Разо

МНН: Рабепразол
Производитель: Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rabeprazole
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023543
Информация о регистрации в РК: 23.06.2023 - 23.06.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Разо

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рабепразол

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – рабепразол 20 мг

қосымша заттар: маннитол, гидроксипропилцеллюлоза (LН21), магнийдің жеңіл тотығы, гипромеллоза, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, тальк

бастапқы жабыны: zeine NF regular grade А 4000, триэтилцитрат, гидроксипропилцеллюлоза (SL), этилцеллюлоза 7cps,

ішекте еритін қабығы: метакрил қышқылының «С» (Eudragit L-100-55) типті кополимері, триэтилацетат, тальк, Опадрай сары OY-52945, Opacode қызыл S-I-15052

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақшыл сарыдан сары түске дейінгі ішекте еритін қабықпен қапталған, қызыл түсті «RB20» өрнегі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагеальді рефлюксті емдеуге арналған препараттар. Протонды сорғы тежегіштері. Рабепразол.

ATХ коды A02BC04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Рабепразол ішектен жылдам сіңіріледі. 20 мг дозада қабылдағаннан кейін рабепразол плазмадағы Cmax  шамамен 3.5 сағаттан соң жетеді. Cmax және AUC өзгерістері 10-нан 40 мг дейінгі дозалары ауқымында дозасын тәуелді сипатқа ие. 20 мг ішке қабылдағаннан кейінгі абсолюттік биожетімділігі (в/і енгізумен салыстырғанда) көбіне, бауыр арқылы "бірінші өтуі кезіндегі" метаболизміне байланысты 52%-ға жуықты құрайды. Бұдан өзге, рабепразолды бірнеше рет қабылдағанда биожетімділігі өзгермейді. Тәулік ішіндегі ас ішу мен препаратты қабылдау уақыты рабепразолдың сіңірілуіне әсер етпейді.

Таралуы

Адамда рабепразолдың плазма ақуыздарымен байланысуы 97%-ға жуықты құрайды.

Метаболизмі

Адамда плазмада болатын негізгі метаболиттері тиоэфир (М1) мен карбон қышқылы (М6) болып табылады, ал төмен концентрацияларда болатын қосалқы метаболиттері, сульфон (М2), деметилтиоэфир (М4) және меркаптур қышқылының конъюгаты (М5) түрінде келеді. Болар-болмас секрецияға қарсы белсенділікке тек диметил метаболиті (М3) иеленген, алайда ол плазмада анықталмаған.

Шығарылуы

Дені сау адамдарда T1/2  1 сағатқа жуықты (0.7-1.5 сағат) құрайды, жиынтық клиренсі 283 ± 98 мл/минутты құрайды.

90%-ға жуығы несеппен көбінесе екі метаболиті: М5 және М6 түрінде, 10%-ға жуығы нәжіспен шығарылады.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Бүйрек жеткіліксіздігінің тұрақты терминальді жеткіліксіздігі бар, демеуші гемодиализді (КК≤5 мл/мин/1.73 м2) қажет ететін пациенттерде рабепразолдың таралуы дені сау адамдардағы осындайларға тым жуық болды. Бұл пациенттерде AUC және Сmax дені сау адамдарға қарағанда шамамен 35-ға төмен болды. Орташа алғанда, рабепразолдың дені сау адамдарда T1/2  0.82 сағатты, гемодиализдегі пациенттерде - 0.95 сағатты және гемодиализден кейін - 3.6 сағатты құрады. Бүйрек аурулары бар, гемодиализді қажет ететін пациенттерде препараттың клиренсі дені сау адамдарға қарағанда шамамен 2 есе жоғары.

Бауырдың созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде рабепразолды 20 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін дені сау еріктілермен салыстырғанда AUC 2 есе жоғарылады, және T1/2  2-3 есе артты. Алайда, рабепразолды 7 күн бойы тәулігіне 20 мг дозада қабылдағаннан кейін AUC тек 1.5 есе, ал Сmax - 1.2 есе жоғарылаған. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде T1/2 дені сау еріктілердегі 2.1 сағатпен салыстырғанда 12.3 сағатты құрады. Фармакодинамикалық жауап (асқазандағы рН бақылануы) екі топта да клиникалық тұрғыдан салыстырымды болды.

Егде жастағы пациенттерде рабепразолдың шығарылуы біршама баяулайды. Рабепразол натрийді тәулігіне 20 мг қабылдағаннан кейін 7 күннен соң пациенттердің аталған санатында дені сау жастау еріктілермен салыстырғанда AUC шамамен 2 есе, ал Cmax - 60%-ға жоғары болды. Алайда, рабепразолдың жинақталу белгілері байқалмаған.

Рабепразолды 7 күн бойы тәулігіне 20 мг қабылдағаннан кейін CYP2C19 метаболизмі баяулаған жағдайда, AUC "жылдам" метаболизаторларындағы дәл осындай параметрлерімен салыстырғанда 1.9 есе, ал T1/2 - 1.6 есе жоғарылайды, ал Cmax  40%-ға жоғарылайды.

Фармакодинамикасы

Рабепразол натрий химиялық тұрғыдан орынбасқан бензимидазолдар болып табылатын секрецияға қарсы қосылыстар класына жатады. Рабепразол Н+-K+-АТФ-аза ферментінің белсенділігін бәсеңдетеді, сол арқылы, тұз қышқылы синтезінің шешуші сатысын бөгейді. Бұл әсері дозаға тәуелді сипатқа ие және тітіркендіргішіне байланыссыз қышқылдың базальді және стимуляцияланған сөлінісінің бәсеңдеуіне алып келеді. Әлсіз негіз ретінде, рабепразол кез келген дозаларында жылдам сіңіріледі және париетальді жасушалардың қышқыл ортасында концентрацияланады.

Секрецияға қарсы белсенділігі.  Рабепразолды 20 мг дозада ішке қабылдағаннан кейін секрецияға қарсы әсері 1 сағат ішінде туындайды және ең жоғарғысына 2 - 4 сағаттан соң жетеді. Базальді және ас ішуден стимуляцияланған қышқыл сөлінісінің бәсеңдеуі рабепразол натрийдің алғашқы дозасын кейін 23 сағаттан соң сәйкесінше 62 және 82% сағатты құрады, ал бұл әсерінің ұзақтығы 48 сағатқа жеткен. Рабепразол натрийдің қышқыл сөлінісіне тежегіштік әсері күнделікті 1 таблеткадан қабылдау үдерісінде біраз тежеледі, сөліністің тұрақты бәсеңдеуіне препаратты қабылдауды бастағаннан кейін 3 күннен соң жетеді. Рабепразолды қабылдау аяқталғаннан кейін секрециярлық белсенділігі 2-3 күннен соң қалпына келеді.

Қолданылуы

- гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруда

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында

- Золлингер-Эллисон синдромында

- бактерияға қарсы қолайлы препараттармен біріктірілімде – ойық жара ауруы бар пациенттердегі H. pylori эрадикациясы үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Разо таблеткаларын шайнауға немесе ұсақтауға болмайды, тұтастай жұту қажет. Препаратты қабылдау уақыты елеулі әсер етпейді рабепразол натрий белсенділігіне елеулі әсер етпейді.

Ересек пациенттер

Асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы

Күніне 1 рет таңертеңгілік 20 мг қабылдау ұсынылады.

Асқазанның өршу сатысындағы ойық жара ауруы кезінде жазылу 6 апта ішінде басталады, бірақ кейде тағы 6 апта емдеу қажет болуы мүмкін.

Он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы кезінде ойық жараның жазылуы 2-4 апта ішінде басталады, бірақ кейде тағы 4 апта емдеу қажет болуы мүмкін.

Эрозиялық және эрозиялы-ойық жаралы түрлерін қоса, өршу сатысындағы гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру

Бұл жағдайды емдеу үшін, күніне 1 рет 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Мұндай дозасында емдеуді 4 – 8 апта бойы жалғастыру керек. Егер 8 апта емдеуден соң жазылмаса, емдеуді тағы 8 апта бойы жалғастыруға болады.

Гастроэзофагеальді рефлюкстік аурудың (ГЭРА) демеуші емінде

Күніне 1 рет 10 мг немесе 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы клиникалық қажеттілігіне байланысты түзетіледі.

Клиникалық тұрғыдан айқын гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру (клиникалық айқын ГЭРА)

Күніне 1 рет 10 мг немесе 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. 4 апта емдеуден кейін емге жауап болмаса, пациентке қосымша тексеру жүргізу қажет.

Симптомдарын басқаннан кейін, олардың кейіннен қайталануын болдырмау үшін, препаратты қажеттілігіне қарай күніне бір рет 10 мг дозада ішке қабылдау ұсынылады.

Золлингер-Эллисон синдромы

Тағайындалатын дозасы клиникалық көрінісіне тәуелді. Ұсынылатын бастапқы дозасы күніне 1 рет 60 мг, бірақ, қажеттілігіне қарай күніне 120 мг дейін арттыруға болады. Күніне 1 рет 100 мг дозасын қабылдауға болады, ал 120 мг қабылданатын жағдайда, таблеткаларды қабылдауды күніне 2 рет 60 мг-ден екі қабылдауға бөлуге болады. Емдеу ұзақтығы клиникалық қажеттілігіне қарай белгіленеді және бір жыл бойына үздіксіз жалғасуы мүмкін.

Helicobacter pylori эрадикациясы

H. pylori эрадикациясы үшін тиісінше антибиотиктермен біріктіріп, күніне 2 рет 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы: 7 күндік дозалау режимі.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын түзету қажет емес.

Бауырдың орташа және жеңіл жеткіліксіздігі бар пациенттерде рабепразол натрийді белгіленген дозасында қабылдағанда, дені сау пациенттермен салыстырғанда оның әсер етуінің жоғарырақ деңгейлері байқалады. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді 20 мг Разо препаратымен емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге дозасын түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100, <1/10)

- инфекциялар

- ұйқысыздық, бас ауыруы, бас айналуы

- жөтел, фарингит, ринит

- диарея, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, іш қатуы, метеоризм

- спецификалық емес ауыру, арқаның ауыруы

- астения, тұмау тәрізді синдром

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- күйгелектік, ұйқышылдық

- бронхит, синусит

- диспепсия, ауыздың құрғауы, кекіру

- бөртпе, эритема

- миалгия, артралгия, аяқтардың құрысуы

- несеп шығару жолдарының инфекциялары

- қалтырау, қызба

- бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- гипомагниемия, тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, лейкоцитоз

- аса жоғары сезімталдық (беттің ісінуін, гипотензия мен диспноэні қоса)

- анорексия

- депрессия

- көрудің бұзылуы

- гастрит, стоматит, дәм сезудің бұзылуы

- гепатит, сарғаю, бауыр энцефалопатиясы

- қышыну, қатты терлеу, буллезді бөртпелер

- интерстициальді нефрит

- салмақ жоғарылауы

Өте сирек (< 1/10 000);

- көп формалы эритема, уытты эпидермальді некролиз (ТЭН), Стивенс-Джонсон синдромы

Жиілігі белгісіз

- гипонатриемия

- сананың шатасуы

- шеткері ісіну

- гинекомастия

- жеделге жуық қызыл жегінің терідегі формасы

- омыртқа бағанының, жамбас мойнының, білектің сынулары қаупінің дамуы

Эритема, буллезді бөртпелер және аса жоғары сезімталдық реакциялары әдетте, емдеу тоқтатылғаннан кейін басылады.

Зертханалық параметрлердің Разо препаратымен емдеумен байланысты елеулі ауытқулары анықталған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- рабепразолға, оның компоненттеріне немесе орынбасқан бензимидазолдарға жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Рабепразол бауырдың микросомалық P450 цитохромы изоферменттері арқылы метаболизденеді. Зерттеулер, рабепразолдың дені сау еріктілерде амоксициллинмен және аталған ферменттік жүйе арқылы метаболизденетін басқа препараттармен (варфарин, фенитоин, теофиллин, диазепам) клиникалық тұрғыдан елеулі өзара дәрілік әрекеттестікке түспейтінін көрсетті.

Разо тұз қышқылы өндірілуінің айқын және ұзақ уақыт төмендеуін туғызады. Сондықтан, сіңірілуі асқазанның рН құрамына тәуелді препараттармен бір мезгілде қолданғанда, дәрілермен өзара әрекеттесуі байқалған.

Дені сау еріктілерде рабепразол натрийді қабылдау қан плазмасындағы кетоконазол концентрациясының 33%-ға төмендеуін және дигоксиннің ең төменгі концентрациясының 22%-ға жоғарылауын туғызған. Сондықтан, Разо препаратын кетоконазолмен немесе дигоксинмен бір мезгілде қолданғанда, соңғыларының дозасын түзету қажет.

Рабепразол мен оның белсенді метаболиті кларитромициннің бір мезгілде қолданылғандағы концентрациялары сәйкесінше 24% және 50%-ға артады. Бұл аталған біріктірілімнің Helicobacter pylori эрадикациясы кезіндегі тиімділігін арттырады.

Зерттеуде Разо препаратының сұйық антацидтермен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ. Бұдан өзге, Разо препаратының тамақпен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулері байқалған жоқ.

Адам бауырының микросомаларына жүргізілген in vitro зерттеулер, рабепразолдың CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттері арқылы метаболизденетінін көрсетті. Қан плазмасындағы күтілетін концентрацияларында рабепразол CYP3A4 метаболизміне стимуляциялайтын да, тежегіштік те әсер бермейтіні анықталды. Сонымен қатар бұл зерттеулер, рабепразол циклоспориннің метаболизміне әсер етпейді деп есептеуге негіз болады.

Рабепразол мен атазанавирді бірге қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Разо препаратымен емдеуді бастар алдында асқазанның қатерлі жаңа түзілімінің бар-жоқтығын анықтау қажет, өйткені препаратты қабылдау симптомдарын бүркемелеуі мүмкін және дұрыс диагноз қойылуын кешеуілдетуі мүмкін.

Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылулары бар пациенттердегі арнайы зерттеуде Разо препаратының жағымсыз әсерлерінің жиілігінде, жынысы мен жас шамасына қарай таңдап алынған дені сау адамдардағы осындайдан елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ, бірақ, осыған қарамастан, Разо препаратын бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге алғаш тағайындаған кезде сақтық таныту ұсынылады.

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерге Разо препаратының дозасын түзету қажет емес.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Рабепразолдың фармакодинамикасының ерекшеліктеріне және оның жағымсыз әсерлерінің бейініне байланысты, Разоның автокөлік жүргізуге және механизмдерді басқаруға әсер ету ықтималдығы аз. Алайда, ұйқышылдық пайда болған жағдайда, аталған қызмет түрлерімен шұғылданбау керек.

Артық дозалануы

Бүгінгі күнге дейін Разо препаратының қасақана артық дозаланған жағдайлары туралы мәліметтер түспеген. Препаратты тәулігіне 80 мг дейінгі дозаларында қабылдаудың пациенттерде жағымдылығы жақсы болған.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем жүргізу. Арнайы антидоты жоқ. Рабепразол натрий плазма ақуыздарымен жақсы байланысады, сондықтан диализ арқылы нашар шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 немесе 4 пішінді қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед

Тіркеу куәлігінің иесі

Д-р Редди´с Лабораторис Лимитед, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» компаниясының өкілдігі: 050057 Алматы қ., 22 линия к-сі, 45,

8 (727) 3941699, 8 (727) 3941689, факс:3941294 (110), info@drreddys.kz

Прикрепленные файлы

Разо_рус.doc 0.08 кб
Разо_каз.doc 0.09 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту