Приматекс
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Приматекс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бензалконий хлориді
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - 18,9 мг бензалконий хлориді (50% сулы ерітінді түрінде),
қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, суппозиторийлерге арналған негіз: суппоцир АМ (қатты май)
Сипаттамасы
Цилиндр тәрізді конус пішінді, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті суппозиторийлер. Кесіндісінде ауа және кеуекті өзегі мен шұңғыма тәрізді ойығы болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған контрацептивтер. Қынапішілік контрацептивтер
АТХ коды G02BB.
Фармакологиялық қасиеттері
Приматекс липопротеидтермен өзара әрекеттеседі және жасушалық жарғақшалардың өткізгіштігін бұзады. Сперматозоидтардың жарғақшасын зақымдайды, олардың қозғалғыштығын және тіршілік етуге қабілеттілігін төмендетеді, сперматозоидтарды өткізе алмайтын жатыр мойны шырышының коагуляциясын туындатады.
Жыныстық жолмен жұғатын ауруларды тудыратын көптеген қоздырғыштарға, әсіресе Neisseria gonorrhoeae, Chlamydia spp., Trichomonas vaginalis, Staphylococcus aureus, Herpes simplex 2 типі, АИВ қатысты препараттың іn vitro жағдайлардағы белсенділігі көрсетілді; препарат Mycoplasma spp. қатысты белсенді емес және Gardnerella vaginalis, Candida albicans, Haemophilus ducreyi және Treponema pallidum қатысты белсенділігі әлсіз. Препарат қынаптың сапрофиттік микрофлорасына, соның ішінде Bacillus Doderlein-ға ықпал етпейді.
Бензалконий хлориді қынап қабырғасының бетіне таралады, сіңбейді және содан кейін физиологиялық бөлінділермен бірге шығарылады немесе сумен жай шаю арқылы жойылады.
Қолданылуы
Бала көтере алатын жастағы әйелдер үшін жергілікті контрацепция:
- ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді немесе жатырішілік спиральді қолдануға уақытша немесе толық қарсы көрсетілімдер бар болғанда
- босанғаннан кейінгі кезеңде және емшек емізу кезеңінде
- жүктілікті үзгеннен кейін
- менопауза алдындағы кезеңде
- жүктіліктен ауық-ауық сақтанып отыру қажет болғанда
- ішілетін контрацептивтерді тұрақты түрде пайдаланған кезде таблетка қабылдауды өткізіп алған жағдайда немесе таблетканы қабылдауды кешіктіріп алғанда
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынап ішіне. Суппозиторийді жыныстық қатынастан кем дегенде 5 минут бұрын, жатқан күйде қынапқа терең енгізеді. Препараттың әсер ету ұзақтығы 4 сағат.
ЕСКЕРТУ! Бір суппозиторий бір жыныстық қатынасқа есептелген. Әрбір жыныстық қатынас алдында міндетті түрде жаңа суппозиторий енгізген жөн.
Жағымсыз әсерлері
Препаратты ұсынылған дозада пайдаланғанда жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі өте аз.
Сирек (ұзақ қабылдағанда)
-
аллергиялық вагинит
-
кандидоз
-
вульвовагинит
-
несеп жолының жұқпалары
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
бензалконийге немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
кольпит
-
жатыр мен қынаптың шырышты қабығының ойық жаралануы және тітіркенуі
-
контрацептивті дұрыс пайдалану мүмкіндігі болмағанда, соның ішінде психика бұзылғанда.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Приматекс сабындармен, басқа сурфактанттармен, цитраттармен, йодидтермен, нитраттармен, перманганаттармен, салицилаттармен үйлеспейді. Препаратты қынапқа қолданылатын кез келген дәрілік заттармен бірге қолдануға болмайды, өйткені жергілікті спермицидтік әсерінің белсенділігі жоғалуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Контрацепцияның тиімділігі оны пайдалану тәртібін қатаң сақтаумен ғана байланысты:
– етеккір оралымының кезеңіне қарамай-ақ, әр жыныстық қатынас алдында қолдану керек
– суппозиторийді қынапқа, дұрысы жатқан күйде, мүмкіндігінше, терең енгізу керек
– әсер етуші заты толық босап шығуы үшін, суппозиторий түгел еруі үшін кем дегенде 5 минут күту керек
– әрбір қайталанатын жыныстық қатынас алдында міндетті түрде жаңа суппозиторий енгізу керек
– жыныстық қатынастан 2 сағат бұрын және жыныстық қатынастан кейін 2 сағат ішінде жыныс мүшелерін жуу (шайыну және ішін бүркіп жуу) үшін сабынды және сабын суды пайдалануға болмайды, өйткені сабын, тіпті қалдық мөлшерде болсын, әсер етуші затты бұзады
– жыныстық қатынас алдында және жыныстық қатынас аяқталысымен бірден жыныс мүшелерінің сырты таза сумен жуылуы керек
– жыныстық қатынастан кейін 2 сағат өткен соң қынап ішін бүркіп жууға болады
– жыныстық қатынасқа дейін (қынапқа енгізілген суппозиториймен) және жыныстық қатынастан кейін, контрацептивтік әсерінің төмендеу қаупі бар болғандықтан, ванна қабылдауға, теңізге, бассейнге және су айдынына шомылуға болмайды
– препаратты қынаптық диафрагмамен немесе жатырішілік спиральмен бірге қолдануға болады
– қынаптың қандай да болсын ауруы немесе олардың өршуі пайда болғанда дәрілік затты пайдалануды тоқтату қажет
– қынап ауруын емдеу және/немесе қандай да болсын басқа дәрілік заттарды қынап ішіне тағайындау қажет болған жағдайда емдеуді аяқтаған жөн, содан кейін дәрілік заттың жәрдемімен контрацепцияны қолдануға болады
– қынапішілік басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды
– препаратты жыныстық қатынасты бастаған кезден қолдану керек.
Жүктілік және лактация
Жүктілік барысына зиянды әсер етпейді. Экспериментальді зерттеулерде бензалконий хлоридінің тератогендік әсері байқалған жоқ.
Экспериментальді зерттеулерде бензалконий хлоридінің қанға және ана сүтіне өтпейтіндігі байқалды, бұл спермицидті емшек емізу кезінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Артық дозалануы
Артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті, ламинацияланған полиэтиленнен жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден.
Пішінді ұяшықты 2 қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ
Кринилор к-сі, 5, Порумбень ауылы, Криулень ауданы,
Молдова Республикасы, MD-4829
тел.: (+373-22)-28-18-45, тел/факс: (+373-22)-28-18-46,
www.farmaprim.md
Тіркеу куәлігінің иесі
ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова Республикасы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «FARMAPRIM SRL» фирмасының өкілдігі
Алматы қ-сы, 050000, Гоголь к-сі, 86, кеңсе 528,
Телефон/факс: 2796518,
Email: farmaprim.kz@farmaprim.md
Стр. 5 из 5