Простекс (суппозитории ректальные)

МНН: Лиофилизированный из водного раствора экстракт предстательной железы быков, полученный путем экстракции в пересчете на пептиды
Производитель: ООО "ФЗ "БИОФАРМА"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022447
Информация о регистрации в РК: 22.12.2021 - 22.12.2031

Инструкция

Саудалық атауы

ПРОСТЕКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер, 0,03 г-ден

Құрамы

Бір суппозиторий құрамында

белсенді зат - 0.03 г простатилен

қосымша заттар:

полисорбат 80 0.00025 г

асқабақ тұқымшасының майы 0.5 г

тазартылған су, қатты май 2.5 г массадағы суппозиторий алу үшін

жеткілікті мөлшер

Сипаттамасы

Жасыл реңді ашық-сарыдан сарғыш реңді жасылға дейінгі түстес суппозиторийлер. Бояудың мәрмерлігіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар.

АТХ код G04BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат компоненттері тік ішектен тиімді сіңеді. Простекс амин қышқылына дейін жасушалық протеазалармен ыдырайды, жинақталмайды. Простекс және оның метаболиттері несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препарат қуық асты ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Суппозиторий құрамына кіретін Простекс бездің ісінуін және лейкоцитарлы инфильтрацияны азайта отырып қуық асты безіне (простатопротекторлы әсер) органотропты әсер береді, микроциркуляция және тромбоцитарлы-қантамырлар гемостазы үдерістерін жақсартады, сперматозоидтардың функциональдық белсенділігіне оң әсер етеді. Иммунитеттің гуморальді бөлігінің және организмнің кейбір резистентті факторлар белсенділігін көтермелейді, детрузордың тонусын қоса, қуық бұлшық етінің тонусына әсер етеді.

Қолданылуы

- созылмалы простатит

- қуық асты безіне операциядан кейінгі асқынуын емдеу және профилактикасы

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді. Суппозиторийді қаптамасынан алып, тік ішекке терең етіп енгізеді. 5-10 күн бойы күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден (таңертең және кешке) пайдаланады.

Курс ұзақтығын аурудың сипаты мен ауырлығына, емдік әсердің болуына, ем сипатына (монотерапия және кешенді ем) байланысты анықталады. Қажет болған кезде курсты 1-6 айдан соң қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар: қышыну, терінің гиперемиясы, тері бөртпесі; енгізген орында өзгерістер: шымылдатып ашытқанды сезіну

Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда емді тоқтатып, емдеуші дәрігерден кеңес алу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне, оның ішінде ірі қара малдың ақуызына аса жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Простекс препаратымен дәрілік өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Атеросклероз кезінде, тромбоэмболияның даму қаупі жоғары кезде абайлап тағайындау керек. Препаратты үлкен дозада ұзақ уақыт қолданған кезде қан ұйюының уақытын қадағалау керек. Препаратпен емдеу кезінде қуық асты безі (простатспецификалық антиген) белсенділігінің клиникалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу керек. Препарат натрий мен калийден іс жүзінде бос.

Суппозиторийді пайдаланғаннан кейін қолды тазалап жуу керек.

Препаратты әйелдер қолдаунға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайы сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден. Екі пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорап картоннан жасалған қорапшаға (хром-эрзац) салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтың әсер етуінен қорғау үшін 2 оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«БИОФАРМА» ФЗ» ЖШҚ, Украина

09100, Киев обл., Белая Церковь қ, Киев к-сі, 37

тел. (044) 277-36-10

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«БИОФАРМА» ФЗ» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«БИОФАРМА» ФЗ» ЖШҚ ҚР-дағы өкілдігі

Алматы қ., Мирас 65, Мирас БО, 101 кеңсе

тел. +7708016862

Прикрепленные файлы

Простекс_инструкция_рус.doc 0.04 кб
Простекс_инструкция_каз.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники