Проктозан® Нео (мазь для наружного применения)

МНН: Гепарин натрия, Полидоканол, Преднизолон
Производитель: Хемофарм А. Д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гепарин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011401
Информация о регистрации в РК: 06.06.2019 - 06.06.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Проктозан® Нео

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 20 г

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: 65 ХБ натрий гепарині

2,233 мг преднизолон ацетаты

30 мг полидоканол (макрогол лаурил эфирі),

қосымша заттар: қатты парафин, сұйық парафин, ланолин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.

Сипаттамасы

Сарғыш-ақ жартылай мөлдір, өзіне тән иісі бар гель тәріздес жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған құрамында гепарин бар препараттар. Басқа препараттармен біріктірілімдегі гепарин.

АТХ коды С05ВA53

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гепарин

Сіңіруден кейін плазма ақуыздарымен байланысуы 95 %-ды құрайды. Тіндерден баяу бөлінеді, жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатқа жуық. Белсенді заттардың 50 %-ы теріде қалады. Бөліну жылдамдығы дозаға байланысты болады. Сіңірілгеннен кейін бауырда (ішінара бауыр гепариназасы ферментімен) және ретикулоэндотелиальді жүйеде метаболизденеді. 20-50 %-ы өзгермеген түрде несеппен және ішінара антикоагулянтты әлсіз әсерге ие урогепарин түрінде шығарылады. Бөліну дәрежесі дозаға байланысты (анағұрлым төмен дозалардың қан плазмасындағы жартылай шығарылу кезеңі барынша қысқа болады).

Преднизолон

Преднизолон сіңіруден кейін бауырда метаболизденеді. 1 %-ға жуығы несеппен өзгермеген түрде шығарылады. Тіндерден жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 18-36 сағатты, қан плазмасынан – 115-212 мин құрайды.

Фармакодинамикасы

Проктологияда жергілікті қолдануға арналған тромбқа қарсы, қабынуға қарсы және көктамырды склероздайтын әсері бар біріктірілген препарат.

Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт. Сыртқа қолданған кезде тромбқа қарсы, экссудатқа қарсы жергілікті және қабынуға қарсы орташа әсер етеді; дәнекер тіндердің регенерациясына ықпал етеді; геморроидальді түйіндерде қан коагуляциясын болдырмайды.

Преднизолон – глюкокортикостероид, қабынуға қарсы, экссудатқа және аллергияға қарсы әсер етеді, аноректальді аймақта қабынуды және қатар жүретін субъективті сезінулерді (қышу, ашыту, ауыру) азайтады. Полидоканол жергілікті жансыздандыратын әсер береді және геморроидальді түйіндердің склероздануын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

  • сыртқы және ішкі геморройда

  • артқы өтістің геморроидальді көктамырлары тромбофлебитінде

  • анус аймағындағы жыланкөздер, экзема және қышуда

  • анус сызатында

  • аноректальді аймақтағы оперативті араласуға дайындықта

  • тромбталған немесе операция жасалған геморройдың кешенді емі құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, жақпамайды зақымданған бөліктерге тәулігіне 2-4 рет; ауыру сезімдері басылғаннан кейін – 7 күн бойы тәулігіне 1 рет жұқалап жағады.

Ректальді. Жақпамайды енгізу үшін қоса берілетін бұрандалы ұштық пайдаланылады, оны тік ішек қуысына енгізіп, түбекті жеңіл ғана басып, аз ғана жақпамай сығып шығарылады.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар, тері гиперемиясы

Ұзақ қолданған кезде және/немесе ауқымды беткейге жаққанда жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін

  • сызаттың регенерациялану үдерістерінің баяулауы

  • ісінулер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары cезімталдық

  • терінің бактериялық, вирустық, зеңдік зақымданулары

  • туберкулез

  • сифилис

  • тері ісіктері

  • қан кетуге бейімділік

  • вакцина енгізуге реакциялар

  • жүктіліктің I триместрі

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Ректальді қолдануға арналған басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Басқа кортикостероидтармен емдеу кезіндегідей, сақтық танытқан жөн, препаратты көп мөлшерде немесе ұзақ уақыт бойы қолданбау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрі кезінде пайда/қатер арақатынасын бағалап алып, қолдану керек. Лактация кезеңінде дәрігердің кеңесінен кейін қолдану керек.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препарат жергілікті қолдануға арналғандықтан ұсынымдарына сәйкес дұрыс қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Жарғақшаны тесуге арналған құралы бар пластмассадан жасалған бұралып жабылатын қақпағымен жабылған, қорғағыш алюминий жарғақшасы бар алюминий сықпада 20 г-ден.

Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Хемофарм А.Д., Сербия

26300 Вршац қ-сы,

Белградский путь н/ж

тел.: 13/803100

факс: 13/803424

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Хемофарм А.Д., Сербия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e-mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

511904101477976709_ru.doc 53.5 кб
700536371477977847_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники