Примафунгин (крем 2%)

МНН: Натамицин
Производитель: ФАРМАПРИМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Natamycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019695
Информация о регистрации в РК: 19.02.2013 - 19.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Примафунгин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натамицин

Дәрілік түрі

2% 30 г крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат - 20 мг натамицин;

қосымша заттар: тефоз 63 (ПЭГ-6 и ПЭГ-32 стеарат), лабрафил М 2130 CS (Лауроилмакроголглицеридтер), MOД (Октилдодецил миристат), изостеарил изостеарат, бензой қышқылы, глицерин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті біркелкі крем

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған зеңдерге қарсы препараттар

Жергілікті қолдануға арналған зеңдерге қарсы препараттар

Зеңдерге қарсы антибиотиктер. Натамицин

АТХ коды D01AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде белсенді зат зақымданбаған тері және шырышты қабықтар арқылы іс-жүзінде сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету ауқымы кең макролидтер тобына жататын зеңге қарсы полиенді антибиотик. Фунгицидтік әсер береді. Натамицин жасушалық жарғақшалардың стеролдарын байланыстырып, олардың бүтіндігін және қызметін бұзады, бұл микроорганизмдердің өлуіне әкеледі. Көптеген ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтарға (әсіресе Candida albicans), ашытқыларға (Rhodotorula және Torulopsis), басқа да саңырауқұлақтарға (Aspergillus, Penicillium, Fusarium, Cephalosporium), сондай-ақ кейбір қарапайымдыларға (трихомонадалар) қатысты белсенді. Натамицинге дерматофиттер (Trichophyton, Microsporum, Epidermophyton) аз сезімтал. Грамоң және грамтеріс бактерияларға ықпал етпейді.

Қолданылуы

Препарат құрамында сезімтал қоздырғыштардан болған тері және шырышты қабықтардың зеңді ауруларында, соның ішінде:

- негізінен Candida тұқымдастығы саңырауқұлақтарынан туындаған баланопоститте

- тері және тырнақ кандидозында

- алдымен саңырауқұлақтардан туындаған, немесе кандидозбен асқынған отомикозда - сыртқы отитте

- дерматомикоздарда

- негізінен Candida тұқымдастығы саңырауқұлақтарынан туындаған жаялық дерматитінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Кремді терінің алдын ала тазартылған және құрғақ, зақымданған жерлеріне тәулігіне 1-4 рет жұқа етіп жағады.

Емдеу курсының ұзақтығы әр адамға жекелей белгіленеді және аурудың ауырлығына, патологиялық өзгерулердің орналасқан жеріне және емдеу тиімділігіне байланысты. Ауру симптомдары жоғалғаннан кейін емдеуді тағы бірнеше күн жалғастыру ұсынылады.

Тырнақ кандидозында жергілікті емдеу жүйелік әсер ететін препаратты 2-3 ай бойы ішуге қосымша тағайындау керек.

Жағымсыз әсерлері

жергілікті

- әлсіз білінетін тітіркену

- күйдіріп ашыту сезімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- натамицинге және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың дәрілік өзара әрекеттесуі мәлімделмеген.

Айрықша нұсқаулар

Урогенитальді жұқпа жағдайында жыныстық жұптастарына тексеру жүргізу керек және олардың жыныс мүшелерінде кандидозды зақымданулар анықталса, тиісті емдеу курсын тағайындау керек.

Препарат құрамында бензой қышқылы бар, ол терінің, көздің және шырышты қабықтардың әлсіз тітіркендіргіші болып табылады.

Жүктілік және лактация

2% примафунгин кремін жүктілікте және лактация кезеңінде тағайындауға болады.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

2% примафунгин кремі көлікті жүргізу және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы жөнінде мәлімделген жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г крем алюминий сықпада.

1 сықпа қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ

Кринилор к-сі, 5, Порумбень ауылы, Криулень ауданы,

Молдова Республикасы, MD-4829

тел.: (+373-22)-28-18-45, тел/факс: (+373-22)-28-18-46,

www.farmaprim.md

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Фармаприм» ЖШҚ фирмасының өкілдігі

Алматы қ-сы, 050000, Гоголь к-сі, 86, кеңсе 528,

тел. 8-727-2796518, farmaprim.kz@farmaprim.md

 

Прикрепленные файлы

380502361477976940_ru.doc 42.5 кб
287500291477978102_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники