Програф® (5 мг)

МНН: Такролимус
Производитель: Астеллас Ирланд Ко. Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tacrolimus
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010350
Информация о регистрации в РК: 26.10.2017 - 26.10.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 4 787.85 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Програф®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Такролимус

Дәрілік түрі

0,5 мг, 1 мг, 5 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат –0.5 мг, 1.0 мг, 5.0 мг такролимус,

қосымша заттар: гидроксилпропилметилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, лактоза моногидраты, магний стеараты

капсуланың құрамы: титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), желатин.

Сипаттамасы

0,5 мг капсулалар – корпусы және қақпақшасы мөлдір емес, ашық сары түсті, капсула қақпақшасында қызыл түсті «0.5mg» және капсула корпусында «[f]607» жазуы бар, № 5 өлшемді қатты желатинді капсулалар.

1 мг капсулалар – корпусы және қақпақшасы мөлдір емес, ақ түсті, капсула қақпақшасында қызыл түсті «1mg» және капсула корпусында «[f]617» жазуы бар, № 5 өлшемді қатты желатинді капсулалар.

5 мг капсулалар – корпусы және қақпақшасы мөлдір емес сұрғылт-қызыл түсті, капсула қақпақшасында ақ түсті «5mg» және капсула корпусында «[f]657» жазуы бар, № 4 өлшемді қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Иммунодепрессанттар. Кальциневрин тежегіштері. Такролимус.

ATХ коды L04AD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Ішу арқылы қолданған кезде такролимус асқазан-ішек жолынан жылдам сіңіріледі; сіңірілуінің негізгі орны асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігі болып табылады.

Такролимус қан плазмасындағы концентрацияларына (Сmax) ең жоғары шыңына шамамен 1-3 сағат өткенде жетеді. Кейбір емделушілерде препарат сіңудің салыстырмалы теңдей бейініне жете отырып, ұзақ уақыттың ішінде үздіксіз сіңіріледі. Сіңу параметрлерінің орташа мәндері мынадай:

Популяция

Дозалау (мг/кг/тәулік)

Смах

(нг/мл)

Тмах

(сағат)

Биожетімділігі (%)

Ересек адамдағы бауыр трансплантаты (тепе-тең концентрациясы)

0,30

74,1

3,0

21,8 (±6,3)

Баладағы бауыр трансплантаты (тепе-тең концентрациясы)

0,30

37,0 (±26,5)

2,1 (±1,3)

25 (±20)

Ересек адамдағы бүйрек трансплантаты (тепе-тең концентрациясы)

0,30

44,3 (±21,9)

1,5

20,1 (±11,0)

Ішке капсула түрінде қабылдағанда такролимустың биожетімділігі орташа 20-25% құрады. Препаратты пероральді қабылдау аясында (0,30 мг/кг/тәулік) бауыр алмастырылғаннан кейін Програф® препараты тепе теңдік концентрациясына 3 күн ішінде жетеді.

Бауыр трансплантаты бар емделушілердің тұрақты жай-күйінде дәріні майдың құрамы орташа тамақтан кейін қабылдағанда Програф® препаратының биожетімділігі төмендеген. Сонымен бірге фармакокинетикалық қисық AUC астындағы ауданының (27%), ең жоғары концентрацияның С max (50%) төмендегені және жаңа алынған қандағы tmax (173%) артқаны байқалған. Препаратты тамақпен бір мезгілде қабылдағанда Програф® препаратының сіңу жылдамдығы мен дәрежесі төмендеген.

Өттің бөлінуі Програф® препаратының сіңуіне әсер етпейді.

Тепе-тең күйге жеткенде препараттың қандағы AUC және ең аз деңгейі арасындағы күшті өзара байланысы байқалады, осыған байланысты жаңа алынған қандағы препараттың ең аз деңгейлеріне жасалған мониторинг препараттың жүйелі әсерін талапқа сай бағалауға қызмет ете алады. Бүйрек трансплантаты бар емделушілерде тамақ ішудің препараттың сіңуіне елеулі әсері анықталмаған.

Таралуы

Препаратты көктамыр ішіне енгізгенде такролимустың таралуы екі фазалы сипатта.

Жүйелі қан ағысында такролимус эритроциттермен елеулі дәрежеде байланысады. Жаңа алынған қандағы плазма концентрациясына қатысты таралуы шамамен 20:1 арақатынасын құрайды. Қан плазмасында препарат едәуір дәрежеде (>98,8%) ақуыздармен, негізінен сарысулық альбуминмен және α-1-қышқыл гликопротеинмен байланысады.

Плазмалық концентрациялар негізінде тепе-теңдік таралу көлемі шамамен 1300 л құрайды. Жаңа алынған қанның негізіндегі тиісті көрсеткіші орташа алғанда 47,6 л құрайды.

Такролимус клиренс деңгейі төмен препарат болып табылады. Бауыр және бүйрек трансплантаты бар ересек емделушілерде клиренс мәні тиісінше 4,1 л/сағат және 6,7 л/сағат құраған. Бауыр трансплантаты бар балалардағы жалпы клиренстің мәні бауыр трансплантанты бар ересектерге қарағанда шамамен 2 есе жоғары болады.

Такралимустың жартылай шығарылу кезеңі ұзақ және өзгермелі болады. Бауыр трансплантаты бар ересек емделушілер мен балалардағы жартылай шығарылу кезеңі, бүйрек трансплантаты бар ересек емделушілердегі 15,6 сағатпен салыстырғанда, тиісінше, орташа 11,7 сағатты және 12,4 сағатты құрайды.

Метаболизмі

Такролимус елеулі дәрежеде бауырлық микросомальді Р 450 цитохромы СYP3A4 изоэнзимімен метаболизденеді.

Шығарылуы

Шығарылуының негізгі жолы өт болып табылады.

Фармакодинамикасы

Молекулярлық деңгейде Програф® әсері препараттың жасушашілік аккумуляциясы үшін жауапты цитозольды ақуызбен (FKBP12) байланысуы арқылы айқындалады. FKBP 12-такролимус кешені кальцинеринмен спецификалы және бәсекелес байланысады және оны тежейді, бұл осылайша лимфокиндік гендер дискретті тобының транскрипциясын болғызбай трансдукциясының Т-жасушалық сигнал жолдарының кальцийге тәуелді тежелуіне алып келеді.

Програф® белсенділігі жоғары иммуносупрессивті препарат болып табылады: негізінен трансплантатты қабылдамау үшін жауапты цитоуытты лимфоциттердің түзілуін бәсеңдетеді, В –жасушалары пролиферациясы Т-хелперлеріне тәуелді Т жасушаларының белсендірілуін, сондай-ақ лимфокиндердің (интерлейкин-2,-3 және γ-интерферон сияқты) түзілуін, интерлейкин - 2 рецепторының экспрессиясын төмендетеді.

Қолданылуы

- бауыр, бүйрек немесе жүректің аллотрансплантат реципиенттерінің трансплантат қабылдамауының алдын алуда

- басқа иммуносупрессорлық препараттармен емдеуге резистентті аллотрансплантаттың қабылданбауын емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Програф® препаратымен емдеу тиісті біліктілігі бар және қажетті құрылғы қолдану бойынша біліктілігі бар қызметкердің мұқият бақылауымен жүргізілуі тиіс. Берілген дәрілік өнімді тағайындау және иммуносупрессорлық терапияға өзгерістер енгізуді иммуносупрессорлық емдеуде және трансплантаты бар емделушінің емін жүргізуде тәжірибесі бар дәрігер ғана жүргізуі тиіс.

Құрамындағы белсенді заттарының босап шығуы жылдам такролимусты пайдаланудан құрамындағы белсенді заттары баяу босап шығатын такролимусқа немесе керісінше кездейсоқ, алдын ала болжанбаған және бақыланбайтын өту қауіпсіз емес. Ол трансплантаттың ажырауына немесе жағымсыз әсерлер туындау ықтималдығы жоғарылауына, оған такролимустың жүйелі әсерінің клиникалық елеулі айырмашылығы себепті жеткіліксіз немесе артық иммуносупрессияны қоса алып келуі мүмкін.

Емделушілер препаратты күнделікті енгізудің тиесілі сызбасын пайдалана отырып такролимустың бір құрамымен демеуші ем алуы тиіс; препаратты енгізудің сызбасына немесе пайдаланатын құрамына өзгеріс енгізу тек маман – трансплантологтың мұқият бақылауымен жүргізілуі тиіс. Баламалы кез келген құрамды пайдалануға өткеннен кейін такролимустің жүйелі тұрақты әсерін ұстап тұру мақсатында препараттың емдік әсері мен дозасын түзетуге бақылау жүргізілуі тиіс.

Төменде көрсетіліп ұсынылған бастапқы дозалар тек бағдар ретінде келтірілген. Програф® дозасын таңдау бәрінен бұрын нақты бір емделушідегі трансплантат қабылдамауын клиникалық бағалауға және препарат жағымдылығына, сондай-ақ қандағы препарат деңгейін динамикалық бақылаудың қосымша деректеріне (төменде препараттың Жаңа алынған қандағы ұсынылатын арнайы ең төмен концентрациясы келтірілген) негізделуі тиіс. Қабылдамаудың айқын клиникалық белгілері пайда болғанда иммуносупресорлық емді өзгерту туралы мәселені қарастыру керек. Әдетте, препарат енгізуді пероральді әдіспен бастауға болады, капсула ішіндегісін суда суспензиялауға болады және алынған суспензияны назогастральді зонд арқылы енгізуге болады.

Прографты® әдетте операциядан кейінгі бастапқы кезеңде басқа да иммуносупрессорлы препараттармен үйлестіре қолданады. Програф® дозасы иммуносупрессивті емнің таңдалған сызбасына қарай ауытқуы мүмкін.

Прографтың® дозасын науқас қанындағы препарат деңгейінің мониторинг нәтижелерін ескере отырып, емделушінің жекелей қажетсінуіне қарай түзету керек.

Препараттың тәуліктік ішетін дозасын екі (мысалы, таңертең және кешке) қабылдауға бөлу ұсынылады. Капсулаларды пішінді қаптамасынан алғаннан кейін бірден қабылдау қажет. Капсулаларды сұйықтықпен (дұрысы сумен) бірге қабылдайды.

Ең жоғары сіңуі үшін капсулаларды тамақ ішпей тұрып (ашқарынға) немесе тамақтануға дейін кемінде 1 сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2-3 сағат өткенде қабылдау керек.

Бүйрек трансплантаты бар емделушілердегі препарат сіңуіне тамақтың елеулі әсері анықталмаған.

Дозалау жөніндегі ұсыныстар

Бауыр трансплантациясы

Алғашқы иммуносупрессия - ересектерге

Програф® препаратымен ішу арқылы жүргізілетін емді екі рет (мысалы, таңертең және кешке) бөлек қабылданатын 0.10-0.20 мг/кг/тәулік дозадан бастау қажет. Препаратты қолдануды хирургиялық операция аяқталғаннан кейін шамамен 12 сағат өткенде бастау керек.

Егер емделушінің клиникалық жай-күйі дозаны ішу арқылы қабылдауға мүмкіндік бермесе, онда емдеуді дәріні 24 сағаттық үздіксіз инфузия түрінде енгізе отырып, препаратты тәулігіне 0.01-0.05мг/кг дозадан көктамыр ішіне енгізуден бастау керек.

Алғашқы иммуносупрессия - балаларға

Препараттың ішуге арналған бастапқы күніне 0,30 мг/кг дозасын екі бөліп (мысалы, таңертең және кешке) енгізу қажет. Егер емделушінің клиникалық жай-күйі дозаны ішу арқылы қабылдауға мүмкіндік бермесе, онда емдеуді 24 сағаттық үздіксіз инфузия түрінде препаратты тәулігіне 0.05мг/кг дозадан көктамыр ішіне енгізуден бастау керек.

Демеуші ем - ересектер мен балаларға

Трансплантациялаудан кейінгі кезеңде әдетте препараттың қандағы концентрациясын бақылай отырып, Програф® дозасын төмендетеді. Кейбір жағдайларда Програф® препаратын монотерапия түрінде қалдыра отырып, қатар қолданылатын иммуносупресивтік емнің препараттарын тоқтату қажет. Трансплантациялаудан кейін емделушінің жай-күйінің жақсаруы такролимустың фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін және препараттың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Қабылдамауды емдеу - ересектер мен балаларға

Қабылдамаудың көріністерін емдеу үшін қосымша кортикостероидтық еммен және моно/поликлональдық антиденелерді енгізудің қысқа курстарымен үйлестіре қан концентрациясын бақылай отырып, Прографтың едәуір жоғары дозаларын қолдану керек. Егер уыттылық белгілері байқалатын болса, препараттың қандағы ең аз концентрациялары шегінде Програф® препаратының дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Емделушілерді Програф® препаратымен емдеуге көшірген кезде Програф® препаратының емі ішу арқылы дозасымен басталуы тиіс, алғашқы иммуносупрессияға арналған бастапқы дозалар ұсынылады. Емделушіні циклоспоринмен емдеуден Програф® препаратына ауыстыру туралы ақпаратты алу үшін осы бөлімнің соңындағы «Емделушілердің айрықша популяцияларында препараттың дозасын түзету» деп аталатын нұсқаулықты қарап шығыңыз.

Бүйрек трансплантациясы

Алғашқы иммуносупрессия – ересектерге

Програф® препаратын ішу арқылы жүргізілетін емді екі рет (мысалы, таңертең және кешке) бөлек қабылданатын күніне 0.20-0.30 мг/кг дозадан бастау қажет. Препаратты қолдануды хирургиялық операция аяқталғаннан кейінгі жуық арада 24 сағат ішінде бастау керек.

Егер емделушінің клиникалық жай-күйі дозаны ішу арқылы қабылдауға мүмкіндік бермесе, онда препаратты 24 сағаттық үздіксіз инфузия түрінде енгізе отырып, тәулігіне 0.05-0.10 мг/кг дозадан көктамыр ішіне енгізуден бастау керек.

Алғашқы иммуносупрессия - балаларға

Препараттың ішуге арналған бастапқы күніне 0,30 мг/кг дозасын екі бөліп (мысалы, таңертең және кешке) енгізу қажет. Егер емделушінің клиникалық жай-күйі дозаны ішу арқылы қабылдауға мүмкіндік бермесе, онда емдеуді 24 сағат бойына инфузия түрінде препаратты тәулігіне 0.075-0.100 мг/кг дозадан көктамыр ішіне енгізуден бастау керек.

Демеуші ем - ересектер мен балаларға

Демеуші ем барысында әдетте Програф® дозасын төмендетеді. Кейбір жағдайларда Програф® препаратын қосарлы терапияның базалық компоненті ретінде қалдыра отырып, қатарлас иммунодепресанттарды тоқтату мүмкіндігі пайда болады. Трансплантациялаудан кейін емделушінің жай-күйінің жақсаруы такролимустың фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін және препараттың дозасын түзету қажеттігі туындайды.

Қабылдамау реакциясын емдеу - ересектер мен балаларға

Қабылдамаудың көріністерін емдеу үшін қосымша кортикостероидтық еммен және моно/поликлональдық антиденелерді енгізудің қысқа курстарымен үйлестіре қан концентрациясын бақылай отырып, Прографтың едәуір жоғары дозаларын қолдану керек. Егер уыттылық белгілері байқалатын болса, препараттың қандағы ең аз концентрациялары шегінде Програф® препаратының дозасын төмендету қажет болады.

Емделушілерді Програф® препаратымен емдеуге ауыстырған кезде алғашқы иммуносупрессия мақсатында пайдалануға ұсынылғандай, ішу арқылы дозалармен емдеуден басталуы тиіс. Емделушіні циклоспоринмен емдеуден Програф® препаратына ауыстыру туралы ақпаратты алу үшін осы бөлімнің соңындағы «Емделушілердің айрықша популяцияларында препараттың дозасын түзету» деп аталатын нұсқаулықты қарап шығыңыз.

Жүрек трансплантациясы

Бастапқы иммуносупрессия - ересектерге

Програф® (Програф® препаратымен емдеудің кейінге қалдырылған бастапқы кезін ескере отырып) антиденелермен индукциялауды үйлестіріп немесе клиникалық тұрақты науқастарға антиденелерді тағайындамай-ақ қолданылуы мүмкін. Бұрын антиденелердің индукциясы болған жағдайда, Програф® препаратымен ішу арқылы емдеуді тәулігіне 0.075 мг/кг екіге бөлінген дозалармен қабылдау қажет (мысалы, таңертең және кешке). Препаратты енгізуді хирургиялық операция аяқталғаннан кейінгі жуық арадағы 5 күн ішінде, емделушінің клиникалық жай-күйі тұрақтанғаннан кейін бастау керек. Егер емделушінің клиникалық жай-күйі дозаны ішу арқылы қабылдауға мүмкіндік бермесе, онда емді препаратты 24 сағаттық үздіксіз инфузия түрінде, тәулігіне 0.01-0.02 мг/кг дозадан көктамыр ішіне енгізуден бастау керек. Такролимусты трансплантациядан кейін 12 сағаттың ішінде бастап ішу арқылы қабылдайтын баламалы тәсілі бар. Бұл тәсіл ішкі ағзаларының функциясында (мысалы, бүйрек) бұзылу белгілері жоқ емделушілерге арналған. Мұндай жағдайда 2-4 мг/тәулік бастапқы дозада такролимус микофенолят мофетилімен және кортикостероидтармен немесе сиролимуспен және кортикостероидтармен біріктіріледі.

Бастапқы иммуносупрессия - балаларға

Жүрек трансплантаты бар балаларда Програф® антидене индукциясы бар болса да, жоқ болса да қолданылады.

Ішу арқылы ем күніне 0.30 мг/кг дозадан басталуы тиіс, және бірінші ішу арқылы доза көктамыр ішіне ем жасауды үзгеннен кейін 8-12 сағаттан соң енгізілуі тиіс.

Егер Програф® ішу арқылы қабылдауды антидене индукциясы бар жағдайда бастаса, ұсынылатын бастапқы доза күніне 0.10-0.30 мг/кг құрайды, және екі бөлек дозалармен енгізу қажет (мысалы, таңертең және кешке).

Демеуші ем - ересектер мен балаларға

Демеуші ем барысында Програф® дозасын әдетте қандағы ең төмен бақыланатын концентрациясына дейін төмендетеді. Трансплантациялаудан кейін емделушінің жай-күйінің жақсаруы такролимус фармакокинетикасының өзгеруін туындатуы мүмкін; бұл орайда препараттың дозасын түзету қажеттілігі пайда болуы ықтимал.

Қабылдамау реакциясын емдеу - ересектер мен балаларға

Қабылдамаудың көріністерін емдеу үшін қосымша кортикостероидтық еммен және моно/поликлональдық антиденелерді енгізудің қысқа курстарымен үйлестіре қан концентрациясын бақылай отырып, Програф® препаратының едәуір жоғары дозаларын қолдану керек.

Балаларды Програф® препаратымен емдеуге ауыстырған кезде препараттың тәулігіне 0,15 мг/кг бастапқы дозасын екіге бөліп қабылдау қажет (мысалы, таңертең және кешке).

Балаларды Програф® препаратымен емдеуге ауыстырған кезде препараттың тәулігіне 0,2-0,3 мг/кг бастапқы дозасын екіге бөліп қабылдау қажет (мысалы, таңертең және кешке).

Емделушіні циклоспоринмен емдеуден Програф® препаратына ауыстыру туралы ақпаратты алу үшін осы бөлімнің соңындағы «Емделушілердің айрықша популяцияларында препараттың дозасын түзету» деп аталатын нұсқаулықты қарап шығыңыз.

Емделушілердің айрықша популяцияларында дозалауды түзету

Бауырдың жеткіліксіздігі бар емделушілер: бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге ұсынылатын мөлшерлер аясында препараттың ең аз деңгейін демеу үшін препараттың қандағы концентрациясы көрсеткіштеріне қарай дозасы азайтылуы керек болуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер: препараттың дозасын түзету талап етілмейді. Алайда такролимустың нефроуытты әсері болуына байланысты бүйрек функциясын (оның ішінде қан сарысуындағы креатинин концентрациясын, креатинин клиренсі мен диурез деңгейін) мұқият бақылау ұсынылады.

Балалар: препараттың қандағы қажетті деңгейіне қол жеткізу үшін балаларға әдетте ересектерге арналған дозадан 1,5-2 есе артық доза талап етіледі.

Егде емделушілер: қазіргі уақытта егде емделушілер үшін препарат дозасын түзету қажеттілігі туралы деректер жоқ.

Циклоспоринмен емдеуден ауыстыру: циклоспоринді және Програф® препаратын бір мезгілде қолдану циклоспориннің жартылай шығарылуы кезеңін ұзартуы және уытты әсерлерін күшейтуі мүмкін. Сондықтан емделушілерді циклоспориннен Програф® препаратымен емдеуге ауыстырған кезде сақ болу қажет. Програф® препаратымен емдеуді қандағы циклоспорин концентрациясын және емделушінің клиникалық жай-күйін бағалаудан кейін бастау қажет. Егер науқастың қанындағы циклоспориннің деңгейі стандартты берілген көрсеткіштерден асып кетсе, Програф® препаратын қолдануды кейінге қалдыру керек. Препарат циклоспоринді тоқтатқаннан кейін 12-24 сағат өткенде тағайындалады. Ауыстырғаннан кейін циклоспорин клиренсінің бұзылу ықтималдығына байланысты қандағы циклоспорин деңгейіне мониторинг жүргізуді жалғастыру керек.

Препараттың қандағы қажетті деңгейіне қол жеткізу жөніндегі ұсыныстар

Препарат дозасын таңдау қабылдамаудың клиникалық бағалануына және нақты әрбір науқасқа препараттың жағымдылығы жөніндегі деректерге негізделуі тиіс. Препаратты дозалауды оңтайландыру мақсатында жартылай автоматты микробөлшектерде иммуноферментті талдау (МИФА) жүргізуді қоса иммундық тәсілдердің көмегімен такролимустың қандағы концентрациясын анықтайды.

Операциядан кейінгі кезеңде такролимустың қандағы ең аз деңгейін бақылаған маңызды. Препаратты ішу арқылы енгізуде оның қандағы ең төменгі деңгейін доза енгізілгеннен кейін шамамен 12 сағаттан соң, кезекті доза енгізердің дәл алдында анықтау керек. Препараттың қандағы деңгейлеріне мониторинг жүргізу жиілігі клиникалық қажеттіліктерге байланысты. Програф® клиренс деңгейі төмен препарат болып табылатындықтан, дозалау режимін түзетуге препараттың қандағы деңгейінің өзгерісі белгілі болатындай сәтке дейін бірнеше күн өтуі мүмкін. Препараттың қандағы ең аз деңгейін трансплантациядан кейінгі ерте кезеңде аптасына екі рет және одан кейін демеуші ем барысында мезгіл-мезгіл бақылау қажет. Такролимустың қандағы ең аз деңгейлерін Програф® дозасын, енгізу жолын өзгерткенде немесе иммуносупрессия сызбасын өзгертуден кейін, сондай-ақ жаңа алынған қандағы такролимус концентрациясына әсер ететін препараттармен біріктіріліп қолданғаннан кейін бақылау қажет.

Клиникалық зерттеулер деректері көрсеткендей, емделушілердің көбін табысты емдеу такролимустың қандағы ең аз концентрациясын 20 нг/мл төмен деңгейде ұстап тұрғанда қамтамасыз етілуі мүмкін. Такролимустың жаңа алынған қандағы деңгейі туралы деректерді интерпретациялауда емделушінің клиникалық жай-күйін ескеру керек.

Клиникалық тәжірибеде препараттың жаңа алынған қандағы ең төменгі деңгейі трансплантациядан кейінгі ерте кезеңде бауыр трансплантаты бар реципиенттерде әдетте 5-тен 20 нг/мл –ге дейінді құрайды, ал бүйрек және жүрек трансплантаты бар реципиенттерде – 10-нан 20 нг/мл-ге дейінді құрайды. Бауыр, бүйрек және жүрек трансплантаты бар реципиенттерде демеуші ем кезіндегі қандағы препарат концентрациясы әдетте 5-тен 15 нг/мл-ді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10); жиі (>1/100,<1/10); жиі емес (>1/1000,<1/100); сирек (>1/10000,<1/1000); өте сирек (<1/10000, оның ішінде жекелеген жағдайлар).

Өте жиі

  • артериялық гипертензия

  • жүрек айнуы, диарея

  • бүйрек функциясының бұзылуы (мысалы, қан сарысуындағы

креатинин деңгейінің жоғарылауы)

  • гипергликемиялық жай-күй, қант диабеті, гиперкалиемия

  • тремор, бас ауыруы, ұйқысыздық

Жиі

  • коронарлық қан айналымының бұзылуы, тахикардия

  • анемия, лейкопения, тромбоцитопения, лейкоцитоз, эритроциттер талдауының көрсеткіштерінің дұрыс болмауы, гемоглобиннің және/немесе гематокриттің деңгейінің төмендеуі немесе артуы

  • трансплантаттың біріншілік дисфункциясы

Іс жүзінде емделушілерде такролимус препаратын қолдануда негізсіз, әдейі жасалмаған немесе бақыланбағанын қоса, такролимустың дәрілік түрін бірінен екінші басқа түріне (стандартты немесе ұзартылған) ауыстырғанда қателіктер бақыланған. Бұндай жағдайлардың кейбіреуі трансплантатты қабылдамаумен астасқаны туралы мәлімдемелер бар (қолда бар деректерден кездесу жиілігін бағалау мүмкін емес)

  • құрысулар, сананың бұзылуы, парестезиялар, дизестезиялар, шеткергі нейропатия, бас айналуы, жазудың бұзылуы

  • ентігу, өкпенің паренхиматозды бұзылыстары, плевралық жалқық, фарингит, жөтел, мұрын бітелуі, ринит

  • асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары, ойық жара және асқазан-ішек жолдарының тесілуі, асқазан-ішектен қан кету, стоматит, ауыз қуысы шырышты қабығының ойық жаралануы, асцит, асқазан-ішектің және абдоминальді ауыру, диспепсия, құсу, іш қатуы, метеоризм, іштің кебу және керу сезімі, сұйық нәжіс

  • қан кету, тромбоэмболиялық және ишемиялық көріністер, шеткергі тамырлық бұзылыстар, гипотензивті тамырлық бұзылыстар

  • - астениялық жай-күй, қызба жай-күйі, ісіну, ауыру және жайсыздық, қандағы сілтілік фосфатазалардың деңгейінің жоғарылауы, дене массасының артуы, дене температурасын сезінудің бұзылуы

  • - аллергиялық және анафилактоидтық реакциялар

  • - гипомагниемия, гипофосфатемия, гипокалиемия, гипокальциемия, гипонатриемия, гипергидратация, гиперурикемия, тәбет төмендеуі, анорексия, метаболизмдік ацидоз, гиперлипидемия, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, басқа да электролиттік бұзылулар

  • - артралгия, бұлшықеттің құрысулары, аяқ-қол ауыруы, арқаның ауырулары

  • қышыну, бөртпе, шаштың түсуі, безеу, жоғары тершеңдік

  • - үрейлену симптомдары, сананың шатасуы және бағдар бұзылуы, депрессия, көңіл күйдің төмендеуі, көңілдің бұзылуы мен бұзылыстары, шым-шытырық түстер көру, елестеулер, психикалық бұзылыстар

  • -бүйрек жеткіліксіздігі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, олигурия, бүйректің өзекшелік некрозы, уытты нефропатия, несеп синдромы, қуық және уретра тарапынан бұзылу симптомдары

  • -көрудің бұлыңғырлануы, фотофобия, көрудің бұзылулары

  • құлақтағы шуыл

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы, функционалдық бауыр тесттерінің патологиялық өзгерістері, холестаз және сарғаю, бауыр жасушалары зақымдануы және гепатит, холангит

Жиі емес

  • қарыншалық аритмиялар, жүрек тоқтауы, жүрек жеткіліксіздігі, кардиомиопатия, қарыншалар гипертрофиясы, суправентрикулярлық аритмиялар, жиілеген жүрек қағуы, ЭКГ патологиялық көрсетілімдері, жүрек жиырылуы жиілігінің және ырғағының бұзылулары

  • миокард инфаркті, аяқ-қол терең көктамырларының тромбоздары, шок

  • дегидратация, гипопротеинемия, гиперфосфатемия, гипогликемия

  • коагулопатия, коагулограмма көрсеткіштеріндегі ауытқулар, панцитопения, нейтропения

  • кома, ОЖЖ қан құйылу және инсульттар, сал және парез, энцефалопатия, амнезия, сөйлеудің және артикуляцияның бұзылуы

  • психоздық бұзылыстар

  • полиағзалық жеткіліксіздік, тұмауға ұқсас синдром, жоғары немесе төмен температураларды көтере алмау, кеудені қысу сезімі, үрейлену сезімі, дімкәстікті сезіну, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының азаюы

  • анурия, гемолитикалық уремиялық синдром

  • дерматит, фотосезімталдық

  • ентігу, паренхимальді өкпе бұзылуы, плевралық жалқық, фарингит, жөтел, мұрын бітелуі, ринит

  • катаракта

  • естудің төмендеуі

  • буын бұзылыстары

  • дисменорея және жатырдан қан кету

  • тыныс алудың жеткіліксіздігі, тыныс алу жолдары тарапынан бұзылулар, демікпе

  • ішектің салданып бітелуі, жедел және созылмалы панкреатит, қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, асқазанның эвакуаторлық функциясының бұзылуы

Сирек

  • перикардиальді жалқық

  • тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура, гипопротромбинемия

  • уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)

  • гирсутизм

  • дене қозғалғыштығының төмендеуі

  • бұлшықет тонусының артуы

  • соқырлық

  • нейросенсорлық кереңдік

  • шөл, тепе теңдікті жоғалту (құлау), кеуденің қысылуы сезімі, ойық жара

  • бауыр артериясы тромбозы, бауырлық көктамырдың облитерациялайтын эндофлебиті

  • жедел респираторлық дистресс-синдромы

  • ішектің ішінара бітелуі, ұйқы безінің жалған кисталары

Өте сирек

  • эхокардиограмма көрсеткіштерінің бұзылуы, электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы, жүрек ырғағының «пируэт» типті бұзылуы (екі бағытты ұршық тәрізді қарыншалық тахикардия)

  • Стивенс-Джонсон синдромы

  • май тіндері массасының ұлғаюы

  • миастения

  • есту қабілетінің бұзылуы

  • бауыр жеткіліксіздігі, бауыр түтігінің стенозы

  • нефропатия, геморрагиялық цистит

Жекелеген жағдайлар

  • парциальді қызыл жасушалы аплазия, агранулоцитоз, гемолиздік анемия

  • қатерлі де, қатерлі емес ісіктердің, оның ішінде Эпштейн-Барр вирусымен астасқан (ЕBV) лимфопролиферативтік аурулары мен тері обырының дамуы

  • оқшауланған және жайылған жұқпалы аурулар даму қаупі (вирустық, бактериялық, зеңдік, протозойлық)

  • JC-вируспен астасқан үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия

Басқа да потенциалды иммуносупрессивті препараттарды қолданған кездегі сияқты Програф® қабылдаған емделушілерде ЕВV лимфопролиферативтік бұзылулар дамығаны байқалған. Програф® препаратымен емдеуге ауыстырылған емделушілерде ол осы препаратты қолдануға дейінгі артық иммуносупрессиядан туындауы мүмкін. Програф® препаратымен емдеуге ауыстырылған емделушілерге қатар жүретін антилимфоцетарлық емді қолдануға тиым салынады. 2 жасқа дейінгі ЕВV- серонегативті балаларда лимфопролиферативтік аурулардың даму қаупі жоғарылайтыны байқалған (науқастардың бұл тобында Програф® препаратын қолдануды бастағанға дейін ЕВV–вирусын серологиялық анықтау қажет).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- такролимуске немесе басқа да макролидтерге аса жоғары сезімталдық

- препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі

Жүйелік қан ағынында болатын такролимус бауырдың CYP3A4 цитохромасымен метаболизденеді. Такролимус сондай-ақ ішу арқылы қабылдағанда ішек CYP3A4 цитохром жүйесінде метаболизмге ұшырайды.

CYP3A4 тежейтін немесе индукциялайтын дәрілік препараттарды немесе өсімдік препараттарын қатар қолдану такролимустың метаболизміне әсер етуі және осылайша такролимустың қандағы деңгейін көтеруі немесе төмендетуі мүмкін.

CYP3A4 белсенділігін өзгертуге қабілетті препараттармен бірге тағайындағанда немесе такролимус фармакокинетикасына басқаша әсер еткенде такролимустің талапқа сай және тұрақты экспозициясын демеп тұру үшін қандағы такролимус концентрациясын бақылау және қажет болғанда дозасын түзету немесе препаратты тоқтату ұсынылады. Сондай-ақ QT аралығын (электрокардиография көмегімен), бүйрек функциясын және болуы мүмкін жағымсыз әсерлерін бақылау керек.

Такролимусті CYP3A4 тәуелді жолдармен метаболизденетін препараттармен бірге қолдану осы дәрілердің (мысалы, кортизон, тестостерон) метаболизміне әсер етуі мүмкін.

Қан ақуыздарына жоғары белсенділігі бар басқа да дәрілермен (мысалы, ҚҚСД-мен, ішу арқылы антикоагулянттармен немесе диабетке қарсы пероральді препараттармен) болуы мүмкін өзара әрекеттесуін ескеру қажет, осыған байланысты Програф® препаратының қандағы концентрациясын бақылау аясында дозаны түзету керек.

Метаболизм тежегіштері

Клиникалық тәжірибе негізінде қандағы такролимус концентрациясын төмендегі дәрілік заттардың елеулі жоғарылатуы мүмкіндігі анықталды:

- зеңге қарсы дәрілер (кетоконазол, флуконазол, итраконазол, вориконазол)

- макролидті антибиотиктер (эритромицин)

- АИВ протеаза тежегіштері (ритонавир, нелфинавир, саквинавир)

- С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері (мысалы, телапревир, боцепревир)

Бұл препараттарды такролимуспен тағайындағанда барлық дерлік науқастарда такролимус дозасын төмендету талап етілуі мүмкін.

Айқындығы төмен дәрілік өзара әрекеттесулер такролимусты төмендегі препараттармен бір мезгілде қолданғанда бақыланды:

- нифедипин, никардипин, верапамил, амиодарон, клотримазол, кларитромицин, джозамицин, даназол, этинилэстрадиол, омепразол, дилтиазем, нефазодон және құрамында сүйір тозаңды лимоннигінің (Schisandra sphenanthera) сығындысы бар өсімдік (қытайлық) текті дәрілер.

In vitro зерттеулер такролимус метаболизмінің потенциалды тежегіштері төмендегі заттар болып табылатынын көрсетті: бромокриптин, кортизон, дапсон, эрготамин, гестоден, лидокаин, мефенитоин, миконазол, мидазолам, нилвадипин, норэтистерон, хинидин, тамоксифен, (триацетил) олеандомицин.

Лансопразол және циклоспорин такролимустің CYP3A4-арқылы жүретін метаболизмін потенциалды тежеуі және оның қандағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі

Такролимусты нефроуытты және нейроуытты әсері басым препараттармен (мысалы, аминогликозидтермен, гираза тежегіштері (II текті ДНҚ-топоизомераза), ванкомицин, ко-тримоксазол, ҚҚСД, ганцикловир немесе ацикловир) қатар қолдану уыттылық деңгейді арттыруы мүмкін.

Такролимуспен емдеу гиперкалиемияның дамуымен қатар жүруі немесе бұрын бар гиперкалиемияны өршітуі мүмкін болғандықтан:

- калийді шамадан тыс қолдану

- калий жинақтағыш диуретиктерді (мысалы, амилорид, триамтерен немесе спиронолактон) қабылдаудан аулақ болу керек.

Метаболизм индукторлары

Клиникалық тәжірибе негізінде қандағы такролимус концентрациясын төмендегі препараттардың елеулі төмендетуі мүмкіндігі анықталды: рифампицин, фенитоин, шайқурай (Hypericum perforatum). Бұл препараттарды такролимуспен бір мезгілде тағайындағанда барлық дерлік науқастарда Програф® препаратының дозасын арттыру талап етілуі мүмкін.

Фенобарбиталмен клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері байқалды.

Демеуші дозадағы кортикостероидтар әдетте қандағы такролимус концентрациясын төмендетеді. Жедел қабылдамауды емдеу үшін қолданылатын преднизолон немесе метилпреднизолонның жоғары дозалары қандағы такролимус деңгейін арттыруы немесе азайтуы мүмкін.

Карбамазепин, метамизол және изониазид қандағы такролимус концентрациясын төмендете алады.

Такролимуспен төмендегі:

- амфотерицин В, ибупрофенді бірге қолданғаннан кейін нефроуыттылығы күшейгені байқалды.

Такролимус қандағы фенитоин деңгейін арттырады.

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі такролимуспен бір мезгілде қолданғанда артқаны көрсетілген. Бұдан басқа синергиялық/аддитивтік әсерлер дамуы мүмкін. Осы себепті

Ұсынылмайды

- бұрын циклоспорин алған емделушілерге такролимусты тағайындағанда циклоспорин мен такролимусты біріктіріп қолдануға болмайды.

Тамақпен өзара әрекеттесуі

Грейпфрут шырыны CYP3A4-тің белсенділігін тежеуі есебінен такролимустың қандағы деңгейін жоғарылатады.

Такролимус гормональді контрацептивтерінің клиренсін төмендетуі мүмкін, контрацепция дәрілерін таңдауда сақ болу маңызды.

Такролимустың статиндермен өзара әрекеттесулері туралы деректер шектеулі. Клиникалық бақылаулар такролимуспен бір мезгілде қабылдағанда статиндер фармакокинетикасы өзгермейтіні туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Басқа да өзара әрекеттесуі

Такролимусты қолдану барысында вакцинаның тиімділігі аз және тірі аттенуирленген вакцинаны енгізбеу керек.

Ақуыздармен байланысуы

Такролимус қан плазмасындағы ақуыздармен белсенді байланысады. Қан плазмасындағы ақуыздармен жоғары тектестікке ие дәрілік заттармен такролимустың бәсекелес өзара әрекеттесулері болуының мүмкіндігін ескеру керек (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, пероральді антикоагулянттар, пероральді диабетке қарсы дәрілер).

Потенциалды өзара әрекеттесуі

P-450 3A цитохром жүйесін тежейтін заттар.

Мынандай заттарды метаболизмнің потенциалды тежегіштері ретінде қарастыруға болады: бромкриптин, кортизон, дапсон, эрготамин, гестоден, лидокаин, мефенитоин, миконазол, мидазолам, нилвадипин, порэтидрон, хинидин, тамоксифен, (триацетил) олеандомицин және верапамил.

P-450 3A цитохром жүйесін индукциялайтын заттар.

Карбамазепин, метамизол және изониазид P-450 3A цитохромын индукциялайды.

P-450 3A цитохром жүйесі арқылы басқа заттармен болған метаболизмнің такролимуспен тежелуі

Сілтілік ортада такролимус тұрақты емес. Инфузияға арналған қайта қалпына келтірілген 5 мг/мл Програф концентратын ерітіндіні елеулі сілтілендіретін басқа дәрілік заттармен (мысалы, ацикловир, ганцикловир) қоса қолдануға болмайды.

Үйлесімсіздігі

Такролимус поливинилхлоридпен (ПВХ) үйлесімсіз.

Програф® препаратының капсулаларынан суспензия дайындағанда пайдаланылатын сынауықтар, еккіштер және басқа да жабдықтар құрамында ПВХ болмауы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Посттрансплантациялық бастапқы кезеңде келесі параметрлердің ұдайы мониторингін жүргізу керек: артериялық қысым, ЭКГ, неврологиялық және офтальмологиялық статус, ашқарындағы қандағы глюкоза деңгейі, электролиттер концентрациясы (әсіресе калийдің), бауыр және бүйрек функциясының көрсеткіштері, қан параметрлері, қан плазмасындағы коагуляция көрсеткіштері және ақуыз деңгейлері.

Іс жүзінде емделушілерді такролимустің (стандарттық немесе әсер етуі ұзаққа созылатын) бір дәрілік түрінен басқасына негізсіз, әдейі емес немесе бақылаусыз ауыстыру да қосылатын такролимус дәрілік заттарын қолдануда қателіктер бақыланды. Бұл такролимус экспозициясындағы клиникалық елеулі айырмашылықтар нәтижесінде туындаған гипо- немесе гипериммуносупрессия салдары болуы мүмкін трансплантат қабылдамау немесе басқа да жағымсыз әсерлерді қоса, күрделі қолайсыз құбылыстарға алып келді. Емделушіні тиісті дозалау режимінде такролимустің дәрілік түрінің бірімен жүргізу керек; дәрілік түрдің немесе дозалау режимінің өзгеруін трансплантология саласындағы маманның бақылауымен ғана жүзеге асыру керек.

Такролимусты басқа препараттармен, әсіресе CYP3A4 күшті тежегіштерімен (мысалы, телапревир, боцепревир, ритонавир, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, телитромицин немесе кларитромицин) немесе CYP3A4 изоферментінің индукторларымен (мысалы, рифампицин, рифабутин) бір мезгілде тағайындағанда – такролимустың қандағы концентрациясы дозаны мезгілінде түзету мақсатында мониторингтелуі тиіс.

Қандағы такролимус концентрациясының төмендеуіне және оның клиникалық тиімділігі азаюына алып келетін өзара әрекеттесулер қаупіне байланысты Програф® қолдану кезеңінде құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік текті препараттарды, басқа да өсімдік текті препараттарды пайдалануға болмайды.

Диарея көріністері кезінде қандағы такролимус деңгейіне қосымша бақылау жүргізу ұсынылады, өйткені диарея кезінде қандағы такролимус концентрациясы елеулі өзгеруі мүмкін.

Такролимусты циклоспоринмен үйлестіре қолдануға болмайды; одан басқа

такролимусты бұрын циклоспорин қабылдаған емделушілерге сақтықпен енгізу керек.

Кардиомиопатия ретінде хабарланған қарыншалық немесе қарынша аралық перделер гипертрофиясы дамуы сирек жағдайларда анықталды. Бұл жағдайлардың көбі қайтымды және көбіне такролимустың қандағы ең төменгі концентрациясы берілген препараттың ұсынылатын ең жоғары деңгейінен әлдеқайда жоғары болған балаларда туындаған. Аталған клиникалық өзгерістердің туындау қаупін жоғарылататын басқа да анықталған факторлар ішінде бұрын диагностикаланған жүрек аурулары, кортикостероидтар қолдану, гипертензия, бауыр және бүйрек функциясы бұзылуы, жұқпалар, гипергидратациялар және ісінулер болды. Осыған байланысты, жоғары қауіп тобындағы емделушілер (әсіресе жасы кіші балалар және елеулі иммуносупрессорлық ем алатын емделушілер) трансплантация алдында және содан кейін (мысалы, бастапқы зерттеу жүргізу, сондай-ақ 3 айлық және 9-12 айлық сатыларында зерттеу) эхокардиография немесе ЭКГ сияқты емшараларды пайдаланумен динамикалық бақылау жүргізуді қажетсінеді. Қалыптан ауытқу даму жағдайында Програф® дозасын төмендету немесе басқа иммуносупрессорлық препарат пайдалануға ауысу туралы мәселе қаралуы тиіс. Такролимус QT аралығының ұзаруын және «пируэт» типті жүрек ырғағы бұзылуын (екі бағытты ұршық тәрізді қарыншалық тахикардия) туындатуы мүмкін. QT аралығы ұзаруының болжамды немесе диагностикаланған туа біткен немесе жүре пайда болған синдромы бар емделушілерді, сондай-ақ QT аралығын ұзартатын, электролиттік бұзылуын туындататын немесе қандағы такролимус концентрациясын (экспозициясын) ұлғайтатын препараттар қабылдайтын науқастарды емдегенде сақтық жасау керек. Жеке немесе отбасылық сыртартқысында іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, брадиаритмиясы және электролиттік бұзылулары, QT аралығы ұзаруының көріністері бар науқастарды қоса, QT аралығы ұзаруының қауіп факторы бар науқастарға назар аудару керек.

Такролимуспен емделген науқастарда асқазан-ішек жолдарының тесілуі анықталды. Асқазан-ішек жолдарының тесілуі медициналық тұрғыдан күрделі немесе өмірге қауіп төндіретін жай-күйге алып келуі мүмкін елеулі оқиға болғандықтан, тесілудің белгілері немесе симптомдары туындағаннан кейін емдеу шараларын дереу бастау керек.

Прографпен® ем алушы емделушілерде Энштейн-Барр (EBV) вирусына байланысты лимфопролиферативті бұзылыстар дамитыны туралы мәлімдемелер бар. Такролимусты антилимфоцитарлық антиденелермен (мысалы, даклизумаб, базиликсимаб) бір мезгілде қолданғанда лимфопролиферативті бұзылыстар қаупі артады.

Прографпен® емге ауысқан емделушілердің қатарлас антилимфоцитарлық ем алуына болмайды. EBV (EBV-VCA) капсидті антиген тестінің теріс нәтижесі бар 2 жастан кіші балаларда лимфопролиферативті бұзылыстар дамуының қаупі жоғарылығы туралы мәлімдемелер бар. Осыған байланысты, бұл топтағы емделушілер Прографпен® ем бастар алдында EBV-VCA серологиялық тест орындалуы қажет. Емдеу кезеңінде EBV-ға ПТР пайдалана отырып, мұқият бақылау жүргізу ұсынылады. EBV-VCA тестінің оң нәтижесі айлар бойы сақталуы мүмкін және ол өздігінен лимфопролиферативтік аурулар немесе лимфомалар бар екендігін айғақталмайды.

Такролимуспен ем алушы емделушілерде қайтымды артқы энцефалопатия (ҚАЭС; PRES) синдромы дамуы туралы хабарламалар бар. Такролимуспен ем алушы емделушілерде ҚАЭС (мысалы, бас ауырулары, психикалық жай-күй өзгерулері, эпилепсиялық ұстамалар және көрудің бұзылуы) симптомдары пайда болу жағдайында радиологиялық зерттеулер (мысалы, МРТ) жүргізілуі тиіс. ҚАЭС анықталған жағдайда артериялық қысымды талапқа сай бақылауды қамтамасыз ету және такролимусты жүйелі енгізуді дереу үзу ұсынылады. Талапқа сай шаралар қолданылған соң емделушілердің көбі толық сауығып кетеді.

Иммунодепрессанттармен ем алатын, оның ішінде Прографпен® ем алатын

емделушілер шартты-патогендік микроорганизмдерден (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық) туындайтын жұқпаның жоғары қаупіне бейім болады. Бұл ауруларға ВК вирусына байланысты нефропатия, және JC вирусымен байланысты үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия (КОЛ; РМL) жатады. Бұл жұқпалар жалпы иммуносупрессивтік жүктеменің жоғары болуына байланысты және күрделі салдарлары болуы және өлімге соқтыруы мүмкін; дәрігерлер бүйрек функциясының айқын төмендеуі немесе неврологиялық симптомдар бар емделушілерде аталған жұқпаның даму мүмкіндігі туралы мәселені жан-жақты қарауы тиіс.

Такролимус қабылдаған емделушілерде сүйек кемігінің парциальді қызыл жасушалы аплазиясы (ПҚЖА) жағдайлары тіркелген. Барлық емделушілерде парвовирус В19 жұқпалары, ПҚЖА дамуы мүмкіндігіне байланысты ауру немесе қатарлас ем жүргізу сияқты ПҚЖА қаупінің факторы анықталған.

Басқа иммуносупрессивті агенттерді пайдаланғандағы сияқты терінің қатерлі ісігі дамуының қаупіне байланысты емделушілерге қорғаныш киімін кию және қорғау факторы жоғары күннен қорғайтын кремдер пайдаланумен күннің және ультракүлгін түстің әсер етуін шектеу керек. Басқа да күшті иммуносупрессорлық қосылыстарды пайдаланғандағы сияқты салдарлы обыр дамуының қаупі белгісіз.

Програф капсулалары құрамында лактоза болуына байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын бұзылушылық - галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерде оларды аса сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік пен лактация

Такролимус стероидтық контрацептивтердің метаболизміне әсер етуі мүмкін болғандықтан, жүктілікті қорғау жөніндегі шешімдерге айрықша көңіл бөлу қажет.

Прографты® жүкті әйелдерге қолдану қауіпсіздігі жеткілікті дәрежеде анықталмағандықтан, емдеуден болатын пайда ұрыққа төнетін қауіпті ақтайтын жағдайлардан басқа уақытта бұл препаратты жүкті әйелдерге тағайындамау керек.

Адамдар қатысуымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері препарат плацента арқылы өте алатынын көрсетеді. Басқа иммунодепрессанттармен салыстырғанда, трансплантталған науқастардағы такролимус қолдану туралы жеке деректер препараттың жүктілік барысы мен оның аяқталуына жағымсыз әсерінің жоғарырақ қаупі болмайтынын айғақтайды. Өздігінен болатын аборт туралы мәлімдемелер бар. Бұл мәселе бойынша басқа эпидемиологиялық деректер жоқ. Жүкті әйелдердегі такролимус қолданудың қауіпсіздігі жеткілікті дәрежеде анықталмағандықтан, препаратты жүктілік кезінде тек қауіпсізірек баламасы болмаған жағдайда және тек ұрық үшін потенциалды қаупін емнен алынатын пайдасы ақтаған жағдайда ғана қабылдайды. Такролимустың потенциалды қолайсыз реакцияларын анықтау мақсатында жүктілік кезінде анасы такролимус қабылдаған жаңа туған нәрестелердің жай-күйін бақылау ұсынылады (көбіне, бүйрек функциясына назар аудару). Жаңа туған нәрестелерді мезгілінен бұрын (< 37 апта) босану (123-тен 66 (53,7%), жаңа туған нәрестелердің көбінде гестациялық жасына қарай қалыпты дене салмағы болғаны), сондай-ақ жаңа туған нәрестелерде өздігінен болған гиперкалиемия жағдайларынан жазылуы (жаңа туған нәрестелердің (7,2%) 111-ден 8) туралы мәлімдемелер бар.

Такролимус ана организмі үшін өте уытты болған дозаларда егеуқұйрық пен үй қояндарында эмбриоуытты және фетоуытты әсер көрсетті. Егеуқұйрықтың аналығында такролимустың уытты дозаларын пайдаланғанда босануды, ал тұқымында туғандағы салмақ төмендеуі, өмірге қабілеті төмендеуі және бой өсуінің іркілуін қоса, репродуктивтік функция бұзылуы байқалды.

Лактация

Адамдарға жүргізілген зерттеулерде такролимустың емшек сүтіне бөлінетіні көрсетілген. Жаңа туған балаға жағымсыз әсерін жоққа шығару мүмкіндігі болмауына байланысты Програф® қабылдайтын әйелдерге бала емізуден бас тарту керек.

Дәрілік препараттың автомобиль жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Такролимус визуалдық және неврологиялық бұзылулар туғызуы мүмкін. Мұндай емделушілердің автокөлік жүргізуіне немесе механизмдермен жұмыс істеуіне болмайды. Прографты® алкогольмен бір мезгілде қабылдағанда бұл әсер күшеюі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: тремор, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, жұқпалар, есекжем, летаргия, қанда мочевина азоты деңгейінің артуы және сарысудағы креатинин концентрациясының артуы және аланинаминотрансферазаның жоғарылауы.

Емі

Програф® препаратының арнайы у қайтарғысы жоқ. Егер артық дозалану дамыса, оны басудың шаралары қолға алынуы және симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Молекулярлық салмағы жоғары болуымен, суда нашар еритіндігімен және қан плазмасындағы эритроциттермен және ақуыздармен едәуір дәрежеде байланысатындығына байланысты такролимустың артық дозалануында диализ тиімсіз. Қан плазмасындағы препараттың деңгейі өте жоғары болған жекелеген науқастарда гемофильтрация және диафильтрация дәрінің уытты концентрацияларын төмендете отырып, тиімді болып шыққан.

Шығарылу түрі және қаптамасы

0,5 мг, 1 мг, 5мг капсулалар

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

5 пішінді қаптама ішінде 1 г силикагель бар пакетпен бірге дәнекерленген алюминий пакетке салынған.

1 пакеттен медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дәнекерленген алюминий пакет ашылғаннан кейін капсулаларды 1 жыл бойы 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Астеллас Ирланд. Ко. Лтд», Ирландия

Киллорглин, округ Керри, Ирландия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Астеллас Фарма Юроп Б.В.», Нидерланды

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Астеллас Фарма Юроп Б.В.» компаниясының ҚР-дағы өкілдігі

050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы15, «Нұрлы Тау» ПФО,

4 В ғимараты, № 20 кеңсе

Тел./Факс: +7 (727) 311 – 19 - 90

 

Прикрепленные файлы

700554621477977070_ru.doc 153.5 кб
466488161477978239_kz.doc 175.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники