Промто (10 мг)

МНН: Рабепразол
Производитель: Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rabeprazole
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№018197
Информация о регистрации в РК: 19.11.2020 - 19.11.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 76.61 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Промто

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рабепразол

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған, 10 мг және 20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: натрий рабепразолы 10 мг немесе 20 мг

қосымша заттар: жеңіл магний тотығы, маннитол, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза (Кlucel EXF), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН-102), магний стеараты, тазартылған тальк

қабығының құрамы: гипромеллоза (HPMC 5CPS), макрогол (PEG 6000)

ішекте еритін қабықтың құрамы: ақ акрил-EZE, көгілдір опадри II 85G80992 (поливинил спирті, тальк, полиэтиленгликоль (макрогол), титанның қостотығы (Е171), FD&C BLUE #2 (индигокармин алюминий лагы) (Е132), лецитин (соялық), темірдің сары тотығы (Е172) (10 мг дозала үшін));

ақ акрил-EZE, қызғылт сары опадри II 85G43136 (поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль (макрогол), темірдің сары тотығы (Е172), лецитин (соялық), темірдің қызыл тотығы (Е172)

(20 мг дозала үшін)).

Сипаттамасы

Промто 10 мг

Көгілдір түсті, ішекте еритін қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, екі жағы тегіс таблеткалар.

Промто 20 мг

Қызғылт сары түсті, ішекте еритін қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, екі жағы тегіс таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гастроэзофагеальді рефлюксте қолданылатын ойықжараға қарсы дәрілер мен препараттар. Протонды сорғы тежегіштері.

АТХ коды A02BC04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Рабепразол ішектен жылдам сіңеді және плазмада Cmax 20 мг дозада қабылдағаннан кейін шамамен 3,5 сағаттан соң жетеді. Сmax және рабепразолдың AUC мәндерінің өзгерісі 10-нан 40 мг-ға дейінгі дозалардың диапазонында желілі сипатта болады. 20 мг ауыз арқылы қабылдағаннан кейін абсолютті биожетімділігі (венаға енгізумен салыстырғанда) 52%-ға жуықты құрайды. Бұдан басқа, биожетімділігі рабепразолды көп рет қабылдау кезінде өзгермейді. Сау еріктілерде плазмасынан T1/2 1 сағатқа жуық (0,7–1,5 сағ.) құрайды, ал жиынтық клиренсі - 3,8 мл/мин/кг. Бауырдың созылмалы зақымдануымен пациенттерде сау еріктілерде осындаймен салыстырғанда AUC екі есе ұлғайған, бұл бірінші өту метаболизмінің төмендеуі туралы куәландырады, ал плазмадан Т1/2 2-3 рет ұлғайған. Препаратты тәулік ішінде қабылдау уақыты да, антацидтер де рабепразолдың сіңуіне әсер етпейді. Препаратты майлы аспен қабылдау рабепразолдың сіңуін 4 сағатқа және одан астам уақытқа баяулатады, дегенмен Cmax та, сіңу дәрежесі де өзгермейді.

Таралуы

Адамда плазманың ақуыздарымен рабепразолдың байланысу дәрежесі 97%-ға жуық құрайды.

Метаболизмі және шығарылуы

Сау адамдарда. Таңбаланған 20 мг натрий 14С рабепразолды бір рет қабылдағаннан кейін өзгермеген препарат несепте табылмады. Рабепразолдың 90%-ға жуығы несеппен шығарылады, ең алдымен екі метаболит түрінде: меркаптура қышқылының (М5) және карбон қышқылының (М6) конъюгаты, сондай-ақ токсикологиялық талдау барысында анықталған екі белгісіз метаболит пішінінде. Қабылданған натрий рабепразолының қалған бөлігі нәжіспен шығарылады. Жиынтық шығарылуы 99,8% құрайды. Бұл деректер өтпен натрий рабепразолы метаболиттерінің болмашы шығарылуы туралы куәландырады. Тиоэфир (М1) негізгі метаболит болып табылады. Десметил (М3) жалғыз белсенді метаболит болып табылады, дегенмен ол 80 мг рабепразолды қабылдағаннан кейін зерттеуге қатысушының біреуінде ғана төмен концентрацияда байқалды.

Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы. Терминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігімен, демеуші гемодиализ (креатининнің Cl <5 мл/мин/1,73м2) қажетті пациенттерде натрий рабепразолының шығарылуы сау еріктілердегі осындаймен ұқсас. Бұл пациенттерде AUC және Cmax сау еріктілердегіден шамамен 35%-ға төмен. Рабепразолдың орташа T1/2 сау еріктілерде 0,82 сағатты құрады, гемодиализ кезінде пациенттерде - 0,95 сағ. және гемодиализден кейін - 3,6 сағ. Бүйрек ауыруымен, гемодиализге мұқтаж пациенттерде препараттың клиренсі сау еріктілердегіге қарағанда шамамен 2 есе жоғары болды.

Созылмалы компенсаторлық цирроз. Бауырдың созылмалы компенсаторлық циррозымен пациенттер күніне 1 рет дозасы 20 мг натрий рабепразолын көтере алады, дегенмен тиісті жыныстағы сау еріктілермен салыстырғанда AUC екі еселенген және Cmax 50%-ға ұлғайған.

Егде пациенттер. Егде пациенттерде рабепразолдың элиминациясы біраз баяулаған. Егде тұлғаларда 20 мг/тәулігіне рабепразолды 7 күн қабылдағаннан кейін AUC шамамен екі есе артық болған, ал Cmax сау еріктілермен салыстырғанда на 60%-ға жоғарылаған. Дегенмен рабепразол кумуляциясының белгілері байқалмады.

CYP2C19 полиморфизм. Баяулаған метаболизмімен пациенттерде CYP2C19 дозасы 20 мг/ тәулігіне рабепразолды 7 күн қабылдағаннан кейін AUC 1,9 есе ұлғайды, ал T1/2 – жылдам метаболизатордағы сондай параметрлермен салыстырғанда 1,6 есе, сол кезде Cmax 40%-ға ұлғаяды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Натрий рабепразолы антисекреторлық заттардың класына, бензимидазолдың туындыларына жатады. Натрий рабепразолы асқазанның париетальді жасушаларының секреторлық беткейінде H+/K+-АТФазаны арнайы тежеу жолымен асқазан сөлінің секрециясын басады. H+/K+-АТФ ақуызды кешенді білдіреді, ол протонды помпа тәрізді қызмет етеді, сөйтіп натрий рабепразолы асқазанда протонды помпаның тежегіші болып табылады және қышқыл өнімінің финальді сатысын бөгейді. Аталған әсер дозаға тәуелді болып табылады және тітіркендіргішке қарамастан қышқылдың базальді, сондай-ақ стимуляцияланған сөлінісін де басады. Натрий рабепразолы антихолинергиялық қасиеттерге ие емес.

Антисекреторлық әсері

20 мг натрий рабепразолын пероральді қабылдағаннан кейін антисекреторлық әсері бір сағат бойы дамиды. Натрий рабепразолының бірінші дозасын қабылдағаннан кейін 23 сағаттан соң қышқылдың базальді және стимуляцияланған сөлінісін тежеу 69 және тиісінше 82% құрайды және 48 сағатқа дейін жалғаса береді. Фармакодинамикалық әсерінің осындай ұзақтығы T1/2 бойынша болжамды мәнінен едәуір жоғары болады (шамамен 1 сағат). Аталған әсер дәрілік заттың асқазанның париетальді жасушаларының H+/K+-АТФ-мен ұзақ уақыт байланысуымен түсіндірілуі мүмкін. Қышқылдың секрециясына натрий рабепразолының тежегіш әсерінің шамасы натрий рабепразолын қабылдаған үш күннен соң платоға жетеді. Қабылдау тоқтатылған кезде секреторлық белсенділігі 1–2 күн ішінде қалпына келеді.

Плазмадағы гастриннің деңгейіне әсері

Клиникалық зерттеулердің барысында пациенттер 43 айға дейін ұзақ уақыт емдеуде күнде 10 немесе 20 мг натрий рабепразолын қабылдаған. Плазмадағы гастриннің деңгейі алғашқы 2-8 аптада жоғары болды, бұл қышқылдың секрециясына тежегіш әсерді білдіреді. Гастрин концентрациясы емдеу тоқтатылғаннан кейін 1-2 апта ішінде әдетте бастапқы деңгейіне қайта келеді.

Басқа да әсерлері

ОЖЖ, жүрек-тамыр немесе тыныс алу жүйелеріне қатысты натрий рабепразолының жүйелік әсерлері қазіргі сәтте анықталмады. Натрий рабепразолын 2 апта бойы 20 мг дозада пероральді қабылдаған кезде

қалқанша без функциясына, көмірсу алмасуына, қандағы паратиреоидты гормон деңгейіне, сондай-ақ кортизол, эстрогендер, тестостерон, пролактин, глюкагон, ФСГ, ЛГ, ренин, альдостерон және СТГ деңгейіне әсер етпейтіні көрсетілген.

Қолданылуы

Ішекте еритін қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар үшін

  • Асқазан сөлінің жоғары қышқылдығына байланысты диспепсия симптомдары, соның ішінде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының симптомдары (қыжыл, қышқыл кекірік).

Ішекте еритін қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар үшін

  • өршу сатысындағы асқазанның ойықжаралы ауруы және анастомоз ойықжарасы;

  • өршу сатысындағы он екі елі ішектің ойықжаралы ауруы;

  • эрозиялы және ойықжаралы гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы және рефлюкс-эзофагит;

  • гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының демеуші терапиясы;

  • эрозиялы емес гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы;

  • Золлингер-Эллисон синдромы және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын күйлер;

  • ойықжаралы ауруымен пациенттерде Helicobacter pylori эрадикациясы (тиісті антибактериялық терапиямен біріктірімде).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, шайнамай және ұсақтамай, тұтастай жұту. Натрий рабепразолының белсенділігіне тәуліктің уақыты да, ас қабылдау да әсер етпейтіні белгіленген.

Ішекте еритін қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар үшін

Дозасы 10 мг тәулігіне 1 рет. Препаратты таңертеңгісін ас ішер алдында қабылдау ұсынылады. Промто таблеткаларын ұсынылған қабылдау уақыты пациенттерді емдеу сызбасының талаптарын өте жақсы сақтауға мүмкіндік береді.

Емдеудің алғашқы үш күні ішінде әсер болмаған кезде маманның тексеруі қажет.

Ішекте еритін қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар үшін

Өршу сатысындағы асқазанның ойықжаралы ауруы және анастомоз ойықжарасы кезінде: 20 мг-нан күніне 1 рет. Әдетте сауығу терапияның 6 аптасынан кейін басталады, дегенмен кейбір жағдайларда емдеу ұзақтығы 6 аптаға созылуы мүмкін.

Өршу сатысындағы он екі елі ішектің ойықжаралы ауруы кезінде: 20 мг-нан күніне 1 рет. Емдеу ұзақтығы 2-ден 4 аптаға дейін құрайды. Қажеттілік жағдайында емдеу ұзақтығы 4 аптаға созылуы мүмкін.

Эрозиялық ГЭРБ немесе рефлюкс-эзофагитті емдеу кезінде: 20 мг-нан күніне 1 рет. Емдеу ұзақтығы 4-тен 8 аптаға дейін құрайды. Қажеттілік жағдайында емдеу ұзақтығы 8 аптаға созылуы мүмкін.

ГЭРБ демеуші терапиясы кезінде: 20 мг-нан күніне 1 рет. Емдеу ұзақтығы пациенттің күйіне байланысты.

Эзофагитсіз эрозиялық емес гастроэзофагеальді рефлюксті ауру кезінде (ЭЕРА): 20 мг-нан күніне 1 рет. Егер 4 апта емдеуден кейін симптомдар жоғалмаса, пациентті қосымша тексеруді жүргізу керек. Симптомдардың кейін туындауын алдын алу үшін, оларды басқаннан кейін препаратты күніне 1 рет талап ету бойынша қабылдау керек.

Золлингера-Эллисон синдромын және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын күйлерді емдеу үшін: дозаны жекелей іріктейді. Бастапқы доза - күніне 60 мг, содан кейін дозаны жоғарылатады және препаратты күніне дозасы 100 мг-ға дейін бір рет қабылдаған кезде немесе күніне 2 рет 60 мг-нан тағайындайды. Кейбір пациенттер үшін препаратты бөлшектеп дозалау тиімді болып табылады. Емдеу клиникалық қажеттілік бойынша жалғасуы керек. Золлингер-Эллисон синдромымен кейбір науқастарда рабепразолмен емдеу ұзақтығы 1 жылға дейін құрады.

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін: антибиотиктердің тиісті комбинациясымен белгіленген сызба бойынша күніне 2 рет 20 мг-нан. Емдеу ұзақтығы 7 күнді құрайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігімен пациенттер. Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл және қалыпты дәрежесімен пациенттер қанындағы рабепразол концентрациясы сау пациенттерге қарағанда әдетте жоғары. Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесімен пациенттерге Промто препаратын тағайындау кезінде абайлау керек.

Егде пациенттер. Дозаны түзету талап етілмейді.

Балалар.

Басқа көрсеткіштер бойынша қолдану үшін рабепразолдың қауіпсіздігі мен тиімділігі бала жастағы пациенттер үшін анықталмаған.

Жағымсыз әсерлері

Промтоны әдетте пациенттер жақсы көтере алады. Жағымсыз әсерлері жалпы алғанда нашар білінген немесе қалыпты және ауыспалы сипатта болады. Клиникалық зерттеулердің барысында Промто препаратын қабылдау кезінде келесі жағымсыз әсерлер анықталды: бас ауыруы, іштің ауыруы, диарея, метеоризм, іш қату, ауыздың құрғауы, бас айналу, бөртпе, шеткергі ісіну.

Жағымсыз реакциялар бірлі жарым жағдайларды қоса, кездесетін жиіліктің келесі жіктемесін пайдаланып, органдардың жүйелерінің әрқайсысына қатысты жүйелендірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1000), өте сирек (<1/10 000),.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: сирек – жедел жүйелі аллергиялық реакциялар.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: сирек - тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар: сирек - гипомагниемия.

Гепатобилиарлық жүйе тарапынан бұзылулар: бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, сирек - гепатит, сары ауру, бауыр энцефалопатиясы.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: өте сирек - интерстициальді нефрит.

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: сирек – буллезді бөртпелер, есекжем, өте сирек - мультиформалы эритема, уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы.

Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар: сирек - миалгия, артралгия.

Репродуктивті жүйе тарапынан бұзылулар: өте сирек - гинекомастия.

Натрий рабепразолын қабылдау барысында басқа лабораториялық көрсеткіштердің өзгерістері байқалмады. Постмаркетингілік бақылаулардың деректеріне сәйкес протонды помпаның ингибиторларын (ППТ) қабылдау кезінде сынықтардың туындау қаупі ұлғаюы мүмкін.

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар

Препараттың болжамды жағымсыз реакциялары туралы деректерді ұсыну дәрілік заттың қаупі/пайдасы арақатынасының үздіксіз мониторингісін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өте маңызды сәт болып табылады. Медициналық қызметкерлеріне нұсқаулықтың соңында көрсетілген байланыстар бойынша, сондай-ақ ұлттық ақпаратты жинау жүйесі арқылы кез келген болжамды жағымсыз реакциялар туралы ақпаратты ұсынуы керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

— жүктілік;

— лактация кезеңі;

— 18 жасқа дейінгі балалар;

— бензимидазолмен алмастырылатын рабепразолға немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен бала пациенттерге абайлап қолдану керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий рабепразолы асқазан сөлінің секрециясын тұрақты және ұзақ басуды жүзеге асырады. Сөйтіп, сіңуі pH-қа тәуелді заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін. Натрий рабепразолымен бірмезгілде қабылдау кезінде кетоконазолдың сіңуі 30%-ға төмендейді, ал дигоксиннің сіңуі 22%-ға ұлғаяды. Демек кейбір пациенттер үшін кетоконазолмен, дигоксинмен немесе сіңуі pH-қа тәуелді басқа да дәрілік препараттармен натрий рабепразолын бірмезгілде қабылдау кезінде дозаны түзету қажеттігі туралы мәселені шешу үшін бақылау жүргізу керек.

Клиникалық зерттеулерде антацидтік заттар натрий рабепразолымен бірлесе қолданылды. Алюминий гидрототығының гелімен немесе магний гидрототығымен натрий рабепразолының клиникалық мәнде өзара әрекеттесуі байқалмады.

Сау еріктілерде омепразолмен (күніне 1 рет 40 мг) 300 мг атазанавирді/100 мг ритонавирді немесе лансопразолмен (күніне 1 рет 60 мг) 400 мг атазанавирді бірмезгілде қабылдау кезінде атазанавирдің әсері елеулі төмендеуі байқалды. Атазанавирдің сіңуі pH-қа тәуелді. Рабепразолмен бірмезгілде қабылдау зерделенбесе де, ұқсас нәтижелер сондай-ақ басқа да ППТ үшін де күтіледі. Сөйтіп, рабепразолды қоса, протонды сорғы тежегіштерімен атазанавирді бірмезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Жағымсыз жағдайлар туралы хабарламалардың деректеріне, жарияланған фармакокинетикалық зерттеулердің деректеріне және ретроспективтік талдау деректеріне сәйкес ППТ және метотрексатты (ең алдымен жоғары дозаларда) бірмезгілде қабылдау метотрексаттың және/немесе оның метаболиті гидроксиметотрексат концентрациясының жоғарылауына әкелуі жорамалданады. Дегенмен ППТ-мен метотрексаттың дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілмеді.

Айрықша нұсқаулар

Натрий рабепразолымен емделуге пациенттің жауабы асқазанда қатерлі ісіктердің бар болуын жоққа шығармайды.

Промто препаратының таблеткаларын шайнауға немесе ұсақтауға болмайды. Таблеткаларды тұтастай жұту керек. Тәуліктің уақыты да, ас ішу де натрий рабепразолының белсенділігіне әсер етпейтіні анықталды.

Бауыр функциясының ауыр бұзылуымен пациенттерге Промто препаратын алғаш тағайындау кезінде сақ болу ұсынылады. Бауыр функциясының ауыр бұзылуымен пациенттерде натрий рабепразолының AUC сау пациенттерге қарағанда, шамамен 2 есе жоғары.

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуымен пациенттерге Промто препаратының дозасын түзету талап етілмейді.

Промтомен атазанавирді бірлесе енгізу ұсынылмайды.

ППТ-мен емдеу асқазандық-ішектік инфекциялар мысалы, Salmonella, Campylobacter және Clostridium difficile қаупінің артуына әкелуі мүмкін.

Байқап зерттеулердің деректеріне сәйкес

ППТ тежегіштерімен емдеу мықын, білек немесе омыртқа сынығының остеопорозымен байланысты қауіптің өсуіне әкелуі мүмкін. Сынық қаупі ППТ жоғары дозаларын ұзақ (бір жыл және одан астам) қабылдайтын пациенттерде ұлғаюы мүмкін.

ИПТ-мен емдеу кезінде ең кем дегенде 3 ай бойы сирек жағдайларда симптомдық немесе асимптомдық гипомагниемия жағдайлары анықталған болатын. Көптеген жағдайларда бұл хабарламалар ем жүргізілгеннен кейін бір жылдан соң келіп түскен. Күрделі жағымсыз жағдайлар тетания, аритмия және құрысу болды.

Көптеген пациенттерге магнийді алмастыру және ППТ емін тоқтату кіретін гипомагниемияны емдеу талап етілді. Ұзақ ем қабылдайтын немесе мынадай препараттармен мысалы, дигоксин немесе гипомагниемияны тудыруы мүмкін препараттармен (мысалы, диуретиктермен) ППТ-ді қабылдайтын пациенттерде медициналық қызметкерлер ППТ-мен емдеу басталғанға дейін және емдеу кезінде магний концентрациясын бақылау керек.

Пациенттер қышқылдылықты төмендететін басқа да дәрілерді мысалы, гистаминді Н2-рецепторларының блокаторларын немесе ППТ Промто препаратымен бірмезгілде қабылдамауы керек.

Әдеби деректерге сәйкес, метотрексатпен (ең алдымен жоғары дозаларда) ППТ-ді бірмезгілде қабылдау метотрексат және/немесе оның гидроксиметотрексат метаболиті концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл метотрексат уыттылығының білінуіне әкелуі мүмкін. Метотрексаттың жоғары дозаларын қолдану қажет болған кезде ИПТ емін уақытша тоқтату мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Натрий рабепразолы, барлық ППТ тәрізді гипо- немесе ахлоргидрияға байланысты B12 витаминінің (цианокобаламин) сіңіргіштігін төмендетуі мүмкін.

Жүктілік және емшек емізу кезінде қолдану

Жүктілік кезінде рабепразолды қолдану қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ.

Емшек сүтімен рабепразол бөлінетіні белгісіз. Емізетін әйелдерде тиісті зерттеулер жүргізілмеді. Емізетін әйелдерге Промтоны тағайындауға болмайды.

Балаларға қолдану

Промтоны 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды, себебі қазіргі кезде оны педиатриялық практикада қолдану тәжірибесі болмай тұр.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Рабепразол фармакодинамикасының ерекшеліктерінің және оның жағымсыз әсерлердің пішінінің нәтижесінде, Промто автомобиль жүргізу және техникамен жұмыс қабілетіне әсер ететіні күмәнді. Бірақ ұйқышылдық білінген жағдайда қызметтің бас тарту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: әдейі немесе кездейсоқ артық дозалау туралы деректер өте аз. Рабепразолды артық дозалау жағдайлары анықталмады.

Емі: спецификалық антидоты белгісіз. Рабепразол плазма ақуыздарымен жақсы байланысады және сондықтан диализ көмегімен шығарылмайды. Симптомдық және демеуші ем жүргізу ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан,

29-30/27, К.И.А., Карачи – 74900.

Тел: +(92-21) 111 111 511

Факс: +(92-21) 350 5792

www.getzpharma.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан,

29-30/27, К.И.А., Карачи – 74900.

Тел: +(92-21) 111 111 511

Факс: +(92-21) 350 5792

www.getzpharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында препарат сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден соң қадағалуға жауапты ұйымның мекенжайы

ҚР-ндағы Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Шевченко к., 148-үй

тел/факс +7(727) 378-51-89, 378-54-78

e-mail: svetlana.kuleshova@getzpharma.com

Прикрепленные файлы

Промто_10-20_мг_рус.doc 0.08 кб
Промто_каз.doc 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники