Проспан® Сироп от кашля
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Жөтелге қарсы Проспан® шәрбаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шәрбат 100 мл
Құрамы
1 мл шәрбат құрамында
белсенді зат: айұрық жапырағының құрғақ сығындысы [(5-7.5:1)] – 7.00 мг қосымша заттар:
калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы, кристалданатын сорбитол ерітіндісі 70%, ксантан шайыры, шие хош иістендіргіші, тазартылған су (2,5 мл ерітінді құрамында 0,963 г сорбитол = 0,08 нан бірлігі).
Сипаттамасы
Тәтті жеміс дәмі мен шие иісі бар сәл бұлыңғыр ақшыл-қоңыр түсті шәрбат.
Фармакотерапиялық тобы
Қақырық түсіретін препараттар
АТХ коды R05CA
Фармакологиялық қасиеттері
Өсімдік текті препарат. Құрамында сапониндер, тритерпеноидтер, флавоноидтер бар. Бронхолитикалық, қақырық түсіретін, жөтелге қарсы және спазмолитикалық әсері бар. Қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді және оның шығуын жеңілдетеді. Микробқа қарсы белсенділікке ие.
Фармакокинетикасы
Фармакокинетикалық деректер мен биологиялық қол жетімділігін зерттеу туралы мәліметтер жоқ.
Қолданылуы
Жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпе қабыну ауруларының кешенді терапиясында симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Балаларға 12 айлығына дейін Проспан® шәрбатын тек дәрігердің ұсынымынан соң және дәрігердің бақылауымен береді.
Қоса берілген өлшегіш қалпақшаның көмегімен 1 жасқа дейінгі балаларға күніне 2 рет 2,5 мл-ден, 1-ден 5 жасқа дейінгі балаларға күніне 3 рет 2,5 мл-ден, 6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға күніне 3 рет 5 мл-ден, ересектер мен 10 жастан асқан балаларға күніне 3 рет 5-7,5 мл-ден.
Әрбір қолданар алдында құтыны жақсылап шайқау қажет.
Әрбір қабылдаудан кейін құтыны тығыздап жабу керек!
Қабылдау ұзақтығы.
Емдеу курсы 1 аптадан аз болмауы тиіс. Емдік әсерін тұрақтандыру үшін аурудың симптомдары басылғаннан кейін емдеуді тағы 2-3 күн бойы жалғастыру керек.
Жағымсыз әсері
-
іш жүргізетін әсері (<1/10.000)
-
аллергиялық реакциялар (<1/10.000)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
фруктозаны көтере алмаушылық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Проспан® жөтелге қарсы шәрбатының құрамында спирт, қант және бояғыштар жоқ.
Емдік тиімді әсері бар айұрық сығындысын алуға арналған адсорбент ретінде 30 к. % этил спиртін пайдаланылады, ол кейіннен құрғату барысында сығындыдан толық шығарылады. Препараттың әрбір дозасы құрамында 2,9 г сорбитол болады.
Сақтау үдерісінде құрамында айұрық сығындысы болуына байланысты ерітіндінің аздап бұлыңғырлануы және дәмінің аздап өзгеруі мүмкін, бұл препараттың емдік әсеріне ықпал етпейді.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың қауіпсіздігі жөніндегі деректердің жеткіліксіз болуына байланысты, күтілетін пайдалы әсері мен ықтимал қатері арасындағы арақатынасты дәрігердің объективті бағалауынан кейін ғана препаратты жүктілік уақытында және лактация кезеңінде қолдануға болады.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Препаратты күндізгі дозадан үш есе асатын мөлшерде қабылдау жүрек айнуын, құсу мен диареяны тудыруы мүмкін.
Емі – симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан бұрандалы полиэтилен қақпағы мен өлшегіш полипропилен қалпақшасы бар күңгірт шыныдан жасалған құтыға салынады.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады
Сақтау шарттары
15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Контейнер алғаш ашылғаннан кейінгі қолдану кезеңі - 3 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Тіркеу куәлігінің иесі
Энгельхард Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Херцбергштрассе 3, 61138 Нидердорфельден, Германия
Эсклюзивтік өкілі
Альпен Фарма АГ
Берн, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Альпен Фарма» ЖШС
Алматы қ., Жетісу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер
Тел/факс +7 727 2265306 E- mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com