Присыпка детская (40 г, Биосинтез ОАО)

МНН: Цинка оксид
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты цинка
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014584
Информация о регистрации в РК: 21.01.2020 - 21.01.2025

Инструкция

Саудалық атауы

БАЛАЛАР СЕППЕСІ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 40 г ұнтақ

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат: 10 г мырыш тотығы

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк

Сипаттамасы

Ақ немесе сұрлау-ақ түсті, ұстап көргенде жұмсақ, майлы ұнтақ. Алақан арасында ысқылағанда түйіршік, түйір сезілмеу керек.

Фармакотерапиялық тобы

Дерматопротекторлар. Мырыш препараттары.

АТХ коды D02AВ

Фармакологиялық қасиеттері

Балалар сеппесі сорып алатын, құрғататын, тұтқырлағыш әсер етеді. Бөлінуді және сулануды азайтады, тері жабындарының тітіркенуі мен қабынуын қайтарады және алдын алады.

Қолданылуы

- «жаялық бөртпесінде»

- дерматиттерде

Қолдану тәсілі және лозалары

Сыртқа.

Балаларда базданудың алдын алуда балалар сеппесін ылғалды жаймалармен ұзақ жанасқан дене бөліктеріне жағады. Ойық жараларда, дерматиттерде сеппені терінің зақымдалған бөліктеріне жұқа қабатпен жағады.

Жағымсыз әсерлері

Препаратқа жоғары сезімталдықта қышыну, гиперемия, бөртпе болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жедел іріңді-қабыну аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленнен жасалған қақпағы бар банкілерде 40 г-дан.

Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық мәтіні банкі заттаңбасына жағылады.

120 банкі картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

640008, Қорған қ., Конституция д-лы, 7

Тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: http://www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

Прикрепленные файлы

538645071477976642_ru.doc 42 кб
714710841477977800_kz.doc 41 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники