Пропротен-100 (Капли для приема внутрь)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Пропротен-100
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған тамшылар
Құрамы
Ішуге арналған 100 г тамшының құрамында
белсенді зат - Аффинді тазартылған миспецификалық S-100 ақуызға антиденелер – 1,0 г*.
қосымша заттар: 95% этил спирті, тазартылған су.
* құрамы 10-1991 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрімен су-спиртті қоспа түрінде енгізіледі.
Сипаттамасы
Өзіне тән спирт иісі бар түссіз, мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Алкогольге тәуелділікті емдеуге арналған дәрі.
АТХ коды N07BB
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қазіргі заманғы физика-химиялық талдау тәсілдерінің сезімталдығы (газ-сұйықтық хроматографиясы, тиімділігі жоғары сұйықтықтық хроматография, хромато-масс-спектрометрия) биологиялық сұйықтықтарда, ағзалар мен тіндерде антиденелердің өте аз дозаларының мөлшерін бағалауға мүмкіндік бермейді, яғни Пропротен-100 препаратының фармакокинетикасын зерттеу техникалық тұрғыдан мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Препарат миды ақпараттық және метаболизмдік үдерістердің түйісуін жүзеге асыратын S-100 ақуызының функционалдық белсенділігін модификациялайды. Нейрональді жарғақшаны сенситизирлейді, нейрондардың синаптикалық пластикалығын модуляциялайды. Гипоталамустың, гиппокамптың және басқалардың алкогольдік тәуелділігінің түзілуіне қатысатын ми құрылымының функционалдық жай-күйіне модификациялайтын әсер көрсетеді. Алкогольдік тәуелділік кезінде позитивті эмоционалды беку жүйесіне қалпына келтіретін әсер көрсетеді, бұл латеральді гипоталамустың өздігінен стимуляциялану жиілігінің төмендеуіне әкеледі. Гиппокамп нейрондарының үлкен тобының белсенділігін төмендетеді; шеткергі қандағы айналымдағы иммундық кешендердің мөлшерін азайтады, бұл этанолды тұтынудың төмендеуімен өзара байланысты. ОЖЖ-дағы ГАМК тежегіш әсерлерінің күшеюіне ықпал етеді. Препараттың нейромедиаторлық теңгерімді және шартты рефлекторлы қызметті қалпына келтіретіні тәжірибеде анықталған. Мидың гипоксияға және уытты әсерлерге төзімділігін арттырады.
Қолданылуы
Алкогольге құштарлықты және қайталану ықтималдығын төмендете отырып, алкогольге қарсы әсер көрсетеді.
Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі алкогольдік абстинентті синдромның монотерапиясында қолданылады. Препарат алкогольдік «масаңдық табы» синдромының психопатологиялық бұзылуларын да (мазасыздық, психикалық ширығу, ұйқысыздық, ашушаңдық, үйрейлену, көңіл-күйдің құлазуы, спирттік ішімдікке қарқынды құштарлық), соматовегетативтік бұзылыстарын да (әлсіздік, тершеңдік, бас ауыруы, тремор, тахикардия, ас қорытудың бұзылуы) жеңілдетеді.
Қолдану тәсілі және дозалары
Бір қабылдауға – бір ас қасық суға 10 тамшы (ас қабылдау кезінде емес).
Масаңдық табы жай-күйінде алғашқы 2 сағатта препаратты әр 30 минут сайын 10 тамшыдан қабылдайды; кейінгі 8-10 сағатта – сағатына 10 тамшыдан.
Ұйқы келген кезде қабылдауды оянғаннан кейін жаңғыртады.
Жағдай жақсарған кезде ары қарай препаратты әр 2-3 сағат сайын (тәулігіне 4–6 қабылдау) 10 тамшыдан 2-3 күн бойы қабылдайды.
Алкогольдік абстиненция симптомдары ауырлағанда детоксикацияда дәстүрлі пайдаланылатын дәрілік заттарды қосу қажет.
Қайталанудың алдын алу үшін препаратты 10 тамшыдан тәулігіне 1-2 рет 2-3 ай бойы қабылдайды; алкогольді кездейсоқ қолданғаннан кейін препараттың қосымша 10 тамшысын 2 рет - күндіз және түнге қарай қабылдау керек.
Жағымсыз әсерлері
Препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары қазіргі уақытқа дейін анықталған жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер болмауына байланысты дәрілік затты жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.
Балаларда қолдану
Тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер болмауына байланысты дәрілік затты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік затты қолданған кезде көлік құралдарын басқарудан және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.
Артық дозалануы
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайы байқалмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішуге арналған тамшылар. ОС маркалы шыныдан жасалған құтыларда немесе дозалағыш құрылғысы (тамшылатқышы) мен алғашқы ашылуы бақыланатын полимерлік бұралатын қақпақтары бар полимерлік тығындармен тығындалған боялған шыныдан жасалған құтыларда 25 мл-ден.
Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25°C-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей, 127473,
Мәскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа көшесі, 9 үй.
Тел./факс: (495) 684-43-33.
Тіркеу куәлігінің иесі
«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі,
Алматы қ., Жібек жолы к-сі 64, 206 кеңсе.
Тел./факс: 2734713
E-mail: materiamedica.kz@mail.ru