Проспан® раствор от кашля
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Проспан® жөтелге қарсы ерітінді
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған 5 мл ерітінді
Құрамы
5 мл ерітіндінің (1 стик) құрамында
белсенді зат – айұрық жапырағының құрғақ сығындысы [(5-7.5):1] - 35 мг, қосымша заттар: калий сорбаты, лимон қышқылы сусыз, сорбитол ерітіндісі 70% кристалданатын, ксантан шайыры, Frescofort Flavour Permaseal хош иістендіргіші, табиғи апельсин хош иістендіргіші, ментол, тазартылған су |
Сипаттамасы
Жемістің иісі мен ментол дәмі бар ашық-қоңыр түсті сәл бұлыңғыр сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию мен жөтел белгілерін жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.
АТХ коды R05CA
Фармакологиялық қасиеттері
Клиникалық зерттеулерде препараттың бронхолитикалық әсері белгіленген. Жануарларға жасалған эксперименттер препараттың спазмолитикалық әсерін көрсетті.
Секретолитикалық әсері сенсорлы парасимпатолитикалық талшықтар арқылы бронхтың шырышты бездерінің рефлекторлы көтермеленуі жолымен асқазанның шырышты қабығының тітіркенуінен туындаған деп болжануда.
Қолданылуы
-бронхтың созылмалы қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде
-жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел қабыну аурулары
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ерітіндіні 1 стиктен (5 мл) күніне 3 рет қабылдау керек, бұл айұрық жапырағының 105 мг құрғақ сығындысына сәйкес келеді, 6-11 жастағы балаларға 1 стиктен (5 мл) күніне 2 рет, бұл айұрық жапырағының 70 мг құрғақ сығындысына сәйкес келеді.
Қолданар алдында стикті сәл уқалау керек.
Ерітіндіні сұйылтылмаған күйде таңертең, түсте және кешке қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы ауру белгілерінің сипаты мен ауырлығына байланысты және тыныс алу жолдарының жеңіл қабыну жағдайларында да әдеттегідей 7 күнді құрайды.
Тұрақты емдік әсерге жету үшін емделушінің жағдайы жақсарғаннан кейін емді тағы да 2-3 күнге созуға болады .
Ең жоғары тәуліктік доза: ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 3 реттен асырмай, 6-11 жастағы балаларға күніне 2 реттен асырмай қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек:
- ентігу, шырышты қабықтардың ісінуі, терідегі бөртпелер, есекжем сияқты аллергиялық реакциялар
- жоғары сезімталдығы бар емделушілерде жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты асқазан-ішек бұзылыстары.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе препараттың қандай бір басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препарат құрамында сорбитол бар. Егер нұсқаулыққа сәйкес қолданатын болса, емделуші әр қабылдаған сайын 1.9 г сорбитол алады.
Тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар емделушілер үшін қауіпті. Мұндай жағдайда емді тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана жүргізу керек.
Препараттың ұсынылған тәуліктік дозасына арттыруға болмайды.
Егер ауру белгілері кетпесе немесе ентігу, қызба, сондай-ақ, жөтелген кезде іріңді немесе қанды қақырық пайда болса, жедел түрде дәрігермен кеңесу керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: препаратты көп мөлшерде қабылдау (тәуліктік дозадан үш есе жоғары) жүрек айнуына, құсуға және диареяға әкелуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық, тез арада дәрігермен кеңесу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл препараттан ПЭ/ПЭТП ламинацияланған алюминий фольгадан жасалған стиктерде.
21, 30 стиктен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Тіркеу куәлігінің иесі мен өндірушісі
Энгельхард Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Херцбергштрассе 3, 61138 Нидердорфельден, Германия
Эсклюзивті өкілі
Альпен Фарма АГ, Берн, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Альпен Фарма» ЖШС
Алматы қ., Жетісу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер.
Тел./факс + 7 727 2265306 E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com
Начальник Управления Байдуллаева Ш.А.