Пустырника настойка (Гиппократ ООО)

МНН: Пустырника трава
Производитель: Гиппократ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018363
Информация о регистрации в РК: 02.11.2011 - 02.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Сасықшөп тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 мл тұндырма

Құрамы

100 мл ерітінді құрамында

белсенді зат: 20 г сасықшөп шөбі

қосымша заттар: 70% этил спирті - 100 мл тұндырма алғанға дейін

Сипаттамасы

Әлсіз хош иісті жасылдау- қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар.

АТЖ коды N05СМ

Фармакологиялық қасиеттері

Сасықшөп шөбінің құрамында белсенді заттар – сапониндер, флавоноидтар, иридоидтар бар. Препарат жүйке жүйесін тыныштандыратын айқын әсерге ие, артериялық қысымды төмендетеді, жүрек ырғағын баяулатып, жүрек жиырылу күшін ұлғайта отырып, жүрек қызметін қалыптандырады.

Қолданылуы

-жоғары жүйке қозуында

- ұйқы бұзылуында

- неврастенияда

- нейроциркуляторлық дистонияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамақтануға дейін 30 тамшыдан күніне 3-4 рет. Емдеу курсы 30 күн.

Жағымсыз әсерлері

- тері бөртпесі, қышыма

- диспепсия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- препаратқа жоғары сезімталдықта

- он екі елі ішектің және асқазанның ойық жаралы ауруында

- эрозиялы гастритте (асқыну фазасында)

- жүктілікте және лактация кезеңінде

- 18 жасқа дейінгі балалық жаста

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа тыныштандыратын және жүрек препараттарымен үйлесімді; ұйықтататын және ауыруды басатын дәрiлік заттардың әсерiн күшейтедi.

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз әсерлер пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Қант диабеті бар науқастарға, бауыр ауруларында және алкогольден зардап шегуші науқастарға абайлап қолдану керек.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде автокөлікті және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін қауіпті қызмет түрлерін басқарғанда сақтық шараларын қадағалау қажет.

Артық дозаланғанда

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тығынмен тығындалып және бұралатын қақпақпен немесе тығындалып-бұралып кигізілетін унифицирленген қақпақпен немесе алюминий қалпақшамен тығындалған, мойны бұрандалы қызғылт шыны құтыда 25 мл-ден.

Әр құты қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтармен бірге картон пәшкеге салынған.

Бірдей мөлшердегі құтылар қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтармен топтамалық қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтiн жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей, 443012 Самара, Охтинская к., 10-13.

(846) 955-27-77

Тіркеу куәлігі иесінің елі мен атауы

«Гиппократ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей, 443012 Самара, Охтинская к., 10-13.

(846) 955-27-77

 

3

 

Прикрепленные файлы

423332751477977183_ru.doc 43 кб
791074721477978339_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники