) емделушінің зейінді жұмылдыру қабілетіне және психомоторлы реакцияларына, әсіресе емнің бас кезінде немесе басқа препараттармен емделуден көшкен кезде, жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін. Алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін немесе дозаны әрі қарай арттырғаннан кейін бірнеше сағат бойы автокөлікті басқармаған немесе басқа механизмдермен жұмыс жасамаған дұрыс.

Артық дозаланғанда

Симптомдары. Артық дозалану шеткергі қантамырлардың шамадан тыс кеңеюін (айқын артериялық гипотензиямен, шокпен), брадикардияны, электролиттер тепе-теңдігінің бұзылуын және бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін.

Емдеу. Жалпы шаралар (асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір және натрий сульфатын қабылдау, егер мүмкін болса, алғашқы 30 минут ішінде). Артериялық гипотензияда сұйықтық көлемін және тұз тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған шараларға қосымша α1-адренергиялық рецепторлар агонистерін (мысалы, норэпинефрин, допамин) қолданған жөн.

Қарқынды диурезге, несептің рН-ның өзгеруіне, гемофильтрацияларға немесе диализге қатысты, рамиприлдің немесе рамиприлаттың элиминациясын жылдамдату көзқарасы тұрғысынан, деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті түссіз үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада немесе салқындатып құралған алюминий фольгадан және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 3 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. 1,25 мг таблеткалар – 1 жыл 6 ай.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Фармак” ААҚ

Мекенжайы: Украина, 04080, Киев қ-сы, Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фармак” ААҚ, Украина

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050034 Алматы қ-сы, Төле би к-сі, 291-291а L офис 74

Тел/факс: +7 (727) 250 10 28, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

562446691477977150_ru.doc 104 кб
235663591477978316_kz.doc 137.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники