Разо
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Разо
Халықаралық патенттелмеген атауы
Рабепразол
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 21 мг рабепразол натрийі (20 мг рабепразолға баламалы)
қосымша заттар: маннитол, жеңіл магний оксиді, натрий крахмалының гликоляты (А типі), гидроксипропилцеллюлоза (Klucel LF), магний стеараты, тальк,
алдын ала жабыны: гидроксипропилцеллюлоза (SL), этилцеллюлоза 7 cps,
ішекте еритін жабыны: «С» типті метакрил қышқылының кополимері (Eudragit L-100-55), натрий гидроксиді, полиэтиленгликоль 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е172).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, диаметрі 7.9-дан 8.3 мм дейін, қалыңдығы 3.8-ден 4.2 мм дейін, екі беті дөңес, екі жағы да тегіс беткейлі, қызғылт түсті ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагеальді рефлюксті емдеуге арналған препараттар. Протондық сорғы тежегіштері. Рабепразол.
ATХ коды A02BC04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Рабепразол ішектен жылдам сіңіріледі. 20 мг дозада қабылдағаннан кейін рабепразол плазмадағы Cmax мәніне шамамен 3.5 сағаттан соң жетеді. 10-нан 40 мг дейінгі дозалар ауқымында Cmax және AUC өзгерістері дозаға байланысты сипатта болады. Абсолютті биожетімділігі 20 мг ішке қабылдағаннан кейін (к/і енгізумен салыстырғанда), көп ретте бауыр арқылы «алғашқы өту» кезіндегі метаболизміне орай, 52%-ға жуық құрайды. Бұдан басқа, рабепразолды көп рет қабылдағанда биожетімділігі өзгермейді. Ас ішу және тәулік ішінде препарат қабылдау уақыты рабепразол сіңірілуіне ықпалын тигізбейді.
Таралуы
Адамда рабепразолдың плазма ақуыздарымен байланысуы 97%-ға жуық құрайды.
Метаболизмі
Адам плазмасында болатын негізгі метаболиттері - тиоэфир (М1) және карбон қышқылы (М6), ал төмен концентрацияларда қатысатын қосалқы метаболиттері сульфон (М2), деметилтиоэфир (М4) және меркаптур қышқылының конъюгаты (М5) түрінде болады. Диметил метаболитінің (М3) ғана сөлініске қарсы мардымсыз белсенділігі бар, алайда ол плазмадан табылмаған.
Шығарылуы
Дені сау еріктілерде Т1/2 1 сағатқа жуық (0.7-1.5 сағ.), жиынтық клиренсі 283 ± 98 мл/мин құрайды. 90%-ға жуығы екі метаболит: М5 және М6 түрінде көбінесе несеппен, 10%-ға жуығы нәжіспен шығарылады.
Айрықша клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы
Демеуші гемодиализді қажет ететін терминалдық тұрақты бүйрек жеткіліксіздігі (КК≤5 мл/мин/1.73 м2) бар емделушілерде рабепразолдың таралуы дені сау еріктілердегі таралуына өте жақын. Осы емделушілердегі AUC және Сmax дені сау еріктілердегіден шамамен 35% төмен болды. Орта есеппен рабепразол T1/2 дені сау еріктілерде 0.82 сағат, гемодиализ кезіндегі емделушілерде 0.95 сағат және гемодиализден кейін 3.6 сағат құрады. Препарат клиренсі гемодиализ қажет ететін бүйрек аурулары бар емделушілерде дені сау еріктілердегіден шамамен 2 есе жоғары болды.
Созылмалы бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде рабепразол 20 мг дозада бір рет қабылданғаннан кейін, дені сау еріктілермен салыстырғанда, AUC 2 есе ұлғайды, ал T1/2 2-3 есе ұзарды. Алайда 7 күн бойы тәулігіне 20 мг дозада рабепразол қабылдағаннан кейін AUC тек 1.5 есе, ал Сmax 1.2 есе артты. Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілердегі T1/2, дені сау еріктілердегі 2.1 сағатпен салыстырғанда, 12.3 сағат құрады. Екі топта да фармакодинамикалық жауабы (асқазандағы рН бақылауы) клиникалық тұрғыда салыстырмалы болды.
Егде жастағы емделушілерде рабепразол шығарылуы біршама баяулаған. Емделушілердің осы санатында тәулігіне 20 мг рабепразол натрийін қабылдағаннан кейін 7 күннен соң, дені сау жас еріктілермен салыстырғанда, AUC шамамен 2 есе ауқымды, ал Cmax 60% жоғары болды. Алайда рабепразолдың жинақталу белгілері білінбеген.
7 күн бойы тәулігіне 20 мг рабепразол қабылдағаннан кейін CYP2C19 метаболизмі баяулаған жағдайда, «жылдам» метаболизаторлардағы осы сияқты параметрлермен салыстырғанда, AUC 1.9 есе, ал T1/2 1.6 есе ұлғаяды, осы тұста Cmax 40% жоғарылайды.
Фармакодинамикасы
Рабепразол натрийі химиялық тұрғыда орын басушы бензимидазолдар болып табылатын сөлініске қарсы қосылымдар класына жатады. Рабепразол H+K+-АТФ-аза ферментінің белсенділігін бәсеңдетіп, сол арқылы тұз қышқылы синтезінің қорытынды сатысын бөгейді. Бұл әсер дозаға тәуелді сипатта болады және тітіркендіргішке қарамастан қышқылдың әрі базальді, әрі көтермеленген сөлінісінің бәсеңдеуіне әкеледі. Әлсіз негіз ретінде, рабепразол кез келген дозаларда жылдам сіңіріледі және париетальді жасушалардың қышқылды ортасында шоғырланады.
Сөлініске қарсы белсенділігі. Рабепразолды 20 мг дозада ішке қабылдағаннан кейін сөлініске қарсы әсері 1 сағат ішінде туындайды және ең жоғары деңгейіне 2-4 сағаттан соң жетеді. Рабепразол натрийін алғашқы дозада қабылдағаннан кейін 23 сағаттан соң базальді және ас ішумен көтермеленген қышқыл сөлінісінің бәсеңдеуі, тиісінше, шамамен 62 және 82% құрады, ал әсер ету ұзақтығы 48 сағатқа жетті. Рабепразол натрийінің қышқыл сөлінісін тежеу әсері 1 таблеткасын күнделікті қабылдау барысында күшейеді, сөліністің тұрақты бәсеңдеуіне препаратты қабылдай бастағаннан кейін 3 күннен соң жетеді. Рабепразол қабылдау аяқталғаннан кейін сөліністік белсенділігі 2-3 күннен соң қалпына келеді.
Қолданылуы
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында
- Золлингер-Эллисон синдромында
- ойық жаралы ауруы бар емделушілерде H. Pylori эрадикациясы үшін – сай келетін бактерияға қарсы препараттармен біріктірілімде
Қолдану тәсілі және дозалары
Разо таблеткаларын шайнауға немесе ұсақтауға болмайды, бүтіндей жұту қажет. Препарат қабылдау уақыты рабепразол натрий белсенділігіне елеулі ықпалын тигізбейді.
Ересек емделушілер
Асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруы
Күніне 1 рет таңертеңгілік 20 мг ішке қабылдау ұсынылады.
Асқазанның өршу сатысындағы ойық жаралы ауруында 6 апта ішінде жазылу басталады, бірақ кейде тағы 6 апта емделу қажет болады.
Он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруында 2-4 апта ішінде ойық жараның жазылуы басталады, бірақ кейде тағы 4 апта емделу қажет болады.
Өршу сатысындағы гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, эрозиялық және эрозиялы-ойық жаралы түрлерін қоса
Осы жай-күйді емдеу үшін күніне 1 рет таңертеңгілік 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Осындай дозада емдеуді 4-8 апта бойы жалғастырған жөн. Егер 8 апта емделгеннен кейін жазылмаса, емдеуді тағы 8 апта жалғастыруға болады.
Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) демеуші емде
Күніне 1 рет 10 мг немесе 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Клиникалық қажеттілікке қарай емдеу ұзақтығы түзетіледі.
Клиникалық тұрғыда айқын гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (айқын клиникалық көріністі ГЭРА)
Күніне 1 рет 10 мг немесе 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Емнің 4 аптасы өткенде емдеуге жауап болмаған жағдайда емделушіні қосымша тексеруден өткізу қажет.
Симптомдар басылған соң, олардың кейіннен пайда болуынан сақтану үшін препаратты, талап етілуіне қарай, күніне бір рет 10 мг дозада ішке қабылдау керек.
Золлингер-Эллисон синдромы
Тағайындалатын доза клиникалық көрінісіне байланысты. Ұсынылатын бастапқы дозасы күніне 1 рет 60 мг, бірақ қажеттілігіне қарай күніне 120 мг дейін арттыруға болады. Күніне 1 рет 100 мг дейінгі дозаларын қабылдауға болады, ал 120 мг қабылдаған жағдайда таблеткалар қабылдауды күніне 2 рет 60 мг-ден бөлуге болады. Емдеу ұзақтығы клиникалық қажеттілігіне қарай белгіленеді және бір жыл бойы үздіксіз жалғастыруға болады.
Helicobacter pylori эрадикациясы
H. pylori эрадикациясында тиісті антибиотиктермен біріктіріп күніне 2 рет 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы: 7-күндік дозалау режимі.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозасын түзету қажет емес.
Орташа және жеңіл бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде натрий рабепразолы ұсынған дозада қабылданғанда, дені сау емделушілермен салыстырғанда, оның едәуір жоғары деңгейде әсер ететіні анықталған. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілерді 20 мг Разо препаратымен емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.
Егде жастағы емделушілер
Егде жастағы емделушілерге дозаны түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥1/100, <1/10)
- инфекциялар
- ұйқысыздық, бас ауыру, бас айналу
- жөтел, фарингит, ринит
- диарея, құсу, жүрек айну, іштің ауыруы, іш қату, метеоризм
- спецификалық емес ауыру, арқаның ауыруы
- астения, тұмау тәрізді синдром
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
- күйгелектік, ұйқышылдық
- бронхит, синусит
- диспепсия, ауыздың кеберсуі, кекіру
- бөртпе, эритема
- миалгия, артралгия, аяқтардың құрысуы
- несеп шығару жолдарының инфекциялары
- қалтырау, қызба
- бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
- гипомагниемия, тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, лейкоцитоз
- аса жоғары сезімталдық (бет ісінуін, гипотензия мен диспноэны қоса)
- анорексия
- депрессия
- көрудің нашарлауы
- гастрит, стоматит, дәм сезудің бұзылуы
- гепатит, сарғаю, бауыр энцефалопатиясы
- қышыну, қатты терлеу, буллезді бөртулер
- интерстициальді нефрит
- салмақ қосу
Өте сирек (< 1/10 000);
- көп формалы эритема, уытты эпидермалық некролиз (УЭН), Стивенс-Джонсон синдромы.
Белгісіз жиілікте
- гипонатриемия
- сананың шатасуы
- шеткергі ісіну
- гинекомастия
- омыртқа бағаны, сан мойны, білезіктер сынуларының даму қаупі
Эритема, буллезді бөртпелер және аса жоғары сезімталдық реакциялары, әдетте, емді тоқтатқаннан кейін басылады.
Разо препаратын емдеумен байланысты зертханалық параметрлердің айрықша ауытқулары анықталмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- рабепразолға, оның компоненттеріне немесе орын басушы бензимидазолдарға жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Рабепразол P450 цитохромы жүйесінің микросомалық бауыр изоферменттерімен метаболизденеді. Зерттеулер дені сау еріктілерде рабепразолдың амоксициллинмен және осы ферменттік жүйемен метаболизденетін басқа препараттармен (варфарин, фенитоин, теофиллин, диазепам) клиникалық мәнді дәрілік өзара әрекеттесуге түспейтінін көрсетті.
Разо тұз қышқылы өндірілуінің айқын және ұзақ төмендеуін туындатады. Сондықтан сіңірілуі асқазан ішіндегі рН-қа тәуелді препараттармен бір мезгілде қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесуі орын алды.
Дені сау еріктілерде рабепразол натрий қабылдау қан плазмасындағы кетоконазол концентрациясын 33% төмендетеді және дигоксиннің ең төменгі концентрациясын 22% арттырады. Разо препаратын кетоконазолмен немесе дигоксинмен бір мезгілде қолданғанда соңғыларының дозаларын түзету қажет.
Рабепразол мен белсенді метаболит - кларитромициннің концентрациялары бір мезгілде қолданғанда, тиісінше, 24% және 50% ұлғаяды. Бұл Helicobacter pylori эрадикациясы тұсында осы біріктірілім тиімділігін арттырады.
Зерттеулерде Разо препаратының сұйық антацидтермен өзара әрекеттесуі болмаған. Бұдан басқа, Разо препаратының тамақпен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Адамның бауыр микросомаларына жасалған in vitro зерттеулері рабепразолдың CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерімен метаболизденетінін көрсетті.
Қан плазмасындағы күтілімді концентрациялары тұсында рабепразолдың CYP3A4 метаболизміне көтермелейтін де, тежейтін де әсер көрсетпейтіні анықталды. Бұл зерттеулер рабепразол циклоспорин метаболизміне ықпалын тигізбейді деп санауға да негіз береді.
Рабепразол мен атазанавирді бірге қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Разо препаратымен емдеуді бастар алдында асқазанда қатерлі жаңа түзілім бар-жоғын анықтау қажет, өйткені препарат қабылдау симптомдарды бүркемелеп, дұрыс диагноз қойылуын кешеуілдетуі мүмкін.
Бауыр функциясы жеңіл немесе орташа бұзылған емделушілердегі арнайы зерттеуде Разо препаратының жағымсыз әсерлер жиілігінің жынысы мен жасына қарай таңдалған дені сау тұлғалардағыдан айтарлықтай айырмашылығы болмаған, бірақ, бұған қарамастан, бауыр функциясы ауыр бұзылған емделушілерге Разо препаратын тағайындағанда сақ болуға кеңес беріледі.
Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар емделушілерде Разо препаратының дозаларын түзету қажет емес.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Рабепразол фармакодинамикасы мен оның жағымсыз әсерлер бейінінің ерекшеліктеріне сүйенсек, Разоның автокөлік жүргізу және механизмдер басқару қабілетіне ықпал ету ықтималдығы аз. Дегенмен ұйқышылдық пайда болған жағдайда осы қызмет түрлерінен аулақ болу керек.
Артық дозалануы
Қазіргі уақытқа дейін Разо препаратының алдын ала көзделген артық дозалану жағдайлары жөнінде мәліметтер түспеген. Препаратты тәулігіне 80 мг дейінгі дозаларда қабылдауды емделушілер жақсы көтерген.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем жүргізу. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Рабепразол натрийі плазма ақуыздарымен жақсы байланысады, сондықтан диализ кезінде нашар шығарылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған ұяшықсыз қаптамаға салынған.
2 ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
1,5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Қаптаушы
Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед, Үндістан
№ 137, 138 және 146 учаскесі, S.V.CО-ОР, Индастриал Эстейт,
Болларам, Джинарам Мандал, Медак ауданы, Aндхра Прадеш, Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед, Үндістан
8-2-337, Роад №3, Банжара Хилс, Хайдерабат-500034, Андхра Прадеш, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі: 050057 Алматы қ., 22 линия к-сі, 45,
8 (727) 394 13 05/313 25 10 (104); 87017633805; факс: 8 (727) 3941294, e-mail: Maira.Zhagiparova@drreddys.com