Простамед

МНН: Глобулин тыквы, Семена тыквы, Сухой экстракт золотарника, Сухой экстракт из листьев осины
Производитель: Др.Густав Кляйн ГмбХ & Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения доброкачественной гиперплазии предстательной железы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019863
Информация о регистрации в РК: 16.11.2018 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 7795/06/13/18/23
Информация о регистрации в РБ: 25.04.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Простамед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

асқабақ тұқымының ұнтағы, майсыздандырылған

200.00

асқабақ тұқымы ұнтағының майсыздандырылған сығындысы (5-10:1)

экстрагент: натрий гидрокарбонаты/натрий хлориді/су

100.00

құрғақ сары раушан сығындысы (5-8:1)

экстрагент: этанол 60 к. %

2.60

көк терек жапырақтарының құрғақ сығындысы (5-8:1)

экстрагент: этанол 60 к. %

6.30

қосымша заттар: какао ұнтағы, майсыздандырылған; лактоза моногидраты; сахароза; кальций гидрофосфаты дигидраты; кремнийдің жоғары дисперсиялы қостотығы; тальк; желатин; глицерин 85%; натрий хлориді; повидон К-25 (целлюлоза) .

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, өзіне тән иісі, жаңғақ және какао дәмі бар қоңыр түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Қатерсіз простата гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар. Қатерсіз простата гипертрофиясын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04CX.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Құрамында сары раушан бар өнімдермен жасалған зерттеулерде сары раушан белсенді заттарының CYP1A2 және MDR1 энзимдері Р-450 цитохромдарының экспрессиясына ықпал етпейтіні, бірақ CYP3A4 гендерінің 1,9±0,2-есе экспрессиясын туындататыны тұжырымдалған.

Фармакодинамикасы

ПРОСТАМЕД препаратының құрамында кәдімгі асқабақ дәндерінен алынған глобулин бар. Осы глобулиннен бөлініп шыққан және қазіргі уақытқа дейін сәйкестендірілген 15 амин қышқылдарынан глутамин қышқылына ерекше мән беріледі. Тотықтырғыш аминсіздендіру катализі арқылы глутамин қышқылы қуық асты безінің гипертрофияланған тінінде бос амин қышқылдарының жоғары деңгейін төмендетеді. Нәтижесінде ақуыздар биосинтезіне пайдаланылатын амин қышқылдарының саны азаяды және қуық асты безі тінінің пролиферациясы тежеледі. Асқабақ дәндерінің құрамында кукурбитин, бос және байланысқан түрдегі фитостериндер, токоферолдар, сондай-ақ минералдық заттар, соның ішінде селен бар. Сары раушан бүйректің сүзу қабілетін арттырады, сол арқылы II сатыдағы қуық асты безінің аденомасында қалдық несептің жинала бастауына қарсы әрекет етеді. Қуық бұлшықеттері тонусының көтерілуі несеп шығару бұзылыстары белгілерін (әсіресе, дизурия) жақсартуға және қалдық несеп мөлшерінің азаюына алып келеді. Сары раушан қабынуға қарсы, түйілуді басатын және несеп айдайтын әсерлер иеленген. Көк терек құрамында көптеген фенол гликозидтері, әсіресе, салицин, популин және салипопулин бар. Салицин адам организмінде тотығып, уретроцистит кезінде антисептикалық әсер ете алатын салицил қышқылына айналады. Қабынуға қарсы қасиеттері бар фенол гликозидтері қуық асты безінің ауыруын және қуық гиперестезиясын азайтады.

Қолданылуы

I-II сатыдағы қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы (аденома) кезіндегі несеп шығару бұзылыстары:

- несеп шығарудың қиындауы, несеп шығарудың жиілеуі, соның ішінде түнгі уақытта, қуықтың толықтай босамау сезімі (қалдық несептің болуы)

- несеп шығаруға қысылудың айықпайтын түрлері

- жедел және созылмалы простатитті кешенді емдеу құрамында.

Қолдану тәсілі және дозалары

2-4 шайнайтын таблеткалардан күніне 3 рет. Таблеткаларды бүтіндей немесе алдын ала шайнап, аздаған сұйықтық мөлшерімен ішіп жұтып жіберген жөн.

Дәрілік зат қолдану ұзақтығын аурудың сипаты мен ағымына қарай дәрігер белгілейді. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы 3 айдан аспайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдық

реакциялары болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • салицилаттарға аса жоғары сезімталдық

  • ауыр сипатты бүйрек, бауыр, жүрек жеткіліксіздігі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, лапп-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкозы-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Простамед препаратының басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі жөнінде мәліметтер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Ауру белгілері ұзаққа созылып кеткенде дәрігермен кеңесу керек. Дәрігер кеңесі несепте қан білінгенде, несеп шығару жолдарының жұқпаларында, несеп шығарудың жедел іркілісі мен бұзылыстарының өршулерінде ерекше қажет.

Артық дозалануы

Артық дозалану және көтере алмау жағдайлары жөнінде

қазіргі уақытта хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60, 120, 200 таблеткадан гофрланған полиэтилен тығынмен жабылған полистирол контейнерге салады.

1 контейнерден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Др.Густав Кляйн ГмбХ & Ко.КГ

Штайненфельд 3

D-77736 Цель-ам-Хармерсбах, Германия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Др. Густав Кляйн ГмбХ & Ко.КГ

Штайненфельд 3

D-77736 Цель-ам-Хармерсбах, Германия

Эксклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы қ., Жетысу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com

 

Прикрепленные файлы

910167081477976928_ru.doc 58.5 кб
496273161477978095_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ